Дәріс Тәрбие мен әлеуметтік ортаның байланыстары. Ақыл ой тәрбиесі
Жоспар:
1.Сыныптың тәрбиеленуші ортасын дамыту, қалыптастыру.
2.Ақыл ой тәрбиесінің дамуы.
3.Ақыл ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құрамдары.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
Білім мен ақыл егіз. Білім – ақылдың ажары көркі.
Оны халқымыздың; «Ақыл азбайды, білім тозбайды» - деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби; «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет», - десе, «Білімді болу деген сөз, - ол белгісіз нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады» - деп түсіндірген.
Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес , білгісі келмеу ұятсыздық», - десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаиан адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған» - дейді.
Ендігі жерде «Ой», «ойлау» ұғымына келсек бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Философиялық еңбектерде бұған анықтама әртүрлі пікірде, қарама-қайшылықта берілген.
«Бой жеткен жерге ой жетеді,
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді»- деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, жастарды ойлай білуге, дұрыс ойлауға ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, баланың ой өрісін дамытуда, ең алдымен айналадағы қоршаған дүниені-табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастағаны жөн». Бұл үрдіс бір-бірі мен тығыз байланыста жүргізіледі.
Бұл бағытта отбасы, бала-бақша, мектеп, тіпті жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі ерекше. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі-адамзат ғасырлар бойы жасап келген ұшаң теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектикалық ойлау негізінде жүзеге асырылады.
Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Ойлау –адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді-ретінде олардың ішінде, сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс»,-деген анықтама беріледі. Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдау мен салыстырғанда айқын көрінеді. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғаны мен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.
«Ойлау дегеніміз белгілі бір дәрежедегі мидың дамуның нәтижесі».
«Ойлау-мидың желісі».
Ми жануарларда да бар. Одан адам миынан ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым –қатынасы бар. Яғни, ойлау қарым –қатынас нәтижесі. Ол үшін, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ойлай білуге үйрету, Дағдыландырулары қажет.
Ой танымның жоғары сатысы бола отырып ,сезімдік әсерлену мен және практикалық ажырамастай байланысқа түседі.
Жекелеген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысымен мінісімен өзара байланысы танып біледі.
. Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастың т.б. тәрізді категориясы адам тәрбиесіне танылып, белгілі тілдік формалармен аталып отырады.
Қорыта айтқанда «... ақыл –ой дегеніміз адам бойндағы білім, санасы, ыстық сезімі мен бірге оның адамдық қасиеті».
Ақыл –ой тәрбиесінің мақсаты қандай ?
- Жеке тұлғаның сана –сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту .
- Адамзат жасаған заттық және рухани байлықтарды меңгеру .Оларды өмі рде ,практикада қолдана білуге үйрету , дағдыландыру .
- Баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету .
Оның міндеттері қандай ?
- Оқушыларды ,қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру.
- Білім беру негізінде оқушыларда ғылыми материалистік көзқарасты қалыптастыру.
- Балалардың таным қабілеттерін дамыту, олардың ойлай білуін, қиялы мен түйсігін дамыту.
- Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету.
- Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды молайтуды қажетсінуді қалыптастыру.
- Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру.
Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы – мектептегі оқыту.