Пререквизиттер мен постреквизиттер

Тараз 2015 жыл

Оқу жұмыс бағдарламаны «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсенбеков Еркебұлан Бақытжанұлы 5В012300- «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалынған, ҚазМемҚызПУ оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынып, №4 «25» сәуір 2014 жылы бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жасаған.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»кафедрасының

мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № «_____» қыркүйек 2015 жыл

Кафедра менгерушісі _______________Г.Е.Санай

п.ғ.к., доцент

Жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданды.

Хаттама № «______» қыркүйек 2015жыл

Комитет төрайымы:___________________Калыгулова Ж.

п.ғ.к., доцент

Оқытушы туралы мағлұмат

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсенбеков Еркебұлан Бақытжанұлы. Оқитын пәндері: өзін-өзі тану, өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі әлеуметтік жұмыстың теориясы, білім саласындағы педагогикалық технологиялар, психологиялық-педагогикалық практикум.

Қажетті мағлұмат: «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасы, 4-201 ауд.

Кафедрада болатын уақыты: оқу кестесіне сай.

Кеңес беру сағатары: кестеге сай.

E-mail: [email protected]

1. Курстың мазмұны

Қазақстан Республикасының даму перспективалары халықтың тұрмысының жоғары деңгейіне қол жеткізіп, оның әлемдік қауымдастықтағы мәртебесін арттыру болып табылады. Жоғары технологиялар дәуірінде білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтайды, мемлекеттің тұрақты дамуы мен зияткерлік қуатын қамтамасыз етеді.

Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру ұшін, алдыңғы қатарлы озық білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.

білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді.

Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және арналғанын сезініп, түсінуіне, жалпыадамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идея мен өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады.

Қазіргі әлемде әрбір педагогтің басты қызметі, міндеті - студенттің өзінің оның өзін-өзі танып, қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануының және өзін-өзі дамытуының ұйытқысы болу.

Мұғалімнің оқушыға ықпалы тұлғалық қасиеттермен, өмірлік ұстанымдармен, педагогикалық қызметтің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қойылатын талаптарды сезіну және қабылдау дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары студенттерге өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлем мен адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.

Оқытушы даярлығының жеке тұлғаға бағытталған сипаты жоғары оқу орнында білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін түсініп, қабылдауға қабілетті толық тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» пәні құрылы бойынша екі модульден тұрады:

1 МОДУЛЬ - «Өзін-өзі тану негіздері» (1 кредит: байланыс сағаттары - 15, БОӨЖ - 15 сағат, БӨЖ - 15 сағат);

2 МОДУЛЬ - «Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамыту» (1 кредит: байланыс сағаттары - 15, БОӨЖ - 15 сағат, БӨЖ - 15 сағат);

2 Курстың мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты -болашақ педагогтардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі дамытуы, студенттердің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету жөнінде теориялық білім мен практикалық іскерліктер жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Курстың міндеттері:

- студенттердің өзін-өзі тануға және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына қажеттілігін дамыту;

- әлемнің тұтас картинасын қалыптастыруға, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін түсінуге көмектесу;

- рефлексия, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тәрбилеу дағдыларын қалыптастыру;

- білім алу, өмірлік жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру.

- болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі дамытуына даярлығын дамыту;

- студенттердің кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту теориясы мен практикасы жөніндегі толық түсінігін қалыптастыруына көмектесу;

- педагогикалық міндеттер мен жағдаяттарды тиімді шешу тәжірибесін қалыптастыру.

3. Білім мен іскерліктер

Біліктіліктер:

- әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігін,

- адамның, оның өмірінің және абыройы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын, жалпыадамзаттық құндылықтарға жақындығын көрсетуді;

- қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігін;

- өмірдегі адами қарым-қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең сезінуге мүмкіндік береді.

келесі:

- азамат болу, өз Отаны - Қазақстан Республикасын сүю;

- тарихқа, отандық және әлемдік мәдени мұраға құндылықты қарау;

- әлемді және өзін-өзі тануда жасампаздық белсенділік таныту;

- салауатты өмір салтын ұстану, өзінің физикалық және эмоционалдық-рухани жағдайын бірқалыпты ұстау құзыреттерін игеруге мүмкіндік береді.

Дағдылар:

- кәсіби өзін-өзі дамытуда өзінің әлеуетін;

- кәсіби өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың жеке бағдарламасын жобалау және жүзеге асыру;

- педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарау;

- кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттырып отыру.

Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Этика», «Эстетика», «Дінтану», «Экология», «Психология», «Педагогика» және т.б. пәндерімен тығыз байланысты.

Постреквизиттер: «Денсаулық психологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Психологиялық-педагогикалық диагностика», «Педагогикалық психология», «Девиантология»және т.с.с.

Курстын сипатамасы

Курс 15 лекция сағаттарынан тұрады. Курста қарастырылатын сұрақтар: өзін-өзі танудың білім беру сферасындағы орны мен ролі, білікті маман даярлап, қалыптастырудағы мәнін ұғыну, өзін-өзі танудың дүниетанымдық негіздері, тұлға дамуының мағына қалыптастырушы механизмдері.

Курсқа білімгерлердің аудиториядағы /СОӨЖ/ және аудиториядан тыс /СӨЖ/ өзіндік жұмыстары кіреді.

СӨЖ реферат түрде қорғалынады, басқа да рейтингтік және де әр түрлі тапсырмалар мен білімгерлермен жеке жұмыстары арқылы да іске асып жатады.

СӨЖ – білімгердің оқу орнындағы және қаланың кітапханаларында дәріс пен тәжирибеге, әр түрлі тапсырмалар орындауға арналған жеке жұмыс.

Білімгер дәріс пен басқа да тапсырмаларға арнайы қалың дәптер арнау қажет. Бұл дәптерге дәріс конспектілер, әдебиет тізімдері жазылып, үй тапсырмалар алынады.

Сонымен қатар жеке тапсырмаларға, глоссарийларға арналған жәй 12 парақтық дәптер мен әр түрлі сиялары бар қаламсаптар қажет.

6. Курстың мазмұны

6.1 Дәрістердің күнтізбелі-тақырыптық жоспары

Апталар Лекция тақырыптары.     Сағат саны Таным іс-әрекеттерін белсендіретін әдістер. Білімгерлер бойында қалыптасатын білім мен дағдылар.
1 МОДУЛЬ. Өзін-өзі тану негіздері. 1-дәріс: Өзін-өзі танудың баспалдақтары Жоспары: 1. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде. 2. Өзін-өзі танудың мәнісі. 3. Өзін-өзі түсіну және қабылдау. Ауызша Өзін-өзі тану пәнінде алған ғылыми білімдерін сыни тұрғыдан ұғынып, өзінің және басқа да адамдардың өзін тануы мәселелерін шешуде қолдана алу.
2-дәріс: Өзін-өзі танудың баспалдақтары Жоспары: 1. Білім алу - адамның өзін-өзі тануына жол. 2. Кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту тұлғаның жетістіктерінің негізі. 3. Адамның өзін-өзі тануға және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілігі. Талқылау     - қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігін;  
3-дәріс: Менің ішкі жан дүнием Жоспары: 1. Адамның ішкі жан дүниесінің қайталанбас даралығы. 2. Адам өмірінің шынайы құндылықтары, адамгершілік идеалдары, мақсаты мен мәні. 3. Тұлғаның бостандығы - жауапкершілік және шешімдер қабылдау. Жинақтау және қорытындылау   салауатты өмір салтын ұстану, өзінің физикалық және эмоционалдық-рухани жағдайын бірқалыпты ұстау құзыреттерін игеруге мүмкіндік береді.  
4-дәріс: Мен және өзгелер Жоспары: 1. Қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. 2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары, толеранттылық. 3. Тілдесімнің вербальды және бейвербальды жақтары. Ізденіс Әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігін,  
5-дәріс: Менің жақын айналам Жоспары: 1. Өзін-өзі жақын адамдармен өзара қарым-қатынаста тану. 2. Адам өміріндегі отбасы мен туыстық қатынастардың маңызы. 3. Ата-аналар мен балалар қарыс-қатынасы. Нақты материалдарды талдау   Позитивті сезімдерді бекіту, жағымсыз эмоциялардың алдын алу, психикалық денсаулыққа, гармонияға, тепе-теңдікке ұмтылысты белсендіру.
6-дәріс: Менің жақын айналам. Жоспары: 1. Махаббат және адамгершілік 2. Ерлер және әйел бастамасының үндестігі қоғамның өмір сүруінің негізі. Байқау және деректерді суреттеу   Студенттердің дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту.
7-дәріс: Мен және қоғам Жоспары: 1.Қоғамға қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. 2.Тұлғаның тарихқа және мәдени мұраға құндылықты қатынасы. 3.Азаматтық және қазақстандық патриотизм туралы түсінік. 4.Дін - қоғам және тұлғаның рухани байлығының бөлігі ретінде. Пікірталас Адамның рухани адамгершілік дамуының шарты ретіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстану.  
8-дәріс: Мен және әлем Жоспары: 1.Әлемге қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. 2. Өнерге қатынас арқылы өзін-өзі тану. 3. Бұқаралық мәдениет және әрбір адамның даралығы. Сұрақ-жауап түрінде құралған әңгіме, бір өнер түрін көрсету. Тарихқа, отандық және әлемдік мәдени мұраға құндылықты қарау;  
2 МОДУЛЬ. ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУЫ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ. 9-дәріс: Педагог идеалы кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудың бағдары ретінде. Жоспары: 1. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы. 2. Педагогтің өзін-өзі дамытуы педагогикалық әрекеттің табысты болуының шарты ретінде. Бейнематериалдарды қарау Өзін-өзі тану әдістерінің классификациясы және олардың ұғымдарын меңгеру  
10-дәріс: Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының ерекшеліктері. Жоспары: 1. Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, уәждері, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, нәтижелері. 2. Педагогтің «Мен» - концепциясы. 3. Педагогтің өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Салыстыру Кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттырып отыру
11-дәріс: Педагогтің кәсіби өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуының әдіс-тәсілдері, құралдары. Жоспары: 1. Өзін-өзі тану әдістері: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі жобалау. 2. Өз тұлғасын маман ретінде модельдеу. 3. Портфолио - әрбір педагогтың кәсіби өзін - өзі тану және өзін - өзі дамытуының құралы ретінде. Шығармашылық әрекет Өзін-өзі танудың әдістері мен әдістемелерінің негізгі әлеуметтік психологиялық сипаттамаларын түсіну.
12-дәріс: Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету. Жоспары: 1. Өзін-өзі тану - адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. 2. Педагогтің ізгілікті ұстанымы оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудың негізі. 3. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. Жазбаша Өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу әдістемесі мен тренингтерді өткізуді әдістемесін меңгеру.
13-дәріс: Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету. Жоспары: 1. Білім беру мен тәрбиелеуді оқушылардың ішкі күші мен қабілеттері негінде ұйымдастыру. 2. Өзіндік процестерге: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі актуалдандыруға және т.б. педагогикалық қолдау көрсету. Өзін-өзі тану - адамның дүниетанымдық және мінез-құлық бағыттарын анықтайтын үдеріс ретінде. 2. Педагогтің ізгілікті ұстанымы оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына жемісті педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудың негізі. 3. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. Лекция-әңгіме Студенттер өзін-өзі тану бойынша өз бетінше жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеру білу.  
14-дәріс: Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы. Жоспары: 1. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға қажет кәсібі маңызды құзыреттері. 2. Педагогтің өзін-өзі тануды оқушылардың өзін-өзі дамытуының үдерісі ретінде түсінуі. Жазбаша Өзін-өзі тану пәні бойынша оқушылардың эффективтілігіне мониторинг жасай білу.
15-дәріс: Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы. Жоспары: 1. Оқушылардың өзін-өзі тануына қолдау көрсетуіндегі педагогтің диагностикалық, ұйымдастырушылық, диалогтық, стимулдайтын, бағалаушы функциялары. 2. Оқушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетудің мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері. Педагогтің қорытындылауы Өзін-өзі тану пәнінде алған ғылыми білімдерін сыни тұрғыдан ұғынып, өзінің және басқа да адамдардың өзін тануы мәселелерін шешуде қолдана алу.
    Барлығы    

6.2 Тәжірибеліқ сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Күні Семинар сабақтарының тақырыптары Сағат саны Өткізілу түрі Бақылау түрі Білімгерлерде қалыптастырылатын білім, дағды, іскерліктер
1-апта 1-семинар: Өзін-өзі тану қарым-қатынас арқылы Жоспары: 1. Позитивті ойлау және ішкі үндестік. 2. Адамның ішкі ресурстары. 3. Өзін-өзі жетілдіру.   Реферат, жоба Ауызша сұрау Өзін-өзі тану пәнінде алған ғылыми білімдерін сыни тұрғыдан ұғынып, өзінің және басқа да адамдардың өзін тануы мәселелерін шешуде қолдана алу.
2-апта 2-семинар: Студенттердің рухани-адамгершілік дамуына - Өзін-өзі тану пәнінің ықпалы Жоспары: 1. Тұлғаны дамыту - күрделі процесс. 2. Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас бөлігі.   Реферат   Сұрақ- жауап   Адамның рухани адамгершілік дамуының шарты ретіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстану.
3-апта 3-семинар: Менің ішкі жан дүнием Жоспары: 1. Махаббат - адамның табиғи қасиеті. 2. Қайырымдылық туралы түсінік. 3. Өзін-өзі тану және ізгілікті өзін-өзі жетілдіру. Эссе Әңгіме Өзінің индивидуалды тәжірибесін қоғам талаптарының нормаларымен сәйкестендіру;
4-апта 4-семинар: Қарым-қатынастың вербальді және вербальсіз жақтары Жоспары: 1. Қарым-қатынастағы ара қашықтық. 2. Кикілжіңдер және оларды болдырмау. 3. Толеранттылық қоғамдағы адам өмірінің нормасы ретінде.     Жазба ша жұмыс Пікірталас Кикілжіңдердің айырмашылықтарын білу.
5-апта 5-семинар: Жақын адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі тану. Жоспары: 1. Отбасындағы ер адам мен әйелдің рөлдері. 2. Махаббат - көпжақты сезім ретінде. Рөлдік ойын, (сахналық көрініс) Сахналық қойылым Позитивті сезімдерді бекіту, жағымсыз эмоциялардың алдын алу, психикалық денсаулыққа, гармонияға, тепе-теңдікке ұмтылысты белсендіру.
6-апта 6-семинар:Адам өміріндегі достықтың орны. Жоспары: 1. Адамға өзінің жақын адамдарымен өзара қарым-қатынас жасау қажеттілігі: қамқорлық жасау, өзін басқаның орнына қоя білу, кешірімді болу. 2. Дос бола білу қабілеті ерекше адами сый ретінде. Пікірталас Сұрақ- жауап Студенттердің достық туралы көзқарастарын кеңейту.
7-апта 7-семинар: Қоғаммен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі тану. Жоспары: 1. Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын түсінушілік. 2. Азаматтық әлем және этникалық келісім. 3. Әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісім. Презентация жасау Әңгіме лесу Рухани құндылықтар туралы түсіну.
  8-апта 8-семинар: Жеке тұлға және бұқаралық мәдениет. Жоспары: 1. Бұқаралық мәдениеттің контекстісіндегі заманауи жастардың көркемдік және эстетикалық құндылықтары 2. Ғаламтор – жаһандық ақпаратқа серпіліс. Интернет форум – виртуалдық шындықтағы идентификацияланбаған тұлға. 3. Қолданушының аты және жалған атының айналасындағы антураж өзінен-өзі қашу ретінде (әлеуметтік желілердегі аккаунттар). Пікірталас Әңгімелесу Студенттердің бұқаралық мәдениетке қарым-қатынасы
9-апта 9-семинар: Кәсіби өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту, педагогикалық іс-әрекетінің табысты болу шарасы ретінде. Жоспары: 1. Педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін профессиограмма арқылы бейнелеу: кәсіби-педагогикалық бағыт, кәсіби белсенділік, кәсіби білім және іскерліктер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық жады, ойлау және қиял, кәсіби өзіндік сана, кәсіби құзыреттілік.   Реферат Сұрақ- жауап Интерактивті әдіс тәсілдерді сабақта қолдана алу.  
  10-апта 10-семинар: «Мен» - педагогикалық концепциясы. Жоспары: 1. Өзін-өзі тану - педагогтің кәсіби дамуының негізі. 2. Өзін-өзі тану және дамытудағы кедергілер және оларды жою жолдары. Жазба ша жұмыс Әңгімелесу Өзін-өзі тану және дамытудағы кедергілер және оларды жою жолдарын ажырата алу.  
11-апта 11-семинар: Өзін-өзі танудың әдістері: өзін-өзі бақылау, талдау, дамуының алдын ала жоспарлануы. Жоспары: 1. Педагогтің кәсіби жетістіктерін жинақтау әдістемесі. 2. Кәсіби қарым-қатынас стильдері. 3. Тәлімгерлік. Жазбаша жұмыс, реферат Сұрақ- жауап Өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу әдістемесі мен тренингтерді өткізуді әдістемесін меңгеру.
12-апта апта 12-семинар: Оқушылардың ішкі қабілеттері мен күш-жігеріне көңіл бөлу арқылы білім беру және тәрбилеуді ұйымдастыру. Жоспары: 1. Педагогикалық қолдау көрсетудің басты қағидалары. 2. Білім беру мен тәрбилеуді оқуышылардың ішкі күші мен қабілеттері негізінде ұйымдастыру. Жазбаша жұмыс, реферат Сұрақ-жауап Студенттердің ішкі қабілеттері мен күш-жігерлерін дамыту.
13-апта 13-семинар: Педагогтің кәсіби маңызды құзыреттіліктері. Жоспары: 1. Педагогтің дүниетанымдық және мінез-құлықтық ориетирлері. 2. Педагогтің кәсіби құзыреттіліктерінің түрлері. Жазба ша жұмыс, ұсыныс әзірлеу Ауызша сұрау Студенттер өзін-өзі тану бойынша өз бетінше жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеру білу.  
14-апта 14-семинар: Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Жоспары: 1. Педагогтің оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру жолдары. 2.Педагогтің «қиын» балалармен, гипербелсенділермен, тұйықтармен жұмысы. Пікірталас Сұрақ- жауап Өзін-өзі тану пәні бойынша оқушылардың эффективтілігіне мониторинг жасай білу.
15-апта 15-семинар: Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер 1.Ұлы рухани ұстаздардың көшбасшылық туралы ойлары. 2.Көшбасшылық – жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының жемісті нәтижесі 3.Риясыз қызмет ету – көшбасшылықтың іргетасы Әңгіме лесу Сұрақ- жауап Өзін-өзі тану пәнінде алған ғылыми білімдерін сыни тұрғыдан ұғынып, өзінің және басқа да адамдардың өзін тануы мәселелерін шешуде қолдана алу.
    Барлығы      

6.3 Білімгерлердің өзіндік жұмыстарының бағдарламасы

Тақырыптар БӨЖ тапсырмалары Ұсынылатын әдебиеттер Бақы-лау түрі Орын-далу мерзімі Мак сим. балл Жұмыстың көлемі мен безендірілу шарттары
Атақты тұлғаның өмірі Белгілі бір тұлғаның өнегелі өмірі туралы №1-5   Эссе 1-апта 2 сағат Жазбаша дайындау, ауызша қорғау
«Менің отбасым», «Менің ата тегім», «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл», «Туысым - түп-тамырым»   Өзінің ата-тегінің, отбасының тарихы немесе отбасы мүшелерінің бірі туралы шағын зерттеу жұмысын жазу. №1-8   Реферат 2-апта 2 сағат Реферат, көлемі 3-4 бет, қорғау
Рухани-адамгершілік бағыттағы эткалық әңгімелер мен кино туындылары негізінде еркін тақырыпта әңгіме-сұхбат өткізу. Көркем әдебиет шығармалары және кино туындылары бойынша этикалық тақырыпқа талқылау, пікірлесу, хабарлама даярлау №1, 2, 7, 10, Этикалық әңгіме-сұхбат 3-апта 2 сағат Жазбаша дайындау, ауызша қорғау
Жастық шақтың кейбір ерекшеліктері Психологиялық тұрғыда зерттеу жүргізу №1 - 10 Баяндама 4-апта 2 сағат Жазбаша дайындау, ауызша қорғау
Басқа адамдармен қалай позитивті қарым-қатынастар құруға болады? Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру мақсатында тренингтер өткізу. №1 - 9, Тренинг 5-апта 2 сағат Тренинг өткізу  
Студенттік өмірдің өзекті мәселелері Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің өзекті мәселелері, студенттік өзін-өзі басқару, жастар қоғамдық бірлестіктер туралы баяндама, әлеуметтік жобалар ұсыну. №1, 2, 10, 8, 7 , ғаламтор, БАҚ Баяндама, әлеуметтік жобалар 6-апта 2 сағат Жазбаша, презентация, флипчарт түрінде дайындау және қорғау
Махаббат - «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі. Негізгі түсініктерінің мазмұнын ашу мақсатында баяндама, эссе даярлау. №1, 2, 10, 4, 2 Берілген тақырыпты талдау 7-апта 2 сағат Жазбаша орындау, бейнекөріністер, презентация, флипчарт түрінде.
Достық - «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі Негізгі түсініктерінің мәнін ашу мақсатында баяндама, эссе даярлау. №1, 2, 5, 7, 8 Талдау 8-апта 2 сағат Жазбаша дайындау, ауызша топтық қорғау
Ақшаға қызмет етпей, оны басқару қажет (Сенеке), Ақшалы адам жазаға тартылмайды (Цицерон), Сараңдық - барлық жаманшылықтың өсіп-өнетін тамыры (Д.Чосер) Берілген тақырыптарда шығарма жазу №2,4,5 Тексеру 9-апта 2 сағат Жазбаша орындау, оқу
«Қазіргі заманғы бұқаралық мәдениет және тұлға» Бұқаралық ақпарат құралдарының (газет, теледидар, ғаламтор) жеке тұлғаға әсері №5,3,4,7 Реферат 10-апта 2 сағат Жазбаша орындау, қорғау
«Туған жерім - ыстық мекенім», «Туған жерім - тұғырым», «Менің қаламның тарихы», «Болашақ менің қалам» Берілген тақырыптар негізінде фотоальбом, плакатқа сурет салу, бейнероликтер даярлау, туристік жоба, презентация, эссе, өлең шығару. №2,3,9, Шығармашылық жұмыс 11-апта 2 сағат Шығармашылық сайыс өткізу
«Ұлы жібек жолымен саяхат», «Мұраты асқақ - мұражай»   Жергілікті мұражайларға саяхат жасау және алған әсерлерін эссе түрінде жазу №5,7,9 Экскурсия, Эссе 12-апта 2 сағат Саяхат жасау, эссе жазу
«Мен идеалды педагогпым» Жаңа тұрпатты мұғалімнің образын құру №6,4,8, Модель құру 13-апта 2 сағат Модельді қорғау
«Менің өмірлік кредом» Берілген тақырыпта эссе жазу №5,8,9 Эссе 14-апта 2 сағат Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Ұлы педагогтар өмірбаяны Өзіңізге ұнаған белгілі бір педагогтың өмірбаянын зерделеу №6,7,9 Реферат 15-апта 2сағат Рефератты қорғау

СОӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Студенттің өзіндік жұмысы студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.

2. Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару қажет:

- тақырыптарға сәйкес СӨЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;

- лекция және семинар сабақтарының СӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;

- СӨЖ тапсырмаларының көлеміне және оны қабылдау формасына;

- СӨЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;

- СӨЖ орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге.

3. СӨЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады: СӨЖ жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӨЖ бақылау мен бағалау, талдау және одан ары дамыту.

4. СӨЖ екі бөліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын өзіндік жұмысынан (СОӨЖ) және студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.

5. СОӨЖ бөлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі.

6. Жоспарланған СӨЖ тақырыптары мен қабылдау түрі, уақыты, көлемі т.б. мәліметтер пәндердің жұмыс оқу бағдарламасында және кафедраның оқу-әдістемелік құжаттарында көрсетілуі тиіс. Әр пән үшін СӨЖ өткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ-ге бөлінген сағат санын ескеру қажет.

6.4 Білімгерлердің оқытушымен өзіндік жұмыстарының бағдарламасы

Тақырыптар атауы Тапсырмалар мазмұны Ұсынылатын әдебиеттер СОӨЖ өткізу формасы СОӨЖ өткізу аптасы, сағат көлемі Балл
«Жан дүние» төлқұжатын жасау Оқулықта берілген тапсырманы орындау №3, 15 бет Жазбаша 1-апта, 2 сағат
«Сіздің темпераментіңіз» тесті Тест арқылы темперамент типін анықтау №3, 16 бет Жазбаша 2-апта, 2 сағат
«Оптимист немесе пессимист?» Тест арқылы тұлғаның әлеуметтік интеллект деңгейін анықтау №3, 23 бет Тренинг 3-апта, 2 сағат
Менің мамандығымның кәсіби қасиеттер Меңгеретін мамандығына сәйкес кәсіби маңызды қасиеттер тізімін жасау №3, ғаламтор Эссе 4-апта, 2 сағат
Менің күн тәртібім Уақытты тиімді жұмсау жоспарын жасау №3, 4, 5 Жазбаша, презентация 5-апта, 2 сағат
Тұлғаның бағытталғандығын анықтау тесті Студент дәптерінде берілген тестті өткізу және нәтижесін анықтау. №3, 71 бет Тренинг 6-апта, 2 сағат
Махаббат - ертегі әлемі Берілген тақырып негізінде шығарма, эссе жазу №1,2,4 Жазбаша 7-апта, 2 сағат
Ата-ананың қара шаңырағы Негізгі түсініктерінің мәнін ашу мақсатында баяндама, эссе даярлау. №3, 92 бет Жазбаша, оқу 8-апта, 2 сағат
Біз - Жер шарының ұрпағымыз Жер Ананы қорғау мақсатында экологиялық жоба даярлау №3, 132 бет Экологиялық жобаны таныстыру 9-апта, 2 сағат
«Егер мен әкім болсам...» Ұсынылған тақырып негізінде идеялар конкурсын ұйымдастыру №3, 170 бет Идеялар конкурсы, Презентация жасау
«Егер мен...» Педагогикалық жағдаяттар құру және шешу №11,12,13 Жағдаяттар жұмыс Жазбаша, үлестірме қағаздар даярлау
Идаелды педагог моделі Идаелды педагог моделін даярлау №14,15,16 Модель құру Жазбаша, презентация, флипчарт  
Атақты педагогтар өмірі Белгілі бір педагог ғалымның өміріне антология құру №8,9,10 Антология құру Жазбаша жұмыс
Менің арманымдағы мектеп Ұсынылған тақырып негізінде жоба даярлау №5,6,7,8, ғаламтор Шығармашылық жоба даярлау 14-апта, 2 сағат
Өзін-өзі тану пәнінде не үйрендім? Берілген тақырып негізінде эссе, шығарма жазу. №1,2,3 Эссе, шығарма 15-апта, 2 сағат  

СОӨЖ орындау барысындағы білімгердің уақыт бюджеті

СОӨЖ атауы Сағатқа жоспарланған уақыт
Лекцияның конспектісі бойынша лекцияға дайындық 1,0*15=15
Практикалық сабаққа дайындық 1,0*15=15
Бақылау жұмыстарына дайындық 1*2=2
Бақылау жұмыстарының жазылуы 1*2=2
Рубеждік бақылауға дайындық 1*2=2
Рубеждік бақылауды тапсыру 1*2=2
СОӨЖ 1 орындалуы
СОӨЖ 2 орындалуы
СОӨЖ 3 орындалуы
СОӨЖ 4 орындалуы
СОӨЖ 5 орындалуы
СОӨЖ 6 орындалуы
СОӨЖ 7 орындалуы
СОӨЖ 8 орындалуы
СОӨЖ 9 орындалуы
СОӨЖ 10 орындалуы
СОӨЖ 11 орындалуы
СОӨЖ 12 орындалуы
СОӨЖ 13 орындалуы
СОӨЖ 14 орындалуы
СОӨЖ 15 орындалуы
СОӨЖ тапсырмаларын қорғау 15*0,2=3,0
Оқытушыдан кеңес 1,1*10=11,0
Қорытынды
  1. Қолданылған әдебиттер

Негізгі әдебиеттер

1. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі: Мұғалімдерге арн. Оқу-әдіст. Құрал. -Алматы; «Бөбек» ҰҒПББСО, 2007.

2. «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ.Құдышева, Г.Ж. Жұманова, С.С. Нұркеева, Д.Е.Серовайская. – Алматы, 2007.

3. С.С. Нұркеева, С.Ж.Нұрбеков, Л.О.Кашкарова, Өзін-өзі тану: Студент дәптері. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2007.

4. Өзін-өзі тану. Хрестоматия. Алматы, 2007ж.

5. «Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 2007ж.

6. Человеческое развитие в Казахстане Учебник \Под общ.ред Н.К. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы: Экономика, 2003

7. Личность. Культура.Общество.Т.VIII. Вып. 1(29) - М.: Институт философии РАН, 2006

8. Тренинг жизненных навыков для подростков \ Под.ред. А.Ф.Шадуры. - СПб.: Речь, 2005.

9. Касымова Г.М., Ауталипова У.И. /Под ред. Шерьяздановой Х.Т. Самопознание: Метод.пособие. 1 курс. - Алматы: ННПООЦ «Бобек», 2006.- 302с.

10. Нравственно-духовное просвещение /Турсунов Б.Ж. (Ак-Бекет), Нурахметов Р.К., Ергалиев Л.Е., Иргебаева Н.М. – Алматы, 1995.

Қосымша:

1. Абай. Қара сөздер. Поэма. -Алматы, 1996.

2. Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. -Изд. 7-е, доп. -Алматы: Credo, 2003.

3. Бельгер Г.К. Добрата идет от сердце. Земля моей чести. -Алматы: Дайк-Пресс, 2004.

4. Дымов О.Г. Тепло казахстанской земли. -Алматы: Арыс, 1999.

5. Бердяев Н.А. Самопознание М.: 1990.

6. «Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, - Алматы, 2006ж.

7. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. - Алматы: Гылым, 1998.

8. «Бөбек» ұлттық ғылыми-өндірістік және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс. Шерьязданова Х.Т., Абеуова И.А., Ауталипова У.И., Бапаева М.К., Касымова Г.М., 2006-2007 ж.ж.

9. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. – Л.: ЛГУ, 1968.

10. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Қазақтың психологиялық ой-пікірлері. 10-том/Жетекшісі акад.Ә.Н.Нысанбаев. - Алматы: "Таймас" баспа үйі, 2006ж. -4806.

11. Баласағұн Ж. «Құтты білік».Орта ғасырдағы түрік ойшылдары. Жиырма томдық. 5-том. Астана: Аударма, 2005ж.-528 бет.

12. Махмуд Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрк». Орта ғасырдағы түрік ойшылдары. Жиырма томдық, 5-том. Астана: Аударма, 2005ж. - 528 бет.

13. Локк Д. Соч. в 3 т. - М.: Мысль, 1998ж. - Т.З.

14. Қазақ даласының ойшылдары (ХІ-ХІІ.) -Алматы: Ғылым,
2008ж.

15. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Психология. Адамзат ақыл-
ойының қазынасы. 10томдық: Қазақтың психологиялық ой-пікірлері. 10-том/ Жетекшісі, акад.Ә.Н.Нысанбаев.-Алматы: "Таймас" баспа үйі, 2006. - 480 б.

16. Основы самопознания: Учебное пособие. – Алматы, 2008.

17. Ерментаева А.Р. «Өзін-өзі тану» сабақтарында студенттер субъектілігін дамыту үшін топтық жұмыстар ұйымдастыру . Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы: респ.ғыл.-конф. материялдары. – Алматы, 2007 ж.

18. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық: Жеке тұлғаның қазіргі теориялары. 8-том. Жетекші – акад. Ә.Н.Нысанбаев. – Алматы: «Баспалар Үйі», 2005ж. – 114-115 б.

19. Самопознание. (Методическое пособие для преподавателя) Б.К.Кудышева. Алматы: ННПООЦ "Бөбек", 2009.

20. «Өзін-өзі тану». Жоғары оқу орны оқытушыларына арналған әдістемелік құрал.. Алматы, 2008ж.

21. Самопознание. (Хрестоматия. 1 курс)/рук. проекта Б.К. Дамитов. Алматы: РУОЦ "Бөбек", 2004.

22. Өзін-өзі тану. (Студент дәптері 1 курс)/С.С Нұркеева, С.Ж Нұрбеков, Л.О Кашкарова. Алматы: ҰҒПББСО "Бобек", 2007. – 179

23. Касымова Г.М. Методы преподавания курса «Самопознание» . «Самопознание»: Курс лекций, семинаров-тренингов для вузов. - Алматы, 2003 . – с.41-46.

24. Определение индекса групповой сплоченности Сишора. Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. Социально-психологическая диагностика развития личности и малых групп. – Москва, 2002. C.179-180.

25. Большая энциклопедия психология тестов. Эксмо,-Москва, 2008ж.

«Өзін-өзі тану» пәніне қатысты нормативті құжаттарының тізімдері:

1. ҚР БҒМ №71 17 ақпан 2010 жылғы «1 – 11 сыныптарды «Өзін өзі тану» пәні бойынша бағдарламамен қамту туралы» бұйрық.

2. ҚР БҒМ №160 09 ақпан 2010 жылғы «ҚР БҒМ сәуір 2010 жылғы №152 бұйрығына қосымша «2010 – 2011 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсыныс бойынша оқулық баспаларының тізімдерін бекіту туралы».

3. 2010 – 2011 оқу жылында «Өзін - өзі тану» пәнінің енгізу туралы ақпарат (хаттама №1 30 маусым 2010 жыл).

4. 2005 – 2010 жылдардағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім бағдарламасының дамуы.

5. ҚРЖОББМЖМС «Өзін өзі тану» пәні бойынша 2.3.4.01 – 2010 өзгеріс енгізу.

Бұқаралық ақпарат құралдары:

1. Өзін-өзі тану / педагогикалық-танымдық журнал, екі айда бір рет шығады.

2. Самопознание kz / респуликалық ғылыми-әдістемелік журнал, екі айда бір рет шығады.

Интернет-көздері:

1. www.abcpeople.cjom/typework /psy-chology/selfcontrol12.htm

2. http://www.bobek.kz/

Рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары

1. Өзін-өзі тану пәнінің мақсат-міндеттері.

2. Өзін-өзі тануды оқытудың негізгі мәселелері.

3. Гуманитарлық пән ретіндегі өзін өзі танудың мазмұндық ерекшеліктері.

4. Өзін-өзі тануды оқыту оқушыларды дамыту факторы ретінде.

5. «Өзін-өзі тану» курсында ойын терапиясын қолдану.

6. Өзін өзі тану мұғалімінің өз іс әрекетін ұйымдастыру мәдениеті.

7. Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемелік жабдықталуы.

8. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.

9. Ғылыми әдебиеттердегі «МЕН» концепциясы.

10. Абай поэтикалық шығармаларындағы өзіндік сана мәселелері.

11. Өзіндік сана және өзін-өзі дамыту жөніндегі ғұлама ойшылдардың афоризмдері мен цитаталарындағы

12. Өзін-өзі тану өзіндік сананың құрылымдық элементі ретінде.

13. Даму мен өзін-өзі дамытудың адамның іс-әрекеті мен қарымқатынасының байланысы.

14. Адамды дамытудың обьективті және субьективті факторлары.

15. «МЕН» үлгісі мен тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы.

16. Оқытушының кәсіби шеберлігі мен өзін-өзі дамытуы.

17. Өмірдің мәні мен адамның өзін-өзі жетілдіруі.

18. Тұлғаның дамуы мен өмірлік кризистер.

19. Тұға және ішкі қақтығыстар.

20. Өмір салты және денсаулық.

21. Өзін-өзі дамыту мен танымалдылық.

22. Өмірлік табыстылық формуласы.

23. Өмір кезеңдері және шығармашылық.

24. Тұлғаның өзін-өзі бекітуіндегі ақыл ойдың мүдделер мен себептердің ролі.

25. Өмір сүру мен басқа адамдардың қатынасы контекстіндегі өзін-өзі бекіту.

Емтихан сұрақтары

(Эссе тақырыптары)

1. Мектептегі оқу пәні ретіндегі өзін-өзі танудың орны мен ролі.

2. Өзін-өзі танудың пәндік облысы.

3. Білім берудің пәндік жүйеден мәселелік-мақсаттық матрицаға өтуі.

4. «Студенттік кезең - тұлға дамуындағы қызықты кезең»

5. «Адамның ішкі жан дүниесінің байлығы дегеніміз не?»

6. «Адамның ішкі қорлары» тақырыбына коллаж.

7. «Менің ғазиз жанымның үйі»

8. «Сенім білдіру пайдалы немесе ... »

9. «Шын бақытты болуға болады, егер....»

10. «Жетістікке жеткен тұлға кім?»

11. «Мен жетістікке жеткен тұлғамын!»

12. «Танымал әлем атақтылары: Жетістікке жету жолы»

13. «Махаббат және ғашықтық»

14. «Махаббат категориялары: руханилық, өзін-өзі құрбан ету, құмарлық, аяушылық, көнгіштік, душар болушылық, өзіне-өзі ғашық болу» тақырыптарына коллаж жасау.

15. «Достық микрофон: мен бүгін сіздерге тілейтінім»

16. «Келісімге келуге тырысыңыздар»

17. «Барлық уақытта толерантты болуға болады ма?»

18. «Халықаралық деңгейдегі саясат пен мәдениеттегі толеранттылық» тақырыбындағы видеосюжеттерді қарау.

19. «Жаңа заманғы бұқаралық мәдениет және тұлға»

20. «Менің қаламның (ауылымның) тарихы»

21. «Менің қалам- менің замандасым және досым»

22. «Мен қаламның бұдан да жақсы болғанын қалаймын»

23. «Бүгінгі таңда жанқиярлық және батырлық – аңыз ба әлде шынайылық па?»; «Олар Отанды қорғады....» (біздің заманымыздағы қазақстандықтардың ерліктері және отансүйгіштігі туралы).

24. «Мен және Тәуелсіз Қазақстан»

25. «Қазақстанның жеті ғажайыбы»

26. «Ұстаз Кодексі» шығармашылық жоба құрастыру.

2

Наши рекомендации