Студент-практиканттың сабакты өзіндік талдауы: сабақтың тиімділігінің бағалау өлшемдері
Сабақ - логикалык аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылган оқу-тәрбие үрдісі. Оның кұрамында күрделі тығыз байланыста оку процесінің негізгі элементтері камтылған: максат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, окушы мен оку арасындағы іс-эрекеттін байланысы. Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айкын көрінісі болғанымен, бір жағынан окытудың психологиялық – педагогикалык заңдылыктарына, екінші жағынан білім беру стандартының коятын талаптарына негізделген.
Оку үрдісінің жалпы заңдылықтары:
1. Максат кою қоғамның қажеттілігі мен даму денгейіне, білім үрдісіне коятын талаптарына, тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға тікелей байланысты.
2. Мазмұнын айкындау окытудың мақсаты мен міндеттеріне, оқушының жас ерекшелік және жеке дара кабілеттеріне, оқытудың теориялык және практикалык даму денгейіне байланысты.
3. Әдістерді тандау окытудың міндеттері мен мазмұнына, оқушылардың нақты оку мүмкіндіктері мен оларды колдануына байланысты.
4. Оку үрдісін ұйымдастыру формасы окытудың мақсаты, мазмұны мен әдістеріне байланысты.
5. Окушылардын оку іс-әрекетіндегі белсенділігі окушылардың бойында ішкі танымдылық түрткілердің және сыртқы ынталардың (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) қамтылуымен тығыз байланысты.
6. Оку үрдісінің тиімділігі барлық зандылықтардың өзара байланысы мен ұйымдастырылу жағдайына байланысты
Оқу үрдісінің жекеленген зандылыктары:
§ дидактикалық өз кұрамына үрдістің мазмұнды – процесуалдық сипаттамасын (мазмұны, тәсілдері. түрі, әдісі, формасы т.б.) камтиды;
§ гносеологиялык мұгалімнін басшылығымен оқушының қоршаған ортанын нактылығын, табиғаттын, қоғамның және өз - өзін факторлары мен зандылықтарын тану аспектілерін айқындау.
§ психикалыққа окушының оку үрдісінің барысындағы айрықша ішкі психикалық (танымдылық)іс -әрекетіне катысты.
§ кибернетикалық оку үрдісіндегі барлық байланыстың сан кырлығын, акпараттық ағымының таралуын, ақпаратты меіңеруін баскаруды бейнелейді.
§ әлеуметтік жалпы үрдіске катысушылардың (окушы мен оқушы арасындагы өзара катынас, бағыттылық, окудың әлеуметтік маңыздылыгы т.б.) қарым қатынасын қамтиды.
§ ұйымдастырушылық оку үрдісін интеллектуалдық еңбек (оку мен окытушылык еңбекті ұйымдасгыру, олардың материалдық - техникалық жабдыкталуы, ынталандырылу, өнімділік т.б.) негізінде айкындайды. Окыту зандылықтарын білу оку үрдісін әртүрлі нақты жағдайларда қолайлы құруға мүмкіндігін береді
Сабақ талдау түрлері мен типтері
Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі. Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:
· окытудың толық жүйесін кұру;
· шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;
· озат педагогикалык іс –тәжірибені жинақтау;
· техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды кыскарту;
· мұғалімнің өзіндік корғаумен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету
Сабақ талдау типтері
· толық -мұғалім іс-әрекетінің стилін аныктау мен іс тәжірибесін, оку –тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
· қыска - жалпы сапасын багалау максатында жэне негізгі дидактикалык
категорияларды айкындайды;
· кешенді - сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан —жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабактарды талдауда және жасмамандарды окытуда колданылады.
· аспектілі — сабақтың бір түрін терең карастыру кажеттілігі туындаган кезде мұғалімнің іс әрекетіндегі жекеленген амалдардың тиімділігі мен кемшіліктерін айқыңдау максатында колданылады.
Талдаудың әр кайсысының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялык, тәрбиелік, методологиялык, ұйымдастырушылык..
Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене отырып сабактың бір аспектісіне (жалпы педагогикалык, психологиялык т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жузеге асырылады
Сабақты талдаудың жалпы өлшемдері
Нәтижелік. Сабактың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оку үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғурлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондыктан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті казіргі заманғы психологиялық - педагогикалык жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабактың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
§ танымдылық,тәрбиелік және дамытушылык максатты кою мен шешу;
§ оку үрдісінің колайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен кабілетін ескере отырып окытудың барлык кезендерінде ең қолайлы нұскасын тандау);
§ окушылардың танымдылык кызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
§ оқытуды ынталандару әдістері мен тәсілдерін колдану;
§ оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру;
§ жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын калытпастыру;
§ карама -карсы байланыстың шапшандығын ұйымдастыру ;
§ окушы мен мұғалімнің қарым - катынасының ынтымақтастығын калыпгастыру;
жағымды психологиялық колайлы ахуалды камтамасыз ету;
Сабақ құрылымы
Кәзіргі танда ғылыми акпарат ағымы өте үлкен, окыту уакыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі окытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады. Сабакгың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде кұрылады, оку материалдарының мазмұны, оку іс-эрекетінің барысында жүзеге асырылатын акыл-ойлық және практикалық операция кұрамына, психологиялық зандылыктары мен жағдайына (класс құрамына, дайындык денгейіне, кесел келтіретін және күшті окушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады. Кандай да бір оку материалының менгерту денгейінің зандылығына сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол окытудың накты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байкалады.
Сабактынң ұтымды кұрылымын камтамасыз ететін:
§ окытудың, тәрбие м ен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;
§ сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және такырыптың маңыздысын, нактылығын бөлу;
§ материалдың мөлшерлігі және қайталау уакыты, жана материалды оку, үй тапсырмасын бекітудің максатқа лайықты реттілігін анықтау;
§ окытудың ұтымды әдіс - тәсілдері, амалдарын тандау;
§ окушыларға жеке дара жэне дифференциалды көзкарас;
§ окытудың кажетті оку - материалдық жағдайын қамтамасыз ету.
Окушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру:
§ окушының оку –танымдылық міндеттердің кабылдауы мен түсінуі;
§ шешу жолдарының жоспарын құру;
§ міндеттің іс-жүзінде шешуі;
§ міндетті шешу үрдісін бакылау;
§ үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;
§ жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айкындау
Мұғалімге окушыларға сабак үстінде озіндік шыгармашылыкпен оку іс-әрекетін ұйымдастыра білу кажет жэне окытудың «белсенді» эдісін колдана отырып менгерілу үрдісіне бакылау жасау, ерекше карым - катынасты ұйымдастыра отырып коигеген әдістемелік амалдарды колдана отырыпжүзеге асыру кажет.
Сабақты өзіндік талдау деңгейі:
1. Эмоционалдық -ырықсыз деңгей, мүғалімнің өзінің педагогикалык іс -әрекетіне толық канағаттануы немесе канағаттанбау денгейі.
2. Бағалау-сабақтың нәтижссінің койылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;
3. Әдістемелік -сабаққа кабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;
4. Рефлексивті -себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психологиялық – педагогикалық теорияны да қатыстыру кажет.
Сабақты өзіндік талдау
Окушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мсн жоспарланғанды салыстыру аркылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау максатында жүргілген максаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.
Мұғалімнің сабақты талдауға койылатын негізгі талаптар:
· талданатын такырыптың максаты мен міндеті;
· дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;
· өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;
· окушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;
· сабакгың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұны, әдіс –тәсілдерін дәлелдеу;
· сабак барысында окушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оку міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;
· сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау кабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;
· сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;
· сабақта фактілермен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;
· сабактың кезендерінің озара байланысы мен көрсету мен бағалау;
· жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) канағаттануы (канағаттанбауы) );
· сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдар
Сабақты өзіндік талдау
1.Сабактың жалпы кұрылымын бағалау: Бұл өткізілген сабақ сабақтың кандай түріне жатады? Бұл сабактың бөлім, тарау, такырып ішіндегі орны кандай? Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе? Сабактың әр бөлігіне жұмсалатын уакыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?
2. Сабактың дидактикалық максатын жүзеге асыру: Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байкалды ма? Жана материалды түсіндірген кезде оқушылар қаншалықты белсенді болды (кабылдауы, түсінуі, танымдылық кызығушылықтың оянуы)? Жана материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дүрыс тандалды ма?Жаңа материалды окыту кезінде нені өзгертуді кажет етті және калай?Алғашкы. жалғаскан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабактың арнайы тандалған кезеңінде жана материалмен түсіндіру барысында бекіту орын алды ма) Окушылардың білім, білік, дағды денгейінің сапасы калай бағаланды (окушылардың камтылуы каншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?
3. Окыту үрдісінде окушылардың дамуын жүзеге асыру: окушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) камтылуы орын алды ма? Пәннің ішінде және пән аралық байланыс кұру жүзеге асырылды ма? Шығармашылык ойлауды дамыту әдістері колданылды ма? Жалпы дамуына катысты кандай -бір акпарат орын алды ма? Окушылардың эстетикалык дамуы орын алды ма?
4. Сабак барысында тәрбиелеу. Оку материалының мазмұнындағы барлык тәрбие мүмкіндіктері колданылды ма? Дүние танымын калыптастыруда кандай жүмыс жүргізілді? Сабакта окытудың өмірмен байланысы калай жүзеге асырылды? Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?
5. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау. Окытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекетімен окушы іс -әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?
6. Окыту әдістсрін тандау. Окытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оку материалының ерекшелігі, пәннің, окушының жас ерекшелігі мен жеке кабілеттерінің жалпы мақсаттық бағыттылыққа байланысы т.б.)?
7.Сабактағы мұғалімнің жұмысы. Сабақта мұғалімнің кандай іс-әрекеті орын алды, кадай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу. окушыларта көмек т.б.? Класпен карым -катынасқа орнатылды ма?
8. Окушылардын сабақтағы жұмысы. Сабакгың әртүрлі кезеңдеріндегі окушылардың белсенділігі кандай болды?Сабақта окушылардың кандай іс-әрекеті орын алды?Сабақта кандай тәртібі болды және неге?
9. Сабактың гигиеналык жағдайы. Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма? Окушылар денсаулыгы, бойы, үлгеріміне байланысты отырғызылған ба? Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?
10. Кейбір әлеуметтік міндеттер. Педагогикалык кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен кабылданған шешіммен байланысты міндеттер. Жағдайга байланысты талдау барлык параметр негінде аталғандардың ішінен талдаудын бір-екі түрін ғана алуға болады