Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Ғ» дыбысы мен әріпі

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері

Күні, айы, жылы: 27.10.16

Мақсаты

Білімділік: «Ғ» дыбысы және оның әріп таңбасын қайталау, буынға бөлу, сөзге дыбыстық талдау жасау, сөздің ұзын-қысқалығын анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың тілдік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компонент:

Көрнекілік құралдар:

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық - Балалар, қазір күз мезгілінің қай айы? - Бүгін күн қандай? Ашықпа?   - Күз мезгілінің соңғы айы – қараша айы. Балалар ауа райына қарап өзгерісті айтады    
    Ұйымдастыру- іздестіру   Педагог жаңылтпаш айтады. Қара қарғаларға Ала қарғалар үйір. Ала қарғаларға Қара қарғалар үйір. - Балалар , «ғ» дыбысы қай сөздерде кездесіп тұр? - Сол «ғ» дыбысы дауысты дыбыс па? - «Ғ» дыбысын ауада жазып көрсетіңдерші? Педагог балаларға сұрақ қою арқылы сөзжұмбақ шештіреді. Дұрыс жауап берсе, педагог сол сөзді торкөздерге жазып көрсетеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқымысты, білгір адамды кім деп атайтынын табады. Сұрақтар. 1. Ғарышқа ұшатын адам кім? 2. Елордамыз қай қала? 3. Ешкінің төлін не дейміз? 4. Ас әзірлейтін бұйымдарды не дейміз? 5. Тышқан неден қорқады?   Педагог торкөздерді толтырып көрсетеді. Қостілдік компонент: ғарышкер – космонавт, ыдыстар – посуды.   Дидактикалық ойыны: «Досыңды тап!» Ойын шарты: балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балалары көздерін таңып, өз достарын табу керек.   Сергіту сәті: Дөңгелене тұраиыз, Керегені құрамыз. Уықтар болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз.   Тіл ұстарту. Атқа тақты – таға. Болсын таза – жаға Аман болсын – аға.   Педагог саусақ бұлшықеттеріне жаттығу жасатады.   Домбыраның құлағын Мәнерімен бұраған . Достарыңды ертіп кел, Содан келіп шертіп көр.   Дәптермен жұмыс. Дәптердегі № 10 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі.   Балалар бірге қайталайды. - Қарға сөзінде кездесіп тұр. - «Ғ» - дауыссыз дыбыс. Балалар ауада жазып көрсетеді.    
  Рефлексивті- түзетушілік   - Бүгін біз қандай дыбысты қайталадық? - Сөзжұмбақта қандай сөз таптық? - Бүгінгі «досыңды тап!» ойынында достарыңды қалай таптыңдар?   - «Ғ» дыбысын. - Ғалым сөзін таптық. - Сипап сезу арқылы.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жұмбақ шешу, әріпті ауада жазып көрсету, сөзжұмбақты шешу, өрнектерді штрихтау тәрізді тапсырмаларды.

Қандай түсініктерді игерді: «ғ» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: дидактикалық ойын ойнау, жаңылтпаш қайталап айту барысында сезім мүшелері арқылысезу және сөздерді қатесіз жылдам айта білу дағдыларын.

Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Тақырыбы: «Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері»

Бөлімдері: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері.

Күні, айы, жылы: 26.10.16

Мақсаты

Білімділік: Балаларды табиғаттағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Балалардың ойларын,тілін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Қауіпсіз-безопасность,ереже-правило.

Көрнекілік құралдар: әліппе-дәптері,слайдтар,ағаштардың суреттері.

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: Біз қандаймыз,қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді біз білмейміз. Қуанамын мен де Қуанасың сен де Қуанайық,достарым Арайлап атқан әр күнге. Шаттық шеңберінде тұрып,өлеңді хормен айтады.Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Қазақстан табиғаты өте сұлу.Сондықтан оны қорғау керек.Сонымен қатар табиғат аясында түрлі қауіпті қатерлер болады.Серуен немесе саяхат кезіндеқауіпсіздік ережелерін сақтау керек. -Су –тіршілік көзі.Сусыз адам мен жануар да өмір сүре алмас еді.Сусыз өсімдіктер өспес еді. -Суға шомылғанда қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек? Өсімдік те –табиғаттың бір бөлігі. Өсімдік адамдарға да,жануарларға да –қорек,сусын,ыстықта-көлеңке,суықта-пана,ауырғанда-дәрі,ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі. Өсімдіктер ауаны тазартады. -Өсімдіктерден қандай зиян болуы мүмкін?     Сергіту сәті: Күн ұйықтайды Күн оянады Жел соғады, Жел қатты,жел қатты соғады Найзағай шатырлайды, Жаңбыр жауады, Жаңбыр басылды, Күн ашылды. Әліппе –дәптермен жұмыс: Педагог жеке жұмыс жүргізеді. Балалармен бірге табиғатттағы қауіпсіздік ережелерді талқылайды. Табиғатты қорғау ережелері: 1.Табиғатты ластамау! 2.Бұтақтарды сындырмау! 3.Құстың ұясын бұзбау! 4.Ағаштарды рұқсатсыз кеспеу! 5.Гүлдерді жұлмау! 6.Жабайы аңдарға жақын бармау.   Ағашты тап ойыны. Шарты: берілген суреттерден аты ағашты табу керек.       -Гүлдер өсіп тұр. -Көбелектер ұшып жүр.   Мұқият тыңдайды.   Суға шомылғанда жағадан ұстамау керек. Суға батырмай ұстап тұратын құтқарғыш кеудеше кию қажет.   Зиянды өсімдіктер болмайды.Өсімдіктерден дәрі –дәрмек тағайындалады. Тек кейбір өсімдіктер улы болады.   Қимыл қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытынды жасайды.Мейірімділікті табиғаттан алады деген сөз бар.Табиғат бар тіршілік иелеріне мейірімді ,сондықтан біз мейірімділікті табиғаттан үйренейік. Тыңдайды. -Табиғат бізге мейірімді.Бізде оған мейірімді болуымыз керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыру..

Қандай түсініктерді игерді: Табиғатты қорғау керектігін түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Табиғат ерекшеліктеріне байланысты қызығушылық ояту.

йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері:Көркем әдебиет

Күні,айы,жылы: 26.10.16

Тақырыбы: «Алтын астық» өлеңді жаттау

Мақсаты:

Білімділік: Өлеіңнің мазмұнын ашып,әр шумағын қайталау арқылы жаттату.

Дамытушылық: Піскен астықты ору,жинау науқаны туралы балаларға айтып жеткізу.

Тәрбиелік: Еңбекке деген сүйіспеншілік сезімін ояту,еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Астықтыкомбайнмен орып,жинап,машинамен қамбаға тасып жатқан суреттер,жұмыс дәптері,түрлі түсті қарындаштар.

Қостілдік компонент:астық+зерно-егін-посев.

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңбері «Қайырлы күн!» -Арымың,қайырлы күн! Армысың,Қайырымды Аспан ата! Армысың мейірімді Жер-Ана! Армысың,шұғылалы Алтын-күн! Балалар шаттық шеңберінде өлеңді қайталап, оның мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыспен жасайды.    
Ұйымдастыру-іздестіру     Кіріспе әңгіме: Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Ұзын мұрты сарылар Қойнында дәні бар. Ол не? -Бидай,сұлы,арпа,тарыны жалпы астық деп атайды.Астық піскен кезде егін жинау науқаны басталады. -Бүгін біз Қосжан Мүсіреповтің «Алтын астық» өлеңімен танысамыз.Көктемде егін егетін Күзде жиып теретін Біздің дала-бай дала Алтын астық-айнала Ол егінді жинайды Қырманға дән сыймайды Біздің дала-бай дала Алтын астық айнала.   Сөздік жұмыс: қырманға,дәулет сөздердің мағынасын білдіреді. Билингвальді компонент: Астық-зерно Егін-посев.   Сұрақ –жауап: -Егінді жылдың қай мезгілінде жинайды? -Қандай дәндер астық түріне жатады?   Дәптермен жұмыс: Дәптердеі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.   Балалармен жеке жұмыс жүргізу.   Серігту сәті: Күз мезгілі,астық пісті Астықты комбайнмен орамыз. Машинамен қарманға тасимыз Қамбаға әкеліп төгеміз. Диірменде ұн жасаймыз. Ұнды нан зауытына апарамыз. Оол жерде түрлі нандар,тәтті тоқаштар пісіреді. Нандарды дүкендерге апарады. Дүкеннен біз стаып аламыз.   Мақал жаттау: Ас атасы-нан.     Балалардың жауаптары.   Жауабы:бидай   Өлеңнің автры: Қосжан Мүсірепов     Балалр өлеңді қайталайды.     Сөздердің мағынасын түсінеді.     Бидай,арпа,тары,сұлы. Өлең шумақтарын түсінбеген балаларға қайталату.     Балалар қимылмен көрсетеді.   Үлкендердің еңбегін бағалау қажеттігін біледі.     Балалар мақалды жаттайды.    
Рефлексивті-түзетушілік Алтын астық деп не үшін айтамыз? Астықты қайда сақтайды? Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Астық сөзінін мағынасын түсінеді.Нанның қандай еңбекпен келетінін біледі.

Қандай түсініктерді игерді:астық пісіп,жиналатын кез күз мезгілі екендігін түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:алтын астық өлеңін жатқа айтады,мағынасын түсінеді.

Наши рекомендации