Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым

Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астроиомия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т.б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.

Жас кезеңдері

Тәрбиеленушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жан-Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді:
Бірінші кезең – туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең – екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең – он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең – он бес жастан ересектік жасқа дейін.
Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қаратсын, сындырсын деген болатын-ды Руссо. Осылай ол көруді, сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады.
Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек.
Руссо былай деп жазды: “Мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады”.
Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл-ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырафиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс.
Үшінші кезеңді Руссо еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Еңбек тәрбиесінің негізгі құралы, Руссоның айтуынша, тәрбиеленушінің еңбек үрдісіне тікелей қатынасы болып табылады.
Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады. Бұл дегеніміз; бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндеттерді қояды: 1) жақсы сезімдерді тәрбиелеу, немесе, басқаша айтқанда, “жүрек тәрбиесі”; 2) жағымды пікірлерді тәрбиелеу; 3) жағымды ерікті тәрбиелеу. Осы міндеттерді шешу, Руссоның пікірінше, моральдық тұжырымдаулармен және ақыл айтумен ғана емес, басқа жолдармен: жағымды үлгілермен, жағымды істерді орындаумен және ұлы адамдардың ғұмырнамасын оқып-үйрету арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Наши рекомендации