Ақпарат және оның түрлері.
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата- аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Ягни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойыншабіз ақпараттың 81% -ын көру арқылы, 10%- ын –есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музиканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінесіңдер, әлдекім біреу айтап берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы –адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.
Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзінің жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөлуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.
Жиындарды салыстыру.
Бізді әртүрлі заттар және тіршілік иелері қоршайды, олардың көптеген әртүрлі белгілері бар және ортақ атпен біріктірілуі мүмкін. Әр заттың өзінің аты болады, мысалы, үй, бөлме, кесе, көйлек және т.с.с. Сонымен қатар оның ортақ аты да болады, ол заттар тобының атын білдіреді.
Мысалы:
- қияр, картоп, қызылша – көкөністер;
- алма, алмұрт, банан – жемістер;
- шортан, майшабақ, табан – балықтар.
Ортақ аты бар және бірге жинақталған заттардың (тірі организмдердің) тобын жиын деп атайды. Жиын сөзі біріктірілген деген мағынаны білдіреді. Жиында 1,2,3 және одан да көп заттар болады. Егер жиында бірде бір зат болмаса, оны бос жиын деп атайды.
Жиынды құрайтын заттарды жиын элементтері деп атайды.
Жиындарды салыстыру.
Жиын элементтері саналуы бойынан реттеліп берілуі мүмкін.
Жиын элементтері әр түрлі болуы мүмкін
Жиын элементтерінің қатарында мән болмайды
Мысалы, «1,2,А,В» және «В,А,2,1» жиындары тең
Мұғалімге арналған мазмұндық бөлім.
Жиындарды салыстыру
Жиындар бір – бірімен элементтерінің саны бойынша салыстырылатындықтан, бірдей жиындар ұғымын анықтап алу қажет. Егер жиын элементтерінің саны бірдей болса, онда жиындар бірдей деп аталады. Мұнда «үлкен», «кіші» және «тең» ұғымдары қайталанады. Мысалы, бір қызда бір құшақ гүл болса, ал келесі қызда бірнеше ғана гүл.
Жиын және оларды топтау
Топтау – бұл ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу. Топ – бұл жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Мысалы, Қандай жануарларды білесіңдер және оларды қандай топқа бөлуге болады. Құстарды екі топқа бөлуге болады ұшатын және жүзетін. Ұшатынға – бүркіт, қарға және бұлбұл, ал жұзетінге Аққу, қаз және үйрек.
Тапсырмалар:
Жиын элементтері
1 топ
Нысандар жиынын бір сөзбен ата. (Мектептің оқу құралдары, гүлдер)
Жиындарды жаз.
Әріптер............................................................Жауабы: (А,Б,В,Г,Д)
Сандар .............................................................Жауабы: (10, 25,100,90)
Цифрлар ..........................................................Жауабы: (1,3,5,6,7)
Менің отбасым» жиынына кімдер кіреді? Жауабы:(Мен, анам, әкем, ағам, әпкем)
Ана,әпке,әке,көрші,аға,мен,дос
Ішкі жиын.
. Бізді әртүрлі заттар және тіршілік иелері қоршайды, олардың көптеген әртүрлі белгілері бар және ортақ атпен біріктірілуі мүмкін. Әр заттың өзінің аты болады, мысалы, үй, бөлме, кесе, көйлек және т.с.с. Сонымен қатар оның ортақ аты да болады, ол заттар тобының атын білдіреді.
Мысалы:
- қияр, картоп, қызылша – көкөністер;
- алма, алмұрт, банан – жемістер;
- шортан, майшабақ, табан – балықтар.
Ортақ аты бар және бірге жинақталған заттардың (тірі организмдердің) тобын жиын деп атайды. Жиын сөзі біріктірілген деген мағынаны білдіреді. Жиында 1,2,3 және одан да көп заттар болады. Егер жиында бірде бір зат болмаса, оны бос жиын деп атайды.
Жиын — математиканың маңызды ұғымдарының бірі. Жиын немесе жиынтық ұғымы қарапайым математикалық ұғымға жатады. Сондықтан Жиын ұғымының анықтамасы берілмейді. Ол аксиомалық жолмен енгізіледі. Дегенмен Жиынды мысалдар арқылы түсіндіруге болады. Бір мектеп оқушыларының, берілген шеңбер нүктелерінің, берілген теңдеу шешімдерінің, т.б. табиғаты әр түрлі Жиындары туралы айтуға болады. Мұндағы оқушылар, нүктелер, шешімдер, т.б. қарастырылып отырған Жиындардың элементтері деп аталады.
Жиындармен қарапайым амалдар (қосынды не біріктіру, қиылысу, толықтауыш, айырма) жүргізуге, сондай-ақ, олардың реттілігін анықтауға болады. Жиындар теориясының негізін чех математигі Б.Больцано (1781 — 1848), неміс математиктері Кантор мен Р.Дедекинд (1831 — 1916) салды.
47. Модель: Бастапқы модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объкті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы, жэне біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкідіктері сәйкесіз болды. Мысалы ертедегі философтар табиғи процестерді модельдеу мүмкін емес, табиғи және жасанды процестер түрлі заңдылықтарға бағынады деп санады. Олар табиғатты тек қана логиканыңталқылау әдістерінің, пікір алмасыулардың, яғни замандық терминалогияның, тілдік моделдеудің көмегімен бейнелеуге болады деп жобалады Үзақ уақыттар бойына "модель" түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты [11].
Уақыт өте келе нақты объектілер жасанды сызбалардың, суреттердің, карталардың модельдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады. Келесі қадамда модель ретінде нақты объект ғана емес абстрактылы, идеиалдық құрлымдардың да жұмыс істеу мүмкіндіктері белгілі болды. Мұның мысалы математикалық модельдер бола алады. Математика негіздерін зерттеумен айналысаты математиктер мен философтардың еңдектерінің нэтижесінде модельдер теориясы жасалды. Онда модель бір абстрактылы математикалық құрылымның басқасына бейнелеу, түрлендіру нәтижесі болып анықталады
ХХ-ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, элем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет [7]. Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғылымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель мәнін нақтылау тәсілі ретінде қарастырылады.
"Модель" термині көп мағыналы [7]. Модель деп қандай да бір заттын кішірейтілген көшірмесін (самолет моделі, тұрғын үйлер макеті), матемаетикалық формулаларды, бұрыштан горизонтқа лақтырылған дененің ұшу моделін, іштен жану двигателі жұмысының моделін, қандай да бір нәрсенің эталоның (метр эталоны, килограмм этолоны) айтамыз. Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады [12].
Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетің объектінің / құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.
Модель - объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалық/ ақпараттық алмастырушысы.
Модельдеудегі ең басты модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.
Модель (Model, simulator)
1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенінің немесе процестін
қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі;
2) сериалы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-
келген бір объекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін модельдейтін
программа немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық
байланыстар жүйесі ретінде немесе құрлымды имитациялайтын программа
күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін
зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап- оның
қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы[11].
Модельдеу (моделирование; simulation) - кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналоктарында (модельде) объектілердің әр-түрлі табиғатың зеттеу әдісі. Модель төрт денгейде түпнұсқанын гноселогиялық орынбасары бола алады: 1 - элеметтер денгейінде, 2 - құрлым деңгейіде, 3 - қалып - күй немесе қызметік деңгейін, 4 – нәтижелер деңгейінде. Сипаты бойынша модельдеу объектінің геометриялық, физикалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық моделдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады [11].
"Модель" түсінгі кибернетикада бақыланатын объектілер класын сипаттайтын теорияның моделі болып табылады. Компьютерлік модельдеу — бұл да оқып үйренетін объекті теориясының модельденуі.
Модельдеу субъектісі
Модельдеуші (модель субьектісі) тек адам бола алады. Модельдеу объектісі табиғи (өсімдік, күн жүйесі және адамның ықпалымен құрылып жасанды болуы мүмкін