Атынастың интерактивті, перцептивті және коммуникативті жақтарының сәйкестігі
Педагогикалық.қарым-қатынас түрлері: тікелей қарым-қатынас, жанама қарым-қатынас, тұлға аралық қарым-қатынас, бұқаралық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынаста кездесетін қиындықтар:
· Байланыс орната алмау:
· Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
· Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
· Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
· Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б
Педагогикалық қарым-қатынас өзінің ерекшелігі бар, педагогтық қызметте ең бірінші бейне ( имидж ) болу керек.Егер дәрәсті белсенді, сыйлы оқытушы оқытса, студенттің пәнге деген қызығушылығы арта түседі.Бірақ ол үшін оқытушы өз беделін әрқашан сақтау керек.Жас оқытушы студенттік аудито-рия назарын өзіне аудару үшін көп ізденіп, көп жігер болу керек.Қазіргі кезде тек қана оқытушы рөлінде алда отырған оқушылар алдында беделді бола алмайсың, сондықтан әрқашан ізденіп, сөзі мен ісінде бір болу керек. Техно-логия түрлерін білген жағдайда ғана педагог белгілі жағдайларда дұрыс мінез-құлық ұйымдастырады.Ол үшін оқытушы қатынас құрылымын, адекваттық тапсырмалар мен ерекше педагогикалық ситуациялар туғызуда психологиялық, мимикалық, тілдік, қозғалыс және т.б. жүйелі қабылдаулар қолданады.Бұндай қарым-қатынас әрекеті үшін ынталылық керек. Ынталы-лық педагогикалық қарым-қатынаста педагогтың басты бір қатынастық мақсаты басты болып саналады.Ынталылық бұл жерде педагог қатынасты ұйымдастырушы ретінде екі түрлі болады, студент үшін оқытушының сөзі, бағыты, өзіне деген көзқарасы ең басты болады.Оқытушының ауыз сөздегі шешендігінде оның ерекшелігі.Оқытушы – маман ретінде ешқашан кітаптан не не сабақ конспектісіне қарамау керек.Оқушы тыңдап отырып, алдындағы оқытушының аузынан шыққан сөздер өмірге жаңа ғана туындағанына көзі жеткендей болады, сөзі әрі бай, түсінікті, көркем әрі қанық болу керек.
М.М.Рыбакова жасөспірімдер мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының бес түрін саралайды:1. Диктаттық қатынас - қатаң тәртіппен ресми қарым-қатынас негізінде білімге ерекше талап қою;2. Нейтралды қатынас – оқушылармен интеллектуалдық-танымдық деңгейде еркін қатынас жасау, мұғалімнің өз пәніне ерекше ден қоюы, қабілеттілік;3. Қамқорлық қатынас – мезі етерліктей тым ебектеу, оқушының өзіндік әрекетіне шашына қарау, ата-аналармен үнемі байланысын үзбеу;4. Конфронтациялық қатынас – оқушыларды іштегі жек көру, жұмысқа үнемі қанағаттанбау, менсібеушілік үнмен сөйлесу;5. Ынтымақтастық қатынас - барлық істі бірлесе жүргізу, бір-біріне қамқорлық жасау, оптимизм және өзара сеніммен қарым-қатынас жасау.Қалай болғанда да мұғалім сабаққа дайындықты пәні бойынша өтілетін теориялық тақырыпты қалай меңгерту, қандай көркекілік пайдаланамын, оқытуды тек қана бағдарламадай қалмау деп түсінбей, оқушының білімінің қатар ақыл-ойын, адамгершілік қасиетін, жеке тұлға ретінде өзара қарым-қатынасын қалай қалыптастырамын деген мәселені де жүзеге асырудың жодарын іздестіру деп түсіну қажет. Өйткені психологтардың айтуынша, мұғалім мен оқушының өзара тіл табысуға ұмтылуы тек оқушының өсуіне ғана емес, мұғалімнің де қыр-сырына терең байлауына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың оқу мотивтерінің қалыптасуы туралы мәселелерді әр қырынан қарастырып зерттеп, зерделеген ғалым А.К.Макаровтың пікіріне сүйене отырып жасалған тұжырым бойынша бұл тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізіп отыратын мұғалімдердің оқушымен арасындағы адамгершілік қатынастарында мынадай талаптар есерілуі тиіс.1) Оқушыларды іріктеп бөлу емес, сабақ үстінде байқалған жағымсыз әрекеттерді болдырмау үшін олардың психологиялық даму процесін бақылай отырып, тиісті жұмыстар шараларын анықтау.2) Әр баланың психикалық ерекшеліктерін зерттегенде оны өзгемен емес, өзімен-өзін, яғни бұрынғы қалпы мен бүгінгі дейінгі қалпын салыстырып отыруға көңіл бөлу.3) Сырттай қарағанда бірдей көрінетін құбылыстардың ішкі себептерін анықтауға ұмтылу. Мәселен сабаққа құлқы жоқ балалардың оқымауының әр түрлі себебі болады: бірі – оқу іскерлігінің қалыптаспауынан; екіншісі - өзінің оқудағы мақсаты не екенін білмейді; үшіншіден – еш нәрсеге қызықпайтын сылғырттықтан көңіл бөлгісі келмейді, т.б. Кейде тіпті бала белсенділігінің астарында мақтангершілік, тек қана баға алу ниеті жатуы да мүмкін. Ал жауап беруде өзін-өзі сын көзімен қарап, жоғары талап қоятын, көзге көп түсуге ұмтылмайтын ұстамдылықтың әсерінен белсенділік таныта қоймайтын баланы психологиялық ерекшеліктерінің де ара жігін ажырата білу талабы да көп мәнге ие.4) Оқушының мотивациясын жеке тану үшін мұғалімнің жеке басының қасиеттері де үлгілі, өзгелерді құрметтеу сезімі жоғары, мақсатқа жету жолында табанды болумен қатар психологиялық тұрғыда сауатты, балалардың жас ерекшеліктерін мейлінше терең білетін, соған сай қажетті әдістерді қолдана алатын білікті маман ретінде де танылуы – жұмыс нәтижелігін өсіретін алғы шарттың бірі.5) Мотив қалыптастыру дегеніміз – мұғалімнің дайын мотивтер мен мақсаттарды оқушының басына “Көшіруі” емес, ол – оқушылардың белсенділігін туғызатындай жағдайлар жасау, оқуға деген ұмтылысын оятатын ішкі қозғаушы “тетіктерді” жандандыру, оқушының білім-тәжірибесі мен мотивациялық даму деңгейіне сай келетін жұмыс түрлетін іріктеу, оларды оқушылардың сапалы орындауында мүмкіндік туғызу.Осындай талаптар ескерілген жағдайда мұғалім мен балалардың өзара бірігуіне, бір-бірін тануына жол ашылмақ.