Тақырып Делинквинтті жүріс-тұрыс және әлеуметтік-педагогикалық қызмет

Жоспар:

1. Кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа бару мәселелері.

2. Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері.

Дәріс тезистері:

Қазіргі кезде кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруы бүкіл әлемді толғандырып тұрған басты әлеуметтік-педагогикалық мәселе болып отыр. Дамыған капиталистік мемлекеттерде қылмыстың көбеюінің басты себептерінің бірі – әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық және адамдардың ертеңгі күніне сенімінің жоқтығымен түсіндіреді. Мұндай әлеуметтік теңсіздік біздің елімізде де орын алып, жастардың нашар жолға түсуі себебіне кедейшілік, материалдық қамсызданудың жеткіліксіздігі екені анықталып отыр.

Америкада қылмысқа барған балалардың 75% отбасының күйреуі, балаға деген қарым-қатынастағы қаталдық, баланы отбасында жәбірлеу, ұру, қорлау себептерінің түрткісінен болғанын көрсеткен. Ал Жапонияда жеткіншектер мен кәмелетке толмаған балалардың қылмысқа баруын тұрмыс нашарлығымен емес, жақсы тұрмыстың салдары ретінде оқудағы стрестермен, тәрбиенің жеткіліксіздігімен, отбасындағы құндылықтардың нашарлауы, жеке меншңктің нығаюы, адамның жеке басының мүддесін ғана ойлайтын «өзімшілдіктің» күшеюімен түсіндіріледі.

Қылмысқа тосқауыл қою үшін Ресейдің қылмыс кодеексі бойынша 14 жастан бастап құқық бұзғандар жауапқа тартылады. 18 жастан кейін жасөспірімдер, бойжеткендер мен бозбалалар 10 жылға дейін жазаланады деп көрсетілген.

Қазақстан қылмыс кодексінде 16 жастан бастап балалар жауапқа тартылады деп көрсетілген. Ал кәмелетке толмаған балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертулер беру не болмаса құқық қызметкерлеріне тапсыру қарастырылған.

Әр түрлі себептермен күйзеліске ұшыраған соның ішінде бәңгілікке берілген балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдер үшін ашық типтегі мекемелер алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады. Ондай мекемелерге мынадай балалар қабылданады:

- Жүріс-тұрысы күмәнді, мінез-құлқында тәртіпсіздіктер байқалған балалар;

- Психологиялық теріс ықпалдарға ұшырап, ішкі жан дүниесі мен рухани әлемі ауытқуға дұшар болғандар;

- Әр түрлі себептермен мектепке барудан бас тартқан балалар;

- Үйінен қашқандар, отбасынан безгендер.

Қазақстан Республикасында жасөспірімдер мен жеткіншектер, жастар тарапынан жасалатын қылмыстардың мынадай түрлері тіркелген:

- Наркобизнес;

- Заңсыз жолмен тапқан ақшаларды жұмсау;

- Ұрлық;

- Құмар ойнау;

- Миграция;

- Терроризм;

- Жұмыс бабың пайдалану т.б.

Жеткіншек жастағы балалар қылмысы және оның себептері. Жеткіншек жастағы балалардың қылмысты істерге душар болуының басты себептерінің бірі – материалдық ахуалының төмендегі, әлеуметтік жай-күйін нашарлығы. Бойындағы қабілеттері мен қызығуы енді ғана көрініс беріп, байқала бастаған кезде оны қанаттандыруға қаражатының жетпейтін қатты түйсінген олар осы кемшіліктерді толықтыру мақсатында заңсыз істере барып, қылмыстық жолға түседі. Осының кесерінен ұрлық, қарақшылық, қорқыту, кейде өлтіру секілді жаман істерге барады.

Мұндай істерге барудағы негізі мақсат – ақшалы болу, құрбыларынан қалыспай соңғы үлгімен киіну, ерлігін көрсету, өш алу т.б. Көп жағдайда жеткіншек балалар қылмысқа спирт ішімдігін ішкен соң, не бәңгі заттарын қабылдаған соң баратыны анықталған.

Арнайы мекемелерде не болмаса абақтыда отырған жеткіншектер мен ересек адамдар жалпы мынадай екі топқа бөлінеді:

- Тұрақты, жоғары мәртебеге ие топтар

- Тұрақсыз, мәртебесі төмен топтар

Жеткіншек жастағы қылмыскер балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. Жеткіншек арасындағы қылмыстың үдей түсуіне байланысты мемлекеттік,қоғамдық, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың алдына қойылған негізгі мақсат – олармен жұмыс формалары, әдістері мен тәсілдері, технологиясының жаңа, ұрымтал түрлерін іздеп тауып, жаман мінезді, түзетуге және қалыбына келтіруге, бейімдеуге, қатарға қосуға көмектесу.

Әлеуметтік педагогикада кең қолданып келе жатқан әдістердің бірі – алдын алу.

Балалар мен жастардың, жеткіншектердің қылмысқа баруын болдырмау, алдын алу шараларын жүзеге асыру және ол нәтижелі болу үшін мынадай жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

- Құқықтық сана- сезімін тәрбиелеу іс-шаралары

- Жүріс-тұрыс ережелерін бойына сіңіріп, әдет ретінде қалыптастыру;

- Балаға жақын микроортаның жағымды ықпалын ұйымдастыру.

Жеткіншек балалармен жеке іс- шаралар жүргізу жолдарын қарастыратын бағдарлама түзу арқылы жұмыста жақсы нәтижеге жетуге болады. Ол бағдарламалар мынадай негізгі мәселелерді қамтуы керек :

- Жеке тұлғамен жұмыстың мақсаты және мәндеттерін көрсету;

- Баланың жан дүниесіне, санасына пәрменді ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;

- Тәрбиелік іс-әрекетінің түрлерін анықтау;

- Тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны бай және әр түрлі болуы;

- Баланың тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған іс- шаралардың үздіксіз болуы;

- Қоғамның талабы мен баланың жеке мүддесін ұштастыру;

- Іс-шараларды әрбір жеткіншектің ішкі жандүниесін, қабілетін, қызығуын, қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;

- Іс-әрекетті жүзеге асыруда төзімді, жігерлі болу;

- Баланың белсенділігін қолдап, ойы мен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.

- Осылардың барлығын іске асырудағы әлеуметтік педагогтың міндеттерінің ең бастысы – баланың мүддесін қорғап, қалыбына келтіру, құрбыларымен қарым – қатынас орнатуға көмектесу, жаңа ортаға бейімдеу, әлеуметтік тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезуге үйрет болып табылады.

Әлеуметтік педагог төмендегі ұсыныстарды жұмыс барсында ескеруі тиіс:

- Әлеуметтік педагог өз жұмысын мектеп, кәсіптік колледждер мен лицейлерде, басқа да оқу-тәрбие мекемелері мұғалімдерімен бірлікте, ынтымақтаса отырып жүргізеді. Тәрбие жұмыстарында белгілі спортшылар, өнер қайраткерлері, ғылым – білімге еңбек сіңірген, белгілі қогам қайраткерлерін шақырып кездесулер өткізу;құқық қорғау, медицина, психолог, наркологтармен кездесулер ұйымдастырыпәр түрлі келеңсіздіктердің алдын алу шараларын жүргізу.

- Жұмыстың ұтымдылығын арттыру мақсатындамектеп қоғам және отбасының тәрбие жұмысындағы сабақтастығын қамтамасыз ету; мұнда әр қайсысы өз жұмысы және барлығы бір жұмыстың нәтижелі болуын көздеп, бірінің кемшілігін екіншісінің түзетіп, толықтырып тұру да көзделеді;

- Жеткіншектер мектеп, көше, қоғамдық демалыс орындары, базар, дүкенде, жаңа ұжымда, жат адамдар арасында, балалардың өзі секілді құрбыларының арасында т.б. ортада адамгершілік, ізгілік қарым- қатынасты, мәдениетті жүріс-тұрыс, сый-құрмет, кешірімді істерді сезініп, жақсы нәрселерді көріп, оған араласқанда ғана жақсы қасиеттер қалыптасатыны педагогикада белгілі. Демек, қайда, қашан болмасын олардың жақсы істерге куә болып, жақсылықты түйсініп, сезініп өсуі керек.

Наши рекомендации