Халима айтҚан бір сыр
Бұл сырды Халима маған әскерден босап, госпитальдан шығып, Мәскеуден келген кезде айтты. Ол кезде Әзілхан Алматыда оқуда, мен ауылдық мектептің директорымын. Әзілхан екеуі әлі ерлі-зайыпты болып қосылған жоқ. Сонда да мұғалім болып, Әзілханның оқу бітіруіне көмектескісі келетінін айтып, госпитальдан шығарда Халима маған хат жазды. Сенің мектебінде маған мұғалімдік орын табыла ма деп сұрады.
Халимаға неге орын таппайын? Дереу аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Зейнеп Төребаевамен ақылдасып жіберіп, Халиманы өз мектебіме орыс тілінің мұғалімі етіп алатын болдым. Қолма-қол Халимаға хат жаздым. Оқу жылы қарсаңында ол келді. Біздің үйге орналасты. Баяғы интернатта жүргеніміздей бір төсекке жағамыз. Жатып алып, өткен-кеткенді айтып, сырласамыз ғой баяғы.
Мәскеуден қайтқан бетте Халима Алматыға соққан екен. Бірақ, Әзілханды көре алмапты. Ол жазғы демалысқа шығып, Семейдің облыстық газетінде уақытша қызмет істеп жүріпті.
Халима Әзілхан дегенде ішкен асын жерге қоятын еді. Алматыда жолыға алмай келгеніне қатты қиналды. Оған мұғалім болып, өзінің оқу бітіруіне көмектеспек болған ойын да айтпапты. Жалпы Халима біреуге жасайтын жақсылығын айтпай істейтін еді. Кісіге көрсеткен қызметін ешқашан бұлдамайтын. Жұртқа жасаған жақсылығына мүлде мән бермейтін.
Халиманың ойы мұғалім болып, Әзілханның оқуын бітіруге көмектесу болса, Әзілханның да оз ойы болды. Ол Халиманы Мәскеуден келгеннен кейін ЖенПИ-ге түсірсем, сөйтіп екеуміз бір қалада, қатар оқысақ деп армандайды. (Кейін ол армандарына жетті де ғой). Бірақ алдын ала айтпапты. Келгеннен кейін ақылдасып шешерміз деп есептейді.
Біздің мектепке орналаса сала Халима Алматыдағы Әзілханға өзінін жана әдірісін хабарлап, хат жазды. Бірақ, Әзілханнан жауап кешігіп келді. Әзілхан Семейдегі уақытша қызметінен босап, тамыздың ақырғы күні Алматыға келеді. Халиманың Әзілханға жазған хатын алған жолдасы оны иесіне тапсыруға үлгіре алмай, елде бір жақындары қайтыс болып, тығыз түрде сонда жүріп кетеді. Қайтып келгеннен кейін Әзілханға арналған хатты қолына береді. Халиманың хатын оқи сала ол біздің мектепке тығыз түрде жеделхат жіберді. "Хатыңды бүгін алдым. толық жауап жазамын. Сенің Әзілханың" депті.
Осы сегіз сөз Халиманы қандай қанаттарды да десеңізші! "Мен бірдеңеге ұшырап қалды ма деп қорқып едім. Аман екен ғой!" деп тығыз түрде келген жеделхатты қайта-қайта көкірегіне қысты.
Соғыс кезінде Әзілханнан хат кешігіп келсе, Халима жылайды екен. Біздің таубинкада хат күткен Халима жылаған жоқ. Бірақ, жылағаннан бері болды.
Әзілханнан жеделхат алған күні кешке төсекте жатып, Халима маған мынадай бір сыр айтты.
Соғыстан Әзілханның жазған хаттарын бірін жоғалтпай жинап жүреді екен. Соғыс бітіп, ауруханада жатқанда кездерінде сол хаттардың күн сайын біреуін асықпай отырып, қайта оқып шығуды әдетке айнлдырыпты. Әзілханның әзіл сөздеріне кейде күліп, кейде жымиып, рақаттанады екен.
Сол күндердің бірінде, палағада Әзілханның кезекті хатын оқып, балқып отырған кезінде медбикелердін бірі келіп:
— Сізді сыртта бір майор күтіп тұр, — дейді Халимаға.
Халима аң-таң болады: өзінің ондай шенді ешқандай танысы жоқ. "Кім болды екен?" деп ойлайды ішінен.
Кім болса да барайын деп, аурухана халатын жамылып, корпустан сыртқа шығады. Аурухана айналасындағы орындықта отырған бір әскери адам орнынан тұрып, Халимаға қарсы жүреді. Жақындағаннан кейін байқаса: Семейдегі №11 орта мектепте сабақ берген қысықкөз мұғалім. Иығында погоны бар, расында, майор екен. Қолында ұстаған бір буда гүлі бар.
Халима:
— Сәлеметсіз бе? деп ұстазына бас иеді.
Ол баса көктеп, Халиманы құшақтауға үұтылады. Халима онын құшағына кірмей, кейін шегінеді. Содан кейін ол қол ұсынып, амандасып, қолындағы гүлін береді. Халиманың оны алғысы келмейді. Бірақ, үстазы ұсынып тұрғаннан кейін гүлін алады.
Ұстазы бірден әңгімеге кіріседі. Өзінің соғыста лейтенант болып қызмет істегенін, соғыс біткен соң бұрынғы мұғалімдер мен студенттерді әскер қағарынан босату туралы Указ шыққаннан кейін, әскерден біржола босап, елге қайтып бара жатқанын айтады. Қызылорда қаласында ванна, туалет! ішінде үш бөлмелі үйі бар екен. Сондағы пединститутта мұғалімдік орны даяр екенін де айтады. Әскерге алынардан бұрын Семейден Қызылорда пединститутына ауыстырылса керек.
Осыларды айтып келіп:
— Сенің осында жатқаныңцы бұрын өзіңмен бірге оқыған интернат қыздарының бірінен естіп, Мәскеуге әдейі тоқтадым. Аураханадан шығарып, Қазақстанға ала кетейін деп ойладым. Аурухана елде де бар ғой, сонда емделерсің, дейді.
Халима ұстазының арам ойын сезіп, ернін жымырады. Бұрыннан уәдесі бардай, баса көктеп, еркін сөйлегеніне іштей ыза болады. Бірақ ызасын сыртқа шығармайды.
Халима тіс жарып, дәнеңе демегеннен кейін ұстазы одан сайын ерқіндейді.
— Осыған келістік қой. Сенің әке-шешең, туған-туысқаның жоқ. Семейде кімге барасың?Одан да маған ілесіп, Қызылордаға жүр, — дейді сөзінің соңында. — Мен сені мектепте жүрген кезде-ақ сыртыңнан жақсы көргенмін. Бірақ мұғалімнің шәкіртіне сөз айтуына болмайтындықтан, сен он жылдықты бітірсін деп күткенмін. Орта мектепті де бітірдің, соғысты да аяқтадың. Енді біздің бір-бірімізге жақындауымызға ешқандай бөгет жоқ, міне қолым!
Халима басын шайқайды. Ұстазының ғашықтықпен ұсынған колын алмайды. Содан кейін кері бұрылады да, қолындағы гүлін иесінің аяғына қарай лақтырып тастап, аурухана корпусына қарай кете барады.
— Өзбақанова, Өзбақанова, — дейді сасқалақтаған ұстазы шәкіртін мектептегі әдет бойынша атап.
— Мен сізге оқушы қыз Өзбақанова емеспін! — деп Халима бір-ақ ауыз сөзбен жауап береді. Жеделдей аяндап, қақпаға кіріп кетеді.
Халиманың бұл сөзі: "Мен сізге кешегі мектеп партасында отырған кішкентай қыз емеспін. Немесе біреудің жетелегеніне жүре беретін мал да емеспін. Жүрер жөнін, барар жолын білетін есейген азаматпын. Сіз сияқты Отан қорғаған жауынгермін!" дегені еді.
Бірақ, осының бәрін ашуланып, айғайламай, кейбір қыздарша шәбеленіп, шаптықпай, өзінің көргенділігін көреетіп, "Мен еізге оқушы қыз Өзбақанова емеепін!" деген бес сөзге сыйғызады. Осылай дейді де, кеудесін тік ұстап, қақпаға қарай жүріп кетеді.
Осыңан артық өрлік, өнегелік бола ма?!
Ұстаз-майор ауруханаға ертеңінде тағы да келеді. Халиманы шақыртады. Халима шықпайды. Әзілханның хатын оқып, палатада отыра береді. Майор байғұс Халима келетін шығар деген есек дәмемен күні бойы тосады. Бірақ Халима қарасын да көрсетпейді.
Ол үшінші күні тағы да келеді. Содан кейін біржола жоғалады.
Ол кезде Әзілхан университетте оқып жүрген студент. Болашатының кім болары белгісіз. Басында өз үйі жоқ. Жатақханада жатады. Ал ол болса, жоғары білімі бар, институт мұғалімі. Өзі айтқандай, "ванна, туалеті бар" үш бөлмелі үйде тұрады. Жақсы тұрмыс, жайлы орынды ойласа Халиманын атағы бар, ақшасы мол сол мұғалімге жар бола салуына болатын еді. Бірақ, ешбір мұғалім Әзілхан болмайтын еді. Осыны оның жүрегі жастайынан сезді. Сезді де оған деген махаббатын өзгертпеді. Онын жас жүрегінің жаңылмағанына таңмын. Ешқандай байлық, дүние-мүлікке қызықпастан кедей Әзілханына қосылды. Қосылды да сүйген жарын жас баладай алақанына салып, аялап өтті ғой біздін Халима!
Мінеки, Алматыдағы Әзілханнан жеделхат алған күні түнде, сонау Суықбұлақ стансасының қасындағы қазақ аулының тоқал төбелі бір үйінде, бір төсекте қатар жатқанымызда Халиманың маған өз аузынан айтқан бір сыры осы еді.
Енді осыған ұқсас екінші бір оқиғаны айтайын.
Қыз күнінде Халима сұлу болды. Бірақ, ол өз сұлулығына мән бермейтін. Жақсы боп көрінейін деп ешқашан сәнденбейтін. өзінің табиғи тазалығын сақтап жүре беретін.
Бұйра шашты, екі беті аппақ, көзі ботаның көзіндей үлкен, сабақты үнемі үздік жақсы оқитын оңдай қызға кім қызықпасын? Оның үстіне әке-шешесі жоқ, балалар үйінде өсіп, интернатта бой жеткен иесіз қызға кім құмартпасын, жақсы жетім қызды жетектеп әкетуге кім ұмтылмасын? Олардың көбі Алматыдан оқу бітіріп келген жас мұғалімдер болатын. Өздері ақ көйлек, қара костюм киіп, мойындарына галстук тағып, барынша сәнденіп жүретін.
Солар жетімдер оқитын интернатта мұғалім болып, жақсы қыздардың ортасына түскеннен кейін оларға қалай қызықпасын. Солардың бірі Халимаға көз салады. Халима ғана емес-ау, жетім қыздарды олар іштей өзара бөлісіп алады. Орынкеш, Нұриша, Хабиба, Халима, Ишан сияқты қыздарды құпия меншік етеді. Алғашында ол тізімде мен де бар екенмін. Бірақ менің әке-шешем барын білгеннен кейін ол тізімнен шығып қалсам керек. Солардың бір сылқымы Халимаға жіп тағады. Қыздар оныншы класты бітіре сала олар өз ойындағы қыздарға үйленіп, бірнеше тойды бірге өткізуге уәделеседі.
Солардың бір ерекше кербезінің үстінен үнемі иісмай аңқып жүретін. Қыздар оны сыртынан күлкі етіп, "Иістімай мұғалім" деп атайтын. Халимаға көз салған осы иістімай мұғалім болады.
Ол Халиманы көрсе, күліп, жымындай бастайды. Мектеп интернат ауласында оңаша кездесіп қалса:
— Өзбақанова, бері кел, — деп қасына шақырады екен.
Мұғалім шақырған соң Халима ұялып, оның жанынажақындайды.
— Неге шақырдыңыз, мұғалім? — дейді.
— Мен сені жақсы көремін, — деп Халимаға қарай қолын созатын көрінеді.
Халима қолын ұстатпай, шегініи кетеді.
Иістімай мұғалім Халимаға ылғи сөйтіп жүреді. Халима оның көзінен таса жүруге тырысады.
Бір күні мұғалім Халимаға тағы да кездесіп қалып, күлміндей бастайды.
Халима:
— Мұғалім, мен сізді ұстазым деп сыйлаймын. Маған жақсы көргеніңіздің керегі жоқ. Егер бұл әдетіңізді қоймасаңыз директор ағайға немесе комсомол комитетіне айтамын, — дейді.
Ол кезде Халима комсомолка, өзі комитет мүшесі. Директорға да барып айта алады. Комсомол комитетінің алдына да мәселе қоя алады.
— Мен сіздің абыройынызды түсірмейін деп осы күнге дейін үндемей келдім. Енді тоқтатыңыз, — деп сөзін аяқтайды.
Иістімай мұғалім жым болады.
1938 жылы ол мұғалім және басқа бір-екі ұстазымыз әскерге шақырылды. Бірсыпыра қыздар ол мұғалімдерді шығарып салуға вокзалға бардық Халима барған жоқ, кітап оқып, үйде отырып қалды.
Кейін олардың орнына жаңа жас мұғалімдер келді. Сол Иістімай мұғалімнен кейін келген мектеп-интернат ұстаздарының бірі болатын. Сөйтсе ол байғұс та Халимаға көңілмен құрық салып жүрген екен ғой. Соғыс біткеннен кейін жетім қызды оп-оңай жетектеп әкетемін деп ойлаған ғой. Қайтсін, есек дәме деген сондай болады.
1939жылы сол өзіміз оқыған№ 11 орта-мектеп интернатының ауласында Халима алғаш рет Әзілханмен кездесті. Сол кездесуден бастап, екеуі біріне-бірі қатты ғашық болды. Алғашында ол ғашықтықты екеуі де сезбей жүрді. Өзгелерге де сездірмей жүрді. Әсіресе екеуінің соғыс кезінде бір-біріне жазған хаттарының ғажаптығы қандай десеңізші! Халима Әзілханнан алған бір хатын да жоғалтқан емес. Ал Әзілхан Халимадан алған хаттарын қиын соғыс кезінде жоғалтпай Халимаға жіберіп отырған. "Мен өлсем осы хаттар саған мәңгілік ескерткіш боп қалсын" деген.
Мектепте оқып жүрген кездегі сырларын Халима маған айтпайтын. Көшеге шығып, көп қыдырмай, жатақханада отырып, кесте тігетін. Немесе Гоголь кітапханасына барып, кітап оқумен болатын. Ол кезде Халимадан басқа ешқайсымыз кітап оқуға әуестенбейтінбіз. Сабағымызды үлгеріп, келесі класқа көшсек болады дейтінбіз.
Менің ойымдағы Халима жөніндегі бір айтылмай келе жатқан естелігім осы еді. Өзгелерін Халиманың қырқында, жылында айтқан болатынмын. Айттым ғой деймін. Оның бәрін Халиманың немерелері диктофонға жазып алған. Оларды қайталамай-ақ қояйын.
Бірде Халимадан:
— Сен неге Әзілханды сонша жақсы көресін? Кемпір болғанда да қыз кезіндей ғашықсың оған. Осының себебі не? Мен Мәулітке 25 жасымда қосылдым. Бізде махаббат деген болған жоқ: Ол "қосылайық" деді, мен "жарайды" дедім. Қосылғаннан кейін ерлі-зайыпты көп отбасыларының бірі болдық. Сендер сияқты болып, бір-бірімізге үнемі өмешеміз құрыған жоқ. Ол еркектік, мен әйелдік қызметімді атқарып жүре бердік. Ал Әзілхан екеуің бір-біріңе күн сайын ғашық болып отырасыңдар ғой. Осының мән-жайын түсіндірші, — дедім.
— Оны өзім де анық білмеймін, деді Халима. — Біз бала күнімізден бір-бірімізге тәнті болдық қой. Жақында болсақ, көрісуге асығып, алыста болсақ, бір-бірімізден хат алтанша дегбіріміз қалмайтын. Ал косылғаннан кейін Әзілхан іс сапарға кеткенде маған ас батпайтын. Күндіз күлкім, түнде ұйқым келмейтін. Әзілхан да барған жұмысын тез тындырып, үйге жетуге асығатын. Ал қалада бір-бірімізден бір сәт ажыраспауға тырысатынбыз.
Мұның негізгі себебі екі адамның жаны, адамдық болмысы, ой өрісі бір-біріне уқсас боп жаратылғаннан ба деп ойлаймын. Жандары ұқсас емес адамдар да болатын шығар. Олардың бір-біріне үздігіп тұрмайтын сондықтан болар. Біріне бірінін жаны ұқсас адамдар ғана ғашық болатын шығар. Жыныстық құмарлықтан жоғары дәрежеге көтерілетін шығар деп ойлаймын.
Сенін ғашық болмаған себебің жас күнінде жаны ұқсас адамға жолыққан жоқсың. Жасында кездеспегеннен кейін жаны ұқсас емее кісіге қосылдың. Жаны ұқсас болмағанымен, жаратылысы, табиғаты ұқсас. Сен табиғат заңын орындадың. Ал жаны ұқсас Әзілхан екеуміз махаббат заңына бағындық. Жанымыз бізді бір-бірімізге тартты да тұрды. Физикада тарту күші деген бар емес пе? Сол осыған да келетін шығар.
Анық білмеймін, осылай шығар деп ойлаймын, деп Халима менің сұрағыма жауабын аяқтады.
Қорытып айтқанда, Халима елден ерекше жан еді. Оған көз салған мұғалімдер болғанын жоғарыда айттым ғой. Бірақ, Халима Әзілханнан көз жазған жоқ. Сәнді киінген, сымбатты мұғалімдерден киімі нашар, көзге қораш Әзілханды артық көрді.
Бұл екеуінің бір-біріне қалай ғашық болғанын ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Мұндай ғашықтарды көрген де, естіген де емеспін. Ғашықтық жырларынан оқыған махаббат бұл екеуінікінің астары тұрғай, әдібіне жарамайды. Осы тұрақтылық екеуін де мұратқа жеткізді. Қазақта бірін-бірі жақсы көрген ерлі-зайыптылар бар. Көп те шығар. Бірақ, олардың ешқайсысы біріне-бірі тоғыз жыл ғашық болып қосылған жоқ. Ашаршылық, ауру, жетімдік және соғыс бейнетін тартқан жоқ. Бұдан былай мұндай ғашықтар бола ма, болмай ма көзім жетпейді. Айта алмаймын. Алайда "жастар осы ғашықтықтан үлгі алса-ау!" — деп ойлаймын.
Алғашында мен не жазамын, не айтамын деп ойлаған едім. Енді Халима туралы естелігімді тоқтаға алмай жатырмын.
Айналайын Халима, бұл дүниеден өтерде сол Әзілханың қия алмай, қатты қиналды ғой. Он үш күн реанимацияда жатты. Әл үстінде жатса да Әзілханның жан ұшырып жазған хаттарына жауап жолдаумен болды. Он төртінші күні ауруханадан шығарып, үйге әкеліп Әзілханды, балаларын, немерелері мен өзі аттас Халима есімді шөбересін көргеннен кейін ғана үзілді. Өмірінің соңғы сәтінде мен жан досымның қасында болдым.
Жаның жәннатта болсын, асыл құрбым, айналайын!
Әзілхан да аянған жоқ. Халимаға қолынан келген бар жақсылығын жасады. Басына Ақтаудың ақ тасынан ақ отау орнатты — ақ күмбез көтерді. Оған арнап өзінің жан жырын төкті. Сөйтіп, Халима атын Алашқа жайды. Тек Қазақстандағы қазақтар ғана емесе, Халима атын екі миллионға жуық Қытайдағы қазақтар мен Монғолиядағы қалың қазақ қауымы білді. Дүниежүзіндегі басқа қазақтар да хабардар болды.
Енді, міне, Халимаға арнап жеке кітап шығарайын деп елден естелік жинап жатыр.
Арты ХІ-ХІІ тасырларда Айша бибінің басына ескерткіш орнатқан ардақты ағамыздың аты кім екенін білмейміз. Бәлкім Индиядағы Тәжмахал тәрізді ғажайып ескерткішті орнатқан Жахан шах сияқты қазақ хан-қағандардың бірі болар. Олардың өз жарларына деген шексіз махаббатын құрмет тұтамыз.
Ал соңғы үш-төрт асыр ішінде әйелін Әзілхандай ардақтаған қазақ сирек шығар деп ойлаймын. Әрине, Әзілханның Халиманың басына көтерген күмбезі Айша бибі күмбезінің — жүзден бір, Тәж-Махалдың — мыңнан бір бөлігіндей-ақ болар. Ал айда Әзілханның Халимаға деген махаббаты белгісіз қалғанның — Айша бибіге, Жахан шах патшаның — Мұнтаз сұлуға деген махаббатынан титтей де кем еместігіне сенемін. Бұл үшін досымның досы — өмірге екі келмейтін қымбат Халиманың жан жары Әзілханға мың рахмет!
"МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР"
АВТОРЫНЫҢ АСЫЛ ЖАРЫ
Иә, тақырыбымыз айқайлап айтып тұрғандай, халық жазушысы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың бала ма-хаббаты, өмір-бақи қол ұстасқан асыл жары Халима Өзбақанова — оқырмандарымызға ұсынылып отырған суреттегідей көркем жүзді, нұрлы кісі.
— Мен 1922 жылы Абай ауданында дүниеге келіппін. Әкем Қалиакпар 1932 жылы аштықтан әлсіреп көз жұмды. Соңынан іле-шала анамыз Зәуила да о дүниелік болды, — деп бастады әңгімесін Халима апай, — Аягөзде 1-класта оқып жүргем. Өзімнен екі жас кіші Ханымхан есімді сіңлім екеумізді жетімдер үйіне Семейге алып келді. Сіңлім балалар үйіне келгеннен кейін қайтыс болды.
Әңгімеміз осылай басталды.
— 70-80 жылдары "Махаббат, қызық мол жылдар"романын қазақ жастары ғана емес, үлкен-кішісі түгел оқыды десек те болғандай. Содан "Меңтай жазушының әйелі екен " деген сияқты талай болжам, топшылау айтылды. Шындығында, Әз ағамыздың өзіңізге деген махаббаты туралы не айтасыз?
— 1936 жылы Семейде №11 орта мектеп ашылып, қазақша білім алуға көштім. Класымызға Жарма ауданының, Ақбұзау ауылынан Орынкеш деген қыз келді. Әзілхан деген дос жігіті бар екен, екеуі бір ауылдан. Әзілхан жеті жылдық мектеп бітіріпті. Педучилищеде оқиды. Орынкешке қырындап келіп тұратын. Бірде:
— Халима, Орынкешті шақырып берші, деп өтінді.
— Орынкеш, сені жігітің іздеп келіп тұр десем, шықпайды. Қалаға келген соң көңілі өзгелерге ауған ба, әйтеуір құлықсыз. Әзілхан да келуін кілт тоқтатты.
Мен кітап құмар едім. Сол кезде Гоголь атындағы қалалық кітапханада кешкі 10-ға дейін сарыла кітап оқимын. Әзілхан да кітап сүйер жігіт екен. Екеумізді Семей кітапханасы табыстырды. Күнде кешкілік шығарып салады. Алғаш бозбала Әзілханның қолының ыстық табын, жүрек жылуын тұла бойыммен сезінген сәтте қып-қызыл болып, ұялып төмен қарадым. Қолымды тартып ала қойдым.
— Кейіннен өзің де менің қолымды ұстап едің ғой, соғыс кезінде, — деп әңгімеге араласа кетті Әзілхан ағамыз.
— Е-е, ол 1944 жылдары ғой, Мәскеуге Чистопрудная көшесіндегі, Грибоедов ескерткіші жанындағы Бас почтамда кезіккенімізде ғой. Соғыс бастылысымен Әзілхан майданға аттанды. 1942 жылы мен де соғысқа сұрандым. Балалар үйлерінің барлық қыздары Ұлы Отанымызды қорғауға аттандық. Радист мамандығын игердім. Чита облысында, Борзя стансасында талай әскери тапсырмалар орындадым. Кейіннен денсаулығым ауырлады да, әскери цензураға жіберілдім. Мәскеуде, Бас почтамтта қызмет атқардым. Әзілхан үш жолдасымен бірге Мәскеуге делагат боп кепті. Әңгімелесіп отырмыз. Сонан соң үстел астынан қол ұстастық. Бір жағы жігіттерден ұялдым, бірақ:
— Әзілхан қолыма снаряд жарықшағы тиді деп еді, жарасы жазылды ма деп қарап отыртаным ғой, — деп ақталдым.
— Сол кездегі студенттік тойлар қалай өтуші еді? Соғыстан кейін отбасын құрудың қиыншылықтарын еске алсаңыз.
— 1945 жылы Әзілхан соғыстан аман-есен оралып, Қазақ университетіне оқуға түсті. Соғыстан кейін "әуелі Әзілхан оқысын, мамандық алсын" деген оймен, өзара келісіммен Суықбұлақ ауылына аттандым, мектепте орыс тілінен сабақ бердім. Әзілханның сүйгені де, жанашыры да өзім, сондықтан ақша салып тұрдым.
1947 жылы Әзілхан академиялық демалыс алып, Семейге келді, "Екпінді" газетіне орналасты. 9 жыл бойы бір-біріне ынтыққан қос жүрек өмір-бақи бірге болуды армандап, Ақбұзауға келдік. "Мынау, жеті жыл бойы қаңырап тұрған үй — әкемнің шаңырағы. Осы үйге келін боп түсесің", — деді Әзілхан.
Алғашында "жаяу келін" атандым. Колхоз бастығы Әлсейіт Мұсақұлов деген кісі жүйрік құла атын, крессорлы транспенкесін алып шығып, қарсы алмақшы екен. Уәдесінде тұрмапты. 9разъезден түссек, ешкім жоқ. Әзілхан жаны жүдеп, қатты кейіді. Қолымызда чемодан, 9 шақырым жаяу жүрдік. Осылайша Нұршайықовтар шаңырағының түтінін түтеттім. Сәки атты жолдасыммен бір бидон арағы бар Әзілхан тойға кірісті. Ат бермеген бастық жарты пут бидай берді, оның жартысын талқан етіп, той дастарқанына қойдық. Той басталды, жұрт ақ батасын бере бастағанда, сары ешкісін мүйізінен жетектеп бір ана келді.
— Тоқтасын апам, — деді Әзілхан.
— Әй, Әзілхан, сой мынаны тойға. Аяғын байла! — деді бұйырып апа.
— Апа, өзіңізге керек болады, рахмет, — деді сыпайы ғана Әзілхан.
— Соғыста аштан өлген жоқпын, енді соғыс бітті, елге енді аштық жоқ, осы ешкісіз де өлмеспін. Сол, тойға, — деп алған бетінен қайтпады қайсар ана. Сосын Әлсейітке қарап:
— Соғыста шейіт кеткендердің аруағынан қорықсаң қайтеді, бастық? Тойға бір тоқтыңды қимадың ғой,— деді.
Келе-келе, жақсы келін-атандым. Өйткені, бүкіл ауылға ұйық тоқимын, киім тігемін, өнер иесі қашан да сыйлы, қадірлі ғой.
Қашанғы ауылда отырамыз, оқуымызды жалғастыру үшін Алматыға келдік. Алматыда қайсыбір ағайынымыз күтіп тұр, тұрмыстың тауқыметін көп көрдік. Тұңғышымыз шетінеп кетті. Жанар, Жаннат, Арнұр, Жаннұр атты ұл-қыз сүйдік, Сәбина, Дина, Сәкен, Алма, Әлия деген немерелеріміз бар.
— Жазушының жары болу да оңай емес болар ?
— Әзілханның барлық шығармалары менің қолымнан өтті. Қолжазбаларын оқыдым, машинкаға бастым. Магнитофон таспасына түсіріп алғандарын көшірдім. Архивтерге бірге бардым. Талай дәптерлерге құнды қолжазбалар көшірдім. 1978 жылы Брестке бардық, Әзілхан төрт дәптер деректер жинады.
Жазушының жаны нәзік, сондықтан жүрек сырқатына ұшырау ақын-жазушылар арасында жиі кездеседі. Әзілханның жүрек тамыры алты рет жарылды, 40 түн күзеткен, көз ілместен таң атырған кездерім болды. Әсіресе, 1994 жылы жөргектегі сәбиімдей күттім. 40 күн шыдаған басым, 41-күні талықсып, ұйықтап кетіппін. Әзілхан "дүрс" еткен дыбыстан шошып ояныпты, қараса, мен ұйқыға басыппын. Осылайша жан жарымның қуат-күші сарқылса, сырқаты мен десе, жүрегіне жігер қостым, дертіне дауа болуға тырыстым. Азаматтың өмірбақи аптал күш иесі болып, қасқайып, қара нарша жүре беруі мүмкін емес, сондықтан тарықса — шыда, торықса — сүйеніш, тірек бол, ауырса — маңдайынан сипа деймін қыздарыма, "келінім сен тыңданың" керін келтіріп.
"Солдат" газеті Ұлы Жеңістің 55 жылдығы мен жеңісті жақындатқан егіз жүрек, екі солдатты құттықтайды. Махаббаттарыңыз мәнді де, мәңгі болсын!
Әңгімелескен Күлән Берікболова, журналист.
"Солдат " газеті, 9.05.2000.