Маманның кәсіби-біліктілігінің көрсеткіштерін сурет түрінде көрсетіп, талдаңыз

34.Шығармашылық белсенділік көрсеткіштері.Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.

Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды.

Көрсеткіштері:

- кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану

-шығ-қ материалының күрделі деңгейі

- өз шығ- н балаларға үйрету,шығ-қ қабілетін дамыту.

35.Кәсіби мәдениет ұғымы және оның мәні.Педагогикалық кәсіби мәдениет – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен ізгілік тұрғысында қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

Педагогтың кәсіби мәдениеті ол тұлғаның мәндік сипаттамасы ретінде жүйелі білім беру түрінде көрінеді.

Кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:

1. Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;

2. Оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;

3. Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;

Педагогикалық кәсіби мәдениетті жоғары деңгейде меңгерген мұғалім:

- ғылыми теория, гносеология, әдістеме негіздерін білу тиіс;

- мамандықты және пәнін жақсы білуі керек;

- мұғалімнің өзінің сенетіндегін көрсететін және шығармашылық таным процесін дамытатын энергияның болуы қажет.

36.Инновациялық-креативтілік мәдениеттің аксиологиялық компонентінің ерекшеліктері.Аксиологиялық компонент – педагогикалық еңбектің құндылықтарын меңгеру және қабылдаудан тұрады:

• Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным.

• Педагогикалық ойлау және рефлексия.

• Педагогикалық такт және этика.

Педагогикалық мәдениеттің құрылымында дүниетанымдық компонент маңызды рөл атқарады.

1) Дүниетанымдық компонент педагогикалық тұжырымдарды қалыптастыру процесі мен нәтижесінен, мұғалімнің қызығушылықтары, құндылық-бағдары, ұстанымдарын анықтау процесінен тұрады.

2) Педагогикалық ойлау мәдениеті педагогикалық талдау және синтездеуді дамыту қабілеттерінен және ойлаудың сапаларын (сыни ойлау, дербестік, белсенділік, жылдамдық, байқағыштық, есте сақтау, шығармашылық елестету) дамытудан құралады.

Мұғалімнің адамгершілік мәдениеті – кәсіби педагогикалық этиканың зерттеу пәні болып табылады. Ол адамгершілік сана, адамгершілік сезімдерден құралады.

3) Адамгершілік мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі – педагогикалық такт. Педагогикалық такт – бұл мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қатынастар мақсатына сәйкес ұйымдастырылған мұғалімнің өзін-өзі ұстауы және оларға әсер етуі.

37. Инновациялық-креативтілік мәдениеттің эвристикалық компонентінің ерекшеліктері.Педагогикалық мәдениеттің эвристикалық бөлігі мұғалімнің шығармашылығына негізделеді.

Эвристикалық білім беру іс-әрекеті төмендегілермен сипатталады:

- мұғалімнің тұлғалық білім беру потенциалы, жеке ерекшеліктері, мотивтері, мақсаттары негізінде жүзеге асады;

- мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап шығаруына әкеледі.

Мұғалімнің іс-әрекетінде оны орындауға қажетті әдістер, құралдар және тағы басқа жағдайларды меңгеруіне байланысты субъективті қиындықтар мен мәселелер туындатады.

38.Педагогикалық техниканың компонеттері.техника – тәсілдердің жиынтығы. Оның құралы – сӛйлеу және вервалдық емес қарым - қатынас.

“Педагогикалық техника” ұғымына екі компоненттердің тобын енгізу келісілген:

Бірінші топ компоненттері:

- мұғалімнің ӛз мінез-құлқын басқара білу біліктілігімен байланысты:ӛз дене қимылдарын басқара білу (мимика, пантомимика);

- кӛңіл – күйімен эмоцияларын басқара білу (артық психикалық қысымды болдырмау,шығармашылық кӛңіл-күй орната білу);

- әлеуметтік -перцептивтік қабілеттер (зейін, байқағыштық, қиял);

- сӛйлеу техникасы (тыныс алу, дауысты қоя білу, дикция, сӛйлеу екпіні).

Педагогикалық техниканың екінші тобы жеке тұлға мен ұжымға әсер ете білу және оқыту ментәрбие үрдісінің технологиялық жағын аша білу біліктілігімен байланысты:

-дидактикалық;

-ұйымдастырушылық;

-конструктивтік;

- коммуникативтік біліктілік;

- талап қоюдағы технологиялық тәсілдер;

- педагогикалық қарым- қатынасты басқару;

- ұжымдық және шығармашылық істерді және т.б.ұйымдастыру.

Наши рекомендации