Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары

Топпен оқыту әдісі

XVIII ғасырдың аяғында Джозеф Ланкастер мен Андрю Белл Англия және Индияда халыққа “жаппай” білім беруде, топтық оқыту әдісін кең қолданып, 1806 жылы Нью-Йоркта Ланкастер мектебін ашты.

Әлеуметтік өзара тәуелділік теориясы

Топпен оқытуды әр тұлғаның өзара тәуелділігінің оң нәтижесі деп қарастырады. ХIX ғасырдың басында Курт Коффка (гештальт-мектебінің негізін салушылардың бірі) топты динамикалық біртұтас деп санап, мүшелер арасындағы өзара тәуелділік вариальды (өзгермелі) деп есептеді. Курт Левин топтың негізгі мақсаты ондағы мүшелердің өзара тәуелділігі, ал топ «динамикалық біртұтас» болып табылады деді. Топтағы (топшадағы) бір жеке мүшесінің жағдайының өзгеруі сол топтағы немесе топшадағы басқа мүшелерінің жағдайының өзгеруіне әкеп соқтырады деді. Мортон Дейч (Левиннің шәкірті) ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында ең алғаш әлеуметтік өзара тәуелділік теориясын тұжырымдады. Өзара тәуелділік оң, теріс немесе болмаған (не существующий) болуы мүмкін. Бұл теорияның негізгі бағыты әлеуметтік өзара тәуелділікті образын сомдау.

Оң өзаратәуелділік кезінде тұлға бір-бірімен тығыз байланысты болып оқытуға, оқуға әрекет жасайды және бұл өзаратәуелділіктің алға жылжыған озық түрінің нәтижесі.

Теріс өзаратәуелділікте (жарыс) әрекеттесу қарама-қарсы жүреді, бұл кезде тұлға бір-біріне кедергі жасап нәтижесін беруге қиындық туғызады.

Болмайтын өзаратәуелділікте мүлдем араласу болмайды, әр тұлға өзі тәуелсіз жеке жұмыс жасайды.

Когнитивті-дамыту теориясы – бұл кезде араласу когнитивті дамудың қажетті элементі болып табылатынын қарастырады.

Бұл жерде әрқайсы нәтижеге жету үшін жұмыс жасайды. Джин Пигеттің айтуы бойынша жеке тұлға қоршаған ортамен байланыс кезінде пайдалы социокогнитивті конфликтер болады да (дисбаланс) жайсыздық пайда болып, когнитивті дамуға және болашақты (перспективті) ойлауға әкеліп соқтырады дейді.

Л. Выготский топпен оқытуда мәселелерді шешу және түсіну білімді мөлшерлеуге қажетті фактор болып табылатынына және жалпы болашақтың “ішкі ойлау қызметіне” ұласатынына сенді.

Д. Пигет және Л. Выготский үшін топпен жұмыс әріптестері және оқушылар үшінде когнитивті дамытуға, интеллектуалды өсуге пайдасын тигізеді деп есептеді. Топпен жұмыс кезінде оқушы алған ақпаратын және бар білімдерімен ұштастырып пайдаланып когнитивті жаттығады.

Бихевиористік оқыту теориясы- бойынша оқушы тапсырманы табандылықпен орындап, нәтижесінде марапат (награда) алулары қажет. Ал марапат (награда) алмайтын немесе жаза (наказание) алатын тапсырмаларды орындамайды. Топпен оқыту кезінде топ мүшелеріне және топқа қатысушыларға ынталандыруды қарастырады.

Жоғарыдағы үш теория бойынша, топпен оқыту жарысқа және жеке оқытуға қарағанда жақсы нәтижеге жеткізеді. Себебі, топпен оқыту кезінде әр топ мүшесі өз оқу мақсатына басқа топ мүшелері де жеткен уақытта ғана қол жеткізеді.

Үш теорияның бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

- әлеуметтік тәуелділік теориясы бірлесіп жұмыс істеу, ішкі мотивацияны (ынтасын) тудырады, яғни ортақ белгілі бір мақсатқа жеткізеді. Жеке тұлғаның бір-бірімен концепциялы байланысына негізделген;

- когнитивті-дамыту теориясы жеке тұлғаның перспективтілігіне негізделген;

- бихевиористік теория оқытуда топтағы мүшелердің бір мадақтауды алу мақсатында ынталы жұмысының нәтижесі;

Бірақ бұл айырмашылықтар әліде зерттеліп жатыр.

Зерттеу нәтижесінде топпен жұмысты ұйымдастырудың бес негізгі элементтері аталып көрсетіледі:

- позитивті өзара байланыс;

- жеке жауапкершілік;

- ынталандыру араласуы (стимулирующее взаимодействие);

- әлеуметтік дағды;

- топтық жұмыстың үрдісі;

Осы айтылған элементтердің әрқайсысының мұғалім жұмысындағы маңызын қарастырайық.

Топтағы оқушылар бір-бірімен байланысты екенін, әр оқушы басқа оқушы жұмысты орындамайынша жетістікке жетпейтінін мұғалім түсіндіріп қамтамасыз ету керек. Әр сабақта әр оқушы және топтың барлық мүшесі берілген материалды меңгеру жағынан жауапкершілікті сезінулері қажет.

Позитивті өзара байланыс барлық бағаларды қосып барлық топ мүшелерінің 90 % тестке дұрыс жауап берсе, онда әрқайсысы оң баға және қосымша рольдерді енгізу қажет. (Әр топ мүшелеріне жалпы тапсырманы бөліп беріп, басқа ақпараттармен толықтыруларын талап ету керек).

Әр оқушының жауапкершілігін арттырып, әр оқушының білімін жеке бағалау кезінде:

а) әр оқушыға жекелеме тест жұмыстарын беру;

б) өзінің білгенін топтағы екінші адамға түсіндіру;

в) топтағы әр мүшенің жұмысын және топқа енгізген еңбегін бақылау.

Мұғалім оқушыға нәтижеге жетуге ынталандыруды қамтамасыз етеді (бір біріне көмектесуге, қолдауға).

Осындай жолмен ұйымдастырылған когнитивті үрдіс, мәселені шешуге, өзара бір-бірін қолдауға, осы сабақта алған білімдерімен ұштастыруға ықпалын жасайды. Нәтижеге жету үшін топта 4-5 оқушы болған қолайлы.

1. Мұғалім оқушыларды қолдануға қажетті әлеуметтік дағдылармен қамтамасыз етеді.

Жұмыстың нәтижелілігі топтың және тұлғаның ішкі дағдыларына байланысты. Лидерлік (көш бастаушылық), шешім қабылдауға, сенімге кіруге, коммуникативтікке және дау-дамай жағдайында өзін басқаруға, қадағалауға үйрету.

2. Мұғалім оқушының топтық процесске енуіне уақыт беруі қажеттігін қамтамасыз етуіне жағдай туғызады.

Мұғалім оқушының бірін-бірі оқыту және оқу кезіндегі үрдісін жетілдіру жолдарын анықтайды.

Оқушы осы процесстерді жетілдіруге үнемі жұмыс жасау керек.

а) Жұмыс уақытында қандай әрекеттің пайдасы және тиімділігіне және топ мүшелерінің оқу мақсатына жетуін қамтамасыз ету.

б) Жұмыс нәтижесінде қай модельді жетілдіру және өзгерту қажеттігі.

Топтық жұмыстың нәтижесі мынада:

- Оқу процесін жеңілдету жолы;

- Кәсіби сай емес әрекеттерден арылу;

- Оқушылардың командалық жұмыс дағдысын үнемі жетілдіру.-

Жоғарыдағы айтылған 5 элементті пайдаланғанда мынадай нәтижеге жетуге болады:

1. кез келген сабақты топтық оқыту әдісіне негіздеп өзгертуге ;

2. топтық оқыту әдісінде оқушыға және әдіске қойылатын талапқа сай спецификалық жағдайға бейімдеу;

3. Егер де қажет болған жағдайда топтың жұмысын жетілдіру мақсатында топқа қосылу.

Топтық жұмыс-екі топқа бөлінеді: дифференциялды және бірыңғай. Біріңғай топтық жұмыста барлық топ бірдей тапсырманы орындайды. Ал дифференциялды топтық жұмыс түрінде, әр түрлі топтағы оқушылар ортақ тақырыптағы әртүрлі тапсырмаларды орындайды.

Дифференциялды жұмыс жекелеме және жалпылама жұмыстың түрін өзгертіп, тиімділігін арттырады.

Шет тілі пәнін оқытуда практикада топпен оқыту әдісін мұғалімдер жиі пайдаланбайды. Себебі: көпшілігі топта жұмысты қалай ұйымдастыру керек екенін білмейді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін бірнеше мысалдар келтіруге болады.

1.Сұхбат (интервью)

2. Ақпарат банкі.

3. Жұбын іздеу

4. «Бос орындық» әдісі.

5. Координация әрекеті.

Топтың оқыту әдісінде тек топты топтастырып, тапсырманы дайындау ғана жеткіліксіз, оқушы білімді игеруге ынталы болулары қажет. Бұл жерде мынадай нақыл сөз еске түседі: «Мен түйені суға апарып суарғанымен оны шектен тыс су ішкізуге қысым жасай алмаймын».

Сондықтан топпен оқыту әдісінде топта жұмысты ұйымдастыру тапсырмамен жұмыс істеу әдісі ғана емес, ең маңызды мәселе топтағы оқушылардың мотивациясын (ынтасын) туғызу.

Проблемалық оқыту әдісі

Топпен оқыту әдісін шет тілі пәндерінде қолдануда кездесетін қиыншылық-топтағы оқушылардың шет тілінде қарым-қатынас жасауға қол жеткізу. Бірақ практика көрсетіп отырғандай мұғалім тынымсыз көп жұмыс жасаса, оқушы топта ана тілінде сөйлеп қойса бағаларын түсіру сияқты шаралар жүргізсе бұндай нәтижеге жетуге болады. Алғашында қиын, біртіндеп оқушылар шет-тілінде сөйлеуге тырысып үйреніп алады.

Біз шет тілі пәндері сабағында қолданылатын кең таралған топтық әдіспен жұмысты қарастырдық. Жүйелі және мақсатты жұмыс істеу барысында топқа оқушылардың тілдік қорын дамытуға болады.

Жоғарыдағы айтылған әдістерді пайдалану барысында оқушылардың ойлау қабілеті, сөйлеуге мотивациясы артып, оқушылардың тұлға аралық байланысы қалыптасады, білім алмасу арқылы топта оқушының өзіндік статусы қалыптасады. Топпен оқыту әдісін пайдалану сабақтың қызықты өтуіне себебін тигізеді. Шет тілі пәндерінде топпен оқыту әдісінің негізінде бір-бірімен қарым-қатынасқа әдістемелік принцип пен коммуникативті бағытты жүзеге асырады.

Оқыту әдістемесінде проблемалық оқыту әдісі жаңа әдіс болып табылмайды: ол 20-шы ғасырдын 20 – 30 жылдары советтік және шетел мектептерінде тарала бастады. Проблемалық оқыту әдісі американдық философ, психолог және педагог Дж.Дьюидің (1859 - 1952) теориялық ережелеріне негізделеді, ол 1894 жылғы Чикаго қаласындағы тәжірибелі мектептің негізін салушы, бұл мектепте оқу жоспары ойын және еңбек ету әрекеттерімен алмастырылған. Оқу, жазу, есептеумен айналысу- балалардың физиологиялық дамуына байланысты кенеттен пайда болатын инстикті түрдегі қажеттіліктеріне орай жүргізілді. Дьюи оқыту үшін төрт танымдық ерекшелікті атап көрсетті: әлеуметтік, құрастырушылық, көркем айқындау және зерттемелік. Осы инстинктерді қанағаттандыру үшін балаға таным көзі ретінде: сөз, көркемөнер шығармалары, техникалық құралдар ұсынылды, балалар ойынға және тәжірибелік әрекет – еңбекке тартылды.

Дж.Дьюи бойынша концептуалдық ережені қарастырайық:

- Бала даму барысында адам баласының тану жолын қайталайды;

- Білімді сіңіру кенеттен болатын, басқарылмайтын үрдіс болып табылады;

- Бала материалды тек қана есту немесе сезім мүшелері арқылы ғана емес, сонымен қоса білімге деген қызығушылықтан туған қажеттіліктің нәтижесі ретінде, білім алудағы белсенді субъект бола отырып қабылдайды.

Білімді жақсы меңгерудің шарттары:

- Оқу материалының проблемалылығы (білім – балалар, таңдану, қызығушылық);

- Баланың ынтасы (білімді «бар ынтасымен» сіңіру);

- Білімді бала өмірімен,ойын және еңбек арқылы байланыстыру;

Осы мақаладалардан басқа да жұмыстарда проблемалық оқыту әдісі білім алу жолындағы ең тиімдісі болып табылады.

Бүгінгі таңда проблемалық оқыту әдісінің негізі болып, мұғалімнің проблемалық ситуациялар және де оқушының іздемпаздығы, сонымен қоса ойлау қабылеттілігін дамытуға көп көмегін тигізеді.

Проблемалық оқыту әдсіне тән қасиеттер, ол яғни білім дайын түрінде берілмейді, және де бұнда белгілі бір ереже немесе құрылымы болмайды. Барлық мәселе оқушының өзінің іздемпаздығына байланысты болып табылады. Сонымен қоса бір нәрсені де ұмытпағанымыз жөн, ол яғни қазіргі замандық ғылыми білімнің өзіндік проблемасының бар екендігінде.

Проблемалық оқыту әдісі белсенді әдістердің қатарына жатады. Проблемалық оқыту әдісі негізі матриалдардың қиындығы мен оның проблемалық ситуацияларына тікелей байланысты.

Жоғарғыдағы айтылғандардың барлығын топшылай келе, проблемалық әдіс - ол проблемалық ситуациялардың негізінде құралған, оқушылардың беслсенділігін арттыру, қиын сұрақтарды шешу, білімді меңгеру болып табылады.

Қазіргі таңда проблемалық оқыту әдісінің екі проблемалық ситуациясын ажыратып көрсетеді: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушының үлгеріміне қатысты болса, екіншісі оқу процесісіне байланысты.

Педагогикалық проблемалық ситуация мұғалімнің көмегімен орындалады, онда ол әртүрлі сұрақтарды қоя отырып оның сұлулығын, маңыздылығын және де өзгешелігін көрсетеді.

Проблемалық оқыту әдісі бүкіл оқу процессінде кездесіп отырады, атап айтар болсақ: түсіндірме, бақылау т.б. жағдайларда. Мұғалім проблемалық ситуацияларды қоя отырып, оқушылардан оның шешімін табуға жол сілтейді. Осы мақсатта оқушылар проблемалық ситуацияларды шеше отырып, ол жаңа білімді меңгеруде көптеген амал- тәсілдерді меңгереді.

3. Проблемалық ситуацияларды әдістік жолмен құрастыру:

- Мұғалім оқушыларды қайшы қоя отырып, олардың өздеріне шешімін-таптырады;

- Бір сұраққа әртүрлі өздерінің көз қарастарын, ойларын білдіреді;

- Сыныпта проблемаларды әртүрлі позицияда қарастырады мысалы, заңгер, психолог, финансист т.б.;

- Нақты сұрақ қою;

- Проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтау, мысал, зерттеу;

- Проблемалық тапсырмаларды қоя білу: мысалы сұрақ қоюдағы түсінбеушілік, уақыттың шектеулігі т.б.

Проблемалық оқыту әдісін жүзеге асыру үшін:

- Ең жақсы актуалды мәселені қарастыру, таңдау;

- Проблемалық оқыту әдісін өзгешелігін басқа да оқу жұмыстарында

талдау;

- Проблемалық оқу жүйесіен құру;

- Мұғалім өзінің шеберлігімен және жеке қарым- қатынасы арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын туғызу;

Проблемалық оқытудың төрт кезеңі бар:

1. Мұғалім өзі проблеманы қойып, оқушылармен бірлесе отырып шешеді;

2. Мұғалім проблеманы қояды, ал оқушылар өз бетімен және де мұғалімнің басшылығымен шешеді. Бұл жерде олардың ойлау қабілеті жақсы дамиды;

3. Оқушы өзі проблема қояды, ал мұғалім оның шешуіне көмектеседі;

4. Оқушы өзі проблема қойып, оны өзі шешеді;

Проблемалық оқыту әдісінің артық жері:

- Өз бетімен білімін дамыту;

- Оқу еңбегіне деген өте жоғары қызуғышылық;

- Продуктивтік ойлауды дамыту;

- Тиімді және керекті білімді меңгеру;

- Қойылған мақсатқа көптеген уақыт жұмсау;

- Тапсырмаларды орындаудағы уақыттың жетіпспеушілігі;

- Жұмыс көлемнің кемсіздігі;

Сонымен, проблемалық оқыту әдісі оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытады. Сондықтан да шығармашылыққа біз келесі қабілеттілікті жатқызамыз:

- Дискуссия жүргізу;

- Қарсыласын тыңдау және ести білу;

- Аргументтер бойынша өзінің көз- қарасын білдіру;

- Өз ойын жақсы жеткізу;

- Қарсыласымен тіл табыса білу;

- Тек бір ғана емес, сонымен қоса мәселенің көптеген шешімдерін таба білу;

Проблемалық оқыту әдісі қолдануда оқушылардың өз бетімен дамуына көп көмегін тигізеді, қызығушылығымен тапқырлығын дамытады. Ол мұғалім мен оқушылардың творчестволық бірлестігімен қоса, және де материалдарды терең және жақсы меңгеруге көмегін тигізеді;

Айтып өтер болсақ, сол және басқа проблеманы алдын- ала әсерлі талдау үшін оқушыларға сабақ бойынша бір- біріне сұрақтар дайындау, ұйымдастыру сәті, этикалық нормалар, аргументтер және т.б. жатады. Маңызды кезең болып, талдаудың соңы табылады. Сондықтан да оқушыларға дискуссия кезінде қолдау көрсетіп және ынталандыру, әрбірінің жұмысқа деген қызығушылығын тудыру проблемалық оқыту әдісінің басты міндеті болып табылады.

Оқытудың жобалау әдісі

Қазіргі кезде көптеген мектептер шетел тілін оқыту барысында біршама қиыншылықтарды бастан кешіруде. Сабақ барысында алған білімдерін оқушылардың сыныптан тыс уақытта қолдану мүмкіншілігінің болмауы, олардың оны оқып үйренуге деген қызығушылығын төмендетеді. Кейбір мектептердегі материалдық базаның әлсіздігінен заманға сай мультимедиялық технология әзірше оқушылар үшін қол жетпес дәрежеде. Сондықтан әлемдегі бірқатар мемлекеттерде кеңінен қолданыс тапқан – оқыту -тәрбиелеу процесіндегі жобалау әдісінің қолданылуы өте орынды. Бұл әдіс ортақ бір мәселені шешуде оқушылардың әр-түрлі сала бойынша алған білімдерін практикада қолдана білулеріне мүмкіндік бере отырып, жаңа идеялардың қалыптасуына түрткі болады. Бұл әдіс дағдылы жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесін оптимистік тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді.

Егер біз жобалау әдісі жайлы сөз қозғасақ , онда мәселені әбден талдап дайындау арқылы жүзеге асырылатын дидактикалық мақсатқа жету әдісін көздейміз. Мәселені зерттеп дайындау осы және де басқа түрде жинақталған, әбден шынайы, айтарлықтай практикалық нәтижелермен аяқталуға тиісті.Жобалау әдісінің негізінде «жоба» түсінігінің мәнін құрайтын, осы немесе өзге практикалық немесе теориялық маңызды мәселені шешу барысында қол жеткізуге болатын, оның нәтижеге жетуге арналған прагматикалық бағыттылығы идеясы жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық әс-әрекетте көруге, мәнін түсінуге немесе қолдануға болады. Мұндай нәтижеге жету үшін, міндетті түрде оқушыны өз бетімен ойлай білуге үйрету керек; жобаны іске асыру үшін түрлі салалар бойынша білім беруші жобаларды орындауға тарту; мүмкін болатын, белгілі бір нәтиже нұсқаларын жорамалдау; бір-біріне көмектесіп, бірігіп жұмыс істеу.

Жобалау әдісі жобаның орындалуына ат салысқан әрбір оқушы үшін маңызды, шынайы практикалық нәтижеге анық бағытталған, мәселелік, ізденістік және зерттеушілік спектрлердің кең ауқымда қолданылуын ұйғарады. Сол сияқты мәселені толығымен ұйымдастыруда түрлі факторлар мен оларды шешу және олардың нәтижелерін жүзеге асыруды есепке алу шарттары да ұйғарылады.

2. Е.С. Полат жобалардың келесі түрдегі типологиясын ұсынады:

1. Зерттеуші жоба.

2. Шығармашылық жоба.

3. Рольдік-ойындық жоба.

4. Ақпараттық жоба.

5. Практикалық-бағытталған жоба.

Жобаның пәндік-мазмұндық саласының белгісі бойынша Е.С.Полат келесілерді атап көрсетеді:

1. Моножобалар.

2.Пәнаралық жоба.

Координациялық сипаты бойынша жобалар ашық, анық координациялы (мұнда координатор, қажет болған жағдайда жобаның жеке сатыларында көмектесу және ұйымдастыру арқылы, жобаға қатысушылардың жұмысына бағыт береді) және жасырын түрдегі координациялы (мұнда координатор толық құқұлы жобаға қатысушысы болып саналады) болып бөлінеді.

Мынаны естен шығармау керек, жобаға байланысты барлық тапсырмаларды орындау үшін, оқушылар белгілі бір интеллектуалдық, шығармашылық және қарым-қатынас жасау іскерліктерін меңгеруге тиісті. Оларға мысал ретінде мәтінмен жұмыс істеуді (негізгі ойды таба білу, қажетті ақпаратты іздей білу), ақпаратты талдау, қорытынды жасау, түрлі анықтамалық материалдармен жұмыс істеуді жатқызуға болады. Шығармашылық іскерлікке идеялардың басын біріктіруді жатқызуға болады (бұл үшін әр түрлі сала бойынша білім қажет болады). Сөйлеу әрекетінің әр түрлі түріне үйретудің міндетіне жоғарыда аталған іскерліктердің көпшілігін қалыптастыру жатады.

Сонымен жобалық әдістің сауатты түрде орындалуы үшін, әрине мектептегі оқытудың тұтас жүйесінде іске асатын қажетті дайындық талап етіледі. Осындай дайындық жұмысы үнемі, жүйелі түрде және жоба жұмысымен қатар жүргізіліп отырылуы қажет.

Негізінен жоба бойынша жұмыс бірнеше сабақты қамтиды, ал оны қорғау үшін қосарланған сабақты арнаған тиімді немесе оны қорғауды сабақтан тыс уақытта өткізу керек.

Бірінші кезеңде оқушыларға жасырын түрде берілген мәселені анықтау және қисындап мазмұндау ұсынылады. Бұл жағдайда жетекші сұрақтар көмектеседі. Мұғалімнің міндеті оқушылар мәселені мүмкіндігінше анағұрлым өз бетімен шешетіндей жағдаятты ашып көрсету болып табылады. Осындай жұмыстың нәтижесі оқушылар ұжымда талдайтын белгілі қорытынды болып табылуға тиісті.

Екінші кезеңді әлі де болса дайындық кезеңі деп атауға болады. Бұл кезең оқушыларды тілдік және сөйлеу іскерліктерімен қамтамасыз етеді. Осымен бірге жоба бойынша сатылап жұмыс істеу қатар жүргізіледі. Оқулықтардан немесе оқуға арналған кітаптардан алынған мәтіндер (мұғалімнің өз қалауы бойынша басқа да мәтіндерді ұсынуына болады) оқушылардың сөйлеу және зерттеушілік іскерліктерін дамытудағы маңызды негіз болып қызмет жасайды. Сонымен жобалау жұмысының дайындық кезеңінде шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың ертеректе қалыптасқан дағдылары жетілдіріледі және оқушылардың болашақта еркін сөйлеуінің негізі қаланады. Әрине негізгі ізену жұмысы сабақтан тыс жүргізіледі, дегенмен сабақта жобамен жұмыс жасауға міндетті түрде 10-15 минут уақыт бөлу керек.

Берілген жоба шеңберінде оқушылардың тілдік және сөйлеу іскерліктерін қалыптастыру жұмыстарымен қатар оларды топта қарым-қатынас жасаудың стратегиясына және тәсілдеріне үйрету қажет, яғни оқушыларды жүйелі, байланысты және өнімді түрде сөйлеуге үйрететін қарым-қатынас жасау қадамына.

Үшінші кезең. Бұл кезең қорытындылаушы кезең болып табылады. Өйткені мұнда енді жобаны қорғау жұмысы басталады.

Әрбір топ сынып алдында, алдын ала ұйымдастырылған жоспар бойынша өз жобаларын қорғайды.

Жобаны топтар қорғап біткеннен кейін сынып ішінде жалпы бағалау жұмысы басталады. Пікір-талас басталады. Пікір таластың жемісті өтуі үшін, мұғалім алдын-ала жобаның нәтижелерімен танысады, осының негізінде тақырып бойынша талдау жасау ұйымдастырылады.

Жобаны қорғау күні барлық жобалық жұмыстар не мектеп дәлізінде, не сынып қабырғаларында ілініп қойылады. Әрине осы тұста өзге сынып оқушыларынан арнайы бағалаушы топтар құруға болады, олар жобаларды алдын ала бағалап, ұпай нәтижелерін береді. Бағалау барысында әрбір жобаға келесі түрде баға беруге болады: «Ең батыл жоба», «Ең қызық жоба», «Ең әсем жоба», «Ең негізделген жоба» т.с.с.

Мысалы оқушыларға «Ұлттық асхана»тақырыбына жоба жұмысын дайындау ұсынылады.

Оқушылар топтарға бөлініп, әрбір топ белгілі бір тапсырманы орындайды: дастарқан басында өзін ұсату мәдениеті, дастарқанды жабдықтау, ас әзірлеу, ұлттық тағамдар тарихы, ұнататын ұлттық тағам. Әр топ өз тақырыбы бойынша материал жинайды, оны реттейді және қорғауға алып шығады.

Әрбір әдіс секілді жобалық әдістер де өзіне сай кемшіліктер мен жетістіктерге ие. Жобалау әдісінің тиімді жақтарына мыналарды жатқызуға болады:

- оқытудың жобалау әдісі жоғары қарым-қатынас жасау және оқушылардың оқу жұмысына белсенді қатысуымен сипатталады;

- оқу процессінің алға басуына әр оқушы өз үлесін қосады;

- жобамен жұмыс оқушылардың тұрақты тілдік базасын құрумен үйлесім табады;

- жобалау әдісін қолдану оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіншілік туғызады, себебі ол оқушынының өз бетімен белсенді түрде ойлауын дамытады және оның мектепте алған білімін тек есте сақтап немесе қайталап кана коймай, оларды практикада кең қолдана білуге үйретеді;

- жобамен жұмыс үстінде оқушылар әрекетшілдікке ынталандырылады;

- жобаны қорғаған сәтте оқушы жеке тұлға ретінде көрінеді, ол шындықты бағалап қана қоймайды, сонымен қатар шетел тілін меңгеруді жақсартуда қандай да бір қажетті өзгерістерді жобалайды;

Жобаны іске асыру барысында туындайтын кемшіліктер:

- жаппай көпшілік мектеп жағдайында берілген жұмыс түрінің бейтаныстығы;

- кейбір жағдайда мұғалімнің жобалау жұмыс түрін өткізудегі дайындық дәрежесінің аздығы;

- жобаны жүзеге асыру үшін белгілі бір сабақ серияларын жоспарлаудың қиындығы;

- жобамен жұмыс кезінде әрбір оқушының қадамын үздіксіз бақылаудың мүмкін болмауы;

- жобаны ұйымдастыруға кететін көп уақыт мөлшері;

- берілген іс-әрект түріне байланысты мотивацияның төмен болуы;

Модульдік оқыту

ХХ ғасырдың 80-шы жылдың аяғынан және 90-шы жылдың басынан педагогика ғылымына техникалық ғылымнан «модуль» термині енгізіледі. Білім беруде модульдік оқытудың маңызы туралы айта бастады.

Модульдік оқыту оқушының оқуға деген шығармашылық көзқарасын қолдайды. Бұл қайталанатын диагностика негізінде дифференциация мен жеке оқытуына байланысты оқушының білім деңгейін анықтау мақсатында қолданылады.

Жаңа педагогикалық технологиялар сабақтың сапасын жақсартуға септігін тигізеді, оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, білімді өз бетімен меңгеруге әсер етеді және де тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытады. Өйткені оқушы белсенділікті өз қолына алып, сабақты өз бетімен меңгеруге талаптанса, білімге қызығушылығы жоғары болады да оқуға деген көзқарасы түбегейлі өзгереді. Білімді амалсыздан емес, шығармашылықпен, саналы түрде меңгереді.Оқу модулі кіріспеден, сөйлесу бөлімі (негізгі), қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім тарау (тақырып) туралы тірек сызбасын сүйеніп, жалпы айтып шығады. Негігі бөлім ерекшелігі – оқушылар бір тақырыпты әр түрлі формада жаңғыртып бірнеше рет қайталайды.Сабаққа керекті көрнекі құралдарды: суреттер, карталар, т.б. қажетті материалдарды оқушылар өздері ізденіп табуы оқушылардың білімін тереңдете түседі. Бұл мұғалімді жауапкершіліктен толық босату деген сөз емес, керісінше, ұстаз бұрынғыдан да екі есе ізденіп, оқушылардың таңдаған мәліметтерінің дұрыстығына көзі жетіп отыруға тиіс. Оқушылар сабақ айтқанда тірек материалдарға сүйеніп сөйлей алады. Ал, соңғы қорытынды бөлімде оқушылар осыған дейінгі алған білімінің нәтижесін мұғалім дайындаған тексеру жұмысын еш тірек материалдарсыз орындау арқылы көрсетеді.

2. Модульдік оқытудың басты қағидаттары:

1.Модульдік принциптер

2.Оқу мазмұнының құрылысы

3.Динамикалылығы

4.Іс-әрекеттілігі

5.Икемділігі

Модуль принциптері блок - модульдер ретіндегі оқу материалдарының логикалық бірлігінің құрылысын және толықтығын, аяқталғандығын көрсетеді. Олардың ішінде оқу материалы оқу түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылған.Блок модульдерінің бөлшектерінен пәнге байланысты оқу курсы қарастырылады. Блок-модуль ішіндегі бөлшектер бір-бірімен орындарын ауыстырады және жылжиды. Білім алу курсын аяқтау кезінде оқу материалын қамтиды. Бұл шешімнің икемділігі оқыту деңгейінің әрқилығында құрылған.

Модульдік бағдарламалар және модульдер информациондық материалдардың толықтығымен құралады. Кешендік, интегративті және дидактикалық мақсаттарды қосып, толық оқыту материалдарын жеке модуль бөлшектері ретінде көрсетеді.

Әдеттегідей, дәстүрлі методиканы ғылым дамуының тарихи жолымен оқу процессі кезінде қолданамыз. Оқушылардың оқуға деген қажеттілігінің аз маңыздылығы теріс ықпал әкеледі. Оқу-тәрбиесінің модульдік жүйесін ұымдастыру процессі оқушыны «жалпы және жалпы-бірлікті» сызбасы арқылы оның уақытын үнемдей отырып дамытады. Оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудағы модульдік жүйе әр циклдің басында мотивациялық кезеңнің бар болуын қажет етеді.

Модульдік оқудың мәні оқушының модульмен жұмыс істеу процессі кезінде нақты мақсаттарды дербес орындауында. Модуль дегеніміз – бұл толық функционалды байланыс. Бұнда оқудың мазмұны және қамту технологиясы біріктіріледі. Осылайша, модуль модульдік оқудың құралы ретінде көрсетіледі. Себебі, бұған: іс-әрекеттің толық жоспары, мәліметтер банкі, дидактикалық мақсаттарды жетудегі методикалық басқару кіреді. Оқушы іс-әрекетінің оқу-танымдық темпін, дербестігінің деңгейін, оқу тәсілін, мазмұнның индивидуалдығын оқу бағдарламасы ретінде тек модуль көрсетеді. Модульдік оқу міңездемесінің мәнісінде басқа оқыту жүйелерінен айырмашылығын көрсетеді.

Біріншіден, аяқталған дербес кешендердің мақсатына байланысты сіңірілуі оқудың мазмұнында көрсетіледі. Оқушы үшін құрылған дидактикалық мақсат оқу материалының көлемімен бірге сіңірілу деңгейін де құрамына еңгізеді. Одан басқа әр оқушы материалды қайдан іздеу және қалай дұрыс орындау туралы мұғалімнен жазбаша түрде кеңес алады.

Екіншіден, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас нысаны өзгереді. Бұл модуль арқылы, оған қоса жеке және тікелей қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Тек модуль ғана оқытуды субъект-субъектілі негізге ауыстыруға мүмкіндік береді.Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас тең қарым-қатынасқа айналады.

Үшіншіден, оқушы көп уақыт бойы дербес жұмыс істейді және өз уақытын жоспарлауын, өз өзіне баға беруін, өзіндік ұйымдастыруын үйренеді.

Модульдік оқытуға ауысу процессі кезінде мұғалім ең басты модульдік бағдарламаны құрастыру керек. Бұл бағдарлама мақсатқа жету барысындағы кешенді дидактикалық мақсаттар мен модульдер бірлестігінен құрылады. Бұндай бағдарламаны құру үшін мұғалім курстың негізгі ғылыми ойларын айрықшалау қажет. Осыдан кейін кешенді дидактикалық мақсат қалыптасады.

Модульмен жұмыс істеу кезінде оқыту мазмұнын нақты ұсыну оқушы жұмысының нәтижелі болуының маңызды нұсқасы болып саналады. Оқыту мазмұны оқушы үшін түсінікті болу керек. Мұғалім оқушымен әңгімелесіп, оны талдауға ынталандырып, жақсы нәтижеге тіреп отыру керек. Бұл принципті жүзеге асыру үшін модуль құрылымының маңызы зор. Бұл үш оқу құралдарынан тұрады:

ОҚ-0 – бұнда модуль мақсаттары жазылады.

Соңғы ОҚ – бұнда түйін беріледі.

Ең соңғы ОҚ – қорытынды.

Модуль мазмұнын ұйымдасуындағы жалпы ережелердің болуы мұғалім үшін маңызды.

Модульді қолдану кезінде пән мен пәнаралық қатынасты іске асыруға болады. Басқа критерии оқыту мазмұның дифференциялау қажеттілігімен байланысты. Астыңғы қабат дайындық деңгейінің міндеттілігі болып саналады. Басқа деңгей – міндеттіліктен жоғары. Модуль құрастыруының маңызды критериясы логика деңгейіндегі білім алуындағы оқушы іс-әрекетінің құрылысы болып саналады. Яғни: көзқарасы, түсінуі, ойлануы, есте сақтауы, қолдануы, жүйелендірілуі. Бұнда оқыту барысындағы қиындықтарды шешудің үлкен мүмкіндігі бар.

Оқыту процессіне модульді бірте-бірте еңгізу керек. Оқытудың дәстүрлі жүйесі мен модульдік жүйені біріктіріп өткізуге болады.

Модульдік оқытудың мынадай артықшылықтары бар:

- Оқушылардың көпшілігі өз бетінше жұмыс істейді (кейбіреулері мұғалім көмегімен), оқу-танымдық іс-әрекетіндегі нақты мақсаттарға қол жеткізеді, нақты тақырыпқа байланысты білімдерін бекітеді.

- Оқушылар көп уақыт бойы өз бетінше жұмыс істегенде өзін жауапкершілікке, өз-өзін бағалауына, өз уақытын ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өз білімінің деңгейін анықтайды, өз білімінің кемшіліктерін көреді және бұл кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

- Модульдік оқыту құралдарын қолдануда оқушының белсенділігін және ұйымшылдығын арттыруға мүмкіндік береді. Модульді орындау кезінде оқушылар тәртіпті бұзбайды және басқа заттарға зейіндері ауыспайды.

- Модульдік оқытудың кемшіліктері туралы айтатын болсақ, олар:

- Модульді құрастыру өте қиын процесс және бұл көп уақытты алады.

- Бұл әдісті басқа материалдарда қолдана алмаймыз.

Зерттеушілердің (П.И. Третьякова, И.Б. Сенновский, П. Юцявичень және т.б.) бағасы бойынша модульдік оқыту материалды терең түсінуі мен толық меңгеруге кедергісіз оқыту курс тәртібін 30% қысқартуға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиеттер:[5],[7],[16],[19],[20]

Дәріс тақырыбы

Наши рекомендации