Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер –тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесішапшаң, тез жүрдідеген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді(ұялмады).
Зәресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді)
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей– сұлу, әдемі, көрікті, келбетті; әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды– ұрысты, сөкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып табылады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:
1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме.Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т. б.
МАҚАЛ | МӘТЕЛ |
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. | Саяз су сарқырап ағады. |
Бірлік болмай, тірлік болмас. | Жеңілтектік жарға жығар. |
Ұсталы ел озар, Ұстасыз ел тозар. | Қайтып кірер есікті қатты жаппа. |
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. | Тәуекел кемесі суға батпайды. |
Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге. | Сиырдың сүті тілінде. |
Көнерген сөздер. Жаңа сөздер
Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1) тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер– ескі заманда қолданылған, дәуірі өткен тарихи сөздер атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:
–ел басқаруғабайланысты атаулар:хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, ауылнай, т.б.
– пайдаланудан шығып қалғанқару-жарақ атаулары: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.
– кеңес дәуірі тұсында қолданылғанәкімшілік сөздер: қызыл әскер, қызыл отау, т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына байланысты қолданылатын, әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:
Мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.
Дет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.
Й тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ, кебеже, әбдіре, шидем, күпі, шекпен, сәукеле, т.б.
Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
Діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.