Туынды сын есімнің жасалуы
Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар | Мысалдар |
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті -сыз, -сіз -ғы, -гі, -қы, -кі -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік -шыл, -шіл -шаң, -шең -дай, -дей, -тай, -тей -кер, -гер -қой, -қор -паз, -імпаз -и, -ы, -і | Таулы, өнерлі, орманды, көрікті Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы Балалық, адамдық, жігіттік,жолдастық Ойшыл, еңбекшіл. Ашушаң, көйлекшең, сөзшең Үкідей, жолбарыстай, баладай. Найзагер, табыскер, әдіскер. Әзілқой, еңбекқор, әуесқой. Өнерпаз, жеңімпаз Әдеби, алтайы, түркі. |
Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар | Мысалдар |
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек -ық, -ік, -қ, -к -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш -ғыр, -гір, -қыр, -кір -шақ, -шек -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі. -ынды, -інді, -нды, -нді -малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі -ымды,- імді, -ымды, -мді -аған, -еген -улы, -улі -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе | Жабысқақ, тайғақ, бөлек, Тұнық, бітік, сирек, ақсақ Жүзгіш, айтқыш, жазғыш. Алғыр, білгір, өткір, тапқыр. Тартыншақ, сүріншек. Басыңқы, салбыраңқы. Жуынды, үйінді, жасанды. Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі. Төзімді, қонымды, келісімді. қап(б)аған, теп(б)еген. Байлаулы, ілулі. Бояма, қызба, еспе, бұрма |
Сын есім мағынасына қарайекіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім;
2) қатыстық сын есім.
– Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзінен жасалады, заттың түр-түсін, сын-сапасын анықтайды. Мысалы: жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы (қасиет), ұзын (көше), биік (тау),терең(өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т. б.
– Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы: ормандыалқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз, ақылды бала, дәмді тағам, өнерліоқушы, салмақтымінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т. б.
Сын есімнің түрленуі– оның шырай формасына енуі.
Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалықбелгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әр түрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
1. Салыстырмалы шырайбіркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыруарқылы көрсетеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақ түрлері:
28
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:
1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т. б.
Күшейтпелі шырай жасаушы буындардефис (-)арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбек сөздері біргежазылады.
2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдергеөте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кілеңкүшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлекжазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т. б.
Шырай жасауға негіз болатын – сапалық сын есімдер.
1. Қосарлану, қайталану негізінде жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады: жақсылы-жаманды, биік-биік, үлкен-кіші.
2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер де дефиспен (-) жазылады: жап-жақын, үп-үлкен, сұп-суық. Тек ақ, көк сөздерінен жасалған күрделі сын есімдербіргежазылады: аппақ, көкпеңбек.
3. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлекжазылады: қара көк, сары ала, қызыл шырайлы, ат жақты, қою қара сақалды, ұзын бойлы, т.б.
4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады: ең әдемі, шымқай қара, тым аласа, кілең жүйрік, орасан зор, өте ақылды, т.б.
1. Сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш.