Азақ әдебиетін оқыту әдістемесі

1. Орта мектептегі әдебиет пәндерінің жүргізілу сатылары ерекшелігін баяндаңыз.

2. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» әңгімесінің сабақтық жоспарын жасаңыз.

3. Адамгершілік, ерлік жайлы мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріңіз.

4. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды атаңыз.

5. Ү-ҮІІ сыныптардағы жазбаша жұмыс түрлерін баяндаңыз.

6. «Аяз би» ертегісінің оқиғалық желісін (фабуласы) жасаңыз.

7. В.Я. Стоюниннің әдебиет пәнін оқыту жөніндегі ойларын айтыңыз.

8. М. Дулатовтың «Мұғалімдерге» мақаласы, мән-маңцызын ашыңыз.

9. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдаңыз.

10. ІХ-ХІ сыныптардағы жазу жұмыстарына түсінік беріңіз.

11. Әдебиет пәндерінің идеялық-гуманистік тәрбие берудегі ролін ашыңыз.

12. М. Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін мазмұндап жазыңыз.

13. Ү-ҮІІ сыныптарда әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту тәсілдерін түсіндіріңіз.

14. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай тұлғасын сипаттаңыз.

15. «Қырық өтірік» ертегісінің оқиғалық желісін жазыңыз.

16. Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын оқыту жолдарын баяндаңыз.

17. Әңгіме, новелла жайлы теориялық ұғым беру амалдарын айтыңыз.

18. Абайдың «Қыс» өлеңін мазмұндап жазыңыз.

19. М. Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін ҮІІІ сыныпта оқыту тәсілдерін сипаттаңыз.

20. Шешендік сөздер табиғатын таныту амалдарын ашыңыз.

21. Бір сабақ жоспарының үлгісін жасаңыз.

22. Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-теориялық оқу құралы, түзілісін айтыңыз.

23. Ү сыныпта діни-мифтік әңгімелерді оқыту жолдарын түсіндіріңіз.

24. «Ер Төстік» ертегісінің қысқаша фабуласын жасаңыз.

25. Әдебиет пәнінің философиямен байланысын түсіндіріңіз.

26. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың түзілісі, қажет болу себебін айтыңыз.

27. «Күлтегін» жазуын түсіндірер алдындағы мұғалімнің кіріспе сөзін түсініңіз.

28. Әдебиет пәнінің тарих ғылымымен байланысын түсіндіріңіз.

29. В.Я. Стоюниннің әдебиет пәнін оқыту жөніндегі ойларын баяндаңыз.

30. Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңін талдаңыз.

31. Абайдың әлеуметтік сарындағы өлеңдерін оқыту әдістерін баяндаңыз.

32. Монографиялық оқу әдісін түсіндіріңіз.

33. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңін мазмұндаңыз.

34. Мектептегі әдеби үйірме, оның міндеттерін түсіндіріңіз.

35. Творчестволық оқу әдісінің өзіндік ерекшелігін баяндаңыз.

36. Абайдың «Күз» өлеңін жатқа жазыңыз.

37. Ә.Қоңыратбаевтың әдістемелік оқу құралдары, түзілісін баяндаңыз.

38. Көрнекілік, оған қойылатын талаптарды жазыңыз.

39. А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісінің сабақтық үлгісін жасаңыз.

40. Ү-ҮІІ сыныптарда қосымша оқуға ұсынылатын шығармаларды сипаттаңыз.

41. Әдебиет пәні бойынша экскурсиялар түрлерін атап, баяндаңыз.

42. Ш. Айтматовтың «Ерте келген тырналар» повесінің фабуласын жазыңыз.

43. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын бағалаңыз.

44. Драматургиялық шығармаларды оқыту ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

45. Тайбурылдың шабысын сипаттаңыз.

46. Әдебиетті оқыту әдістемесінің географиямен байланысын түсіндіріңіз.

47. Эвристикалық оқу әдісін түсіндіріңіз.

48. Ы. Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңін жатқа жасыңыз.

49. Ы. Алтынсариннің әңгімелерін оқыту жоспарын құрыңыз.

50. Мақал-мәтелдер табиғатын таныту тәсілдерін баяндаңыз.

51. С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының лекциялық жоспарын жазыңыз.

52. Ә. Тәжібаевтың «Толағай» аңыз-ертегісін оқыту амалдарын айтыңыз.

53. Ү-ҮІІ сыныптарда еркін тақырыпта шығарма жаздырту тәсілдерін баяндаңыз.

54. Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесінің оқиғасын мазмұндаңыз.

55. Ү-ҮІІ сыныптарға арналған әдебиеттік оқу бағдарламасы, түзілісін айтыңыз.

56. В.П. Острогорскийдің әдебиетті оқыту туралы пікірлерін түсіндіріңіз.

57. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіне сипаттама жазыңыз.

58. Ғ. Мүсіреповтің «Жапон балладасы» әңгімелерін оқыту әдістерін айтыңыз.

59. Мысал жанрын танытып, оқыту тәсілдерін баяндаңыз.

60. Ақтамберді жыраудың «Күлдір, күлдір кісінетіп» өлеңін мазмұндаңыз.

61. Әдеби базалық оқу жүйесі және жүргізілу сатыларын айтыңыз.

62. Ғ. Мұстафиннің өмірі мен шығармаларын оқыту әдістерін баяндаңыз.

63. Сүйінбайдың «Жақсы менен жаманның айтысы» өлеңін мазмұндап жазыңыз.

64. Х-ХІ сыныптардағы шолу лекциялары, оның өзіндік ерекшеліктерін айтыңыз.

65. Репродуктивті оқу әдіс ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

66. Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа жазыңыз.

67. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесін таныту жолдарын айтыңыз.

68. Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту тәсілдерін айтыңыз.

69. Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңінен үзінді жазыңыз.

70. Әдебиет пәнінің тіл ғылымымен байланысын баяндаңыз.

71. Мектептегі әдеби үйірме, оның міндеттерін түсіндіріңіз.

72. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін сипаттаңыз.

73. Техникалық құралдарды әдебиет сабағында қолдану жолдарын айтыңыз.

74. Табиғат келбетін (Пейзаж) таныту, түсіндіру амалдарын баяндаңыз.

75. Шортанбай ақынның «Зар заман» өлеңін мазмұндаңыз.

76. Әдебиет пәндерінің әдебиеттану ғылымымен байланысын ашыңыз.

77. «Адам ата» хикаясын бастар алдындағы мұғалімнің кіріспе сөзін жазыңыз.

78. Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалына сипаттама жазыңыз.

79. Әдебиет пәндерінің көркемөнер түрлерімен байланысын ашыңыз.

80. Күнтізбелік жоспар мен сабақтық жоспарлар ара қатынасын айтыңыз.

81. Бұқар жыраудың «Тілек» өлеңінің мазмұнын баяндаңыз.

82. Әдебиет пәнінің жаратылыстану ғылымдарымен байланысын ашыңыз.

83. Дулат ақынның өмірі мен шығармашылығын оқыту жолдарын айтыңыз.

84. Мұқағали Мақатаевтың «Фантазия» өлеңін жатқа жазыңыз.

85. Әдебиет пәндерін сабақтарының түрлерін сипаттаңыз.

86. Оқу бағдарламаларының материалдары және күнтізбелік жоспар ағысын түсіндіріңіз.

87. Әл-Фарабидің өмірі мен өлеңдеріне сипаттама жазыңыз.

88. С. Мұқановтың өмірі мен шығармаларын оқыту жолдарын баяндаңыз.

89. «Қорқыт ата кітабы» туралы мағлұмат беру әдістерін айтыңыз.

90. Әдеби кеш түрлері, олардың танымдық-тәлімдік рөлін баяндаңыз.

Азақ тілі

1. Қазақ тіліндегі омонимдердің зерттелу тарихын баяндаңыз.

2. Сөздік құрам мен сөздік қордың айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

3. Қазақ тіліндегі эмоционалды-экспрессивті сөздердің жасалу жолдарын санап шығыңыз.

4. Әдеби тілдің нормалары туралы ұғым-түсінігіңізді баяндаңыз.

5. Қазақ тіліндегі синонимдік қатардың айырым белгілерін атаңыз.

6. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін (генеологиялық топ, оның ішіндегі орны) атап шығыңыз.

7. Буын үндестігінің дыбыстық жүйедегі орнын нақты деректермен дәлелдеңіз.

8. Септік категориясының тарихы даму тұрғысынан түсіндіріңіз.

9. Негізгі грамматикалық ұғымдарды атаңыз, оларды анықтаудың жолдарына тоқталыңыз.

10. Грамматикалық мағына түрлерін атаңыз, грамматикалық мағынаның берілу жолдарын көрсетіңіз.

11. Сингармониялық варианттар мен параллельдердың айырмашылығын түсіндіріңіз.

12. Етістікті сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын

атаңыз.

13. Араб және иран тілдерінен енген сөздердің игерілу дәрежесі туралы баяндап беріңіз.

14. Қазақ тілі орфографиясының негізгі принциптерін фонологиялық тұрғыдан сипаттаңыз.

15. Грамматикалық категория түрлеріне тоқталыңыз. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкестігін мысалдар арқылы дәйектеңіз.

16. Үнемдеу заңының тілдік табиғатын саралаңыз.

17. Сөз мағынасының ауысу тәсілдерін атап шығыңыз.

18. Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінеді, қаншалықты дәрежеде деп білесіз.

19. Фразеологизмдердің шығу арналарының этимологияға қатысын айтыңыз.

20. Есімді сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын

атаңыз.

21. Тұрлаулы мүшелер: құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.

22. «Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі – қазақ халқының ұлттық тілі» өз тұжырымдарыңызды пайымдаңыз.

23. Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз.

24. Терминдердің жасалу жолдарын атап шығыңыз.

25. Түбір морфема мен қосымша морфеманың ерекшеліктерін саралаңыз. Түбір мен негіздің басты ерекшеліктеріне мысал келтіріңіз. Себебін түсіндіріңіз.

26. Реляциялық мағына тудырушы қосымшалар мен деривациялық мағына тудырушы қосымшалардың түрлеріне тоқталыңыз, олардың грамматикалық қызметін айқындаңыз.

27. Қ. Жалайырдың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілдік ерекшеліктене тоқталыңыз. Лексикасы мен фразеологиясына тән негізгі белгілерді атап көрсетіңіз.

28. Толықтауыш және пысықтауыш: құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.

29. Ұғым мен мағынаның айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

30. Жай сөйлемнің топтастырылуы, принциптерін атаңыз.

31. Зат есімнің лексика-семантикалық топтарын атаңыз. Зат есімнің морфологиялық сипаты мен синтаксистік қызметіне тоқталыңыз.

32. Сын есімнің семиотикалық топтарын атаңыз. Сын есімнің морфологиялық сипаты мен синтаксистік қызметіне тоқталыңыз. Сын есімнің шырай категориясы, олардың түрлерін атаңыз. Шырай категориясының зерттелуіне тоқтасаңыз.

33. Жұрнақтар, олардың құрамы, түрлеріне тоқталыңыз. Грамматикалық ерекшелігін айқындаңыз.

34. Сөздің лексикалық мағыналарының түрлерін атап шығыңыз.

35. Қазақ тіліндегі кірме және сөзалды қосымшаларды атаңыз. Олардың сөз тудыру қабілетіне тоқталыңыз.

36. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына сай топтастырылу принциптерін саралаңыз.

37. Қос функциялы қосымшаларға қандай қосымшалар жатады, олардың функционалдық қызметіне тоқталыңыз.

38. Сөз мағынасының кеңею және тарылу себептерін түсіндіріңіз.

39. Жалғаулар, түрлері, олардың грамматикалық мағыналары мен категориялық қызметіне тоқталыңыз.

40. Қазақ тілі орфоэпиясы мен тіл мәдениетінің арақатынасы анықтаңыз.

41. Күрделі сөздердің түрлері мен жасалу тәсілдерін айқындаңыз. Күрделі сөз орфографиясындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз.

42. Сөздерді топтастырудың принциптеріне тоқталыңыз. Сөз таптарын жіктеудегі ғалымдардың классификациясын саралаңыз.

43. Үндеу амалдары: қызметін саралаңыз.

44. Сөз таптарының қалыптасуы мен дамуына тоқталыңыз.

45. Зат есімнің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Зат есімнің түрлену жүйесіне сипаттама беріңіз.

46. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, өзекті және қалтарыс позицияларды

атаңыз.

47. Жақты, жақсыз сөйлемдер: қызметі мен ерекшеліктерін атаңыз.

48. Дара және күрделі сан есімдердің жасалу ерекшелігіне тоқталыңыз. Көбейтілмелі және қосылмалы тәсіл арқылы жасалған сан есімдердің морфологиялық сипатына мысалдар келтіріңіз.

49. Сөйлемнің логика-грамматикалық типтерін саралаңыз.

50. Есімдіктердің лексика-семантикалық топтарын айқындаңыз. Субстантивтік есімдіктер мен атрибутивтік есімдіктердің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

51. Фразеологизмдердің басты-басты белгілерін санап беріңіз.

52. Етістік, етістіктердің морфологиялық құрамы мен синтаксистік қызметіне тоқталыңыз.

Күрделі етістіктердің күрделі сөздерден айырмашылығын нақты мысалдармен көрсетіңіз.

53. Құрмалас сөйлемдердің топтастырылуының құрамдық және грамматикалық сипатын атаңыз.

54. Орыс тілінен енген сөздердің қалай игерілгені туралы айтып беріңіз.

55. Етістікке тән грамматикалық категорияларды атаңыз. Грамматикалық қызметіне тоқталыңыз.

56. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, оларды топтастыру

принципін атаңыз.

57. Қазақ тіліндегі буынның тілдік табиғаты ашыңыз.

58. Тіл біліміндегі аналитизм құбылысы туралы айтыңыз. Аналитикалық етістіктер туралы ғалымдардың пікірлеріне тоқталыңыз.

59. Үстеу. Үстеудің семантикалық топтарын көрсетіңіз. Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына тоқталыңыз.

60. Негізгі және туынды үстеулердің жасалу жолдарына тоқталыңыз, көнеленген септік формалар арқылы туған туынды үстеулерге. Үстеулердің сөйлемдегі қызметіне сипаттама беріңіз.

61. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдерді нақты танытатын белгілерді атаңыз. Қазақ тіл біліміндегі топтастырылуын саралаңыз.

62. Сөздік құрамның толығу жолдары нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

63. Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз.

64. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас

сөйлемдер, грамматикалық сипатын саралаңыз.

65. Есімше формаларының қатысуымен құрылған сабақтас құрмалас

сөйлемдер, грамматикалық сипатын саралаңыз.

66. Үндестік заңының тілдік табиғатын тіл мәдениеті тұрғысынан сипаттаңыз.

67. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын дәуірлеу мәселесімен айналысқан қандай ғалымдардың классификациясын білесіз? Жеке-жеке тоқталып, анализ жасаңыз.

68. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

69. Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? Негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз.

70. Шылау түрлеріне тоқталыңыз, шылаулардың функционалдық қызметі мен грамматикалық сипатын айқындаңыз.

71. Профессор С. Аманжоловтың қазақ әдеби тілі жөніндегі зерттеулері.

72. Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас

сөйлемдер, грамматикалық сипатын саралаңыз.

73. Қазақ тіл білімінде модаль сөздер туралы баяндаңыз. Етістікті және есімді модаль сөздердің ерекшелігіне тоқталыңыз. Модаль сөздердің пайда болуы мен жасалуына сипаттама беріңіз.

74. Еліктеу сөздер фонетика-морфологиялық сипатына тоқталыңыз, синтаксистік қызметіне сипаттама беріңіз. Еліктеу сөздердің түрлерін ажыратыңыз.

75. Одағайдың түрлерін көрсетіңіз, олардың мағыналық, интонациялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Негізгі және туынды одағайлардың жасалу жолдарына мысал келтіріңіз.

76. Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, талдау жасаңыз.

77. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы не айтасыз? Абай публицистикасы қазақ әдеби тілі функцоналдық стильдерінің қай түрін дамытуға үлесін қоса алды? Себебін түсіндіріңіз.

78. ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

79. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілге тән қандай ерекшеліктерді білесіз? Функционалдық-стильдік тармақтар туралы не айтуға болады?

80. ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты. Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз.

81. Бұхар жыраудың жаңашылдығы неде? Жырау тілінің тазалығын не арқылы дәлелдеуге болады? Шығармаларындағы көркемдеуіш элементтердің, тұрақты эпитеттердің қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіз.

82. Әдеби тілдің анықтамасы туралы ғалымдардың пікірлеріне тоқталып, талдау жасаңыз.

83. XIX ғ. I жартысындағы оқу-мәдениетке қатысты сөздер мен орыс

сөздерінің енуінің себебін түсіндіріңіз.

84. Қазақтың ұлттық әдеби тілі қай кезеңдерді қамтитынын анықтап, оның лексика-грамматикалық сипатына тоқталыңыз.

85. Көне қыпшақтық элементтер қандай шығармаларда кездеседі, мысалдар келтіріңіз.

86. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер, компоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастарды нақтылаңыз.

87. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу сипаты, компоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастарды көрсетіңіз.

88. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі, құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі, құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасуды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

89. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілі қалай дамыды? Осы кезеңдегі қисса жанры, оның тілдік көрінісі қандай? «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

90. Ұлттық жазба әдеби тілді қалыптастырудағы Ы.Алтынсарин еңбектерінің рөлін атап көрсетіңіз.

Сөйлемдер

1. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Жоқ, қарағым, ескі еншіден құтылғалы келдік де. Бірақ (әйелге жақындап) жаңа еншіні тізе бүгіп, жалынып сұрап аламыз ба? (Ғ. Мүсірепов).

2. Сөйлемге дәстүрлі морфологиялық талдау жасаңыз. Абайды таныған талант – ұлттың үміті (Ш. Мұртаза).

3. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Басы аманның малы түгел (Мақал).

4. Синтаксистік кешенді талдау. Тәттімбет томағасы сыпырылған қырандай қиянды шола бастады (Т.Әлімқұлов).

5. Синтаксистік кешенді талдау. Алдағы өмірдің басқалығын ауылдан шықпай жатып сезе бастады Кенжетай (Ә. Нұрпейісов).

6. Сөйлемдегі қарамен көрсетілген сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып бастаңғы істеп жатыр (М.Әуезов).

7. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Бірақ Дәркембайдың бұл үшін неге болса да іркілмей басатынын Абайдың өзіне мәлім (М. Әуезов).

8. Синтаксистік кешенді талдау. Бір кезде батылдау біреуі түйенің екі өркешінің ортасына мініп алды (Ө.Қанахин).

Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Бауыр – шырын, бас тәтті,

Ағайынмен ас тәтті (Мақал).

9. Сөйлемдегі қарамен көрсетілген сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Баянсыз мына өмірде,

Көргеніңнен, жігіттер,

Көрмегенің көп екен (Ы. Шөреков).

10. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Біз Алатаудай ел едік, теңемек болды ойға жау (Жамбыл).

11. Сөйлемнен қатыстық сын есімді тауып, сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? (Б.Соқпақбаев).

12. Сөйлемнен субстантивтенген сөзді тауып, лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Ақылдыны білім ұстамды етеді (Ж.Баласағұн).

13. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Туған жердің ауасы да шипа (Мақал).

14. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Дем ал, бәрібір, ертең ерте тұрасың (С. Ерубаев).

15. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан (Абай).

16. Синтаксистік кешенді талдау. Қоянды қамыс өлтірер,

Жігітті намыс өлтірер (Мақал).

17. Синтаксистік кешенді талдау. Кірпіктері суланып, иегі кемсеңдеп, қой көзінен мөлдір жас сырт етіп тонының өңіріне ағып түсті (О. Бөкеев).

18. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы (Абай).

19. Синтаксистік кешенді талдау. Әдеттен тыс ұялшақтық әр кез қателесуіңе себепкер болып, бастаған ісіңе нұқсан келтіреді (Қабуснамадан).

20. Синтаксистік кешенді талдау. Алтай өңірінің қысы баяғыда жұмсақтау болушы еді, биыл тіпті шекесінен қарап тұр (О. Бөкеев).

21. Сөйлемдегі қарамен көрсетілген сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Б. Момышұлы).

22. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Жылқыбай төсекте қорыққаннан көзім бақырайып жатқан мені көрді (Б. Соқпақбаев).

23. Сөйлемге дәстүрлі морфологиялық талдау жасаңыз. Ашуға берілу – басқаның кінәсі үшін өзіңді жазалаумен бірдей.

24. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың (Абай).

25. Синтаксистік кешенді талдау. Өзін дана санаған адамнан сақтан (Қабуснамадан).

26. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Күлгеніңде көктемгі гүлдейсің,

Күн нұрымен құлпырып гуілдейсің (Қ. Аманжолов).

27. Синтаксистік кешенді талдау. Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалды айтады екен сөз қосарлап (Абай).

28. Фонемалық транскрипция жасаңыз:

Барқыт қара көзіңнің ұшқынынан,

Көргендеймін өмірдің болашағын (З. Қалауова).

29. Синтаксистік кешенді талдау. Көгершін балапанын ұшырып әкетеді екен де, келер жылы қайта келіп, сол жерге балапандайды екен (С. Бегалин).

30. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Өз үйінде етік тігіп, кезі келгенде балташылық кәсібімен де шұғылданып көрген (С. Көбеев).

31. Сөйлемге дәстүрлі морфологиялық талдау жасаңыз. Сен сияқты өнерге қыры барлар тал бойыма таңырқап қалатұғын (Жамбыл).

32. Синтаксистік кешенді талдау. Дауыс атауларының талай түрі бар: бас та, баритон да, тенор да бәрі де осында (З. Қабдолов).

33. Синтаксистік кешенді талдау. Дәулет әулетті көтереді, әулет дәулетті көтере алмайды (Қ. Мырза Әли).

34. Сөйлемнен етістікті сөзді тауып, лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Бұл кісі естігеннің бәрін бақылаусыз, зерттеусіз жібермейді екен (Ғ. Мұстафин).

35. Синтаксистік кешенді талдау. Кей кезде мейірімді, қайырымды болуды, адам баласына жан ашырлық сезімді білдіріп жатуды ойлауға да уақыт аз (Б. Момышұлы).

36. Сөйлемге дәстүрлі морфологиялық талдау жасаңыз. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С. Бақбергенов).

37. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Көлдің айналасы сыңсыған үйрек, қаз, аққу, аққұтан тәрізді үлкен құстарға сыймайтын (С. Сейфуллин).

38. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Ақ көңілден арамдық шықпас, Арамдық шықса да, жамандық шықпас (Мақал).

39. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл (Н. Назарбаев).

40. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Аш қарын жұбар ма майлы ас жемей (Абай).

41. Сөйлемнен күрделі сөзді тауып, лексика-граммтикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез-келгенін құрастыра беру емес (М. Әуезов).

42. Синтаксистік кешенді талдау. Тегі жаман тойда тонын сұрар (Мақал).

43. Синтаксистік кешенді талдау. Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді (Қ.Сәтбаев).

44. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Пайда мен залалды ақыл айырады (Абай).

45. Сөйлемге айтылуы бойынша фонетикалық талдау жасаңыз. Батпаған ай батыстан қарап тұрды, шыққан күн шығыстан қарап тұрды (Ғ. Мүсірепов).

46. Сөйлемге «ықшамдау тәсілі» арқылы сатылы-кешенді талдау жасаңыз.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі (Н. Назарбаев).

47. Сөйлемнен сапалық сын есімді тауып, лексика-грамматикалық ерекшелігіне сатылы-кешенді талдау жасаңыз. Жақсы адамның ашуы жібек орамал кепкенше (Мақал).

Наши рекомендации