Жүрек жарасы – жамандықтан

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».

Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады,», дейді.
«Не айтатыныңды ойлап ал»
(ойға қиянат жасамау, өйткені әрбір ой іске ұласады)
«Қиянат келтірмеген жаза»
(Іс - әрекетте қиянат жасамау, әрбір іс - әрекет мінезді қалыптастырады)
Сұрақ қою: 5мин.
- Балалар енді сендер қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?
- Қиянат жасамау үшін не істеу керек?

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.
Жағдаяттардың шешімін табу.
1 - жағдаят
Сен бірнеше достарыңмен сабақтан қайтып келе жатыр едің қасыңдағы құрбыларың киноға барайық деген ұсыныс жасады. Бірақ сен сабақтан соң анаңның берген тапсырмаларын орындауың керек. Құрбыларың қызық кино жүріп жатқанын айтып сенен өтініп тұр. Сен не істейсің?
2 - жағдаят
Сабақтан қайтып келе жатқан жолда сен бірнеше балалардың талдағы алманы алу үшін талдың бұтақтарын сындырып жатқанын көрдің. Сен не істейсің?
(топтарға беріп, әр топ өз шешімін бірлесіп шығарады)
Дәптермен жұмыс
Дәптердің ортасына күннің суретін салып, күннен тараған сәулелерге жақсы қасиеттерді жазамыз. (тақтаға сызып көрсетемін)
Оқушылардың қандай қасиеттерді жазғандарын ортаға салып айтамыз.
Қорытынды бөлім

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.
"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Абай

Жасамайық қиянат

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.


7. Топпен ән айту. 3 мин.
«Ақ көгершін» Сөзі: А. Жұбановтікі, әні: Н. Баймұхамедовтікі

8. Үй тапсырмасы. 2 мин.
«Қиянат жасамау - нағыз адамның ісі» тақырыбында өз
ойларынан немесе бастарынан өткізген оқиғалары туралы шағын әңгіме жазу. Келесі сабаққа «Суретші туралы ертегі» әңгімесін оқып келу.

9. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
- Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!

22 Өзін-өзі тану адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтық бағдарын анықтайтын үдеріс болып табылатынын дәлелдеңіз.

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады [6, б. 9-10].
Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.

Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды. Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.

Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде өзін-өзі тану «Мен» ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды сыйғызатындығымен дәлелденеді. «Мен», «Мен - бейне», «Өз өзінің бейнесі» сияқты ұғымдардың түсінік аясы «көмескі». Тұлғаны түсіндіру үшін де, өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, «Мен» ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық ажыратылмайды.

Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс.

Қабілет сияқты өзін-өзі тану қабілетін де дамытуға болады. Бұл үшін не қажет? Біріншіден, өзін-өзі тануда позитивті мотевацияны қалыптастыру керек; өзін-өзі тану механизмнің негізгі потенциалын толық қолдану керек – ұқсастыру және рефлексия; Рефлексия – психикалық құблыстардың мәнін тани білу қасиеті. Өзін-өзі танудың ерекше әдістері - өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі тегістеу және тағы басқалар. Тұлғаның белсенді болуы оның қажеттілігіне байланысты. Қажеттілікті кең мағынада қарастырсақ – бір нәрсені қажетсіну, ал тар мағынасы - өмір сүрү жағдайында адамның тәуелділігін көрсететін жағдай. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, қажеттіліктер де биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді. Биологиялық қажеттіліктерге: жылулық, сексуалды партнер тағы басқалары жатады. Әлеуметті қажеттіліктердің бастылары: еңбекке деген, білуге деген қажеттіліктері, қарым-қатнас қажеттіліктері жатады. Өзін-өзі тану процесі әртурлі белсенділік формалар сапасында көрінеді. Тану қажеттілігін қанағаттандыратын қоршаған шындық, әлем болып табылады. Осы қажеттіліктің қалыптасуынан адам болып қалыптасты. Еңбек, қарым-қатынас қажеттілігінсіз тану мүмкін емес. Өзін-өзі танудағы қажеттілігі өздігінше емес, басқа қажеттіліктермен бірге жүзеге асады, яғни Мен қажеттілігімен. Ең маңыздылары: Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі, бұтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі ұқсастыру қажеттілігі, өзгелерге өзін мақұлдату қажеттілігі т.б. Кейбір адамдарда негитвті қажеттіліктер даму мүмкін, оның белсенділігін мүлдем басқа жақа бағыттайды. Мысалы: өзін-өзі жою қажеттілігі, яғни өзінің мүмкіншіліктерін төмендеуге ұмтылу, өкпелеу, сынды қабылдау дайындығы, жазалау, бақытсыздық және оған қуану. Мұндай қажеттіліктердің туындауынан тұлғаны әртүрлі патологиясына алып келеді.

Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі өзінің жеке талаптарына жоғарыда болу тенденциясымен қамтиды. Бүтіндік Мен қажеттілігінде бүтіндікті құрастыруға ұмтылыстығын білдіреді. Барлық осы қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты,бір-бірлерін өзара толықтырады. Бүтіндік Мен қажеттілігі, өзін-өзі сыйлау қажеттіліктер мен т.б. бар болуы өзін-өзі тану қажеттілігін арта түседі. Тану қажеттілігі басқа да қажеттіліктермен тығыз байланысты, оларды біз Мен қажеттіліктеріне жатқызамыз. Мысалы: Егер де адамда қарым-қатынас қажеттілігі көрініс алса, онда өзін-өзі тану қажеттілігі арта түседі. Қарым-қатынасқа түсу үшін өз-өзінді білуің керек. Өзін-өзі танудағы қажеттіліктердің көріну деңгейі мен олармен байланысты Мен қажеттіліктеррі өзін-өзі танудағы мақсаттар мен мотивтердің ерекшеліктерін анықтайды. Мотив-нақты бір әрекеттің талаптануы. Мысалы: қарым-қатынас қажеттілігінде қарым-қатынас мотиві, өзін-өзі тану қажеттілігінің де өзін-өзі тану мотиві белсене түседі. Қандай да бір мотивтің ықпалымен адам нақты бір мақсатты көздейді, әдіс тәсілдерді қолдана іске айналдырады. Мақсат – алдағы нәтиженің бейнесіне жету жолдарына байланысты. Мақсат кең тар, нақты және нақты емес, шын және жалған болып бөлінеді.

Өзін-өзі танудағы кең мақсаттарға өзінің тұтас тұлғасын тану және өмір мақсаттарын тану жатады. Өзін-өзі тануда Мен концепциясын тек қана саналы деңгейде ғана емес, сонымен қатар санасыз және сана үсті деңгейлерінде өзін тұлға ретінде тануды мақсат етеді. Келесі бір мақсат - өмір мақсаты. Әр қайсымыз өзімізге мынадай сұрақтар қоямыз: Мен өмірде неге жеткім келеді? Мамандықтың қандай түрін тандауым керек? Өмір мақсатын танудың өзі өмірдін өзіне тұрақтылықты, мәнділікті береді.

Өзіндік сананың құрылымын қарастыру қажет және өзін-өзі тануға жататын жерін анықтау керек. Өзін-өзі танудың құрылымында Мен түрлі себептердің әсерімен орталық рөл атқаратын субъект ретінде көрінеді. Өзін-өзі тануды пайдалана отырып, ол бұл қызметті эмоциялық-құндылықтық қатынаспен тығыз шырмалып атқарады. Өзін-өзі танудың нәтижесі Мен бейнесі болып табылады. Мен бейнесі бірден пайда болмайды, алдымен өзі туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі танудағы тар мақсатына Мен бейнесінің нақты сипаты кіреді, қазірғі уақытта біз үшін актуалды болып келеді. Олар әртүрлі координата жүйелерінде қарастырылады. Мысалы: біз ақыл-ой мүмкіншілектерін немесе мінез-қүлық ерекшеліктерін, зейіннің қасиеттерін немесе коммуникабелділікті танимыз. Егер де біз адам мен танысып жақындасқымыз келсе, онда өзіміздің коммуникативті қасиетімізді, ұнай білу, жақсы дос болу қабілетімізді тану маңызды.

23 Қалыптасуы нақты жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келетін, тұлға сапаларын жіктеңіз.

С. Ғаббасов «Халық педагогикасының негіздері» тақырыбындағы жинағында.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген. [7].
Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады. Сара Алпысқызы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.

Адам шексіз рухани әлеуетті меңгеруші, оны жүзеге асырушы тұрғысынан қарастырылады. «құндылық» бұл:

- «адамдардың ӛз мінез-құлқының мақсаты мен қалпы туралы

талдап, қорытындылаған түсініктері, онда адамзаттық тарихи тәжірибе

жинақталады, белгілі бір этнос пен адамзат мәдениетінің мәні ашылады»

(О.А.Лапина) [134];

- «адамдардың қажеттіліктері мен мақсаты және қызығушылығы

жағынан алып қарағанда пайдалы, қажетті және жағымды деп есептелетін

құбылыстар немесе құбылыстар қасиеттері» (В.П.Тугаринов) [135];

- «негізі адам мүдделерінен туындайтын кұбылыс. Ол қажеттілік

пен сұраныстар немесе мұқтаждықпен астасады» (Л.А.Харисова) [136];

- «кез-келген пайда мүддеге, тілек ықыласқа, талапқа жауап беретін

заттардың бәрі» (А.А.Ивин) [137];

- «тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар»

(Ш.Майғаранова) [128, 52 б.] және т.б.;

Жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың басқа құндылықтардан

(ұлттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, діни құндылықтар,

әлеуметтік құндылықтар, саяси құндылықтар, моральдық құндылықтар,

эстетикалық құндылықтар және т.б.) ерекшелігі – ол ұлттық, саяси, діни

және басқа да танымдарға тәуелсіз, бүкіладамзатқа ортақ мүддені кӛздейді

және де осы тұрғыдан алғанда жалпыадамзат ӛркениетінің күретамыры

болып табылады. Кез келген құндылық философиялық категория ретінде

болмыстың адам ӛміріне, мүддесіне қатысты дұрыс, жағымды жақтарын

білдіреді [139].

Әлемдік қауымдастық тарихи тұрғыдан мойындаған жалпыадамзаттық

құндылықтарға: ӛмір, адам, уақыт, бақыт, махаббат, ізгілік (жақсылық), ар-

ұждан, арман, сенім, парыз, сол сияқты қоршаған ортамен қарым-қатынасы

кезінде анықталатын адами қасиеттер жатады. Жалпыадамзаттық

құндылықтарды бұрмалау адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады.

Махаббат, жақсылық, ӛмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның

ӛзіндік құндылығы, лайықты ӛмір сүру, жалпы адамгершілік және т.б.

рухани құндылықтардың да негізін құрайды.

Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге

келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының ӛмірлік

ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның

сенімдерін, дүниеге кӛзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, ӛмір сүру

түрін еркін таңдай алуын ӛз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін

барынша ашуға мүмкіндік береді.

Ал, философ, ойшыл Ахмет Иүгінеки мұрасында негізгі орын алатын

«Ақиқат сыйы» [144] деген еңбегінде жомарттық, кішіпейілділік қасиет -

сапалар мен олардың қалыптасу ерекшеліктерін «Ӛмірде жақсы мінез -

«жомарт» деген», - деп адамдарды мейірімділікке, жомарттыққа шақырып,

адамгершілік-ұлттық-гуманды қасиет сапалардың әлеуметтік мәнін

айқындаған.

Белгілі ойшыл өз еңбектерінде жомарттық пен сараңдықты қарама-

қарсы қойып түсіндіреді. Оның пікірінше жомарттық болған жерде

«алынбайтын – асу, жылымайтын – жүрек жоқ» деп тұжырымдайды.

«Әрбір адамжер бетіне өсіп өну және даму үшін келеді.Адамның өзін-өзі тануы-бұл адам өміріндегі маңызды мағыналардың бірі, мәңгілік құндылық сұрағына жауап іздеу және өзінің мақсаттары мен тілектерін жүзеге асыру. Өзіндік даму- алға қозғалу, өзінің өмірлік арнасына қарсы жүру. Бұл бақытпен сәттілікті қамтамасыз ететін рухани-адамгершіліктік қасиеттерді жетілдіру және дамыту». Қазіргі заманда жоғары рухани және адамгершіліктік қағидаға ие тұлғаны, төмендегіше сипаттауға болады:

Ø Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адамтұлғалық тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне ие: қоршаған ортасына тәуелсіз, қоғамдық ойдан, сенімнен тәуелсіз. Оның эмоционалды, интеллектуалды және рухани өмірі неғұрлым маңызды болып табылатын махаббат, түсіну, кеңпейілділік, сенім, риясыздық, адалдық сияқты заттарға шоғырланған.

Ø Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адамөз-өзіне сенімділіктің, өзіне сенудің, өзінің құнддылықтарының және идеалдарының жоғарғы деңгейіне ие.

Ø Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адамөзінің эмоциясын ұстай алуға және бақылауға қабілетті.

Ø Рухани-адамгершілік қасиеттерге ие адамөмірден өзіне не керек екенін жақсы түсінеді, нақыт қойылған мақсатқа ие, мақсатқа жетуде жоғары табандылыққа ие.

Ø Рухани-адамгершілікке ие адамәлемге лайланбаған көзқараспен қарайды және оған ақылмен және рухани теңдікпен қарайды. « Өзін-өзі тану» сабағында әрқайсысыңыз тұлғаның өзіндік дамуынан өзін-өзі жетілдіруіне дейінгі жолда қызықты әрі шығармашылық жолдан өтуге тура келеді.

Наши рекомендации