Ысқаша теориялық мәліметтер. Кәсіптік оқыту және еңбек технологиясы сабақтарында пайдаланылатын түрлі сипаттағы дидактикалық материалдары
Кәсіптік оқыту және еңбек технологиясы сабақтарында пайдаланылатын түрлі сипаттағы дидактикалық материалдары, технологиялық және нұсқау карталары, тапсырма - карталары. Көрнекіліктерді оқыту үдерісін дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді, себебі оқыту үдерісінің мазмұны техникалық үдерістер және объектілерге байланысты. Бұл объектілер мен үдерістердің зерделенуі бірінші құрылымның екіншісімен сабақтастығы шарттарынсыз жүзеге аспайды. Сондықтан әрбір сабақта дидактикалық материалдары, технологиялық және нұсқау карталары, тапсырма-карталары, көрнекіліктерді кеңінен пайдаланылады. Бұлардың ара қатынасы нақты дидактикалық мақсатқа, сабақ мазмұнына, көрнекі құралдың бар-жоқтығына, олардың саны мен сапасына және т. б. тәуелді түрін өзгертеді. Көрнекілік жаңаны тану ретінде, ой немесе әңгімені елестету, білімгерлердің аңғарымдығын дамыту, материалды есте сақтау қабілетін арттыру үшін қолданылады.
Оқу жоспары білімгерлердің колледж шеберханаларда графикалық білім мен ептіліксіз сабақ өтуі негізінде құралады. Осыған байланысты технология оқытушыінің алдында білімгерлерді техникалық құжаттар мен тапсырмалар орындауға бағыттайтын білім беру міндеті тұрады.
Дидактикалық материалдардегеніміз – карталар, кестелер сабақты қайталауға арналған кеспе қағаздарының тұратын көрнекі құрал болып саналады. Мұнда берілгкн тапсырмалар сабақтың дидактикалық мақсаттарын ашу негізінде ұйымдастырылады. «Дидактика» ұғымы-жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған саналады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері зерттеледі.
Сондықтан да оқыту үдерісінде оқытушының әртүрлі ережелерді қолдана білуі, білімгерлердің дербес ерекшеліктерімен білімдерін тануға игі әсерін тигізеді. Сабақ барысында дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жасалатын жұмыстар білімгерлердің теориялық білімін іс жүзінде бекітуге, олардың ойлау қабілетін арттыруға, негізгі технологиялық түсініктерді меңгеруге көмек береді.
Тапсырма-карталарыөткен сабақ мазмұнына байланысты қойылған сұрақтарға білімгердің ауызша және жазбаша түрде жауап береді.
Нұсқау картасы – жазбаша нұсқау беру түріне жатады. Жазбаша нұқсау берудің бірнеше түрлері бар: нұсақау беру технологиялық, технологиялық, сабақта орындалатын карта-тапсырма, ақаулар сақтандыру кеспе қағазы, үй тапсымасына арналған карта, бақылау картасы, сапаны бақылау әдістерін анықтайтын карта, еңбекті ұйымдастыру картасы т.б. Нұсқау картасының мазмұнында қандай бір бұйымды әдзірлеу барысы қысқаша және нақты түсіндіріледі.
Нұсқау кратасында - қандай бір жұмыстың белгілі ережелер мен тәсілдерді міндетті түрде сақтау арқылы орындау жүйесі көрсетіледі.
Нұсқау картасы «Қол жұмыстары үшін аспаптар мен бейімдеу құралдарын дұрыс пайдалану», «Инені сабақ ережесі», «Тұрмыстық және әмбебап тігін машиналарын сабақтау», «Қауіпсіздік еңбек ету ережелері» т.б. тақырыптарға жасалады. «Оймақ және инемен жұмыс жасау тәсілі» деген тақырыптың нұсқау картасына мысал келтірейік (Кесте 4).
Кесте 4. «Оймақ және инемен жұмыс жасау тәсілі» тақырыптың нұсқау картасы
Тәсілдерді орындау реттілігі | Сурет | Жұмысты орындау талаптары |
1. Иненің құрылысын оқып-үйрену |
Технологиялық картада оқу - технологиялық операцияларды орындауға талаптар көрсетіледі. Бұл картаның мазмұнында міндетті түрде бұйымды өңдеу жүйесі, техникалық шарттары (тігіс адамы, матаны жиырудң көлемі, әдіп түсіру белгісі т.б.) қолданылатын аспаптар, бейімдеу құралдары мен жабдықтар берілуі керек. Бұл карталар қауіпсіздік еңбек ету қамтауы мүмкін. Технологиялық карталар бұйымның бөлшектерін өңдеудің технологиялық бірізділігін көрсетеді. Бұл картаны білімгерлер өз бетінше жұмыс келесі сабақ дайындалу барысында жасауына болады. Мұндай әрекет білімгерлердің тақырыпты жылдам меңгеруіне мүмкіндік тудырады. Мысалы (Кесте 5).
Кесте 5 - «Жеңіл киімдердегі жағаны өңдеудің бірізділігі» бойынша технологиялық карта
Технологиялық операцияның мазмұны мен нөмірі | Маман дануы | Техникалық шарттардың орындалу опрециясы және графикалық бейнесі | Жабдықтар, аспаптар мен бейімдеу құралдары | Өңдеу ережесі |
1. Астыңғы жағаның бөлшектерін қайып тігу | ТМ-тігін машинасы | Сурет орны | 97 А ОЗЛМ тігін машинасы | Мазмұнды ашып жазу |
Нұсқау беру технологиялық картасындабұйымның технологиясына байланысты оқу-өндірістік жұмыстарды орындау реттілігі, оқу-техникалық және оқу-технологиялық талаптар, тәсілдерді орындау ережесі, суреттер, фотолар, техникалық қауіпсіздік ережелері көрсетіледі. Бұл карта жұмыстың тәсілдерін меңгеру картасы болып саналады. Мысалы (Кесте 6)
Кесте 6 - «Бөлшектерді қайып тігу» операцияларын меңгеру бойынша нұсқау беру-технологиялық картасы
Операцияларды орындау реттілігі | Графикалық бейнесі | Тәсілдерді орындау ережесі | Техникалық ережелер |
Бөлшектерді қайып тігу | Тігіс ені 10мм құрайды |
Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1-тапсырма. Технология пәніне технологиялық - нұсқаулық карталарды әзірлеу.
2-тапсырма. Кәсіптік сала бойынша технологиялық - нұсқаулық карталарды әзірлеу