Тақырып Күрделі сөз туралы түсінік
Сөз бен сөзді қабыстыра біріктіріп жаңа сөз жасау қазақ тілінің әріден келе жатқан дәстүрі.Бұлардың құрамы әбден жымдасып, бұрынғы жігі білінбей, бір сөз болып кеткен (қолғабыс, бүгін, биыл т.б). Күрделі сөздердің құрамы түбір мен түбірдің (немесе түбір мен негіздің, я негіз бен негіздің) бірігуінен, қосарлануынан, тіркесінен құрала береді (қолбасшы, айбалта, сары май, кәрі жілік, бел орақ т.б.). Күрделі сөздерді жазуда бірізділік қалыптаспаған. Екі сөзді біріктіріп жаңа сөз жасау сөзжасамның өнімді тәсілінің бірі.
Тіркескен күрделі сөздердің өзіндік сөзжасамдық ерекшеліктері бар. Олар да екі не одан да көп мағыналы сөздерден жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер. Бұлар құрамы, мағынасы, атқаратын қызметі жағынан біріккен және қос сөздермен бірдей, сөзді тануға қойылатын белгілерге толық жауап береді, айырмалары емлемен байланысты.
Тіркескен күрделі сөздер сан алуан. Мысалы: бала бақша, бал қаймақ, бұзау балық, ала жаздай, қара көк, қызыл күрең, жақсылық қыл, көмек ет т.б. Тіркескен күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлардың бәрі де сөзжасамдық қызмет атқарады.
Қысқарған сөздер ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану заңдылығына байланысты туады. Қазіргі күні олардың түр-түрі туып жатыр. Мысалы:әріптік, буындық, аралас қысқартулар.
Сөздердің күрделі түрлерінің айырым белгілері сөздің айырым белгілеріне жауап береді, олармен бірдей деп кіріспе бөлімде айттық. Сол себепті, күрделі сөздерді, олардың түрлерін сипаттау және жасалу жолдарын талдау алдында, жалпы сөз туралы жалпы түсінік жасап алуды жөн көрдік.
Ұғым мағынамен ұштасып, ойлаумен қабысып өзара тығыз байланысып отырады. Ойлау да ұғым да сөз арқылы көрінеді. Бір сөзден де көп сөзден де бір ұғым
жасалады. Бір сөз бірнеше ұғымды да білдіреді. Сөз бен ұғымның бірдей еместігін көп мағыналы сөздер мен синонимдер арқылы білуге болады. Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Синонимдер бірнеше сөздер арқылы бір ұғымды білдірсе, көп мағыналы сөздер бір сөзбен бірнеше ұғымды көрсетеді. Мағына ұғымның айқындалып қалыптасқан формасы. Ұғым – дүние жүзінде қанша халық қаншама тіл болса, соның бәріне ортақ нақ бірдей. Қазақ халқы күн, жер, ыстық, суық, су, сүт ет нан дегендерді қалай түсінсе өзге халықтар да дәл солай түсінеді. Ұғым-заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес, олардың басты белгілерінің ойда қорытылып топшыланған жалпыланған бейнесі. Ұғым тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасына тіркеледі. Белгілі бір ұғымдарды білдіретін және ол ұғымдарды өзінің мағыналарында бейнелейтін сөздер өздері белгілейтін ұғымдар арқылы шындық болмыстың белгілі бір шақтарын, ойдағы құбылыстар мен заттарды топшылап бейнелейді.
Ұғым – дүние жүзінде қанша халық қаншама тіл болса, соның бәріне ортақ нақ бірдей. Қазақ халқы күн, жер, ыстық, суық, су, сүт ет нан дегендерді қалай түсінсе өзге халықтар да дәл солай түсінеді. Ұғым-заттың немесе құбылыстың жай ғана бейнесі емес, олардың басты белгілерінің ойда қорытылып топшыланған жалпыланған бейнесі.
Заттар мен құбылыстар адам санасына әсер етіп, сәулесін түсіреді де олардың басты белгілерінің ойда қорытылып топшыланған бейнесі – ұғым пайда болады. Ұғым адамдардың қоғамдық практикасы арқылы сөзге мағына болады. Заттар мен құбылыстар сөз арқылы белгіленеді де сөздердің білдіретін ұғымы мен мағынасы арқылы белгілі болады [1]. Сөз ұғымды білдіреді дедік. Ұғым сөздің негізінде туып өмір сүреді. Қандай бір сөзде болсын белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей ұғымды білдіре алмайды. Мысалы одағай сөздерде белгілі бір мағына болғанымен, ұғымды білдіре алмайды. Кейбір шылау сөздердің де ұғымға қатысы болмайды. Мысалы: Мына аттың желісі желіс-ақ екен! Деген сөйлемдегі ақ деген шылау сөзде күшейту мағынасы бар да, Сәлемімді айттың ба? деген сөйлемдегі ба деген шылау сөзде сұраулық мағына бар бірақ бұлардың ешқайсысы ұғымды білдірмейді. Ойлау категориясы ретінде қаралатын ұғымда эмоциялық бояу болмайды. Әр түрлі халықтардың ұлттардың барлығына бірдей жалпылама ортақ болады. Ал сөз мағынасына келгенде қазақ тіліндегі сөздердің мағынасымен өзге тілдердегі сөздердің мағынасы дәл бірдей болу мүмкін емес. Құрылысы өзге тілдер түгілі бір системадағы туыс тілдердің сөздері де бірімен бірі кейде ұқсасқанымен, көбіне үйлеспей жататындығы сөзсіз.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен дыбыстық комплексі жағынан ұқсату болып келгенмен мағына жағынан алшақ-алшақ болу ғажап емес. Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы, өзіндік мәні өзіндік сипаты болады. Мәселен тұз деген сөзді орыстар соль, тұздықты-соус дейді. Бұл ұғым екі халыққа бірдей. Бірақ мағыналық жағынан дамуында екі тілде өзгешелік бар. Соль – деген сөздің орыс тілінде бірнеше ауыс мағынасы бар, оның есесіне соус деген сөз ешқандай ауыс мағынада айтылмайды. Ал қазақ тілінде керісінше Тұз деген сөзде ауыс мағынада азырақ та тұздық сөзінде көбірек қолданылатындығын байқаймыз. Мысалы Кешпен отырып Аян «романға» кірісті... жиналған барлық ой сезім тұздықтарын қалам арқылы қағазға төкті. (С.Сейфуллин.) Тұз бен тұздықтың ұғымы екі халыққа бірдей болғанымен,орыс тілінде соль (тұз) қазақ тілінде тұздық (соус) эмоциялық мән алған. Екі халықта екі сөз екі түрлі жолмен дамыған. Сөз біткеннің бәрінде де белгілі мағына болады. Бірақ кез келген сөзде ұғым бола бермейді. Мәселен одағай есімдік шылау сияқты сөз табынан болған сөздер ешқандай ұғымды білдіре алмайды.Мысалы: Шіркін, Танабай үйінің қазысы мен қартасы, сары қымызы еске түсті-ау (С.Сейфуллин). Осындағы шіркін мен ау деген сөздердің сөйлемде әр түрлі мағынасы болғанымен, бұлардың еш біреуі де ұғымды білдіре алмайды. Ұғымнан сөз мағынасының тағы бір өзгешелігі сөз мағынасында адамның жағымды-жағымсыз көзқарасын, көңіл күйін білдіріп, сезімге әсер етерлік бояуы болады. Мысалы: Тәй-тәй-тәй қаз-қаз-қаз... Қарағым апыл-тапыл басқанға мәз. (Б.Майлин.) Осындағы тәй-тәй, қаз-қаз, қарағым, сөздері қалыптасқан арнаулы мағыналарының үстіне адамның қуанышты, сүйінішті, күйінішті таңырқау таң қалу сезімдерін білдіріп сан алуан эмоция әсер етіп тұр. Бұған қарағанда сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті билеу үшін де жұмсалатындығын аңғарамыз. Мұндай қасиет ұғымда мүлдем кездеспейді.
Ұғым барлық халықта бірдей, ал оның мағына арқылы көрінісі әр тілде әр қалай болады. Ұғым дара сөзбен де бірнеше сөздердің тіркесімен де белгіленеді. Мәселен: қашық алыс шалғай деген жеке сөзбен білдіретін ұғымды құлақ естімес, көз көрмес жер деуге болады. Мұның өзі ұғым мен сөз мағынасының нақ бірдей еместігін көрсетеді. Кейбір шылау сөздердің де ұғымға қатысы болмайды. Мысалы: Мына аттың желісі желіс-ақ екен! Деген сөйлемдегі ақ деген шылау сөзде күшейту мағынасы бар да, Сәлемімді айттың ба? деген сөйлемдегі ба деген шылау сөзде сұраулық мағына бар бірақ бұлардың ешқайсысы ұғымды білдірмейді. Ойлау категориясы ретінде қаралатын ұғымда эмоциялық бояу болмайды. Әр түрлі халықтардың ұлттардың барлығына бірдей жалпылама ортақ болады. Ал сөз мағынасына келгенде қазақ тіліндегі сөздердің мағынасымен өзге тілдердегі сөздердің мағынасы дәл бірдей болу мүмкін емес.
Қазақ тіліндегі жел мен самалды алайық алғашқысын күшті соққан түрі, соңғысы жанға-жайлы жеңіл түрі деп ұқсақ, қырғыздар керісінше түсінеді. Яғни шамал деп күштісін жел деп жұмсақ жел түрін айтады. Қазақтар малай деп біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші жалшы дегенді ұғады. Ал башқұрт-татар тілдерінде малай деген сөз бала деген ұғымды білдіреді.
Тіл білімінде ұғымнан сөзді және оның мағынасын ажырататын басты белгілер деп мынандай ерекшеліктерді көрсетеді.
1. Сөз біткеннің бәрінде белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігі болады. Қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстық құрылымының бірлігі туралы заңдылықты қазақ тілінің фонетикасы үйретеді. Тілдегі екпін ұғым да сөздің фонетикалық белгісіне жатады.
2. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігіне ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағынаны білдіреді. Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағына болады, ал фонемада еш мағына жоқ тек сөз құрамында мағына ажыратушылық ролі бар.
3. Әрбір сөз сол тілдің грамматикалық заңдарына бүтіндей бағынып соған тән тұлғаларға ие болып солардың түр-тұрпатының біреуінде ғана көріне алады. Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмасы бар. Еркін сөз тіркесі де тұрақты сөз тіркестер де біртұтас грамматикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды.
4. Дербес сөз болу үшін оның құрылымы құрылысына ешбір өзгеріс енгізуге басқаша өзгертуге келмейтіндей болу қажет. Сөздің құрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Мысалы: базар базарлық, қазан қазандық, құлақ құлақшын, көз көзілдірік тәрізді сөздердің құрылымына басқаша бір дыбыс қосылса онда бұл сөздердің дыбыстық құрылымының бірлігіне нұқсан келіп сөз ұғымын өзгертіп жіберуі сөзсіз. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды. Мысалы: колхоз-колхоз мүшесі, колхоздың озат мүшесі, колхоздың озат қарт мүшесі.
5. Морфема және сөз тіркесі мен сөйлемнен сөздің енді бір өзгешелігісөз белгілі бір сөз табына телінді болады.
6. Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйіндегі тұтас дүние ретінде пайдаланады.Еркін сөз тіркесі мен сөйлем нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз керісінше тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді.Сөз өзіміз қоршаған кең дүниедегі зат пен құбылыстың атауы болғандықтан оларға тән телінді дербес өзіндік мағынасы болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ белгі ретінде жұмсалады. Мәселен нан сүт ет су деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бақша-бау суаратын суды да сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық, біткеннің суын да атай беруімізге болады. Сөз қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық белгілеріне қарай атауыш сөздер,көмекші сөздер және одағай сөздер деп ең алдымен үш топқа бөлінсе бұл топтың әрбіреуі іштей лексикалық- грамматикалық белгілеріне қарай тағы да жіктеледі. Атауыш сөздердің өздері өзара есімдер мен етістіктер болып бөлінсе есімдердің өзі атауыш есімдер және үстеуіш есімдер болып екі топқа бөлінеді. Ал атауыш есімдер зат есім, сын есім, есімдік, болып ажыратылса, үстеуіш сөздердің өзі іштей үстеу сөздер және еліктеу сөздер әр алуан болып ажыратылады.
Сөздер құрамына қарай жалаң сөздер және күрделі сөздер деп топтастыратынын білеміз. Біз жеке, жалаң сөзге қатысты сипаттар мен белгілерді айтып өттік. Енді күрделі сөздерге сөз тұрғысынан қысқа түрде тоқталайық, ол туралы да түсінік берейік.
Жалаң сөз түбір мен қосымшалардың қосындысынан құралса, күрделі сөз түбір мен түбірдің бірігуінен, қосарлануынан немесе тіркесінен құралады. Мысалы: 1) қолқап, 2) ұзынды-қысқалы, 3) кәрі жілік. Алдыңғысы түбір мен түбірдің (қол+қап) бірігуінен, екіншісі негіз бен негіздің (ұзынды және қысқалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен түбірдің (кәрі және жілік тіркесуінен жасалған. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлар жеке тұрғандағы мағыналарынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз-күрделі сөз- ретінде ұғынылады.
Күрделі сөз құрылымы жағынан синтаксистік сөз тіркесімен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де ұқсас келіп, солармен астарласып жатады. Алайда мұндай ұқсастық оларды біртектес ете алмайды. Олар әр басқа құбылыстар.
Күрделі сөздердің түрлерін анықтауда, әдетте, оларды сөз тіркестерімен салыстыра қарастыру назарда болады. Себебі-күрделі сөздердің шыққан тегі, жасалу жолы сөз тіркесіне барып тіреледі.
Тарихи тұрғыдан күрделі сөздер кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Даму барысында біртұтас сөзге (күрделі сөзге) айналу процесі бола береді.
Жоғарыда айтқандай, тіл білімінде лексика-грамматикалық тұлға ретінде қаралатын сөзге (соның ішінде күрделі сөздерге де) тән және сөзді (күрделі сөздерді) сөз тіркесінен, фразеологиялық оралымдардан ажырататын жалпылама белгілер бар. Олар: 1) семантикалық тұтастық, 2) морфологиялық тұтастық, 3) синтаксистік тұтастық.
Жалаң сөз түбір мен қосымшалардың қосындысынан құралса, күрделі сөз түбір мен түбірдің бірігуінен, қосарлануынан немесе тіркесінен құралады. Мысалы: 1) қолқап, 2) ұзынды-қысқалы, 3) кәрі жілік. Алдыңғысы түбір мен түбірдің (қол+қап) бірігуінен, екіншісі негіз бен негіздің (ұзынды және қысқалы) қосарлануынан, үшіншісі түбір мен түбірдің (кәрі және жілік тіркесуінен жасалған. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлар жеке тұрғандағы мағыналарынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы (немесе тіркесі) тұтасқан күйінде бір бүтін сөз-күрделі сөз- ретінде ұғынылады.
1. Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, тіркескен күйінде бір бүтін (тұтас) лексикалық мағынаны білдіреді. «... Кіріккен сөздердің ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысының өз алдына жеке мағынасы болмай, бәрі бірігіп барып бір-ақ мағына береді деп осындайды айтамыз»,-деп Қ. Жұбанов «қолғап» сөзін мысалға келтіреді. Семантикалық тұтастық – күрделі сөз атаулының барлық түрлеріне де тән ортақ белгі. Мағынаны өлшеу қылуға алып тұрып, бірақ жалғыз мағынаның өзіне ғана сүйенбей, басқа өлшеулерді де қосып қарау керек болады, өйткені семантикалық белгіден әлі де болса анықтық таныла қоймайды.
2. Күрделі сөздер де жалаң сөз тәрізді түрленеді, көптеледі, септеледі. Күрделі сөздердің сыңарлары бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Күрделі сөздер тұтасқан күйінде ғана парадигмалық қатарға мүше ретінде ене алады, мұның өзі күрделі сөздердің морфологиялық тұтастығын көрсетеді. Жалпы сөз атаулыға, соның ішінде күрделі сөздерге, өте-мөте тән белгілердің бірі-құрылымдық тұтастық. Бұл белгі басқа белгілермен: семантикалық тұтастық пен синтаксистік тұтастық белгілерімен ұштаса келіп, күрделі сөздерді фразеологиялық оралымдардан, ЕСТ-нен ажыратады.
3. Күрделі сөздердің синтаксистік тұтастығы оның бөлшектенбей, сөйлемде бір ғана мүше болуынан көрінеді. Бүтіндей сөз де, күрделі сөз де, тұтасқан күйінде сөйлем құрамында басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түседі.
Осы құрамдағы үш белгінің негізінде сөздердің күрделі түрлері төмендегідей топтасады.
1. Қос сөздер.
Құрамындағы сыңарлары сабақтаса байланысып құрылған күрделі сөздердің түріне қос сөздер жатады. Бұлайша жүйелеу дәстүрге айналғанымен, мамандардың қос сөздер туралы пікірлері бір жерден шықпайды. Мысалы: «Қалыптаспаған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы-қос сөздер болады»,-дейді І. Кеңесбаев. Ысқақов А.: «... Сөзді қайталап қолданудан... лексикалық түсінігі өзгермейді, демек жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады» (4),-дейді. К. Аханов қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқасын күрделі сөз деп қарайды (1). Ж. Шәкенов: «Қос сөздердің күрделі сөздер қатарына жатуы осылайша әр түрлі пікір тудырғанымен, бұларға ортақ кейбір жақтардың барлығын да бекерге шығаруға болмайды. Ондай ортақ белгілерге, біріншіден, құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні, дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымның болуы; екіншіден, белгілі сөз табына жатуы; үшіншіден, сөйлемге мүше болғанда да бірінен-бірі ажырамай, бір ғана мүшенің, сондай-ақ сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқаруы жатады».
2. Кіріккен сөздер.
Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгеріске ұшырауынан, әрі ықшамдалуынан жасалған (білезік, бүгін), өзін құраушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер жатады, олар тарихи тұрғыдан кірігіп кеткен.
3. Біріккен сөздер.
Семантикалық, морфологиялық, синтаксистік тұтастықтарымен сипатталатын, біріктіріліп жазылып жүрген: асқазан, қосаяқ, әркім т.б. тәріздес сөздер біріккен сөздер тобына енеді.
4. Күрделі құрама сөздер.
Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша құрастырушы сыңарлары бөлек жазылып жүрген: ит аяқ, қара торғай, көк жөтел, ит жуа т.б. тәрізді күрделі сөздер.
5. Күрделі сөздердің бір түрі-күрделі-қысқарған сөздер.