VII. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-мәселелік аймағының даму болжамы
Әрбір ғылым ғылыми бағыттардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Ғылыми бағыттарға тән белгілерге мақсат пен күтілетін нәтижелердің дербестігі, сонымен қатар күтілетін нәтижелердің шынайылығы жатады.
«Ғылыми бағыт» ғылыми зерттеу іс әрекетінің мақсаттық бағдарын және зерттеу нәтижелерінің қатысты дербестігін сипаттайтын жалпы түсінік болып табылады. Зерттеудің әрбір ғылыми бағыты бір бірімен тығыз байланысқан ғылыми мәселелерден тұрады.
Әрбір мәселе объект, пән, болжам, мақсат және міндеттер, ғалымның дүниетанымдық ұстанымдарынан тәуелді. Ғылыми бағыттар, ғылыми мәселелер, ғылыми зерттеулер ұғымдарының сәйкестілік диалектикасы әрбір терминге түсініктеме беруді талап етеді.
Мәселе (грек тілінен аударғанда тосқауыл, қиындық, міндет деген мағынаны білдіреді) таным үдерісі барысында мәселелер кешені.
Ғылымда бұл мәселе – бұл қандай да бір құбылысты, объектілерді, процестерді талқылауда және оның нақты шешімін шешудегі теориясын талап ететін қарама - қайшы ұстанымдар түріндегі қарама қарсы ситуация болып табылады.
Ғылыми мәселелер адамның өмірлік әрекетінде туындайтын басқа мәселелерден ғылыми зерттеулерді жүргізу жолындағы шешімдермен ерекшеленеді, ал оның шешімі тек жаңа теориялық және эмпирикалық құралдардың өңделуі негізінде қалыптасуы мүмкін. Ғылыми мәселе ғылыми зерттеулерді жүйелеудегі иерархиялық жоспарлардың немесе мақсаттардың аралық буындар ролін атқарады.Ең бастысы,мынаны ескеру керек, ғылыми мәселе актуалды ғылыми тапсырмалардың ролін атқара отырып, көп көлемде әрбір жеке кірістердің ғылыми тақырыптары бойынша зерттеулердің мақсаттарын, объектілерін және соңғы нәтижелерін анықтайды.
Зерттеулердің ғылыми мәселелерін нақты жүйелендіруде ең алдымен міндетті түрде оның деңгейін анықтап алу керек және нақты мәселе бұрын шешілді ме соны да орнатып алған жөн. Кейін әлеуметтік педагогикалық тәжірибелердің сферасына және әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде даму қажеттіліктерімен сәйкестендірілген сұраныстардың нақты жүйелік анализі жүргізіледі, әлеуметтік педагогика қажеттіліктерінің негізінде ғылыми мәселелерді өңдеу белсенділігі қалыптасады. Сонымен, теория мен тәжірибе негізінде ғылыми мәселелер мен оның құрамына енетін және әлеуметтік педагогикалық зерттеулердің бөлімін шектейтін аспектілер, яғни ғылыми тақырыптар қалыптасады.
Ғылыми мәселелердің тәжірибелік шешімдерін шешуде оның құрылымы, ғылыми зерттеулердің құрылымдық жоспары түрінде көрсетілетін барлық төменгі рангтардың құрамы өңделеді, ғылыми зерттеулердің құрылымдық жоспарында ғылыми тақырыптар мен оның бөлімшелері анықталады. Сонымен қатар, өңделген жоспарлық құжатта әр ғылыми тақырып бойынша зерттеудің белгілі бір бөлімі мен ұсынылып отырған нақты нәтижесі анықталады.
| ||||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
|
Әрбір ғылыми мәселе оның негізгі бөлімі болып табылатын ғылыми зерттеулердің нақты ғылыми тақырыптарында байқалады. Кез келген ғылыми тақырыптарды зерттеу нәтижелері біршама сұрақтарға жауап бере алады, алайда олар мәселелерді толығымен шешуге қажет. Зерттеулердегі ғылыми тақырыптардың соңғы таңдамасы ұйымдармен қарастырылатын мәселелермен жүйелендіріледі.
Осылайша, ғылыми бағытқа сипаттама бере отырып, оның ғылыми мәселелердің құрамы болып табылатынын атап кеткен жөн. Бұл мәселелер зерттеулердің ғылыми тақырыптарында жүйелендіріледі, ол ғылыми зерттеулерге басқару құрылымының төменгі рангтерін көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмыстарында мұндай қадам көнерген болып табылады және ол ғылыми зерттеу ұйымдарында және жоғарғы мектептің ғылыми зерттеу ұйымдарында кең қолданылады. Ол екі дағдарыстың құрылу жолындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бірінші дағдарыс төменнен жоғары ғылыми зерттеулердің құрылымдық тақырыптары ғылыми мәселелерін өңдейді, ал мәселенің өзі ғылыми бағыт құрамына орта буын болып енеді. Екінші дағдарыс жоғарыдан төмен алдын ала бағытталған ғылыми зерттеулерді орындауға және ғылыми зерттеулердің нақты тақырыптарына нақты ғылыми зерттеушілерді табуға, білім алуға, ғылыми пәндердің приоритетті бөлім мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда екі дағдарысты да нақты зерттейтін ғылыми зерттеу ұйымы тиімді болып табылады.
Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеулердің бағыты алуан түрлі формаларда болып келеді. Оның ішінде жүйелендірілген бағыттың формасы өте тиімді, ол белгілі бір топталған критериялармен иерархия түрінде байланысқан.
Ғылыми зерттеулердің осындай топталған бағытының негізінде әлеуметтік педагогиканың пәндік құрылымы, оның ғылыми пәндік құрылымы, бағыттың мазмұнын өңдеуде мәселелелік болжамдық қадамдар таңдап алынды.
Әлеуметтік педагогиканың пәндік болжамы және ғылыми зерттеу бағыты әлеуметтік педагогиканың жалпы даму болжамын, ғылыми зерттеулердің бағытын көрсетеді.
Ғылыми зерттеу бағыттарында ғылыми мәселелер көрсетілген.
Гносеологиялық деңгейде әлеуметтік педагогика меңгеру бағында және ғылыми талқылаудың ғылыми пәндермен өзара байланысы негізінде дамиды. Әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік философиямен, саясаттанумен, әлеуметтанумен, педагогикамен, және әлеуметтік психология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік информатика, әлеуметтік медицина, әлеуметтік геронтология, әлеуметтік жұмыс, валеология, акмеология, психиатрия секілді ғылыми пәндермен байланысы ең басты зерттеулердің бастамасы болып табылады.
Алайда жоғарыда көрсетілген және ғылыми пән мен басқа да ғылымдарда көрсетілген білім мен ілімді міндетті түрде әлеуметтік педагогиканың мазмұны арқылы, әлеуметтік педагогиканың өзіндік тәжірибелік құрылымы арқылы трансформациялауға болады, ол әлеуметтік сфераны жан жақты зерттеуге және әлеуметтік педагогиканың адам мен қоғам жүйесінде орнын, оның функцияларын, әлеуметтік сферадағы алуан түрлі секторлардың мазмұндық әрекетін тереңірек анықтауға мүмкіндік береді.
Әлемдік көзқарас деңгейінде мәселелерді дамыту жүйесі жүзеге асырылады, ол өзгермелі экономикалық, саяси, әлеуметтік, діни шарттағы социумды қайта өңдеу мен танудағы әлеуметтік педагогиканың мүмкіндіктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік педагогика зерттеулерге бағытталған жалпы әлеуметтік әсерлерде және социумды анықтауда өз орнын анықтап алу керек.
Әлеуметтік педагог пен әлеуметтік жұмыстың тәжірибелік әрекетін ғылыми түрде анықтап алу керек және әлеуметтік сфера үшін арнайы қамтамасыз ету керек.
Әлеуметтік педагогикалық білімнің гносеологиялық деңгейлік анализінде әлеуметтік педагогиканың әдістемелік теория негізі қалыптасуы мүмкін.
Даму мынадай бағыттарды қамтиды:
Категориалды терминологиялық аппараттың пәнін, мақсатын, міндеттерін, объектілерін талқылау.
Теориялық әсерлерді тәжірибе түрінде қолдаудың нақтылық сферасы.
Ғылыми әлеуметтік педагогикалық зерттеулердің әдісі мен әдістемесін қарастыру.
Ғылыми пән, ғылыми ілім комплексі және тәжірибелік әрекет түріндегі әлеуметтік педагогиканың логикасы мен негізгі функцияларын анықтау.
Әлеуметтік педагогика технологияларының, әлеуметтік педагогика әдістемелерінің дамуын жүзеге асыру.
Түрлі ғылыми мектептерді дамыту.
Әлеуметтік педагог үлгілі оқытушыны қалыптастыру.
Логикалық гносеологиялық деңгей анализінің әлеуметтік педагогикалық ілім негізінде әлеуметтік педагогиканың әдістемелік теориялық мәселелері қалыптасады.
Ғылыми мазмұндық деңгейде әлеуметтік педагогиканың прнциптері мен тәуелділік заңдылықтарын зерттеу жалғастырылады. Осы деңгейде ғылыми педагогиканың өзара жақындасуы мен ғылыми парадигма интеграциясының басталуы жүзеге асырылады,
Әлеуметтік педагогикалық ілімнің ғылыми мазмұндық деңгей анализінде жалпы және жеке теорияны құрайтын әлеуметтік педагогиканың ғылыми теориялық негіздері қалыптасады:
Қоғамды диагностикалау технологиясы «оның алуан түрлі клиенттері, құрылымы».
Әлеуметтік педагогикалық процестерді, әлеуметтік сферадағы кадр әрекеттерінің нәтижелерін өлшеу технологиясы.
Макро және микро қоғамының процестері мен құбылыстарын дамытудағы әлеуметтік педагогикалық болжамдар технологиясы.
Әлеуметтік педагогикалық модельдеу технологиясы, әсіресе аймақтық деңгейде.
Қоғамға әсер етудің педагогикалық жоспарлау технологиясы.
Қоғамда танымдық және қайта өңдеу әрекеттерін әлеуметтік педагогикалық программалау технологиясы.
Әлеуметтік педагогикалық жүйелерді, процестерді және басқа да әрекет түрін дамытуды жоспарлау технологиясы.
Әлеуметтік педагогикалық әрекетіндегі инновациялық өзгерістер технологиясы.
Тұлға жанұя қоғам жүйесіндегі кері байланысты қолдау мен бағалау нәтижелерінің технологиясы.
Әлеуметтік педагогиканың барлық тәжірибелік және теориялық түрлерін ақпараттық қамтамасыз ету технологиясы.
Әлеуметтік педагогиканың ғылыми әдістемелік деңгей анализінде тәжірибелік әлеуметтік педагогиканың құрылымын, мазмұнын,құрылымын, пайдалану ережелерін зерттеу жұмыстары әлі де жалғастырылады және де ғылыми пән ретіндегі ғылыми зерттеулерді, ғылыми ілім комплексі ретіндегі әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік сфера мамандарын даярлау жұмыстары одан әрі жалғастырылады.
Әлеуметтік педагогикалық әрекеттің технологияларын, әдісі мен әдістемелерін және шетел мемлекеттеріндегі әлеуметтік жұмысты, оларды ғылыми жалпылау жұмыстары мен ресейлік шарттарға бейімделу жұмыстарын зерттеу жалғастырылады.
Әлеуметтік педагогикалық ілімінің технологиялық және ғылыми әдістемелік анализінде әлеуметтік педагогиканың ғылыми әдістемелік негіздемелері қалыптасуы мүмкін.
Осылайша, әдістемелік теориялардың, әдістемелік мәселелердің, ғылыми әдістемелік құрылым теориялары әлеуметтік педагогиканың ғылыми мазмұндық құрылымымен сәйкестендіріледі.
Болжамдық нұсқауларда әлеуметтік педагогиканың мәселелік алаңы әлеуметтік педагогикалық тәжірибелер зерттеу бағыттарында көрсетілуі мүмкін. Оған төменде көрсетілген бағыттарды жатқызуға болады.