Драмалық шығармаларға талдау жасау

Дыбыс туралы түсінік беру сабағының үлгісі

Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу

Білім беру саласы: Қатынас

Сабақтың мақсаты: Дыбыс туралы түсінік беру, дыбысты ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл - ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. \

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Психо жаттығу: «Күлімдейік».

- Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде. Егер біз үнемі достарымызға, ата - анамызға, апайларға күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді, ақылды болып өсеміз. Жан - жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел, балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

Таңғажайып кезең. Топқа қонақ келеді. (музыкамен кіреді)

Сәлеметсіңдер ме балалар бұл даярлық топ па?

Мен дыбыстар әлемінің ханшайымымын. Мен сендерге өз әлемім жайлы айтып берейін. Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр, ал олардың үйі міне қандай әдемі.(ауызды көрсетші, аша ғой қане). Үйдің төбесі бар. Еден төменгі таңдай, Есік еріндер. Есік бекем болу үшін сүйек шарбақтар да бар. Бәрі жақсы болар еді, бірақ үйдің шінде ашулы айдахар кіріп алыпты. Алайда кейбір дыбыстар емін - еркін өтіп кетеді және олар қызыл киім киіп алыпты. Ал басқа дыбыстардың. жолына кедергі жасапты. Есікті жауып алады немесе қоршауды қойып қояды. Олар емін еркін шыға алмайды сондықтан көк көйлек киіпті.

Мен жайлы не білесіңдер?

- Сөз, сөйлем, дыбыс, дауысты, дауыссыз дыбыс жайлы балалар айтады.

Менің әлемім жайлы білдіңдер енді мен сендермен қоштасайын. Сендерге қызықты тапсырмалар бар соларды орындасаңдар сендерді сыйлықтар күтіп тұр. Сау болыңдар!

Жұмбақ

Бұл не? Сиыр.

Қай дыбыстан басталып тұр? (С)

С и ы р сөзінде қанша дыбыс қанша әріп бар? 4 әріп 4 дыбыс.

Сиыр сөзін буынға бөлу. Си - ыр екі буын. Қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Екі дауысты, ол и және ы дыбыстары. Ол өйткені созылып әндетіп кедергіге ұшырамай айтылады. Қызыл текшемен белгілейміз.

С, Р - дауыссыз үйткені қысылып кедергіге ұшырап дыбыстауға келмейді.

Сиыр бұл сөз.

Сиыр қандай болады?

Ала бұл да сөз. Енді екі сөзді байланыстырайық. Ала сиыр. Бұл енді сөйлем болады.

2. Балалар көзімізді жұмып ештемені көрмесек те менің дауысымды, иттің үруі, машинаның гүрілін естисіңдер. (таспадан тыңдату) Бұлар дыбыстар.

Оларды көзбен көрмегенмен құлақпен естисің. Оларды естиміз, айтамыз.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.

3. К. Ерешовтың «Ала бұзау» атты әңгімесін оқып беру.

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп, көкорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға келді. бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар шығады? Жел улейді. У - у - у

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

Қандай дыбыстар естіледі? Ш - ш - ш

Тоғайда жүру өте қиын болды.

Маса ызыңдап, мазасын алады. З - з - з

Ескендір қасына еріп келген Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді. Р - р - р

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды байқады.

Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. С - с - с

Жыланды көрген Ескендір қорыққанынан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінеді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалады. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көреді. Ыжылдаған аралар - Ж - ж - ж.

Ескендір ала бұзауын шақырады.- Кәне балалар, бұзауын шақыруға көмектесейікші: Ауқау - ауқау!

Жақын жерден бұзауын үйіне айдап қайтты.

Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз?

4. Сергіту сәті. Мен дыбыстарды дауыстап айтамын, ал сен « А» дыбысын естігенде алақаныңды шапалақта. Естігенде аяғыңды тыпырлат т. с. с қимылдар

О - О - О - У - У - У - А - А - А - Э - Э - Э - Ы - Ы - Ы А - А - А - Т – Т - Т - М - М - М А - А - Я - Я - Ө - А - Е

Қорытынды: «Өз көңіл – күйіңді сал»

Рахмет айтып сіздерге, күлкімізді сыйлайық.

Көріскенше күн жақсы, аман есен болайық!

Драмалық шығармаларға талдау жасау

Мақсаты: Драмалық шығармаға байланысты, көркем шығарманың композициясы туралы мағлұмат беру.

Негізгі ұғымдар:драма, тартыс, қатысушы, көрініс, ремарка, акт, композиция, сюжет.

Драмалық шығармаларды оқытқанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.

Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:

- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;

- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;

- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;

- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;

- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.

Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...” пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік‑ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп, адамдар арасындағы тұрмыстық‑отбасылық қарым‑қатынастың мәнін ашады. Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі – психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі жақты көрінеді: бірі ‑ ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде – адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден, тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған, өркендеу үстіндегі жанр.

Наши рекомендации