Лекция. Оқыту формалары, әдістері, құралдары

Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым.

2. Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері.

3. Сабақтың жіктелуі және құрылымы.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Негізгі ұғымдар: сабақ, білім, іскерлік, оқытудың формалары, топтық дербестік оқыту.

(forma) латын сөзі – сыртқы көрініс, сыртқы бейне мағынасын береді. Яғни, оқытудағы ұйымдастырудың формасы дегеніміз – мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің сыртқы формасы. Мысалы: мұғалім бір топ оқушыны оқытады, жеке оқушыны оқытады. Оқыту түрлері тарихи дәуірлерде үнемі өзгерумен болады.

Ертеңгі құл иеленуші мемлекеттерде Вавилонда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқыту жеке – топтық түрде дамыды.

Орта ғасырларда сабақ бір топ оқушылармен өткізіледі. Сабақ кестесі, дәл мерзімі болмады.

Қазақ жерінде Ы.Алтынсаринге дейін арнайы оқу орындары болмады. Онда бала жеке немесе бірнеше бала бірге оқыды, бірақ олар әрқайсысы әр түрлі оқумен айналысты. Оқушының жас мөлшері белгіленбеді.

Қоғам дамыған сайын оқыту формалары өзгеріске ұшырапотырды. ХҮІ ғасыр Украинада, Белоруссияда туысқандық мектептер пайда болды. Бұл сынып – сабақ системасының алғашқы тәжірибелерін жинақтады.

ХҮІІ ғасыр чех педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактикаң еңбегінде сынып – сабақ жүйесін ғылыми түрде дәлелдеді.

Бұл жүйе бойынша бір жастағы балалар бір класқа топтасты, бір пәнді оқыды, сабақ кесте арқылы жүргізіліп, үзіліске шықты. Оқу жылы тоқсандарға, апталарға бөлініп, коникулдер белгіленді.

ХҮІІІ ғасыр Англияда Белл Лонжастер жүйесі пайда болды. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқытуды үлкен залда 600 оқушымен жүргізді. Одан кейін оқушылар топқа бөлінді, әр топты – маниторлар басқарып оқытты.

ХХ ғасыр АҚШ-та, Германияда оқытудың әр түрлері пайда болды. 1905ж АҚШ – тың Дальтон қаласында Дальтон илон деген түрі қолданылды. Ол лабораториялық-шеберханалық жүйе болды, бұл түр дарынды балаларды оқытуды жақтады. Мұнда оқу жеке – дара жүргізілді, мұғалімнің басшылық ролі төмен болды.

Оқыту – екі жақты процесс, оны сабақ деп атайды. Оқыту мұғалімнің басшылығымен танымдық, тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесінде іске алды. Оқу-білім алу, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру. Оқыту барысында негізгі, жетекші мәселе білім берумен қатар олардың рухани-адамгершілік қасиеттерімен ақыл-ой қабілеттерін дамытады.

Сабақ күрделі психологиялық, дидактикалық, педагогикалық процесс.

Дидактикада сабақтың жіктелуін анықтауға ерекше маңыз берілген. Қоғам дамыған сайын оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдеріде өзгеріп, жаңарып отырады.

Сабақты жіктеу әр пәннің ерекшелігіне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне байланысты.

Ресей педагогтары С.В.Иванов, И.В.Казанцев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Г.И.Щукина, Е.Я.Ралонт т.б. сабақты жіктеу мәселесінде өз пікірлерін айтқан.

Қазіргі мектептерде көп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналар жатады:

1. Кіріспе сабақ.

2. Жаңа білімді игеру сабағы.

3. Қайталау, қорыту сабақтары.

4. Зертханалық сабақтар.

5. Аралас сабақтар.

Сабақтың құрылымы-сабақтың тұтастығын қамтамасыз етеді. Сабақтың құрылымы – мақсатына, материалдық мазмұнына, оқыту әдісіне, оқушылардың әзірлігіне тәуелді болады.

Аралас сабақтың құрылымына тоқталсақ:

а) ұйымдастыру кезеңі.

ә) үйге берілген тапсырманы сұрау.

б) жаңа материалды баяндау.

в) жаңа материалдарды бекіту.

г) үйге тапсырма беру.

Мұғалім сабақта оқушылардың белсенділігін оятады, олардың қабілетімен санасады. Сондықтан мұғалім оқушылармен жеке дара, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырады.

Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне мыналар жатады:

1. оқулықпен жұмыс

2. практикалық жұмыстар

3. зертханалық тәжірибелерді орындау.

Сабақ мұғалімнің творчествалық, шығармашылық қабілетіне, ұйымдастыруына қарай өзгеріп отырады.

Сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесін сақтаудың мұғалім үшін негізгі жолы жоспар жасау. Олар тақырыптық және сабақ жоспары болып бөлінеді. Тақырыптық жоспар жарты немесе толық оқу жылына жасалады, ол сабақ жоспары әр сабаққа арналып жасалады. Алдымен сабақтың тақырыбы, міндеті, типі анықталады.

Үйге берілетін тапсырма мазмұны көрсетіледі.

Жаңа тақырыптық бекіту сұрақтары беріледі.

Сабаққа мұғалім жүйемен әзірленсе, оқушылардың оқу еңбегі жақсы ұйымдастырылады.

Сабақ жоспары мұғалімнің дайындығымен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды, бұл мәлімет мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді.

Наши рекомендации