Күндізгі бөлімінің жұмыстық оқу бағдарламасы
ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В021000 «Шетел филологиясы» (ағылшын)
Курс: 3
Семестр: 6
Қарағанды 2013
Құрастырушы:Қағазбаев Жаңбырбай, ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті
Сейлханова Айнұр Ерғалиқызы, ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының оқытушысы
«Педагогикалық акмеология» пәні бойынша дайындалған оқу-әдістемелік кешен кәсіби біліктілігі жоғары болашақ педагогтар –шетел тілдері мұғалімдерін даярлау жүйесіне қойылатын талаптарға сай құрастырылды. Курстың мазмұны дәріс сабақтарының тезистерін, тақырыптық жоспарды, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспарын, студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспарын, курстық жұмыстар және жазбаша жұмыстар тақырыптарын, өзіндік бақылау үшін тест тапсырмаларын және курс бойынша емтихан сұрақтарын қамтиды.
Несиелік жүйе аясында шетел тілдері факультетінің 5В021000 «Шетел филологиясы: ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөлімінде білім алатын 3 курс студенттеріне арнайы дайындалған.
«Педагогикалық акмеология» пәні бойынша5В021000 «Шетел филологиясы» (ағылшын) мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен /Құраст. Ж.Қағазбаев., А.Е.Сейлханова–Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2013 – 102 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2013
1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (№1 қосымша)
Күндізгі бөлімінің жұмыстық оқу бағдарламасы
Оқу мерзімі | Курс | Семестр | Кредиттер | Дәрістер | Семинарлар | СОӨЖ | СӨЖ | Барлығы | Бақылау түрі |
жыл күндізгі қысқартылған | емтихан |
№ | Тақырып атауы | Дәрістер | Семинарлар | СОӨЖ | СӨЖ |
Адамның жоғары деңгейдегі білімінің аясындағы педагогикалық акмеология | |||||
Педагогикалық акмеология аясында педагогтың кәсіби тұлғасы | |||||
Ұстаздық қарым-қатынас акмеологиялық проблема ретінде | |||||
Кәсіптік педагогикалық білім беру жүйесінің когнитивтік компоненті | |||||
Акмеәлеуеті бар білім беру технологиялары | |||||
Құзыреттілік - заманауи білім беру жүйесіндегі негізгі және базалық акмеологиялық категория | |||||
Барлығы |
3. Пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Қағазбаев Жаңбырбай
e-mail: [email protected]
Сейлханова Айнұр Ерғалиқызы
e-mail: [email protected]
Ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасы
(№9 ғимарат, шетел тілдері факультеті, 218-ші кабинет)
3.2 Пререквизиттері:Тілдік қарым-қатынас мәдениетінің практикумы, Кәсіби педагогика мен психология негіздері, Педагогика және психология, Арнайы мақсаттағы тілді оқыту, Шетелдік білім берудің қазіргі әдістемесі, Лингвомәдениеттанудың когнитивті негіздері.
3.3 Постреквизиттері: Әлеуметтік-саяси салада қарым-қатынас жасау тілі, Лингводидактика, Мәтіннің прагматикалық қалыптасуы, Жалпы кәсіби арнайы шетел тілі (С2 деңгейі), Екінші шетел тілінің тарихы мен мәдениеті.
3.4 Пәннің қысқаша мазмұны.«Педагогикалық акмеология» курсы болашақ шетел тілдері мұғалімдерін педагог қызметінде кәсіби шеберлік пен құзыреттілікке жету жолдарымен таныстырады және ол шетел тілдері мұғалімін кәсіби педагогикалық даярлау жүйесіндегі басқа іргелес пәндермен байланысты. Аталмыш курс таңдамалы пәндер жүйесіне кіреді.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері:
«Педагогикалық акмеология» курсының мақсаты:
Акмеологиялық тұрғыдан білімді педагог даярлаудың негізін қалыптастырып, кәсіби шеберліктің шыңына жетудің алғашқы білік-дағдыларын меңгерту болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
- Педагогикалық акмеологиялық проблемалар туралы студенттердің білімін қорытындылап, бір жүйеге келтіру;
- Педагогтың кәсіби шеберліктің жоғарғы сатысына көтерілудің заңдылықтарымен таныстыру;
- Студенттерді педагогикалық акмеологияның педагогтың үздіксіз кәсіби кемелдену туралы ғылым екенін негіздеуге баулу;
- Педагогикалық акмеологияның теориялық-әдіснамалық негіздерін зерделеу;
- Педагогикалық акмеологияның педагогика және психологиямен байланысын анықтау;
- Педагогикалық акмеология аясында ұстаздық қарым-қатынастың рөлін ашып көрсету;
- Педагогикалық акмеология шеңберінде оқытудың когнитивтік әдістерімен таныс болу;
- Педагогикалық акмеологиядағы бағыттары мен даму болашағы туралы мағлұмат алу;
- Студенттерді заманауи акмеәлеуеті бар білім беру технологияларын қолдану жолдарына үйрету;
- Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуге баулу;
3.5 Оқу нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттіліктер)
Аталмыш курс бойынша білім алғаннан кейін студенттер акмеология ғылымы бойынша тиянақты мағлұматтар алып, акмеәлеуеті бар технологияларды оқу үдерісінде пайдалана білуге, және шеберлік шыңына жетудің әдіс-тәсілдерімен танысып педагогикалық іс-әрекетін жүйелі, сындарлы түрде ұйымдастыра алатын педагог болады деп күтілуде.