Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
Информатиканы оқыту әдіснамасы курысының мақсаты :болашақ мұғалімдерге бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру, барысында қажет болатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту барысын ұйрету жұмыстарымен байланысты кәсіби білім мен білік қалыптастыру.
Оқушылардың ақпараттық мәдениеттін және алгаритімдік ойлауын қалыптастырудың барысы мен оның нәтижелерін зеріттееу.
Қоғамның қазіргі даму кезеңіннен әлеуметтік суранысына сай бастауыш сыныпттар мұғалімінің кәсіби даярлығын сапалық деңгейін көтеру болып табылады.
Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
Ақпарат - ( лат, information түсіндіру, мазмұндау ) деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірден басты техникалық салада пайдаланатын көп мағаналы ұғым.
Ақпарат - сақтау, түсіндіру, жөнелту дәне пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлемтуралы мәліметтер.
Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Word Pad мәтіндің редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындайды :
Іске қосу- Программалар - Стандартты - Word Pad.
Word Pad - та құжат құру .
1. Қарып және оның өлшемін талдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде теөмен жылжытылып отырады. Мәтінің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуәрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Бастауыш сыныптарда пәнді оқуды жоспарлау.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары.
Информатиканы оқыту әдіснамасы курысының мақсаты :болашақ мұғалімдерге бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру, барысында қажет болатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту барысын ұйрету жұмыстарымен байланысты кәсіби білім мен білік қалыптастыру.
Оқушылардың ақпараттық мәдениеттін және алгаритімдік ойлауын қалыптастырудың барысы мен оның нәтижелерін зеріттееу.
Қоғамның қазіргі даму кезеңіннен әлеуметтік суранысына сай бастауыш сыныпттар мұғалімінің кәсіби даярлығын сапалық деңгейін көтеру болып табылады.
Ақпарат ұғымы туралы түсінік.
Ақпарат - ( лат, information түсіндіру, мазмұндау ) деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірден басты техникалық салада пайдаланатын көп мағаналы ұғым.
Ақпарат - сақтау, түсіндіру, жөнелту дәне пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлемтуралы мәліметтер.
Word Pad” мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
Word Pad мәтіндің редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындайды :
Іске қосу- Программалар - Стандартты - Word Pad.
Word Pad - та құжат құру .
1. Қарып және оның өлшемін талдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде теөмен жылжытылып отырады. Мәтінің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуәрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың әр түрлі жолдары.
Бастауыш сыныптағы информатиканы оқытудың түрлі жолдары төмендегідей: Қолданушылық.Мұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы. Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс:
оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану: программаны еңгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
Ақпараттық-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды. Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу.Ғалымдардың зертеулері бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұғынады.
5. Курсты бағдарлама мен информатиканың оқу құралдарымен қамтамасыз ету ортақ оқу-әдістемелік топтаманың құрамдас бөлігі(дұрыс па білмим сұрақты түсінбедім.примерно жаздым.ренжімендер)
Информатиканың жоғары оқу орындарындағы жаңа курстарын құру мен дамыту объект және оқу құралы ретінде қатысатын түрлі компьютерлік құралдарды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттандыру құралдарының сапасынан информатиканы оқытудың тиімділігі тәуелді болады.
Информатиканы оқытудың құралы ретінде білім беру электрондық ресурстарын қолданумен жүзеге асырылатын оқыту әдістемесі ерекше рөл атқарады. Зерттелетін тақырыпқа зерттеу жүргізгенде, электрондық ресурстардың қалыптасу және құрылу тәсілдерін игеру керек.
Ақпараттық материалдардың, оларды жүзеге асыруда қажетті техникалық құралдармен байланысты екендігін түсіну керек. Магнитофон мен кассета, проектор мен слайдтар жиыны білім беруде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өткен ғасырдың соңында әрбір оқытушы техникалық оқыту құралдары жайлы кішкене болса да, хабардар болатын.
Бірақ, бұл құралдар студенттерге информатиканы оқытуда толық қолданылмаған.
Бүгінгі күні жүргізу үшін компьютерді қажет ететін электрондық ресурстар қолданылады. Электрондық ресурстар немесе басылымдар деп материалдық тасымалдағыштарда: дискетада, оптикалық компакт-дискілерде (CD-ROM, DVD) орналасқан өнімді айтады. Оларды кітаптар сияқты қолда ұстауға да болады, ол өнімдерді тарату үшін физикалық тираждау керек.
Жазудың магнитті әдісі ретінде қолданылатын дискеталар бірте-бірте қолданыстан кетіп қалды. Оларда сақталатын жаңа ақпараттардың көлеміне дискетаның сақтау қасиеті (1,4 Мбайт) аз. Оларды оптикалық компакт-дискілерде CD-ROM (Compact Disk-Read Only Memory – 700 Мбайт) және DVD (Digital Versatile Disk – 3 – 9 Гбайт) тасымалдайды.
Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 7-8 жыл (Қазақстанда).
Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі – ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.
Техникалық оқыту құралдары білім алушыға аудиовизуалды ақпаратты ұсынады. Бұл маңызды қасиет. Бірақ үш кемшілігі бар. Біріншіден, техникалық оқыту құралдары интерактивті емес. Ортасынан немесе басынан бастап қайта көру немесе есту ғана мүмкін. Екіншіден, бұндай құралдарда аудиодиск қолданылады, ал оларды плеерсіз тыңдау мүмкін емес. Үшінші кемшілігі – құрылғыны жүргізу әртекті. Тағы бір аспект – кітапты оқығанда ойлау және елестету дамиды, кітап аз да болса интерактивті – берілген беттері арқылы қажетті бөлімді оңай табуға болады. Сондықтан да, техникалық оқыту құралдары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданыс таппай отыр.
Электрондық ресурстар да аппараттық қолдауды, яғни компьютерді қажет етеді. Бұл кітаппен салыстырғанда олардың кемшілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 80–жылдары компьютер тек символдық (әріптер, сандар) ақпаратты ғана емес, аудиовизуалды ақпаратпен жұмыс істеуді үйретті. Видеоқатар мен дыбыстық қатарларды сандық түрде кодтауды үйретті. Нәтижесінде, бүгінгі күні белгілі кез-келген ақпаратты: мәтін және сандық кесте, сурет және фотографиялар, анимация және видео, музыка және
сөздерді физикалық деңгейде бірыңғай сандық кодта сақтау мүмкін болды.
Ақпаратты көрсетудің барлық түрлері қосылған, бір тасымалдағышта ақпараттық өнімнің болуын білдіретін, «мультимедиа» деген термин пайда болды. Сәйкесінше, бұл өнім барлығына бірдей құрылғы – компьютерде көрсетілді.
Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.
Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі .
Сонымен, информатиканы оқытуда жетістікті оқу құралы электрондық ресурстар болып табылады. Бұндай құралдар бірден бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асады. Соңғыуақытта Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа
құжаттарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Гипермәтін ойының әрі қарай дамуы гипермедиа болып табылады, яғни гипермәтін мен мультимедианың қосылысы, мәтінге график, дыбыстық қосылыс, видеофрагменттер қосылған орта. Осы орталарда беттер арасында бір-біріне өту мәтіндер арқылы емес, бейнелер арқылы жүргізілуі мүмкін.
Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты. World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта деп айтуға болады.
Жаңа компьютерлік коммуникациялардың жоғары білім беру саласында оларды жемісті қолдануды қамтамасыз ететін сипаттамалары бар.
Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға, интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға, Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады.
Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.
Электрондық пошта жаңа телекоммуникациялық құралдардың негізігі компоненті болып табылады. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады.
Оны жүзеге асыру үшін локальды компьютерлік желілерді немесе дәстүрлі телефон желісін қолдануға болады. Білім беру саласында электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі аймағында немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады.
Телекоммуникациялық қатынастың тағы бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға өздері де қатысатын қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады.
Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру мекемелері өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Сірә да қазір, интернет ауқымды желісінде табу мүмкін емес ақпарат жоқ шығар. Интернет өзінің көлемдері мен мүмкіндіктері жөнінен бірегей мәліметтер қоймасы болып табылады. Мұнда әлемдегі бар нәрсе туралы ақпараттың өте көп түрі сақталады. Сол сияқты, желіде білім беруде пайдалануға болатын интернет ресурстардың үлкен көлемі бар. Бұл сайттар интернетте үлкен сұранысқа ие.
Білім беруде интернет ресурстары өте жиі қолданылады. Тіпті интернетті ақпарат көзі ретінде оқушылар мен студенттер де қолданады.
Интернет ресурстардың көп бөлігі тек қана мектеп бағдарламасына арналған.
Әдетте бұл, әртүрлі шешімдер жинақтары, шпаргалкалар, дайын рефераттар, оқу әдебиеті. Алайда онда шынымен де қызықты ақпараттық ресурстар да кездеседі. Тіпті оларға емін-еркін қол жеткізуге де болады, яғни тегін алуға болады. Айтып кеткеніміздей, білім берудегі ақпараттық ресурстарды жоғары оқу орындарының студенттері де пайдаланып жүр. Себебі интернет кітапханадан іздеп табу қиын немесе кейде табу мүмкін емес ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда білім берудегі интернет ресурстары – не туралы болмасын ақпаратты сақтайтын немесе дайын жұмыстарға арналған сайттар ғана емес.
Жыл санап интернетте әртүрлі оқу орындарының білім беру ресурстарының көптеген саны шыға бастады. Бұл дегеніміз әртүрлі оқу пәндері бойынша кеңейтілген ақпаратты сақтайтын білім беру сайттары болуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ интернетте қашықтан білім беру жүйелері де берілген. Осындай интернет ресурстарының арқасында көптеген адамдар оқу орнына бармай-ақ, қашықтан оқу мүмкіндігін алды. Олар басқа қалаларда, тіпті басқа мемлекетте өмір сүрсе де осындай интернет ресурстар көмегімен білім ала алады, өйткені ауқымды компьютерлік желінің мүмкіндіктері шексіз.
Бертінге дейін біздің елімізде интернет шын мәнінде қол жеткізу қиын байлық қатарында болды, оны кез-келген адам өзіне қолдана алмайтын еді.
Және бұл жерде мәселе қаржы жағында ғана емес, әрине қаржының да
маңызы жоқ деуге болмайды, бірақ таза техникалық жағынан алғанда адамдар интернетке барлық жерде қосыла алмайтын. Ауқымды желі жұмысы тек қана ірі қалаларда ғана іске татырлық болатын. Алайда соңғы кездерде жағдай түп-тамырымен өзгерді. Сөйтіп, қазір интернет әрбір үйде бар деуге болады және өте көптеген адамдар интернет ресурстарды өздерінің білім алуына пайдалана алады.
Интернет мектептегі білім беру мен жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін бірегей мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім беру ақпаратының таусылмайтын массиві ғана емес, сонымен бірге оны іздеу, өңдеу, қою құралы қызметін де атқарады. Интернет оқушының шығармашылық жағынан өзін-өзі шыңдауын, оның екпінді интеллектуалды және коммуникативті еңбегінің керемет көзі болып табылады, соның нәтижесінде оқушыда қажетті білімдер, біліктілікпен дағдыға ие болу мүмкіндігі пайда болады. Қазіргі уақытта Интернетте мектептегі білім беру мақсаттарындағы ресурстарды жасау және бір жүйеге келтіру үрдісі қызу жүріп жатыр. Білім беру веб-сайттары жаңа білім беру ақпараттық технологияларының маңызды элементі бола бастағандықтан, пән мұғалімдері мен әдіскерлерді Желінің дидактикалық потенциалымен, мұндай сайттардың оқушыларды тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарында бере алатын мүмкіндіктерімен таныстыру маңызды. Білім беру ресурстарының әртүрлі классификациясы бар. Мектеп бағдарламасының әртүрлі пәндері бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін
Оқушылардың өздік жұмыстары ресурсы. Бұл категория ресурстарына қойылатын талаптар: контингенттің жас ерекшеліктерін есепке алатын мазмұндау қарапайымдылығы, жоғары көрнекілік, оқыту бағдарламасына сәйкестік, оқушыға оқыту нәтижесін дұрыс бағалауға және ары қарайғы сабақтарды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс алуға мүмкіндік беретін, білімін бақылау жүйесінің болуы.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуына арналған ресурстар. Бұл категорияны тағы да екі категорияға бөлуге болады: көрнекі материалдарды іріктеуге арналған және әдістемелік ресурстар. Ресурстардың бұл түріне қойылатын негізгі талаптар ондағы бар ақпараттың шынайы және мол болуы болып табылады.
Мұғалімнің өз білімін көтеру ресурсы. Ресурстардың бұл категориясына әртүрлі қашықтан оқыту сайттарын, сондай-ақ институттар мен қоғамдар т.б. сайттарын жатқызуға болады. Сабақта практикалық жұмысты ұйымдастыруға арналған ресурс.
Мұнда виртуалды эксперименттерді, лабораториялық жұмыстарды т.с.с. өткізу үшін мультимедиалық технологиялар мен интернетті қолдануға мүмкіндік беретін ресурстар жатады.
Пән бойынша сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру ресурсы. Бұл әртүрлі интерактивті викториналар, конкурстары бар, сондай-ақ қызықты
тәжірибелерді ұйымдастыру бойынша материалдар т.б. орналастырылған сайттар.
Қазіргі уақытта интернет-ресурстарды оқу процесінде пайдаланудың
әдістері мен формалары жасалу үстінде. Әртүрлі пәндер бойынша оқу процесінде интернет ресурстарды қолдану бойынша «Интернет-білім беру сұрақтары (http://center.fio.ru/vio)» электронды журналынан табуға болады.
Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі бойынша интернет-ресурстар мен әдебиеттерге көптеген сілтемелерді «Ашық колледж (http://www.college.ru/)» сайтынан және басқа да интернет-ресурстарының білім беру каталогтарынан көруге болады.
Мұндай электронды журналдар мен қашықтан оқыту курстарында интернет-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін презентация-сабақтар, зерттеу сабақтары, виртуалды эксперимент, лабораториялық сабақ, тақырыптық жоба, электронды викторина, білім бақылау, факультатив, желілік жоба, жекелеп оқыту, қосымша сабақ сияқты сабақтар түрлері ұсынылады.
Әрине басқа да формалар болуы мүмкін, мысалы, «виртуалды экскурсия», желілік ойын, пресс-конференция, шығармашылық есеп-сабақ, қашықтық олимпиадалар, телекоммуникациялық жобалар және басқалар.
Интернет ресурстары мұғалімдер үшін өзінің квалификациясын көтеру мақсатында қолданылуы мүмкін(желілік әдістемелік бірлестіктер, виртуалды педагогикалық кеңестер, қашықтан оқыту, желілік жобаларға қатысу т.б.) Қашықтан оқыту курстарында білім беру интернет-ресурстарын келесі түрде пайдалануға кеңес береді:
— сабақтарға дайындық жүргізуде, яғни, қажетті дидактикалық материалдарды ары қарай offline режиміндегі сабақтарда пайдалана алатындай жинақтау;
— желіден компьютерлік оқыту және модельдеуші бағдарламаларды ары қарай сабақта қолдану үшін көшіріп алу;
— желі ресурстарын пайдалану арқылы online режимінде сабақ өткізу, мысалға анимациялар, апплеттер немесе интерактивті виртуалды лабораториялар пайдалану арқылы сабақ өткізу;
— оқыту мен білім деңгейін тексеруді қашықтан оқыту сабақтары мен тесттері арқылы ұйымдастыру;
— оқушыларды үй тапсырмасын орындау үшін желінің білім беру ресурстарына бағыттау;
— оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарда интернет-ресурстарды пайдалану, мысалы, жоба құруда; оқушылардың қашықтық олимпиадалар мен викториналарға қатысуын ұйымдастыру;
— ауқымды желінің ресурстарын әртүрлі телеконференциялар мен виртуалды педагогикалық кеңестерге қатысу арқылы немесе чаттарда және электрондық почта арқылы әріптестермен пікір алмасып, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктер сайттарында орналасқан көптеген материалды оқып- үйрену арқылы өзіндік кәсіптік деңгейді көтеру үшін пайдалану.
Жалпы ақпараттық білім беру мен интернет-ресурстарды оқу үрдісінде қолданудан күтілетін нәтижелер:
Білім беру ортасынының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
Түрлі әлеуметтік топтар мен түрлі аймақ өкілдеріне білім алу мүмкіндігінің тең дәрежеде болуы;
Үздіксіз білім беру жүйесін қолдау;
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерлік технологияны қолдану арқылы ақпаратты сақтау және өңдеу жұмысының тиімділігінің артуы;
Оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
Педагогтар мен оқушылардың 21 ғасырдың ақпараттық технологиясына инновациялық және базалық дайын болуы.
Оқушылардың оқу материалын көрнекі мультимедиялық құралдарды қолдану арқылы жақсы меңгеруі;
Ақпарат ресурстарына локальді желі немесе Интернет арқылы шығуы 21 ғасырдың медиасауаттылық, сын және жүйелі ойлау, шығармашылық міндеттерді шешуге қабілеттілігі, командада жұмыс жасай білу, дербестік, терең ойлай білу, азаматтық сананың болуы сияқты қасиеттерден тұратын сапасы мен білігінің даму деңгейі;
Әлемдік білім беру кеңістігінде кіріктірілу;
Халықтың оқу мекемелері ұсынған білім беру қызметінің кешенімен қамтамасыз етілуі;
Педагогтер мен оқушылардың оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының, оқу әдістемелік кешенмен және т.б. еркін таңдауының қамтамасыз етілуі;
Оқытушылар мен оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет мотивациясының, қарым-қатынас мотивациясының, қол жеткізу мотивациясының жоғары деңгейі.