Информатика сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формалары
Бастауыш сыныптарда оқушылардың компьютер сыныбында жұмыс жасау іс-әрекетін ұйымдастыру формаларының бірнеше нұсқасын қарастырайық.
Бірінші нұсқа.Информатика пәнін оқытудың фронтальдық формасын (нысанын) жүзеге асыру үшін арнаулы кабиетте аптасына бір сабақ өткізіледі. Ол кабинетте CD-ROM құрылғысымен және аудиожүйемен (колонкалар) жабдықталған бір компьютер болады. Компьютермен байланысқан үлкен экранды медиапроектор немес сол компьютермен басқарылатын кең экранды теледидар болуы тиіс. Компьютер, бұған қоса, Интернетке қосылған мектептің жергілікті есептеу жүйесімен жалғасып тұрса артық болмайды.
Мұнда сынып оқушылары шағын тоншаларға бөлінбей толық оқытылады. Компьютер «электрондық тақта» рөлін атқарып, оған оқушылар кезекпен шақырылып, олар оқу программасына сәйкес компьютерде командаларды орындау режимінде жұмыс істейді. Сыныпта фронтальдық жұмыс жүргізу үшін сабақты көрнекі түрде өткізу мақсатында компьютерді проектерға немесе үлкен экранды теледидарға қосып қою керек. Информатика сабағын басқа пәндермен байланыстыра отырып өткізу үшін, сабақ кестесінде ол – сол пәндердің алдында немесе артында қойылуы тиіс.
Мұғалім компьютермен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін – компакт-дискідегі электрондық оқыту программаларын пайдалануды, компьютерде мәтінмен, графикалық бейнелермен жұмыс істеуді білуі тиіс. Оқытушының бұған қоса Интернет желісіне қосылып, электрондық поштамен мәлімет алмасу жолдарын білгені дұрыс.
Осындай тәсілмен сабақ өткізуде компьютермен тікелей оқушылардың жұмыс істеу уақыты 15 минуттан аспауы керек, яғни ол сабақтың жартысынан аз уақыт кезеңін ғана пайдаланады. Компьютерді 2-3 минуттан аспайтын бірнеше уақыт мерзімдерінде қолданған дұрыс.
Компьютерде осындай режиммен сабақ өткізуде қазақ тілі, ана тілі, математика, айналамен танысу, еңбекке баулу, музыка пәндерінен электрондық оқыту бағдарламаларын (Мысалы, «Компьютер және балалық шақ», «Кирилл и Мефодий» компанияларының өнімдерін) және өнер, театр, көшеде жүру ережелері, саяхат және т.б. аймақтар бойынша энциклопедиялар пайдалану қажет.
Екінші нұсқа.Оқушыларды компьютерлер көмегімен информатикаға оқытудың аптасына бір рет өткізілетін екінші тәсілі де оларды шағын топшаларға бөлмей, мектептің ақпараттық орталығында өткізіледі.
Мектептегі информациялық орталық 3-7 компьютермен жабдықталып, олар жергілікті желіге (мүмкін Интернетке де) біріктіріледі. Мұндай қосылған кабинет компьютерлермен оқытатын электрондық кітапхананың қазіргі кездегі бір варианты сияқты болып, ол негізінде кітапханада орналасуы мүмкін. Информациялық орталықта кәдімгі оқу залындағы тәрізді столдар, орындықтар, басқа да оқу құралдарына раналған сөрелер, текшелер болуы тиіс.
Ақпараттық орталықта информатиканы оқытуды жобалау тәсілімен жүргізуге болады. Ол үшін сынып оқушылары 3-4 адамнан топтарға бөлінеді де, олардың әрқайсысы жұмыс зонасы деп аталады. Әрбір зона оқушылары екі партаға, бір компьютерге, оқу құралдарына және таратылатын материалдарға (Лего конструкторлары, түрлі түсті қағаздар, альбомдар, жетілдіру-дамыту ойындары т.с.с.) иелік етеді. Топтың жұмысын мұғалім реттеп отырады: бір оқушы компьютерде 5-7 мин. көлемінде жұмыс істейді, басқа оқушылар бұл кезде басқа істерді – жобаның үстелде орындалатын бөлігін жасайды. Сонымен бір топ сабақтың 20-30 минутында компьютердегі жұмыспен айналысады, оның көлемі оқу құралдарындағы жобалық тапсырмаларға сәйкес құрастырылады.
Мұғалім осы тапсырмаларды компьютерде орындай алатын дәрежеде болып, алғашқы Лого программасын, пернетақталық тренажерді меңгеріп, кең таралып келе жатқан «Никита», «Малыш», «Компьютер және балалық шақ», т.с.с. кешендік программмаларды білуі қажет.
Үшінші нұсқа.Мұнда информатика сабағы сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, олард жеке-дара оқыту арқылы аптасына бір рет өткізіледі. Сабақты оқушыларды 10-12 компьютерге жеке-дара орналастыру жолымен бастауыш сыныптың өз мұғалімі мен информатика мұғалімі бірігіп, 15 минуттық кезеңдерге бөле отырып жүргізеді. Компьютерлер Интернетке, жергілікті желіге қосылған мұғалім жұмыс орнына немесе арнаулы серверге, принтерге (сканерге, проекторға) жалғануы тиіс. Сабақтың компьютерсіз өтетін бөлігін бастауыш сынып мұғалімі 15 минут кезеңінде алдымен бір топ үшін, соңынан екінші топ үшін бөлек өткізеді. Ал сабақтың компьютерді пайдаланатын бөлігін информатика мұғалімі 15 минут кезеңінде алдымен екінші топ үшін, сонан кейін бірінші топ үшін жүргізеді.