Психо-эмоционалды қысымды түсіру жаттығулары
Жаттығу «Менің қорқынышымды түсін»
Бұл жаттығу баланың қорқыныш қашықтануынан қабылдау қорқыныш проблемасынан құрылған.
Қатысушыларға тапсырманың жолақ ережесін таратады, бір жағында сөйлем жазылған, ал екінші жағында соның жалғасы болады. Құрдастары не айтқысы келді бұнымен қатысушыларды 2-4 адамнан тұратын аз топқа бөлуге болады, әр топқа бір карточкадан беріледі. Балалар әр сөйлемнен қандай әр түрлі түсініктеме ажырата білу керек. Мысалы; карточканың бір жағына жазылған: «маған қорқынышты, қашан ...»; екінші жағынан; «... мен жаңа адамдармен танысамын». Түсініктеме: бірінші танысқан кезінде адам оған сенімсіздеу болады немесе адам жаңа жағдайда өзін қалай ұстауын білмейді. Осы жағдайда балалар тапсырманы жасай отырып айта бастайды, оларда көптеген қорқыныш пайда болады. Сіз осы бейне арқылы шеше алмай жүрген ақпаратқа дәлелдеме аласыз.
Жолақ 1.
Маған қорқынышты қай кезде...
Мен жаңа адамдармен танысқанда басқалар менің істеген жұмысымдыбақылаған кезде.
Маған сұрақтар қойғанда және оларға жауап беретін кездегі қорқыныш
Жолақ 2.
Мен қорқам, егер...
Мен туралы басқалар қалай ойлайды. Маған қарсылық білдіреді.
Маған біреу қарсы екенін сеземін.
Жолақ 3.
Мен түсінемін, қай кезде қорқатынымды. Қорқам. Менің қолым мұздап кетеді. Маған нашар болады. Басым айналады.
Осы кезеңнің мақсаты-қорқыныштың пайда болуы көрсету және одан өзін-өзі ұстау жолын анықтау. Не себептен адам қорқады, не үшін табиғат осылай жасайды, адамдар да не үшін қорқыныш пайда болатынын балалармен бірге талқылау. Осыдан кейін сұрау керек, кімде кім қорқынышқа шыдай білсе, онда сол адам жеңе біледі, бұл қалай болуы мүмкін. Балалардың көңілін мынаған бөлу керек, қорқынышты жасыру және оны жеңе білу-мінезді әр түрлі жолдарына байланысты.
Жасөспірімдердің тұлғааралық қатынасын дамытуға арналған жаттығулар
«Сен маған ұнайсын»
Мақсаты:Балалар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
Нұсқау: Барлықтарың ортақ шеңберге отыруларыңды өтінемін. Мен сендерге өте қызық бір ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір – бірімізді біріктіретін үлкен бір түрлі-түсті өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар, әрқайсымыз өз сыныбымыздағы жолдастарымызға деген мейірімді ойлар мен сезімді көрсете аламыз. Қазір мен сендерге ойынның жүргізілу тәртібін айтамын.
Жіп орамының ұшын бірнеше рет алақанда ораймыз да орамды балалардың біріне көрсетесіңдер. Сендер менің не істегенімді көріп тұрсындар, мен “өрмекші торында” келесі болатын оқушыны таңдадым. Орамды біреуге бергеннен соң: “Қанат,(Ғалым, Берік) сен, маған ұнайсын, себебі,...” – деп ойыңды жалғастырасың мысалы, мен былай айтамын: “Қанат! Сен маған ұнайсын, себебі, сабақ басталмас бұрын сен маған сыныптың есігін аштың”. Оған айтылып жатқан сөздерді тыңдап болған соң, Қанат өрмекшінің торы тартылып тұруы үшін, өз алақанын жіппен орайды. Содан соң орамды кімге берерін Қанат ойлап, шешуі керек. Орам келесі қатысушыға келгенде, Қанат ойыншыға былай дейді: “Ұлжан, сен маған ұнайсын, себебі сен маған кеше математикадан қиын тапсырманы шешуге көмектестің”. Бұл адам сізді немен қуантқалы отыр немесе сіз не үшін алғыс білдіргіңіз келетіні туралы айта аласыз. Осылайша біздің ойынымыз әрі қарай жалғасады. Орамды беріп жатқанда сізге не айтқанын жақсылап есте сақтаңыз.
Ойын барысында барлық балалар орамды алып шығуын мұқият қадағалаңыз. Егерде кейбір балаларда алғашқыда “сен маған ұнайсын, себебі...” деген дәйек сөзді айту қиындық тудырса, оны “маған ... ұнайды” деген сөздермен ауыстыруға мүмкіндік беріңіз.
Бірте – бірте “Өрмекшінің торы” өсіп, толықтырылады, соңғы орамды алған бала, оны кері бағытта жинай бастайды. Онда әрбір бала жіп орамын жинай отырып, баланың есімі мен қандай сөз айтқанын қайталап, балаға орамды қайтып береді.
Жаттығуды талдау.
- Басқа балаларға жағымды нәрселерді айту саған оңай ма?
- Осы ойынға дейін саған жағымды нәрсені кім айтты?
- Біздің сынып жеткілікті тату ма?
- Бұл ойында бір нәрсе сені таң қалдырды ма?
Жақсы дос”.
Мақсаты:Сыныптағы өзара достық қарым-қатынасты дамыту. “Жақсы дос” ойыны бұл маңызды тәрбиелік тапсырма.
Қажетті құрал: әрбір балаға-қағаз, қалам, фломастер.
Нұсқау: Өзінің жақсы досың туралы ойла, бұл шын мәнінде дос болып жүрген адамның болуы мүмкін. Егер сенің шынайы досың болмаса, онда сен жай ғана елестетуіңе болады. Кіммен енді достасқың келетіні жайында ойлан. Сен ол адам туралы не айта аласын? Сендер бірігіп не істей аласыңдар? Сенің досың қандай? Саған оның қандай қасиеті қатты ұнайды? Сендердің достықтарыңның әрі қарай нығаюы үшін не істемексіңдер?
Осы сұрақтар бойынша ойланып көр, оған жауапты қағазға жаза аласың, суретін салсаң да болады (15 минут).
Ал, енді төрт адамнан топқа бөлініңдер, егер қаласаңдар өз суреттеріңді және шығармаларыңды бір-бірлеріңе көрсетуге болады. Бұл жаттығуды орындап жатқанда не туралы ойлағандарыңды айта аласыңдар. Сендердің төрттіктеріңдегі балалардың не айтатынын мұқият тыңдаңдар (10 минут).
Жаттығуды талдау:
- Адам досты қалай табады?
- Неліктен өмірде жақсы достар қажет?
- Біздің сыныпта сенің досың бар ма?
«Досыңды тап»
Жаттығу балалар арасында немесе балалар мен ата-аналары арасында орындалады. Ойыншылардың жарты бөлігінің көзін байлап бөлме ішінде жүріп өз досын табуды ұсынады. Қол көмегі арқылы шашын,киімін,қолын сипалауға болады.Досы табылған жағдайда ойыншылар рөлмен ауысады.
«АйдаҺар»
Ойыншылар бір-бірінің белдерінен ұстап,сызық бойында тұрады. Бірінші ойыншы- басы,соңғысы айдаҺар құйрығы. АйдаҺардың басы құйрығына жетіп ,оған қолын тигізуі тиіс. АидаҺардың денесі бөлінбейді. Басы құйрығын ұстаса, ол енді құйрық ролінде болады. Ойын әрбір ойыншы екі рольде болғанша жалғасады.