Жылдың басы және аяғындағы даярлық топтарда динамикалық білім сапасы.

Жыл басы

Білім деңгейі

Балалардың білім деңгейі оқу жылының басымен салыстырғанда олармен жеке-дара жұмысты үдемелі түрде жүргізу нәтижесінде жаңа технологияны оқу-тәрбие процесінде қолдануға байланысты білім сапасы көтерілді.

Білім салалары бойынша оқу іс-әрекетінің жұмысы бойынша жыл бойына бағдарламалық талаптар ойдағыдай өз шешімін тапты.

Әр педагогтың нақты ерекшіліктерін есепке ала отырып әдістемелік жұмыстың тиімді жүйесі құрылды. Педагогтар үшін «Пәндік дамыту ортасы», «Балабақшада бейнелеу өнері әрекетін дамыту», «Экология бұрышы балалардың танымдылық әрекетін дамытудың негізі», «Дене тәрбиесінде балалардың қимыл қозғалыс әрекетін дамыту», «Балабақшада интегралды оқыту әрекетін ұйымдастыру» тақырыптарында семинарлар өткізілді. Педагогикалық проблемаларды шешуге, біліктілігі мен педагогикалық белсенділігін көтеру үшін педагогикалық кеңестер іскер ойын ретінде өткізілді.

Кеңестер тек қана бір сарында ғана өтпей ролдік ойнау мен кроссвордтарды шешу түрінде өтіліп отырды.

Әдістемелік жұмыс барысында педагогикалық процестегі ашық көрсетілімдер маңызды болды. Ашық көрсетілімдерде педагогтарға балалармен оқу әрекетін ұйымдастыру жұмысын жүргізуде әдіскерлік көмек көрсетіліді.

Кадрлармен жұмыс істеу кезінде психологиялық тренингтер, кеңестер, сауалнамалар қолданылды. Жыл бойы әдістемелік бөлмеде балалардың оқу әрекеті түрлеріне арналған материалдар жинақталған, ашық көрсетілімдер мен ертеңгіліктердің бейне жазбалары жинақталды. Ұйымдастырылған оқу әрекетін өткізуге арналған құралдар, әдістемелік әдебиеттермен толықтырылды.. Топтар арасында «Жылдың үздік тобы» атағына арналған байқау өткізіледі. Әкімшілік бақылауы әр түрлі түрде іске асырылады: тікелей, өзара бақылау, өзін-өзі бақылау, бақылау қортындысы өндірістік жиналыстарда, педагогикалық кеңесте, методикалық кеңесте іске асрылады. Білім беру процесі бойынша мониторинг өткізіледі.

Ата-ана бірінші педагог болып саналады. Олар баланың жеке басының физикалық, адамгершілік және интеллектуалды дамуының негізін салуға міндетті сондықтан балабақшадағы осы бағыттағы жұмыс қарым-қатынаста, сенімділікте, негізделген. Балабақша және отбасы баланың бірыңғай кеңестікте дамуына жағдай жасауға тырысады.

Берілген нәтижелі шешімдерді жүзеге асыру үшін әдістемелік шаралар өткізілді: Ата-аналармен жұмыс, ашық есік күндері, жанұялық газеттер шығару , «Біздің жанұялық салт-дәстүр», ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел «Қос тілді бала», «Жанұялық спорттық ойындар».

Балабақшада «Ата-аналар» бұрышы арқылы ата-аналар өздерінің сәбилер тобындағы балалар туралы, олардың тәрбиесі, оқытуы жайлы балабақша меңгерушісі, әдіскер, мед.бике,
топ тәрбишілерден хабарлама алып тұрады. Топтарда оданда басқада жүйелі кеңестер өткізіледі.

Ата-аналар өзіне керекті хабарламаны үйіне алып танысуға жағдай жасалған. өндірістік кеңесте қойылған мақсаттардың орындалуын, жұмыс деңгейі қадағаланып, тындалып отырады. Сонын шешімі бойынша, ата-аналармен дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрін жалғастыру қаулысы шығарылады.

Балабақшадағы негізгі мәселелерді шешу жолдары :

1. Педагогикалық ұжымның теориялық және әдістемелік біліктіліктерін жетілдіру(тәрбиешілердің мерзімді түрде біліктілікті көтеру курста-рынан өтуін қамтамасыз ету және қадагалау, арнайы семинарлар мен практикумдар ұйымдастыру, әдістемелік бірлестіктерлің жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру);

2. Балабақша педагогтарының ақпараттык және компьютерлік сауаттылықтарын көтеру шараларын жеделдету;

3. Бала денсаулығын нығайту мен сауықтыру шараларының жүйесін жетілдіруде қауыз жұмысының қыс мерзіміде іске аспауы. алмауымыз. Себебі балалардың киімін ауыстыру бөлмесінде жылу жүйесі қарастырылмаған. Суды ысыту тенттері қауыз сиымдылығына сай емес.

4. Әдістемелік базаны нығайту, дене тәрбиесіне қажетті құрал жабдықтарымен толық қамтамасыз ету.

5. Педагогикалық ұжым алдына қойылған міндеттемелерді сапалы жүзеге асыруда балабақшаның материалдық - техникалық базасын жақсарту.

Орытынды

Біздің ұжым балабақша балаларға қуаныш үйі болсын деп тырысады. Біз үлкендер осы үйге балаларға қуаныш береміз деп, әр істерінде олардың досы және серігі боламыз деп, әр қайсысына ашылуға мүмкіншілік тудырамыз деп, өздерінің потенциалды мүмкіндіктерін дамытуға тырысамыз деп сенеміз.

Наши рекомендации