Педагогикалық шеберлік – АКМЕ шыңына жетудің тиімді тәсілі ретінде

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуөнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады. Педагогикалық шеберлік дегеніміз – жүйелі үрдіс, педагогикалық іс-әрекетте нәтижеге жеткізетін жол. Ол іс-әрекетке жаңа сапалық мазмұн береді, кәсіптік позицияны қалыптастырады.

Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері – педагогикалық білім бірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімділігі, ситуацияларды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.Жеке тұлғада кәсіпті игерудің жетер шыңы - кәсіби шеберлік. Бұл -субъектінің өзіне қажетті әрі түпкі қол жеткізетін мақсатына бағытталған іс- әрекетінің өзара біртұтас байланысы. Қызмет барысында субъектінің кәсіпті игеру қабілеттілігі, жеке таланты, дарындылығы басқа салалармен байланысты түрде қарым-қатынасқа түсе отырып дамиды.Кәсіби шеберлікті жетілдіру акмеологиялық заңдылықтар негізінде іске асырылады.Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл - адамтану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық шеберлік – тәрбиелеу мен оқытудың жоғары және ұдайы жетілдірілуінен туған өнер. Шеберліктің негізінде мұғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен

ой-өрісі педагогикалық техникамен, сондай-ақ, алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып жатады, нәтижесінде қорытынды шығады.

Кәсібиліктің акмеологиялық жүйесі

Кәсібилік дегенде біздер әр түрлі жағдайларда күрделі қызметті адамдардың жүйелі, тиімді және сенімді орындауының ерекше өзгешелігі деп түсінеміз. «Кәсібилік» ұғымында қоғамда бар стандарттар мен объективті талаптарға сәйкес кәсіби қызметте адамның психологиялық құрылымын игеру деңгейі бейнеленеді. Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы.«Кәсібилік» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кейбір жағдайларда адамның жеке тұлғасына мамандықтың қоятын нормативтік талаптар десе, ал басқа - адамда психикалық қасиеттердің нормативтік жиынтығының болуы және «кәсібилік» адамның ішкі сипаттамасы болып табылады.«Кәсібилік» бұл еңбекті табысты орындау үшін адамға қажетті тұлғалық қасиеттердің жиынтығы ретінде түсін-діріледі.«Кәсібилік» педагогикалық іс тәжірибеде педагогтың іс әрекетінің өнімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіші ретінде қарастырылады.Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.

1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.

2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.

3. Жекекәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.

4. Дара (индивидуальды)кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.

Наши рекомендации