Зін-өзі тану пәнінің ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.
2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.
3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.
Жоғары білім беру жүйесінде «Өзін-өзі тану» пәні өте маңызды рөл атқарады. Ол жастардың қоршаған ортаның мәнін түсінуіне, сол ортадағы өзінің орны мен міндетін сезінуіне, болашақ өмірлік бағытын дұрыс таңдауына, жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан өзінің айналасы туралы ой түйіп, өз көзқарастарын жүйелей алуына жол көрсетеді.
«Өзін-өзі тану» курсының басты міндеті - үлкен өмір табалдырығында тұрған жас толқынның өмірлік маңызы зор мәселелерді зерделеу қабілеттерін дамыта отырып, олардың көкірегіне сәуле құю, ақыл-ойына қозғау салу.
«Өзін-өзі тану» курсы білім беру процесінде жас адамның тұлғалық әулетін ашады, есею сатысындағы әлеуметтік-мәдени өрісін дамытады, индивидтен дара тұлғаға айналуына ықпал етеді, жаңа азаматтық келбетін қалыптастырады.
Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, рухани және шығармашылық қабілеттерін жарқырата көрсетуінің, әлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде ғана адам өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды,өзін-өзі жетілдіре түседі де, өмірдің рахатын сезініп, оның мән-маңызын түйсінеді.
Жеке тұлға белсенділігінің қайнар бұлағы оның қажеттіктері екені аян. Адам бойындағы өзінің Менін тануға деген қажеттік жеке тұлғаның еңбекке, қарым-қатынасқа, белгілі бір жетістіктерге деген іргелі әлеуметтік қажеттіктермен парапар болады. Егер таным нысанына сол адамның өзі немесе оның ішкі жан-дүниесі алынса, онда ол өзін-өзі тануға деген қажеттіктің туғанын көрсетеді.
Өзін – өзі тануға деген қажеттік Меннің өзге де қажеттіктермен ұдайы сабақтастықта болатынын атап айту ләзім. Олардың қатарына: өзін-өзі сыйлау, Меннің бүтіндігіне деген мүдделік, өзін-өзі даралау, өзгелерді мойындату және т.б. қажеттіктер жатады.
Өзін – өзі сыйлау қажеттігі адамның өзінің ішкі талабы мен айналасындағылардың талабына сай болу мүддесінен туындайды. Меннің бүтіндігіне деген қажеттілік өз Меннің біртұтас, толысқан бейнесін жасауға ұмтылушылығымен сипатталады. Өз даралығын танытуға деген қажеттік адамның «бөлшектенбейтін» Меніне тән түрлі қасиеттерді кіріктіре түседі. Өзін өзгелерге мойындатуға деген қажеттік адамның өмір сүру , еңбек ету, оқу, қарым - қатынас жасау әрекеттеріне өзін басқалар ойлаған деңгейде көрсете алу тілегінен туындайды.
Бұл қажеттіктердің бәрі де бір- бірімен іштей сабақтасып, бірін – бірі толықтырып, адам жаратылысының күрделі «палитрасын» құрайды. Адамның өз Менінің бүтіндігіне деген мүдделігі, өзін-өзі сыйлауға деген қажетттігі оның өзін-өзі тануға деген мұқтаждығын күшейтеді. Өз кезегінде өзін-өзі тану қажеттігінің қанағаттандырылуы өзге қажеттіктердің де қанағаттандырылуын жеңілдетеді. Мәселен , өзің қойған талап деңгейінен шығу үшін алдымен өзіңді білуің қажет; өзіңді жақсы білу – өз Меніңнің қайшылықсыз, біртұтас бейнесін жасаудың кепілі және т.б.
Жоғарыда аталған қажеттіктердің аясында адамның өзін- өзі дамытуына қатысты олардан да биік тұрған қажеттіктер туындайды: өзін-өзі дәлелдеуге (самоутверждение), өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға деген қажеттіктері пайда болады.
Өзін – өзі тану қажеттігі адам бойындағы басқа қажеттіктермен тығыз байланыста болады. Мысалы, егер адам қарым-қатынас жасауға мүдделі болса, онда оның өзін-өзі тануға деген қажеттігі де артады. Қарым – қатынас жасау үшін әркімөзін тани білу керек. Ол жеңіске деген ұмтылыс бар жерде тіпті өрши түседі. Бір нәрсеге жету үшін де адам алдымен өзінің әлеуетін бағалауы тиіс. Бұл тізбекті әрі қарай шексіз жалғастыра беруге болады. Көптеген қажеттіктер мен әрекет түрлерінің жүзеге асуы өзін – өзі танумен , оған деген қажеттікпен өте тығыз байланысты.
Жеке тұлға дамуының қозғаушы күші неден басталатынын түсіну адамның жалпы әрекетінің мотивация жүйесіндегі өзін-өзі тану қажеттігінің мәнін сезінуге мүмкіндік береді.
Мотив–адамды нақты әрекетке итермелеуш күш, онда белгілі белгілі бір қажеттіктер көрініс табады (3). Мәселен , қарым қатынас жасауға деген қажеттікті қарым қатынас мотиві тудырса, еңбекке қажеттік еңбек әрететі мотивінен туады, ендеше, өзін-өзі тану қажеттік еңбек әрекеті мотивінен бастау алады.Белгілі бір мотивтің әсерімен адам алдына мақсат қойып әрекет етеді, әр түрлі әдістерді, тәсілдерді, әрекеттер тізбегін пайдаланаотырып, сол түпкі мақсатына жетеді.
Мақсат- болашақ нәтиженің алдын ала болжамдалған бейнесі. Егер өзін-өзі тану пәні мысалында алар болсақ, олар әр түрлі болуы мүмкін және олардың бәрі өзін-өзі тану барысында бірте-бірте қол жеткізілетін болашақ нәтиженің бейнесі. Ішкі сиатына қарай мақсаттар “кең” және “тар”,нақтылы іске асатын және нақтылы іске аспайтын,шынайы және жалған мақсаттар деп бөлінеді.
Өзін-өзі танудың “кең” мақсаттарына адамның өзін жеке тұлға ретінде тануы мен өзінің өмірлік мақсаттарын белгілейалуы жатады.Кейбір ғалымдар өзін-өзі тану пәнінің мақсатына адамның өзін жеке тұлға ретінде танумен қатар, өз өмірінің тұғырнамалық мәнін саналы түрде ғана емес, бейсаналылық пен санадан тыс деңгейде тануы да кіреді деп көрсетеді. Мұндай деңгейдегі , өзін-өзі тану өмірдегі басқа мақсаттарды екінші кезекке ысыра отырып, өмір өзегін басқа арнаға бұратын мақсатқа айналуы мүмкін. Әйтсе де адамдардың дене , өзін-өзі танудың шексіздігін сезінгендіктен де, оны оқытуды өмір сүруге, жасампаздыққа, , өзін-өзі дамытуға жеткілікті дәрежедегі дағдыларды меңгерту аясымен шектейді.
Өзін-өзі танудың “тар” мақсаттарына адам үшін дәл қазіргі сәтінде өзекті болып саналатын “МЕН” образының нақты мазмұны кіреді. Тар мақсаттар үйлесімділіктің әр түрлі жүйесіне қатысты қарастырыла береді. Адам өзінің интеллектуалдық мүмкіндіктерін немесе мінез-құлық қырларын, зейіндік және қатысымдық қабілеттерін тани алады. Бұл тізімді әрі қарай да жалғай беруге болады.Ең мағыздысы – өз бойындағы танылатын объектілерді немесе әректің мен болмысыңнын сипатын тізбелеу емес, бастысы- жеке тұлға үшін дәл бүгінгі таңда ненің мәндірек екенін анықтау. Егер біз мамандық тандасақ, мұндағы басты мәселе- осы таңдалған салаға сай өз қабілеттерімізді дұрыс бағалап алу және соған өзімізді ыңғайлай білу. Егер біз бір адаммен танысып, достасуды қаласақ, онда біз үшін мәнді нәрсе- өзіміздің қатысымдық сапамызды, өзгеге ұнайтын қасиеттерімізді, жақсы дос болу қабілетімізді тани алуымыз. Өзін-өзі тану мақсаттарының жүйелі қойылымы болуы да мүмкін. Ең бір кең таралған және тәжірибеде ең жиі қолданылып жүрген бағдарлар жүйесі “қалаймын” - “орындай аламын”- “қажет” триадасы тізбегі болып саналады. Егер адам осы мәселелерге жауап бере алса, жақын күндерде және кемел болашақта неге қол жеткіземін, менің мүмкіндіктерім қандай, олардың бәрі социумның, қоршаған ортаның талаптарына қалай жауа береді деген сауалдарға уәжі бар болса, ол өзін-өзі тану ауқымын да кеңейте алады деген сөз.
Өзін-өзі танудың мақсаттары нақтылы іске асатын және нақтылы іске аспайтын, шынайы және жалған деп те сараланады. Нақтылы іске асатын мақсат біздің бойымызда осы уақытқа дейін қалыптасқан қасиеттерді танып, талдау жасау қажет болған тұста қойылады. Ал нақтылы іске аспайтын мақсат, осыған керісінше, әлі өз бойымызда жоқ нәрселерді табуға және оны тануға ұмтылыс жасағанда тірек болады.
Адамның өзінің алдында “кең” және “тар”,нақтылы іске асатын және нақтылы іске аспайтын,шынайы және жалған мақсаттарды қоюға не итермелейді? Әрине, оған өзіне сәйкес қажеттіктерде көрініс иабаиын әрекет мотивтері қозғау салады. Ондай мотив түрлерін үлкен екі топқа біріктіруге болады: 1)арнайы мотивтер, яғни өзін-өзі тану әрекетінің негізінде жатқан мотивтер; 2) жанама мотивтер, яғни өзін-өзі танумен қосалқы байланысатын мотивтер.
Арнайы мотивтерге, бірінші кезекте, адамның өзіне деген қызығушылығы жатады. Қызығушылық – өзін танудағы эмоциялық бояуы қанық танымдық қажеттілік. Мамандар адамның өзіне деген қызығушылығының дамуын бірнеше сатыға бөліп қарастырады: әуестік; өзіне деген жеке қызығушылық; өзі-өзі тану әректін күшейтуде қосалқы қызмет атқаратын барлық мотивтер енеді. Олар өзінің рөліне қарай үш деңгейге бөлініп, іштей былайша топтастырылады (4):
· адамның өзіндік “Менімен” байланысты мотивтер (өзін-өзі құрметтеу, “Меннің” біртұтастығы мотивтері, өзін-өзі дәл тани алу мотивтері);
· өзін-өзі дамытуға байланысты мотивтер (өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі таныту, өзін-өзі белсендіру мотивтері);
· басқа әрекет түрлеріне қатысты(қарым-қатынас,бедел, жетістік,таным,оқу адамгершілік және т.б.) мотивтер.
Аталған мотивтердің өзін-өзі тану мотивімен де өзара байланыс механизмдері шамамен бірдей болып шығады. Өзін-өзі тану мотивінің дұрыс қалыптасуы өзге мотивтердің де қызметінің жандануына оң ықпал етеді. Өзіне деген қызығушылық адамның өзін-өзі дамыту мотивтерінің өрістенуіне кең жол ашады. Ал өз кезегіндегі айқындалған өзін-өзі дамыту мотиві өзін-өзі тануға деген қажеттілікті күшейтіп, адамның өзіне қызығушылығының арттырады. Мұндай сабақтастықты барлық мотивтерге қатысты санамалап айтуға болады.Мәселен, адамның өзіне қызығушылығы қарым-қатынасқа ерекше мән беру нәтижесінде сол өзі қатынасқа түсетін адамдарды тануға деген құлшынысты туғызбай қоймайды (5). Өзін-өзі тану мотивтері әлсіз байқалатын кей жағдайларда оның орнын басқа мотивтер алмастырады да, өзін-өзі тану әрекетінің дамуына себепші болады. Мысалы, жеке тұлғаның бойында жетістік мотиві айқын көрінгенімен, оның өзін-өзі тануға деген қызығушылығы байқалмайды. Тек кездейсоқ бір сәттіліктерге сеніп не жолы болғыштыққа жорып, үлкен бір жетістіктерге жету мүмкін емес, сол себепті адам әрдайым өз бойындағы қабілеттер мен түсіруде студенттің таңдаған мамандықтарының мәні туралы ұғымдарды есепке алып отырған жөн.
Түрлі бағыттағы жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Өзін-өзі тану» курсы студенттердің болашақ мамандықтары мен олардың жеке тұлғалық даму қажеттіктеріне сай болуын ескеру қажет. Бұл өзін-өзі тануды оқытудың мазмұны мен әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілкін ұштастыруға мүмкіндік береді.
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.
Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 1-сынып оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешенінің жаңа үлгісін дайындаудан мысал келтіруге болады. Өзін-өзі тану пәнінің оқу материалдары жүйеленген. Ол төрт тарау бойынша: «Өзін-өзі тану бақыты», «Адами қарым-қатынасқа үйренейік», «Адам болам десеңіз…», «Мен – табиғат перзентімін» тақырыптарымен берілген.
«Өзін-өзі тану бақыты» атты I тарауда өзін-өзі тану, білім, патриотизм, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, махаббат, сөз және т.б. құндылықтарды оқып, үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.
Бұл бөлімде өзін-өзі тану, адамгершілік, адалдық, өмір, руханилық, сұлулық, даналық, ақиқат, денсаулық, үйлесімділік, қызмет ету, еңбек, достық, махаббат, карым-қатынас жасау және басқа да құндылықтарды оқып, үйренуге басымдық беріледі.
«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты II тарауда 1 сынып оқушылары достық қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, отбасы, сыйластық, отан, махаббат және т.б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасында тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бөлімде адам, еңбек, шеберлік, отбасы, балалар, қоғам, отан, патриоттық этика, адамгершілік және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді.
«Адам болам десеңіз…» атты III тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, жақсылык, қайырымдылық, жауапкершілік, қамқорлық, шындық, сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Бастауыш мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Осы бөлімде өзін-өзі тану процесінде рухани-адамгершілік сапаларды дамыту, жеке тұлғаның өзін-өзі барынша іске асыру, өзін-өзі анықтау үшін көмектесіп, адамның өмір сүру логикасына жауап береді.
«Мен – табиғат перзентімін» атты IV тарауда табиғат, денсаулық, қамқорлық, жасампаздық жарасымы туралы құндылықтар бойынша түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді. Бұл бөлімде табиғат, адам, үйлесімділік, сұлулық, жер, ғарыш, махаббат, әлем, денсаулық және басқа да құндылықтарды оқып, үйренеді. Айталық, табиғаттану пәнінде оқушылар өсімдіктің құрылысымен (сабағы, жапырағы, тамыры, қабығы т.б.) танысса, бұл пәнде балалар өсімдікті құндылық ретінде қарастырып, оған қамқорлық жасауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренеді.
Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген.
Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген.
Отанын, отбасын, мектебін сүйетін азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыруда адамгершілігі мол, жаңалыққа талпынып тұратын шығармашылық тұрғыда белсенді, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған.
Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу – өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-кұлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы баланың дүниеге келгеннен бастап оған жақын адамдардың қарым-қатынасынан басталады.
Ал бастауыш сыныпта адамгершілік, сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды үйрене бастайды.
Мысалға, бірінші сыныпта «Көмектесе білейік», «Тіл табыса білейік», «Менің досым», «Шаңырақ шуағы», «Сыйласаң – сыйлы боласың», «Қайырымды бола білейік», «Шыншылдық – адамдықтың белгісі», «Өтірік өрге баспайды», «Әдеппен сөйлеп әдеттен» т.б. сабақтардың негізі баланы ойлануға, талдауға, қарым-қатынас жасай білуге, өзі шешім қабылдауды үйренуге, адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер арқылы жетуге бағытталған.
Бастауыш сынып оқушыларының білімін және адамгершілік қасиеттер мен кұндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуда: «Шаттық шеңбері», «Мәтін оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелеу», «Әңгімелесу», «Ойын», «Жаттығу», «Шығармашылық жұмыс», «Жаттығу-ойлану», «Бейнематериалдар көру», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Жүректен жүрекке», «Үй тапсырмасы» тағы басқа әдіс-тәсілдер қолданылған. Мысалға «Өзіммен-өзім» – бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) қолданылады.
Өзін-өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», – деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі
Лекция №25-26
Тақырыбы: Өзін-өзі тану жаңартылған рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша сабақтар жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері
Жоспар: