Пәннің дәл анықтамасы ізденушіге нысан туралы барлық жаңалықты қамтуға мүмкіндік береді.
Алымдардың пайымдауынша, зерттеу пәнінің анықтамасы ғылымда бар нысанның эмпирикалық сипаттамасы, басқа да зерттеу сипаттамалары туралы барлық мүмкіндіктерді, міндеттерді ескерудің нәтижесі деген сөз. Мысалы, оқу барысында оқу материалын өзгерту нысанының пәні: мектеп оқулығының мазмұнын құрайтын оку материалын дидактикалық тиімділік тұрғысынан өзгерту тәсілдері. Нысан бұл жерде үш рет шектеледі: оқу материалын түгелдей өзгерту емес, өзгерту тәсілі туралы; кез келген оқу материалын емес, оқулықтың мазмұнының құрамдас бөліктерін; белгілі бір тәсілмен, белгілі бір шеңберде өзгерту туралы.
Діснамашылардың зерттеу нысаны мен пәнін анықтау туралы зерттеу нәтижелерін түйіндей отырып, ғылыми аппараттың осындай құрамдас бөліктерін тұжырымдауда кандай қиындықтар мен қателіктерге ұрынатынын анықтадық, педагоигкалық зерттеу пәні мен нысанының әдіснамалық сипаттамасы туралы бағдар-талаптар белгіледік.
Зерттеу нысаны мен пәнін тұжырымдаудағы қиындықтар: І.Кейде жекелеген зерттеудің нысаны өзінің ауқымы жағынан бүкіл педагогиканың зерттеу нысанымен сәйкес келіп жатады: ЖОО-ғы педагогикалык процесс; оқушыларды педагогикалық мекемелерде тәрбиелеу саласы; педагогикалық таным әдістері,
Кейде зерттеу нысаны мен пәні арасында алшақтық байқалады.Олар әр түрлі ғылым саласына қарай бөлініп, жұмыстың біртұтастығы мен танымдык сипатына, баяндаудың аморфтығы мен алынған білімнің жүйелілігіне нұқсан келеді. Бұның өзі зерттеудің теориялық және практикалық мәнінің төмендеуіне алып келеді. Әсіресе мұндай ыдырау педагогика мен психология жазықтығында байқалады.
З.Кейде автор пәннін анықтамасына оның әдіснамалық сипаттамасын береді.
Ізденушіге төмендегілерді есте ұстау қажет:
Нысан шексіз кең түрде емес, объективті шындық шеңберінде аталуы тиіс. *нысан кұрамына маңызды элемент ретінде пән кіруі тиіс, ол нысанның басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста болуы керек.
Нысан белгілі бір білімдер жүйесі арқылы көрінетін педагогикалық шындықты сипаттауы керек. Сондықтан нысанды анықтағанда оны белгілі бір ғылыми ұстаным тұрғысынан бағалау қажет. Нысанды бұлайша түсіну педагогикалық тұжырымдамаларды дұрыс түсінуге, уақыт талабына сай прогрессивті жақтарды көре білуге көмектеседі.
*зерттеу нысанын анықтау - мәнді де мазмұнды ғылыми акция, ол зерттеушіні пәннің ғылымдағы орны мен қызметін анықтауға бағыттайды. *зерттеу пәні - нысанның бір жағы, бөлігі ғана емес, сол арқылы нысан көрінетін, нысанға кіретін „есік" болуы тиіс;
Зертету пәнін анықтай отырып, зерттеуші сол саты үшін соңғы нәтижеге
келуге мүмкіндік алады;
Нысан мен пәннің өзара қатынасын былайша сипаттауға болады: нысан
Объективті, ал пән субъективті.
Пән - нысанның үлгісі (моделі).
*пәннің анықтамасы егер жұмыс белгіленген пәнге сәйкес орындалса,
зерттеуші тарапына белгіленген анықтамаға сәйкес аяқталған зерттеудің
толықтығы туралы шағымды болдырмайды;
*зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау зерттеушінің оның мәніне терең
Бойлауы мен зерттеу процесінде алға жылжуының көрсеткіші болып
қызмет етеді;
Нысан туралы білімнің даму сипатына қарай бұдан кейін таным пәніне айналатын оның жаңа қырлары ашылады.
Педагогикалық зерттеудің болжамы.
Болжам - (грек сөзі негіз, негіздеу)-фактілер тобына, фактілерге алдын ала түсінік беру немесе әртүрлі эмпирикалық білімдерді біртұтас байланыстыру немесе эмпирикалық танымдағы қалып қойған ара қашықтықтағы мәселесін ғылыми таным формасында көрсетілген жақсы ойланған болжау толықтырады. Болжам теориямен қатар ғылыми танымда қолданылатын болмыстық көріністің белсенді формасы болып табылады. Философиялық және эдіснамалық жұмыстарда ерекше көңілді болжам жасауға бөледі. Ғылыми білімді дамытудың әдісі ретінде болжамның айрықшаланған мынадай ерекшеліктері зерттелді; болжам - заң - теория катынастары, ғылыми болжамың құрылымы, оларды алға шығу жолдары және тексерудің әдістері, бәсекелесетін болжамдар бағасы (Л.Б.Бженов, И.Г.Герасимов, В.Н.Карпович, П.В.Капнин, Б.В.Марков, И.П.Меркулов, Е.Я.Режабек, Г.И.Рузавин, А.П.Хилькевич, В.А.Штофф және басқалар).
Зінің «Ғылыми зерттеудің әдіснамасы» атты кітабында Г.И.Рузавин болжамды болжам таңдаудағы эвристикалық қағидаларды, ғылыми болжамға қойылатын талапты, оның қисынды құрлымын ғылыми таным ретінде ашып қарастырады. Ғылыми зерттеу үрдісін, (Н.К.Ганчеров, М.А.Данилов, В.И.Загвязинский, Э.И.Моносзон, Я.Скалкова және басқалар) болжамның құрылымына қолданатын әдістеріне, жалпы педагогиканың эдіснамасына арналған жұмыстарында ғылыми болжамның мәселелері қозғалады (С.И.Архангельский, А.Д.Ботвинников, В-И.Журавлев, В.В.Краевский, А.Т.Куракин, Б.Т.Лихачев, Л.И.Новикова) жаңадан бастаған ізденушілерге көмек ретінде ғылыми пікір - сайыстық мәнге ие болжам туралы мақалалар
Атарында (Г.Х.Валеев, А.Ф.Закирова, А.В.Клименюк, Ш.И.Ганелин, Л.Поплужный, М.Н.Скаткин, Г.Т. Хайруллин, Э.Н.Шелкова, жэне басқалар) Г.В.Воробьев пен В.И.Загвязинский және басқалардың жұмыстарында болжамның анық мәселелері берілген.Ғалымдар болжамның түрлері, ғылыми жұмыстардағы оның рөлі, басқа бөліктермен қатынасы, болжамды құрастыру,оларға қойылатын талаптар сияқты мәселелердің аспектілерін жасайды(1;3;5;6;7;8;11;17;18).
Дегенмен, бұл мәселе толығымен зерттелмеген.Сонымен қатар АПН СССР жалпы педагогика ғылыми зерттеу институтында жасалған С.У.Наушабаеваның «Болжам дидактикалық зерттеудегі ғылыми білімді дамыту эдістері ретінде»;атты кандидаттық диссертациясында жағымды жайтты белгілеуге болады.Ол дидактикалық зерттуде болжамды жасауда белгілі бір нақтылықты енгізді.Ол жасаған зерттеуінде болжамды болжауланған мәселенің экспериментальді тексерүін алға жылжытудан құралған, ғылыми білімді дамытудың эдісі ретінде карастырды,зерттеуші болжамды нақтылы болжау түрінде зерделуге ұшыратады немесе тікелей тәжрибелі тексеруге берілуін мақұлдайды. С.У.Наушабаева болжамды экспериментальді жэне теориялық тексерүдің жүзеге асуының ерекшеліктерін және осы үрдістің дидактикалық зерттеулердің ақиқаттылығы мен сенімділігіне әсер етуін зерделеу мақсатында дидактика бойынша 150 диссертацияны талдады.Нәтижесінде, дидактикадағы ғылыми болжамды қанағаттандыру талаптары, болжамның тәжірибелік және теоретикалық тексерудің әдістері, болжамның құрылымы анықталды, сонымен қатар тэжірибелі тексеру кезІнде жіберілетін қателер жэне оларды туындататын сілтемелерді жою жолдары белгіленді.Автордың ойынша педагогиканың әдіснамасында болжам, зерттеудің қисынды құрылымының элементі ретінде қарастырылады. Болжамды педагогикалық құбылыстардың заңдылық байланысы және ғылыми болжаудың сипаттамасы деп түсінеді.Педагогикалық зерттеуде болжам бағыттаушы қызметті орындайды - ол жұмыстың нәтижесі және ғылыми ізденістің сипаттамасын анықтайды.
Дидактикадағы эмпирикалық болжамға қолданатын, болжамның ғылыми талаптардың жүзеге асырылу ерекшеліктерІ айқындалғандықтан, дидактикалық зерттеулердегі болжамның рационалды құрылуына осы жұмыстың нәтижелері көбірек септігін тигізеді(14).
Біздің көзқарасымыз бойынша педагогикадағы болжамды теориялық жэне экспериментальдық тексерудің қалыптасу ерекшеліктерін айқындау қажеттілігі туындады, сол кезде зерттеу дұрыс және тиімдірек жолмен жүзеге асырылады жэне ол нәтижелі болады. Ғылыми білімнің даму әдістерінің бірі және теорияның кұрлымды элементтері болып табылатын болжам — жобалау оған қатысты бірнеше фактілер негізінде құбылыстың байланысы немесе себебі, объектінің бары туралы қорытынды жасалады және де бұл қорытындыны дұрыс деп есептеуге болмайды.Зерттеудің болжамы- нәтиже және оның журу жолын көрсететін ғылыми құрылған жобалау.Ол танымдык іс-әрекетін қабылдау, ғылыми негіздемесі бар, дәлелденген жобалаудың, қайсы бір құбылыстардың себептерін дұрыс, дәлелсіз түсіндіруін білдіреді.Болжам өзін тұтас құрылым ретінде көрсететін, өзіне ой қорытындыны, түсініктерді, талкылауларды, өзінде бар теоретикалық мәліметтерді жүйелейтін, ғылыми астракцияларды көрсететін, жалпы тәжірибенің қажеттіліктерінен пайда болады.Ғылыми болжам зерделенген аумақтағы фактілердің шегінен тыс шыға отырып, оларды түсіндіріп қана коймай, сонымен қатар жобалау қызметін атқарады. Акамемик В.А.Ядовтың ойынша,болжам- «бұл ішкі қисынға тэүелді ететін жэне зерттеудің тұтас үрдісін ұйымдастыратын басты әдіснамалық құрал»(19).Көптеген ғалымдар (А.В.Клименюк,А.А.Калита,Э-П.Бережная және т.б) заңды түрде, тәжірибе нәтижесі ретінде, эмпирикалық фактілерді түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылатын ғылымдағы бар және анықталған қағидалар, түжырымдамалар,теориялар, идеялардан болжамды қайта жасаудың кажеттіліктерінен пайда болады деп есептейді. Мұндай жағдайда олардың пайымдауынша, болжам эмпирикалық білімнің теоретикалық білімге қайта айналудың қисынды құралы болып табылады және теоретикалық білім қайтадан жасайтын қажетті және бардың арасындағы аралық қисынды құрылу ролінде болады(8,36). Ғылыми болжам ғылыми негізделген бағыт ретінде алдын ала жобалау алға шығарылса онда педагогикалық зерттеу қалыптасушы экспериментке сүйенгенде ол әрқашан да талап етіледі.,Ол жинақталған нақты материялдардың жалпылану салдарынан пайда болады, жаңа фактілердің жинақталуына, ғылыми білімнің жүйелілігіне, жаңа теоретикалық тұжырымдардың қалаптасуына өзінен бас тартпайынша немесе оның негізінде жаңа ғылыми теория негізделмейінше беделді әсер етеді. Осыдан, бар білімнің жеткіліксіздіғінен, педагогикалық құбылыстың себеп-салдарлы тәуелділігін түсіндіру қажеттілігі туындайтын жағдайда болжам орын таптырмайды(2,24).
Болжамды заңды түрде қандай да болмасын зерттеудің басты әдіснамалық түйін деп есептейді. Кең аумақтық әдебиеттерде,соның ішінде педагогикалық (әдебиеттер тізімін қара), болжамның тексеру және қайта жасау үрдістерінің әртүрлі аспектілерін қарастыру кіреді.Сол себепті біз бар әдіснамалық білімдерді нақтылай алатын немесе оларды түсініктерін тереңдететін сұрақтардың осы жақтарына ғана тоқталамыз.
Болжамның жасалуы - бұл экспериментальді талқылаудың шығармашылық фазасы;ол фазада зерттеуші екі фактілер арасындағы мүмкіндік тәуелділігін көре алады. Зерттеуші әдебиеттерде сипатталған, жолдардың кайталануынан қашу және жемісті салыстыруларды байқауға көмектесетін ғылыми мәдениетке ие боса болжамның құрылуы мүмкін.
В.И.Загвязинскийдің ойы бойынша философиялық әдебиеттерде бар нақтылық материалдарды жүйелеу үшін уақытша болжау немесе жұмыс болжамын және ғылыми болжамды(немесе шынайы) ажыратады,ол маңызды нақтылық материалдар жинақталып және шешімнің «болжау» алға шығару мүмкіндігі пайда болғанда положение қалыптасады, ол өз алдына анықталған нақтылықтар мен түзетүлер арқылы ғылыми теорияға айналуы мүмкін.Осымен болжамның жасалу үрдісі өте ұзақ, ол зерттеудің басқа кезеңдерімен жиірек байланысады(6,79).Сонымен қатар болжамның қалыптасуының қиын индуктивті үрдіс нәтижесінің тиімділігі зерттеудің объектісі туралы фактілердің барымен анықталатындығын бірінші кезекте және де оларды қайта түсіну мен қайта жасау біліктілігін есте сақтау керек.Болжамның қолдану міндеті - бар білім деңгейінен жоғары көтерілу.Г.Х.Валеев 50 жұмыстарды талдап мынаны анықтады кейбір авторлар өздерінің зерттеуінің болжамын индуктивті түрде береді, ал басқалар - анология бойынша жасайды(2,22-23).Біз 100 астам жұмыстардың болжамын зерделей келе мынадай қорытындыға келдік: бір жағынан диссертантация зерттеу жұмысының болжамын оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, әдістері шарттар арасындағы себеп - салдарлы байланыстар туралы нақты мәліметтері жоқ бола тура жұмыстың қортындысымен оның идеясын ұқсастырады және бұл жұмыстарды авторефераттарды рәсімдеу алдында ғана нақтылайды, екінші жағынан тәжірбие - экспериментальді жұмыстар негізінде жатқан білім бере үрдісінің қорытынды нәтижелер арқылы жасайды.Осыған байланысты біз Г.В.Воробьевтың зерттеу жұмысының болжамы келешек теорияның бейнесі болса, онда ол жұмыс келесі қадамдармен мақұлданады деген көзқарасын жақтаймыз (11,81). Жоғарыда айтылғандардың бәрі бізге педагогикалық зерттеу болжамының дұрыс жасалуы ушін қажетті білімдер аясьш белгілеуге мүмкіндік береді:
-педагогикалық зерттеу болжамының құрылымы және түрлері, мәні;
-педагогикалық зерттеу болжамына әдіснамалық талаптар;
-зерттеу болжамының қалыптасу кезеңдері(жасалу үрдісі);
-болжамды құруда болатын кателер және зерттеу болжамының жасалуы бойынша практикалық ұсыныстар;
-педагогика саласындағы зерттеу болжамының жасалуының мысалды үлгілері;
-болжам мәселесінің түсіндірмелі аппараты;
- болжам мәселелері жэне дерек көздердің тізімі бойынша ғалымдардың қарым -қатынастың үлгілі эталондары;
Осы білімдердің сипаттамасына көшейік:
А. Педагогикалық зерттеу болжамдарының түрлерін зерттейтін ғалымдар негізінен түсіндірілетін, сипатгалатын және жобаланған болжамдарды айырады.