B)Алаш қозхғалысы және Алашорда туралы тарихи деректер.

Жоспар

I.Кіріспе.

1)Ахмет Байтұсыновтың өмірбаяны.

IIНегізгі бөлім

А)Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы

Б)Алаш қозхғалысы және Алашорда туралы тарихи деректер.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ұлы ағартушы демократтар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың көздерін көрмесе де, ұлағатты сөздері-шығармаларымен сусындап, олардың ұстаздық ісін, ақындығы мен аудармашылығын XX ғасырдың басында азаматтық жүрегімен қабылдап алып, жемісті жалғастырған қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы сан ғырлы та­лант иесі еді. Ақын, аудармашы, педа­гог, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі мен еңбектері төңкеріске дейінгі кезеңде-ақ қалың ел, дүйім көпшілікке кеңінен мәшһүр болатын. Ол шынында да қазақ халқының «рухани көсемі» М.Әуезов болған айрықша санаткер еді.

Өмір белестері

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезінің қазіргі Қостанай облысы Тосын болысында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруа болғанымен кез келген зорлықшыға кеудесін бастырмаған намысты азамат болғанға ұқсайды. Бұған Байтұрсынның патша әкімдерінің әділетсіздігіне көнбей, ояз бастығына қол көтерем деп Сібірге жер аударылуы дәлел. Бұл оқиға бала Ахметтің жүрегінде өшпестей таңба қалдырған өмірдің алғашқы ауыр сабағы болар, сірә.

А. Байтұрсынұлы 1886-1895 жылдардаТорғай, Орынбор қалаларында оқып, мұғалімдік мамандық алып шығады, сөйтіп, бұдан бергі 13 жыл бойына, яғни, 1909 жылға дейін, ол Қостанай мен Қарқаралы өңірінің мектептерінде, сондай-ақ екі класты училищеде ұстаздық етеді. Жас ұстаздың көңіл-қиялымен үйлеспейтін өмір шындығымен бетпе-бет кеп, талай рет әкімдермен, ел ағаларымен айтыс-тартысқа түсетін шағы да осы кез. Ел ішінде Ахметтің есімі ұстаз ретінде ғана емес, әділетшіл азамат, сондай-ақ ақын ретінде де мәлім бола бастайды. Озбырлық иелеріне ойларын ашық айтқаны үшін жас педагог қуғынға да ұшырайды.

1909 жылы түрме дәмін де татады. Осы жылы тұңғыш жинағы – аударма кітабы «Қырық мысал» жарық көреді.

Негізгі бөлім

А)Ахмет өміріндегі жаңа кезең 1910 жылдан басталады, ол осы жылы мұғалімдікті қойып, ақындық пен әлеуметтік күрес жолына түседі. 1913-1917 жылдар аралығында ол Орынборда «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарып, газет беттерінде үлкен-үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, халықты өнер-білімге, мәдениетке, елдікке шақырудың ұйытқысы бола білді, дарынды публицист ретінде кеңінен танылды. Бір өкініштісі, өткенге коммунистік идеология тұрғысынан қараудың кесірінен соңғы жылдарға дейін «Қазаңқ газеті ұлтшыл-буржуазиялық сипаттағы басылым болды деп біржақты бағаланып келді.

Сөйтіп, ол 1919 жылдың көктемінде кеңес жағына шығып, қазақ өлкесін басқарушы орган – Қазақ революциялық комитетінің құрамына еніп, сан сала саяси-әлеуметтік істерге белсене араласады. Бұдан кейінгі өмір жолында өзі қайта қудаланған 1929 жылға дейін ол білімі мен тәжірибесін жаңа заман мақсатына аямай жұмсайды, республика халық ағарту комиссары, жоғары оқу орындарында ҚазПИ профессор оқытушы қызметтерін атқарады. Бұл кезеңде ол мейлінше жемісті творчестволық еңбек етіп, педагогика, әдебиеттану, әсіресе, тіл білімі салаларында құнды зерттеулер, оқулықтар жазады. Республикаға үлкен ғалым, ірі педагог, көрнекті әлеуметтік қайраткер ретінде танылады.

Осындай әлеуметтік-творчестволық тұлғасы қалыптасқан шағында ол 1929 жылы «халық жауы» деген жаламен ұсталып, 5 жыл айдау азабын көреді, 1934 жылы елге оралады. Алайда, 1937 жылы тағы да заңсыз тұтқындалады. Халқын сүйген, сол үшін күйген аяулы азамат, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы осы жы­лы сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болады. Содан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойына оның есімі де, еңбектері де аталмай, атала қалса, ұлтшыл, кертартпа ақын-жазушылар санатында айтылып келді. Қазіргі шақта заман да, қоғам да өзгерді. Тәуелсіздік самалы тарихқа, өткен мәдениетке де жаңаша көзқарас әкелді. Соның арқасында қазақ халқы жазықсыз жау атанып, мезгілсіз құрбан болған Ахмет Байтұрсынұлы секілді аяулы азаматымен қайта қауышып отыр.

А.Байтұрсынұлының творчестволыққа бет бұруы оның ұстаздық қызметке араласкан кезеңінен басталады. Туған әдебиеттің тұнығынан сусындау, сондай-ақ, орыс әдебиетінен алған әсер-тағылымы да жас ұстазды өнер соқпағына әкелген. Ахметтің әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда оның творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атау ләзім. Оның бірі -1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» да, екіншісі — «Маса» 1911 жинағы.

«Қырың мысал » Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мы­сал» аталуының мәнісі де осында.

Аудармашы орыс ақынының шығармаларынан суреттелетін құбылыстар мен жағдаяттары қазақ тіршілігіне неғұрлым жақындау келетінін, әрі ұғымға жеңіл үлгілерін таңдап, іріктеп алған. Крылов мысалдарының негізгі мазмұнын сақтай отырып, оны қазақ оқырманының ерекшелігіне лайықтап еркін аударуды Ахмет негізгі принципі еткен. Әрбір аударма соңына мысалдың негізгі идеясын неғұрлым айқындай түсу үшін ол өз тарапынан бірер шумақ қосып, өзінше түйіндеп отырған. Мәселен, «Шымшық пен көгершін» мысалының аудармасын алып қарайық. Абайсызда торға шырмалған шымшықты көрген жас көгершін оған көмектесу орнына:

Талтүсте торды көрмей соқыр ма едің,

Есалаң, ақылың жоқ, күшік, — деді,

деп оны табалайды, мұнымен қоймай,

Мысалы мені алдап еш уақытта

Top түгіл түсіре алмассың онан зорға, —

деп өзін мақтап, астамшылық көрсетеді. Осылай күліп, табалап тұрып, аңдаусызда өзі де тұзаққа түсіп қалады.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» – Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Қазіргі өлшеммен қарағанда, көлемі шығындау бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі.

Жинақтың мақсаты оның «Маса» аталуынан да таны­лады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан, жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады.

Кітаптағы өлеңдердің тақырыптық-идеялық мазмұнынан автордың ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Жұртыма», т.б. өлеңдері – бұған дәлел.

«Қазақ салты» өлеңінде ақын қазақ қауымының әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, «ұмтылып талап ойлап талпынбаған» елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын:

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,

Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.

Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп,

Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан, —

деп азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді.

… Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде. Кешегі күні оқушы болып, соның тәрбиесінде жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді. Ақақның қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген заманынан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі күндерге шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға сіңірген пікірі әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді.

«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі — қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш — мәңгілік ескерткіш.

Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ақаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын туманды оймен сезуші едік.

Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Ақаңа біздің айтатын сөзіміз: Ақаң — еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі — артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ақаңды өзінің басшысы деп санайды.

Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт на­мысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманын­да жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды…

Қалай болса да, жазушысы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай…

Сәкен СЕЙФУЛЛИН

1923 ж.

Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы — баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

B)Алаш қозхғалысы және Алашорда туралы тарихи деректер.

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс –

қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық

және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының

мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат

құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің

идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш

партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау

көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық

бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің

маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси

процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-

қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық

зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда

кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың

желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес

өкіметі ресми мойындады.

1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық

комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і

болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің

тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған

Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады [1,85б.]

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш

қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-

рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ

баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып,

ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең

халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған

жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы –

қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын

салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар

қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп

кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып,

ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан

белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді,

түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының

оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан

терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен

санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы —

тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен

жаңғыруы.

Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын,

елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты

себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет

құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында

ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске

түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш

кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі

қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында

тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.

Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш

мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық

бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар

қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар

қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі

дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ

қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты

сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын[2,27б.].

Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет

Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә. Бөкейханов, Х.

Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша)

Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың,

Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің,

Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің,Садық

Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп

Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали

Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да

ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету

— біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың

айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр

басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті.

Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп

төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату

мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы

күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс

бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің

құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы

еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп

келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы

перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту

болмақ[3,149б.]

Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды

бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде

қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын

зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді кажет етуде. Әлбетте, бұл

Алаш козғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек

саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз

дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани

жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-

мәдени кұбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың

әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын

қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ

баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын

дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен

танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау

мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі — адамға, ұлтқа деген

жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы,

оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген

қозғалыс — білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен

қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана

емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек,

онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі — елжандылық пен

адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері

шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы,

әйел теңдігі мәселесі — басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен

адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік

ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.

Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге

жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың

жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар

ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта

осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды.

Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің,

Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің,

М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының,

М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың,

А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б.

еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте,

сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі

кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру —

қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш

козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты

құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.

Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты

болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты

құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш

партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды.

Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары

жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге

жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы

деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты

құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі

тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энциклопедиялық

басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғалысқа тікелей

қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеліп алынған. Әрине ұлттың басын

қосқан сол бір тарихи кезеңде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі

қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине,

мүмкін емес. Бұл тізім бұдан ұзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге

ойдан бірде-бір адам қосылмаған. Алаш қозғалысының толық шынайы

тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде,

болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде

сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген

тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген

алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін

болмағандықтан жүзден астам тұлғаның өмірбаяндары берілген.

Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінен кейбір алаштықтардың

өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны сөзсіз. Біздің анықтамалық

шығарудағы мақсатымыздың бір парасы — көпшілік арасынан осындай

дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу.

Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен

оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш

қозғалысын зерттеген ғалымдардың өмірбаяны қамтылды.

Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған

1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер

енгізілді. Кітап соңында берілген қосымшада Алаш қозғалысының

болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар

топтастырылды.

Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы

күрестері, істері, ұрандары — бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол

жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған

ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет.

Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына

бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы

адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға

сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі

— Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру.

Алаш идеясы — ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да

қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін

қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт- дәстүрі,

айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы

Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды

әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын

тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде

қабылдау — алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы десек,

Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды

жаңғырту сапары — бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік

ұстанатындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

ОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық өзбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында қажымас қайратын халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсындай ұлы тұлға бұрыңғы – соңғы тарихымызда сирек.

А.Байтүрсынұлы Ы.Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың аудармашылық және ақындық дәстүрін жалғастырып, қазақ әдебиетін өзінің шығармашылық ізденістерімен байыта түсті. Ахметтің шығармашылық тұлғасының қалыптасуына Ыбырай, Абай мектебі мен алдыңғы қатарлы реалистік орыс поэзиясының да әсер-ықпалы айтарлықтай болды. Жалпы, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы XX ғасыр басындағы демократтық әдебиетке тән дәстүрлі ағартушылық, сыншылдың сипатта қалыптасты.

Наши рекомендации