Тақырып Негізгі грамматикалық ұғымдар(грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл).

Азақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университеті

Филология кафедрасы

GZA4311 Грамматиканың зерттеу әдістері

Пәні бойынша

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының

Күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Кредит: 3

Лекция тезистерін құрастырған

ф.ғ.к., доцент Темірбекова Г.Қ.

______________

Лекция тезистері кафедра мәжілісінде қаралып,

бекітілді: №1 хаттама, 28 тамыз 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі:

ф.ғ.к., аға оқытушы Бейсенбаева Р.Х.

_____________

Шымкент – 2015

Тақырып. Грамматика және грамматикалық бірліктер

Тіл білімі немесе лингвистика (латынша: lingua – тіл+ грекше: tikos - ілім) – тіл және оның даму заңдылықтары туралы ғылым.

Тіл білімінің зерттеу объектісі – тілдің әртүрлі жақтары мен салалары, олардың дамуы, өзара байланысы, тіл дамуының ішкі заңдылықтары, жазу және оның даму кезеңдері, тілдің шығуы мен жасалуы, дамуы, тілдердің жіктелуі т.б.

Тіл білімінің негізгі мақсаты – дүниежүзіндегі тілдерді зерттеу, оларды сипаттау, тілдегі түрлі құбылыстардың өзгеруі мен түрленуін, тілдегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың дамуына шолу жасау.

Тіл білімі тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи тәсілі негізінде ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Оған дейін тілдің дамуы нақтылы айқындалмай, тек сипаттама беріліп қана дамыды. ХІХ ғасырдың І жартысында сипаттама талдау ғылыми талдауға көшуге мүмкіндік алып, нәтижесінде тіл білімі екі салаға бөлініп кетті: жеке тіл білімі және жалпы тіл білімі.

Жеке тіл білімі – жеке бір тілдің жүйесі мен құрылымын, оның даму заңдылықтарын зерттесе, жалпы тіл білімі – адам баласы тілінің жалпы заңдылықтарын қарастырды. Жалпы тіл білімі бірнеше тілдерді алып, оларды өзара зерттеп, жеке тіл білімі нақты теориялық бағыт көрсетеді.

Кез-келген тілдің өзіндік дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылымы болады. Соған орай, тіл зерттеу объектісіне қарай үш салаға бөлінді:

Фонетика (грекше: phone – дыбыс + tikos - ілім) тіл дыбыстарын зерттейтін көлемді сала.

Лексикология (грекше: lexicos – сөздік < lexis – сөз + logos - ілім) – тілдің сөздік құрамын қарастыратын сала.

Грамматика (грекше: grammatike – дұрыс жазамын) – тілдің өзгеру, түрлену жүйесін қарастыратын сала.

Грамматика саласы іштей екі салаға – морфология және синтаксиске жіктелді:

Морфология (грекше: morphe – тұлға + logos - ілім) – тілдегі сөз таптары мен сөздердің өзгеруін, түрленуін қарастырады.

Синтаксис (грекше: syntaxis - байланыс) – сөйлем мен сөз тіркесінің өзгеруін, түрленуін қарастырады.

Тіл білімі зерттеу объектісінің мақсаттарына қарай төрт салаға жіктелді:

Салыстырмалы – туыстас тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін өзара салыстырып қарастырады.

Салғастырмалы – туыс емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін өзара салыстырып қарастырады.

Сипаттамалы (синхрониялық) – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін белгілі бір дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарастырады.

Тарихи (диахрониялық) тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін әртүрлі дәуірде қарастырады.

Ғылым атаулы зерттеу объектісіне қарай екіге бө\лініп қарастырылады: жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар. Қоршаған ортадағы материалдық, яғни жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Оларға физика, химия, математика, биология, астрономия т.б. жатқызуға болады. Ал адам баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар зерттейді. Оларға философия, тарих, саясат, әлеуметтану, заң т.б. жатқызылады. Тіл білімі осы екі ғылымның қайсысына жатады деген мәселеде кейбір ғалымдар жаратылыстану ғылымдары қатарына жатқызса, енді басқалары оны қоғамдық ғылымдарға жатқызады.

тақырып Негізгі грамматикалық ұғымдар(грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл).

Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны тілдің грамматикалық құрылысы болып табылады. Тілдегі сөздерді грамматикалық мағыналарына, формаларына және қзметтеріне қарай, топ-топқа бөліп топтастыруда, әр сөз табына тән категорияларды анықтау да морфологиялық міндеті. Тілдік құрылымның өзіндік ерекшеліктерін грамматикалық қатынастарды айқындауға қатысты бір алуан грамматикалық ұғымдар бар. Тіл білімінде негізгі грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалықкатегрия енеді.

Грамматикалық мағына-сөздің жалпы немесе әртүрлі грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде ябасқа сөздермен әр алуан қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын мағынасы (3, 85). Бір сөздің бойында әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағына болады. Лексикалық мағына жеке сөздерге тән болса, грамматикалық мағына белгілі бір сөз табына енетін сөздердің барлығына тиісті болады. Мысалы, барады, көреді, келеді деген сөздерге ортақ, жалпы грамматикалық мағына қимыл, іс-әрекетті білдіру.

Ал бару, көру, келу әрекеттерінің нақтылы атауы, олардың лексикалық мағынасы болып табылады. Бір сөздің бойында бір ғана лексикалық мағына, бірнеше грамматикалық мағына болады. Жоғарыда келтірілген мысалдағы барады, келеді, көреді етістіктеріне тән мынандай мағыналарды атауға болады:

  1. амалдың өту сипаты категориясына тән мән береді; көреді, келеді дегенде іс-әрекеттің аяқталмағандығын;
  2. іс-әрекеттің келер шақта орындалатындығын;
  3. сөйлемнің іс-әрееттің орындалуына сенімді көзқарасын білдіреді. Мұндай жалпы грамматикалық мағыналар сол тұлғада жұмсалатын етістіктердің барлығына тән.

Демек, сөздің грамматикалық мағынасы лексикалық мағынаның жалпылануы нәтижесінде пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы немесе сөйлем де басқа сөздеремен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі арқалы үстейді. Осындай ерекшелігін ескре отырып, профессор А.Ысқақов «Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегібасқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтиесінде туатын

жалпы мағынасын грамматикалық мағына» (4, 14) деп көрсетеді. Ал «Қазақ грамматикасының» авторлары грамматикалық мағына сайып келгенде сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады.

Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі бі ркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар» (5, 415) деген көзқарас білдіреді. Әрине сөз таптарына тән ортақ мағынаны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бір сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу, түрлену, өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсу ерекшелігін де ескеру керек. Мысалы, келеді, клген, келіпті сөздеріне тән жалпы грамматикалық мағына-қимыл қозғалыстық өткен шаққа қатысын білдіру. Ал, келеді дегендегі өткен шақтағы амал-әрекеттің жедео орындалғандығы; келген-бұрыңғы өткен шақта болған амал-әректі сөйлеуші сөз еткенде еске түскендігі; келіпті-сенімсіздік реңкі бар өткен шақтағы амал-әрекетті білдіру етістігінің тұлғалануынан пайда болған грамматикалық мағыналар.

Грамматикалық мағыналар, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл-тілде грамматикалық құралдар, амал-тәсілдер арқылы беріледі. Сондықтан да ғалым С.Исаев грамматикалық мағынаны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөледі (5, 417).

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілі мен жолдары. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Тіл-тілдерде қалыптасқан әр алуан грамматикалық тәсілдер бар.

1.Аффиксация тәсілі-сөздің түбіріне немесе негізіне аффикстердің жалғануы арқылы грамматикалық мағыналарды білдіру. Аффиксация тәсілі грамматикалық мағыналарды білдіруде әр түрлі тілдердегі аффикстердің түрлері-префикстерді де постфикстерді де, инфикстерді де павйдаланады. Түркі тілдерінде аффиксация тәсілі-сан алуан грамматикалық мағыналарды және сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдруде жиі қолданылатын грамматьикалық тәсіл. Түбір мен аффикс бір-бірімен жай ғана жалғаса қосылып, морфемалардың ара жігі аңғарылып тұрады. Қазақ тілін де жіктеу есімдіктері (мен, сен, ол) мен кейбір сілтеу есімдіктері (бұл, сол) септелгенде олардың быстық құрамының өзгеретіні бар, бірақ мұндай өзгеріс басқа түбірлердің бойынан табылмайды. Қосымшалардың өзіндік грамматикалық мағынасы бар. Мысалы, -нікі, -дікі, -тікі-меншіктік мән беретін қосымша; -сыз, -сіз-есімдердің болымсыздығын білдіретін қосымша т.б.

2.Қосарлану тәсілі-бір түбірдің (я негіздің) қайталануы не екі түбірдің қабаттасып, қосарлануы арқылы грамматикалық мән беру.

1.жинақтық я жалпылық мағына: бақа-шаян, темір-терсек, қазан-ошақ;

2.жіктеу, топтау, саралау, даралау мағыналары; өзді-өзі, бет-бетімен, алды-алдына.

3.болалды мағына; бүгін-ертең, елу-алпыс;

4.қимылдың бірнеше қайталануын білдіретін мағына; бара-бара, жылай-жылай, күбле-күле;

5.көптік мағына; жиырма-отыз, лек-легімен т.б.

Күшейту мағынасын білдіретін сын есімнің шырай формасн жасау қызметінде жұмсалатын қап-қара, әп-әдемі дегендердегі қап, әп буындарын К.Аханов жартылай қосарлану немесе (жартылай редупликация) деп атайды.

3.Көмекші сөздер тәсілі атауыш сөздер мен көмекші сөздердің тіркесіп грамматикалық мағына білдіреді. Қазақ тілінде көмекші сөздер, көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылау, модаль сөздр болып бөлінеді е әрқайсысының өзіндік грамматикалық мәні болады.

1) Көмекші сөздер жетекші сөзге телене жұмсалып, олардың кеңістікке, уақытқы қатысын толықтырып, нақтылап тұрады. Мысалы, қыстың басы, түннің ортасы деген тіркестердегі басы, ортасы көмекші есімдерді мезгілдік жағынан нақтылап тұрады.

2) Көмекші етістіктер жетекші етістікке көсемше, есімше №жұрнақтары арқылы жалғанып, жақ, шақ, рай, амалдың өту сипаты т.б. грамматикалық реңк үстейді. Мысалы, осы сәтте қоңырау ап-ащы шырылдап қоя берді дегенді шырылдап қоя берді тіркесі қимылдың жедел, кенеттен, бірден тез басталуын білдіреді.

3)Шылау сөздер өз ішіньде салыстыра не сабақтастыра байланыстыратын жалғаулықтардың, демеуліктер мен септеуліктердің де өзіндік грамматикалық мағынасы алыстырыңыз, бірақ болмаса, әйтсе де, әйткенмен жалғаулықтары қарсылықты мәнді, -ақ, ғой демеуліктері күшейту, талғау мағынасын таман шылауы өзінен бұрыңғы сөздердің барыс жалғауда тұрун керек етіп (меңгертіп) , оларды жүр, кет, кел, бар сияқты етістіктермен байланыстырады.

4) Модаль сөздер сөйлеушінің айтылатын ойға көзқарасын, пікірін білдіреді. Мысалы, терезені алу керек деген свөйлемдегі керек сөзі арқылы сөйлеген адам терезені ашудың керек екендігін айтып, өзінше пікір түйеді, бірақ не ашылды деп хабарламайды не аш деп бұйырмайды.

Наши рекомендации