Арым-қатынас түрлеріне сипаттама беріңіз
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген. Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс- әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым- қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды: - перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау), - интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу), - коммуникативті (ақпарат алмасу). Қарым-қатынас құралы – ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады: - вербалды, - вербалды емес. Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция. Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат Вербалды(сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың Вербалды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген. Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі – сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.
Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас түрлері:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
16. А. А.Лобанов бойынша педагогикалық қарым-қатынастың түрлерін сипаттаңыз
А. А. Лобанов педагогикалық қарым –қатынасты 4 түрде қарастырады:
- когнитивті
- Кондиционды
- Мотивациялық
- Іс-әрекеттік
Когнитивті қарым-қатынасматериальдықтан қарағанда білім алмасумен сипатталады және әріптестердің интеллектуальды дамуының факторы болады.Когнитивті қарым-қатынас білім беру процессі негізінде іске асады.
Қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы өзара әрекеттестікте психологиялық және физиологиялық күйлердің алмасуы мүмкін болса, мазмұны бойынша кондиционды қарым-қатынасты бөліп көрсетеді. Осындай қарым-қатынас барысында адамдар белгілі бірдеңгейде әріптесінің психологиялық немесе физикалық күйіне әсер етеді. Мысалы, мұғалімнің сабақ басында қатал болуы, бет-әлпетінің тым байыпты болуы, қатты дауысы жұмыс жасауға икемдейді. Ал оның күлуі, әзілдесуі, қызықты әңгімелерді айтуы сабақ барысындағы эмоциянальды күйге алып келеді.
Мотивациялық қарым-қатынас субектінің мақсатына, қызығушылығына және қажеттілігіне ықпал етумен сипатталады.
мысалы, шығармашылық бағдарланған мұғалімдердің көпшілігі мектеп оқулығындағы оқу материалының қарапайым мазмұнына тоқталып қана қоймай, өзгеше ақпараттармен оқушыларды қызықтыруға ұмтылады.
Іс-әрекеттік қарым-қатынас негізінде тұлғааралық іс-әрекетпен , қабілеттермен, дағдылармен алмасулар жатыр. Әсіресе еңбек сабағында, дене шынықтыру сабағында, физикадан және химиядан лабораториялық және тәжірибелік сабақтардан көрініс табады.
17. Ақпаратты тыңдау түрлері мен оның қарым-қатынастағы орнын анықтаңыз
Адамдардың көпшілігі әңгімелесуде екінші біреуді тыңдауды немесе сөйлеуді қалайды ма? Қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі. Зейін қойып тыңдап отырған адамда ым-шиара, көзінің қозғалуы, бет әлпеті сөйлеушіге тугелдей көңіл бөлінеді. Осы арқылы екінші адамға көңіл күйін,ойын толық жеткізуге, ойындағы ақиқатты максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, салғырттық қарама-қарсы нәтиже береді.Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар өзінің ойын айта алады, бірақ басқаны естімейді (түсіну, қабылдау). Көбіне адамдардың ести алмайтындығы оның, басқа адамдарды тыңдай отырып өзінің ойын басқа жаққа тез ауыстыруы. Адам сөйлегеннен 4 есе жылдам ойланады.Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек. уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін жаңа сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал сұрақты толық түсіну үшін 14-15 сек. уақыт қажет. Адам 1 мин. 60-70 сөздің мағынасын ұғынады. Көбіне тыңдау әңгіме кезінде енжар мінез-құлық болып қабылданады. Мұндайда, біреуі сөйлегенде, екіншісі оның сөзінің үзілісін үнсіз күтіп тұрады да, тоқтаған кезде бірден өзінің мәселесін айта бастайды. Ал кей жағдайда серіктесінің сөзін іле шала бөліп тастайды. Тыңдау барысында екі міндет шешіледі: ақпараттың мазмұны қабылданады және әңгімелесушінің эмоционалды жағдайы ұсталынады. Әрбір әңгімелесуде өзіңізден серіктесіңізбен не және қалай сөйлесу керек екендігін сұрау маңызды. Әңгіменің мазмұнымен қатар, серіктесіңіз /әңгімелесушіңіз/ не сезінеді /шыдамсыздық, жасырын тітіркену, қобалжу, салғырттық және тб./. тыңдауда оған кері байланыс жасаған дұрыс. Кері байланыс: 1. сөйлеушінің сезімін бейнелеуі; 2. ақпараттың бейнеленуі. Барлығымызда енжар /ырықсыз/ және белсенді /ырықты/ зейін бар. Енжар зейінділік ол тума рефлекс, жаңа және таныс емеске бейсаналы реакция, ал белсенді – бұл еріктің күшімен және белгілі мақсатты түрде: ойлау, ұғыну және есте сақтау арқылы болатын зейін. Енжар тыңдау бұл бос ыдыс сияқты, ал белсенді тыңдау – бұл насос сияқты, сұрақтар арқылы барлық ақпаратты тартып алады. Тыңдау түрлері: 1.Бесенді (активный) 2.Енжар (пассивный) 3.Эмпатиялық Белсенді тыңдау /рефлексті/ - мұнда рефлексия болатын тыңдау, яғни өзінің сезіміне, іс- әрекеттерінің себептеріне талдау жасап және ұғынуы. Енжар тыңдау /рефлексті емес/ - мұнда үндемей зейін қойып, әңгімелесушінің сөзіне өзінің ескертулерін араластырмай тыңдау. Бұл 2-ші адамның ойын толық жеткізгісі келгенде, терең сезімге кіруде пайдалы. Сіз оны естіп тұрғаныңызды, оның жалғыз емес екендігі «иә», «солай» деген сөзбен қоштап отыру маңызды. Эмпатиялық тыңдау әңгімелесушінің уайымдаған сезімін сізде сезіне аласыз, сол сезімді бейнелеп, эмоциялық күйін түсініп және бөлісу 1.Тыңдауға бейімделу қажет өзіңіздің ойыңыздағы мәселеден арылу керек. Белсенді әңгімелесушіге көңіл бөлгенде ғана сіз онымен бірге сезініп змоциясын көресіз. 2. Серіктесіңіздің сөзіне уайым, сезім, эмоция көрсете білуіңіз қажет. 3.Үзіліс ұстай біліңіз. 4. Бұл эмпатиялық тыңдау сіздің әңгімелесуіңіздің мінез-құлығының жасырын мотивтері емес. Мұнда біз тек пайда болған сезімнің себебін түсіндіреміз. 5. Бұл жерде серіктес немесе тыңдаушыны басыңызды изеп «иә», «мақұл» деген сөздермен мақұлап отыру. Белсенді тыңдау серіктесіңізбен қарым-қатынаста көптеген кедергілердің болуынан бұзылады. Олар: бөлмедегі ауаның температурасы, бөгде адамдардың сөздері, айқай шу, серіктестердің біреуінің кешігіуі және тб. Сонымен қатар әңгімелесушінің шаршауы, сондықтан кездесулерді күннің бірінші жартысында ұйымдастыру ұтымды. Қалай белсенді тыңдауға болады? Деген сұраққа жаттығулар және арнайы әдістер арқылы қол жеткізуге болады. Американдық әдіс: Зейін қойып тыңда, Сөйлеме, тыңда, Тыңда, адам Айта алады, Айта алмайды, Айтқысы келмейді. Белсенді тыңдауға арналған ұсыныстар: 1.Әңгімелесушіңізгезерек болыңыз. Оған бетіңізбен бұрылып, визуалды қатынас жасаңыз. Қозғалыс пен ым ишара сіздің тыңдап тұрғаныңызды көрсетуі тиіс. Аралық дистанция екі серіктеске де ыңғайлы болуы маңызды. Денеңіз соған қарай ықтиланып, оны қолданушы бет келбет жасап, басыңызбен иіп тыңдауға дайынмын деген белгі беруу және тб. 2. Әңгімелесушіге бар зейініңізді шоғырландырыңыз. Оның не айтып тұрғанына шоғырлану. Тек сөз құрылымына ғана емес, бейВербалдыжақтарына да мән беру. 3. Сөздің мәнін ғана емес, оның сезімін де түсінуге тырысу. 4. Егер сізге оның не айтқаны түсініксіз болса, онда белсенді тыңдау арқылы нақтылау сұрақтарын қож қажет. Сіз оның сөзін дұрыс ұғынғаныңды тексеріңіз. 5. Серіктесіңізге қатысты мақұлдаушы ұстанымды қолдану. Бұл қарым-қатынаста жағымды ахуал туғызады. Сөйлеуші мақұлдауды көбірек сезінсе, ол өзінің не қажет екенін дәл жеткізеді. 6. Баға бермеңіз. Кейде жағымды бағалаудың өзі кедергі болуы мүмкін. Ал кез келген жағымсыз ұстаным тыңдаушы тарапынан сенімсіз сезім мен қарым-қатынаста абайлылықты туғызады
Әңгімелесушімен қарым-қатынаста тыңдау қателерінен сақ болу қажет, олар: 1. Оның хабарлауы кезінде бөлу. Көптеген адамдар оның сөзін еріксіз, бейсаналы түрде бөледі. Мұндайда бірден ойды қайта тиянақтауға әрекет жасау. 2. Асығыс қорытынды, сіздің әңгімелесушіңізге қорғану позициясын жасауға мүмкіндік туғызады. 3. Асығыс жасалған келбет оның айтушымен келіспегеніңзді жиі білдіреді. Жиі адамдар тыңдамай, оған қарсылығын ойша құрастырып, жылдамырақ жеткізу кезегін күтіп тұрады. Содан соң ойын өз бетінше негіздеп, серіктесі де соны айтайын деп тұрғандығын байқамайды. 4. Сұралмаған кеңестерді адамдар нақты көмек көрсеткісі келмеген жағдайда береді. Ең бірінші әңгімелесушіңіз не қажет екентіндігі анықтау қажет: бірлесіп ойласып немесе нақты көмек алу.
Ақпаратты тыңдауда келесідей критерийлерге сүйену керек:
1. Ақпараттың адекваттылығы және шынайылығы. Ақпараттың шынайылылығы өмір сүру барысынды тексеріледі, іс әрекет барысныды айқындалады. Адекватты және сапалы ақпарат поретивті шешімге алып келеді.
2. Ақпарат дәрежесі - көбінесе оның қайнар көзі арқылы анықталады. Ақпарат дәрежесі соңында сол ақпарат көмегімен болатын мақсаттармен арқылы анықталады.
3. Мақсатқа жеткізе ме, әлде жоқ па: Шындығында әрбір алған ақпарат мақсатқа жету үшін керек. Болмаса ол ақпараттың қажетті ме?