Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына қарай бөлінуі | Мысалдар |
Дара | Басты байлық – денсаулық.Саябақ – демалысорны. |
Күрделі | Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді. |
Үйірлі | Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу. |
Баяндауыш негізінен етістіктенболады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлт бүркей бастады.
Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауышсын есімненде болады.Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты.
Баяндауышсан есімненде болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауышесімдіктенде болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.
Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.
Сөз табы | Мысалдар |
Етістіктер | Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады. |
Сын есімдер | Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату. |
Зат есімдер | Бүгінгі жастар – бақытты жастар. |
Сан есімдер | Төрт жерде төрт – он алты. |
Есімдіктер | Мәдениет сарайы – анау. |
Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз | Кенет әлдене тарс етті.Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді. |
Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына және интонация арқылы байланысуына қарайбастауыштан кейін төмендегі жағдайда сызықша қойылады.
1. Бастауыш пен баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, араларына сызықша қойылады. Күреңтөбелмен Көкдауыл – аулымыздың аруағы.
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықшақойылады. Бұл – әр баланың міндеті.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Балалардың ортаншысы – Ақшолпан. Алты – жұп сан. Жорға Жұмабайдың мінгені – Құанабайдың торы аты.
4. Бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Еңбек ету – басты парыз.Әр баланыңміндеті –ата-анасынқұрметтеу.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықшақойылады. Үш жерде үш – тоғыз. Алты жерде алты – отыз алты.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштардыкөршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышынанажырату үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – адамның ерекше қабілетін танытады. Көрмес –түйені декөрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін сызықша қойылады.Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді.
Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) даратолықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлітолықтауыш.
Бір сөзденболған толықтауышдара толықтауышдеп аталады.Мысалы: Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты.
Күрделі сөздерденболған толықтауышкүрделі толықтауышдеп аталады.Күрделі толықтауыш төмендегі жолдармен жасалады:
1. Күрделі зат есімнен: Ата-анасын (кімді?) сыйлаған адам қор болмайды. Күрделі сын есімнен: Марат күрең қасқамен (немен?) ойқастай жүрді. Күрделі сан есімнен: Жүз – жиырма төртке (неге?) қалдықсыз бөлінбейді.
2. Негізгі сөз бен көмекші есім немесе көмекші етістік арқылы: Үй ішіне (кімдерге?) сырттағы дауыс қатты естілді. Абай биік мансаптың биік жартас екенін (нені?) айтқан.
3. Туралы, жөнінде, жайында шылауларының қатысуы арқылы: Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді.
Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы: Көкірегі ашық, білімі тереңге(кімге?) өмірде қиындық кездеспейді. Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш.
Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектінібілдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.
Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.
Тұрлаусызмүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшеанықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші (нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матасабайланысады. Мысалы: күрең ат, сұлужүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, сегізінші сынып, т. б.
Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірліанықтауыш.
Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы: Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.
Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы:
Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен.
Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауышдеп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу.Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?) жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.