Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
(пәнің атауы)
№ | Шифр | Әдебиет атауы | Бар болуы | Ескерту | |
Кітапхана-дағы саны | қамтам-ның % | ||||
Негізгі | |||||
Х629.3(2К)-324 Қ18 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс жүргізу кодексі.-Алматы: Жеті жарғы, 1998-368б. | 0,4% | |||
Х629.3(2К)-324 Қ18 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс жүргізу кодексі.-Алматы: Жеті жарғы, 2000-608б. | 0,48% | |||
Х629.3(2К)-324 Қ18 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс жүргізу кодексі.-Алматы:ЖШС Баспа, 2001-256б. | 0,4% | |||
Х629.3(2К)-324 Қ18 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 307-І, 2000жылғы 29 наурыздағы №42- ІІ және 2000 жылғы 5 мамырдағы №47-ІІҚазақстан Республикасының заңдарымен өзгертулер мен түзетулер енгізілген ресми мәтін.-2-ші басылымы.-Алматы: Жеті жарғы, 2000.-608бет. | 0,4% | |||
Х629.3(2К)-324 Қ18 | Қ.Рқылмыстық іс жүргізу кодексі.-Алматы: ЖШС Баспа, 2001.-256б. | 0,4% | |||
Х629.374я73 У26 | Уголовно-процессуальное право Республики Казакстан. Общая часть.Кн.1:Академический курс / Под ред.д.ю.н., профессора Б.Х. Толеубековой.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.-424с. | 0,24% | |||
Х629.374я73 У26 | 7 Уголовно-процессуальное право Республики Казакстан. Общая часть.Кн.2:Академический курс / Под ред.д.ю.н., профессора Б.Х. Толеубековой.-Алматы: Жеті жарғы, 2005.-432с. | 0,6% | |||
И86 | Исковые заявления и другие письменные обращения в суд(образцы) [Текст]: Практич.пособие.- 2-е изд.- Алматы: Лем, 2003.- 124 с. | 0,08% | |||
Х629.374я73 У26 | 8 Уголовно-процессуальное право РК. Часть особенная. Досудебные стадии: Учебник / Толебекова Б.Х. , Капсалямов К.Ж., Шнарбаева Б.К., БекишевД.К.-Астана: Данекер, 2002.-270с. | 0,36% | |||
Х629.3(2К)-324 У26 | 9 Уголовно-процессуальный кодекс РК. Официальный текст.-Алматы: Юрист, 2003.-220с. | 0,08% | |||
Х629.2(2к)я73 Б18 | Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2 т.Т. 1.: Общая часть [Текст]: Учебник для студентов вузов / З.Х Баймолдина.- Алматы: КазГЮА, 2001.- 416 с. | 0,32% | |||
Х629.2(2к)я73 Б18 | Баймолдина, З.Х. Гражданское процессуальное право РК. В 2 т.Т. 2.: Особенная часть [Текст]: Учебник для студентов вузов / З.Х Баймолдина.- Алматы: КазГЮА, 2001.- 468 с. | 0,32% | |||
Қосымша | |||||
Х629.213 (2К)Б18 | Баймолдина, З.Х. Исковой порядок защиты прав в суде [Текст] / З.Х Баймолдина.- Алматы: Жетi жарғы, 2001. | 0,2% | |||
Х629.217(2К)4 Б18 | Баймолдина, З.Х. Разбирательство гражданский дел в суде первой инстанции [Текст] / З.Х Баймолдина.- Алматы: Жетi жарғы, 2001.- 96 с. | 0,32% | |||
Х629.3(2К)я73 О 75 | Оспанов, С.Д. Уголовный процесс РК [Текст]: Учебник / С.Д. Оспанов.- Алматы: Юридическая литература, 2009.- 1 электр. опт. диск. | 1,47% | |||
Х629.3(2К)я73 О 75 | Оспанов, С.Д. Уголовный процесс РК [Текст]: Учебник / С.Д. Оспанов.- Алматы: Юридическая литература, 2003.- 1 электр. опт. диск. | 1,47% | |||
Х629.3(2К) Қ 16 | Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі [Мәтін] = Уголовно -процессуальный кодекс Республики Казахстан: Электронная книга.- Алматы: Юридическая литература, 2007.- 700 МВ: 1 электр. опт. диск (CD-ROM); 80 мин. | 1,47% |
Дәрістер кешені
1 Дәріс. Тақырып: Қылмыстық істі қозғау актілері.
Дәріс жоспары:
1. Қылмыстық процессуалдық құжаттар түсінігі, түрлері мен маңызы.
2. Қылмыстық істі қозғау сатысының субъектілері.
3. Қылмыстық істі қозғау сатысында қабылданатын шешімдер.
Негізгі ұғымдар: қаулы, хаттама.
Қылмыстық істі қозғауға мыналар себептер мен негіздер бола алады, атап айтқанда:
- азаматтардың арыздары:
- кінәсін мойындап келу:
- мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымдау басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы:
- бұқаралық құралдарындағы хабар:
- лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген органдардың қылмыс туралы мәліметтері тікелей анықтауы.
Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді бодырмайтын мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жазбаша арызға оны беріп отырған адам қол қоюы тиіс. Тергеу ісәрекетін жүргізу кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиісінше тергеу іс-әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Кінәсән мойындап келу – адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі.
Аталған мәлімдемені жазбаша да ауызша да нысанда жасауға болады және оны мәлімдеуші қылмыстық процесті жүргізетін органға беруі тиіс.
Қылмыстық істі қозғауға себеп пен негіз болған кезде анықтауша, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады.
Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты немесе факт бойынша қозғалыр отырғаны, белгілері бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұдан былайғы бағыты көрсетіледі. Қылмыстық іс қозғау туарлы қаулының көшірмесі 14-сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтар мен міндеттерді түсіндіре отырып, хабарланады.
2 Дәріс. Тақырып: Тергеу іс-әрекетінің хаттамасы.
Дәріс жоспары:
1. Алдын алал тергеу түсінігі және маңызы.
2. Алдын ала тергеу хаттамалары.
Негізгі ұғымдар: қаулы, хаттама.
Тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасаладаы.
Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер арқылы жасалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенографиялау, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба материалдары іспен бірге сақталады.
Хаттамада: тергеу іс-әрекетін жүргізу орны мен күні; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейін дәл; тергеушінің лауазымы мен аты-жөні; тергеу іс-әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты, ал қажет болған жағдайда оның мекен-жайы көрсетіледі. Хаттамада іс жүргізу әрекеттері олардың болған ретімен, оларды жүргізу барысында іс үшін мәні бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелері жазылады.
Егер тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолнылса не іздің көшірме бедері мен таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жаалса, онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижелер көрсетілуге тиіс. Хаттамада бұған қоса ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс.
Танысу үшін хаттама тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Рларға хаттамаға енгізілуге тиіс ескертпе жасау құқығы түсіндіріледі. Хаттамаға енгізілген барлық ескертпелер, толықтырулар, түзетулер көрсетілуге және олар осы адамдардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.
Хаттамаға тегеу іс-әрекетін жүргізу кезінде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, сызбалар, жоспарлар, схемалар, іздің көшірме бедерлері мен таңбалары қоса тіркеледі.
Егер тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында маман зерттеу нәтижелері бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл құжат хаттамаға қоса тіркеледі, ол туралы хаттамаға тиісті жазу жазылады.
Жәбірленушінің, оның өкілінің, куәнәң және олардың жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп санауға негіздер болған кезде тергеуші аталған адамдар қатысып отырған тергеу іс-әрекеті хаттамасында олардың жеке басы туралы деректерді жазбауға құқылы. Бұл жағдайда тергеуші жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімінің себептері жазылған, олардың бүркеншік аттары көрсетілген және ол қатысқан тергеу іс-әрекетінің хаттамаларында ол қолданатын қол қою үлгілері келтірілген қаулыны шығаруға міндетті. Қаулы бұдан әрі қылмыстық істі тергеп отырған органда сақталатын конвертке салынып, желімделеді, оның ішіндегілерімен тергеушіден басқа прокурор және сот таныса алады.
Дәріс 3. Тақырып: Айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысы.
Дәріс жоспары:
1. Айып тағу мәні, түсінігі.
2. Айып тағудың процессуалдық тәртібі.
Негізгі ұғымдар: айыпталушы.
Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады.
Тергеуші айыпталушыға айып тағылған күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушының не тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы құқығы түсіндіріледі.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулыда мыналар көрсетілуге тиіс:
1) оның жасалған иуақыты мен орны; қаулыны кім жасаған; айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты мен әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы және жері:
2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың оның жасалған уақыты, орны көрсетілген сипаттамасы, сондай-ақ заңда көрсетілген дәлелденуге тиісті өзге де жағдайлардың сипаттамасы:
3) аталған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмысыт заң:
Бірнеше қылмыс бойынша айыпталған айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда қылмыстық заңның әрбір бабы ( бөліктер, тармақтар) бойынша айыпталушыға қандай нақты іс-әрекеттер танылатыны көрсетілуі тиіс.
Қаулыда адамды тергеп отырған іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім болуға тиіс.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін 24-сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.
Айып, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы айыпталушы өтінім білдірген болса, қорғаушының көзінше және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап 3-тәуліктен кешіктірілмей тағылады. Айыпталушы немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда айыа 3-тәуліктен кейін де тағылады.
Айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады. Бұл ретте тергеуші айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болған жағдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиіс.
Айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады. Бұл ретте тергеуші айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болған жағдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиіс.
Тергеуші айыпталушының жеке басын анықтағаннан және қорғаушының қорғауды жүргізу тапсырмасын тексергеннен кейін айыпталушыға және оның қорғаушысына айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны хабарлайды.
Тергеуші айыпталушыға тағылып отырған айыптың мәнән түсіндіруге міндетті.
Айыпталушыға оны айыпталушы ретінде жауапқа тарут туралы қаулының көшірмесі тапсырылады.
Дәріс 4. Тақырып: Эксгумация, куәландыру, тану үшін көрсету.
Дәріс жоспары:
1. Эксгумация куәландыру, тану үшін көрсету тергеу әрекеттерінің түсінігі және мәні.
2. Эксгумация куәландыру, тану үшін көрсетуді жүргізудің процессуалдық тәртібі.
Негізгі ұғымдар: эксгумация, куәландыру.
Адамның мәйітін жерленген жерінен қазып алу (эксгумация) егер мыналар:
1) мәйітті тексеру, оның ішінде қосымша немесе қайталап тексеру;
2) тану үшін көрсету
3) сараптама жүргізу талап етілгенде жүргізіледі.
Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексеру тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін ( ҚІЖК-нің 224-бабы ).
Эксгумация тергеушінің прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі. Адам денесіндегі ерекше белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайы немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін, егер бұл үшін сараптама жүргізу талап етілмесе, сезіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге және куәға куәландыру жүргізілуі мүмкін ( ҚІЖК-нің 226-баб). Тінту іс үшін маңызы эксгумация тергеушінің прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі. Эксгумация туралы қаулы жерленген жердің әкімшілігі жәнеқайтыс болған адамның туыстары үшін міндетті болып табылады. Эксгумация сот медицинасы саласындағы маманның міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тану мен тексеру, сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер алу эксгумация жасалатын орында жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда тергеу іс-әрекетін жүргізуден алынған деректер және олардың реті мен мәйіт эксгумациясының жалпы хаттамасына енгізіледі. Егер заңда көзделгендей, тергеу іс-әрекеттері басқа жерде жүргізілсе, бұл туралы жеке хаттама жасалады.Эксгумациядан кейін мәйіт өзге зерттеулерді жүргізу үшін медицина мекемесіне жеткізілуі мүмкін. Мәйітті эксгумациялаудан және кейінгі іс жүргізу әрекеттерінен соң жерлеуді мәйітті эксгумациялау туралы қаулы шығарған адамның немесе органның қатысуымен жерлеу орны әкімшілігі жүргізеді. Анықтау органдары тергеушіге эксгумация жүргізуге жәрдемдесуге міндетті.
Тексеру. Қылмыс iзiн, өзге материалдық объектiлердi анықтау, сондай-ақ iс үшiн маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеушi, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкерi жердi, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзi тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды тексередi. Тексерудi жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу iс-әрекетiне қатысушылардың барлығы үшiн мiндеттi. Қылмыстық iстi қозғау туралы шешiм шығару тексерудi жүргiзбейiнше мүмкiн болмайтын жағдайларда ол қылмыстық iс қозғалғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
Тексеру жүргiзудiң жалпы ережелерi. Тексеру бұған қажеттiлiк пайда болған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi. Қылмысты ашу үшiн тергеу талап етiлетiн қылмыс туралы арыз немесе хабар алғаннан кейiн тергеушi оқиға болған жерге дереу келiп, тексеру жүргiзуге тиiс. Тергеушi уақытында келе алмайтын жағдайда тексерудi анықтаушы немесе арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкерi жүргiзедi. Анықтау органының қызметкерлерi тексеру жүргiзген кезде жәрдемдесуге және тергеушiнiң тапсырмасы бойынша оқиға болған жердi күзету, көрген адамдарды анықтау, қылмыс жасаған адамдарды анықтау және ұстау, зардап шеккендердi көшiру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстардың жолын кесу және олардың қайталануының алдын алу, оқиғаның өзге зардаптарын жою жөнiндегi қажеттi шараларды жүргiзуге мiндеттi. Тексеру куәларды қатыстыра отырып жүргiзiледi. Айрықша жағдайларда (баруы қиын жерлерде, тиiстi қатынас құралдары болмағанда немесе басқа объективтi себептерге байланысты азаматтарды куә ретiнде тарту мүмкiн болмаған кезде, сондай-ақ тексеру жүргiзу адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрумен байланысты болса) тексеру куәлердi қатыстырмай, бiрақ бұл ретте, әдетте, оның барысы мен нәтижелерiн бекiтудiң техникалық құралдарын қолдану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн. Қажет болған жағдайда тексеру сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi. Байқалған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi тексеру тергеу iс-әрекетi жүргiзiлетiн жерде өтедi. Егер тексеруге ұзақ уақыт қажет болса немесе қылмыс анықталған жерде тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, буып-түйiлiп, мөрмен бекiтiлiп және бүлiнбеген күйде тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс. Тексеру кезiнде анықталғанның және алынғанның бәрi куәгерлерге басқа да тексеруге қатысушыларға көрсетiлуi тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады. Iске қатысы бар объектiлер ғана алынуға жатады. Алынған объектiлер буып-түйiледi, мөрмен бекiтiледi және тергеушi мен куәгерлердiң қол қоюы арқылы расталады. Тексеруге қатысушы адамдар тергеушiнiң назарын өз пiкiрлерiнше iстiң мән-жайын анықтауға ықпал ететiн жәйттiң бәрiне аударуға құқылы. Қажет болған жағдайларда тексерiлетiн объектiлерге өлшеу жүргiзiлiп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiру және өзге құралдармен бейнелеу жүргiзiледi, бұл туралы хаттамада белгi қойылып, оған аталған материалдар қоса тiгiледi. Тұрғын үйдi тексеру тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсiмiмен немесе прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе психикалық немесе өзге ауыр науқастан зардап шегетiнi белгiлi болса немесе тексеруге қарсы болса, тергеушi прокурордың санкциясы алынуға тиiс мәжбүрлеп тексеру туралы қаулы шығарады.
Дәріс 5. Тақырып: Сарапшының қорытындысы.
Дәріс жоспары:
1. Қылмыстық іс жүргізу бойынша сарапшының құқықтары мен міндеттері.
2. Сарапшы қорытындысын толтырудың процессуалдық тәртібі.
Негізгі ұғымдар: сарапшы, сарапшының қорытындысы.
Сарпашы қылмыстық іс бойынша, іс жүргізу кезінде тұлға арнаулы білімді талап ететін мәселелер бойынша, қорытынды беруге сот не қылмыстық ізге түсу органдары шақырған адам. Сарапшы бұл ғылым, техника басқа салалар бойынша арнаулы білімі бар адам. Сарапшыға ұсынатын сұрақтар, және осы сұрақтар бойынша оның беретін қорытындысы, сарапшының арнаулы білімінің шегінен шықпауы тиіс. Сарапшы өз қорытындысы үшін өз басымен жауапты болады. Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін есепке ала отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өзі қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады.
Сарапшының қорытындысында мыналар көрсетілуге тиіс: қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамндығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы), қандай негізде сараптама жүргізілді, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауатылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюымен куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде кім қатысты және қандай түсініктемелер берді; сарапшы қылмыстық істің қандай материалдарын пайдаланды; қандай объектілер зерттелді; қандай зерттеулер жүргізілді, қандай әдістер қолданылды және олардың сенімдік шамасы қандай; қойылған сұрақтарға негізді жауаптар. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге тиіс.
Егер зерттеулер барысында заңда көрсетілген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың барлығына немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.
Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын бақа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қрсымшасынасарапшы (сарапшылар) қол қояды.
Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнайы бөлімдерінің аясынан не оған ұсынылған материалдар қорытынды юеру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және орындалуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама тәжірибесінің жайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сараптама тағайындаған органға немесе адамға жібереді.
Дәріс 6. Тақырып: Өтініш жасау. Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану
Дәріс жоспары:
3. Өтініш келітірудің процессуалдық негіздері.
4. Шағым келітірудің процессуалдық негіздері.
Негізгі ұғымдар: өтініш, шағым.
ҚІЖК-нің 13-тарауында (102-112 баптар) іске қатысушылардың өтініштері мен шағымдарын шешу тәртібі көрсетілген.
Өтініш процеске қатысушылардың іске маңызы бар мән-жайларды анықтау, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қажетті іс-әрекеттер жүргізу жөнінде сұрауы деп қаралады. Мұндай өтінішті қатысушылар қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңдерінде мәлімдеуге құқылы: тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде – тергеушіге, анықтаушыға немесе прокурорға мәлімдеуге, сотқа істі қарау кезінде – сотқа мәлімдеу.
Процеске қатысушылардың өтініштерін қабылдау және шешу ҚІЖК-нің 102-бабымен реттелген. Өтініш ауызша айтылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін. Заңда көрсетілгендей, жазбаша өтініштер іске тіркеледі, ауызша өтініштер хаттамаға түсірілуі тиіс. Қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушылардың өтініштердің қабылдауға және қарап шешуге міндетті болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша қандай және қай кезде өтініштер мәлімдеуге болатындығы заңмен шектелмейді. Бірақ, өтініш білдірген адам өзінің өтінішіне байланысты істің қандай мән-жайларын анықтау үшін іс-әрекет жүргізуді ( тергеу немесе сот әрекетін жүргізуді немесе шешім қабылдауды) сұрайтындығын көрсетуі қажет. Мәселен, айыпталушы өзі білетін адамнын куә ретінде жауап алу жөнінде өтініш айтқанда, ол адамнан жауап алудың істің қандай мән-жайларын ашуға маңызы бар екендігін көрсетуі қажет болады. Өйткені, өтінішті қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау бұл өтініштің істің мән-жайларын анықтауға маңызының бар-жоғына байланысты болып табылады.
Әрбір өтініш кешіктірілмей, яғни ол мәлімделген кезде шешілуге жатады. Өтініш бойынша шешімді дереу қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ол мәлімделген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей шешілуге тиіс.
Шағым деп оны берген адамның пікірінше қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз әрекеттерін немесе шешімдерін бұзу жөнінде қойған талабын айтамыз. ҚІЖК-нің 103-бабының 1-бөлігіне сәйкес, процеске қатысушылар, сондай-ақ мүдделі азаматтар мен ұйымдар қылмыстық іс жүргізу органдарының әрекеттері мен шешімдеріне шағым беруге құқылы. Ондай шағым берудің және оны шешудің жалпы ережелері ҚІЖК-нің 103, 105-107-баптарында көрсетілген. Ол ережелер мыналар:
- алдын ала тергеу, анықтау органдарының, прокурордың, судьяның (соттың) әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында беріле алады;
- шағым оны қарап шешуге уәкілдігі бар мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның атына беріледі;
- шағымдарды қарауды іс-әрекеттеріне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға немесе судьяға, сондай-ақ шағым жасалған шешімді бекіткен адамға тапсыруға тыйым салынады;
- шағымдар ауызша немесе жазбаша берілуі мүмкін, ауызша шағым оны берген адам мен шағымды қабылдап алушы лауазымды адам қол қойған хаттамаға түсірілуі тиіс;
- шағымға қосымша материалдар тіркеуге болады;
- қылмыстық сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам шағымды ана тілінде немесе өзі білетін тілде беруге құқылы;
- шағымдарды тексеру уәкілдігі бар прокурор немесе судья шағымды қарағанда онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша матьериалдарды талап ету, тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан түсініктеме алу арқылы берілген шағымды әділ шешуге міндетті;
- шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкілеттіктері шеңберінде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де азаматтардың немесе ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерн қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануға міндетті;
- егер шағымдалған заңсыз іс-әрекеттің салдарынан азаматқа моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілсе, оған зиянды өтеуге немесе жоюға құқығы мен бұл құқықты жүзеге асырудың тәртібі түсіндірілуі тиіс;
- шағым берген адам оны қайтарып алуға құқылы.
Дәріс 7. Тақырып: Сезіктіні ұстау.
Дәріс жоспары:
3. Сезік түсінігі.
4. Сезіктіні ұстау негіздері.
Негізгі ұғымдар: сезікті.
Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мақсатында қысқа мерзімге қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Бұл шараны қолданудың негіздері және тәртібі ҚІЖК-нің 17-тарауында белгіленген.
Қылмыстық ізге түсу органы бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолдануы мүмкін болатын қылмыс жасағандығыа күдіккелтірген адамды мына негіздердің бірі болғанда ұстауға құқылы:
1) бұл адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған болса;
2) өз көзімен көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші, қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетсе немесе басқа адам қылмыс жасаған адамды ұстап әкелген болса;
3) бұл адамның денесіне немесе оның киімінде, тұратын үйінде қылмыстың айқын іздері табылған болса;
4) жедел-іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында бұл адамның ауыр немесе ауыр қылмыс жасағандығын немесе ондай қылмыс жасауға дайындалғандығын көрсететін анық деректер бар болса.
ҚІЖК-нің 134-бабында белгіленген тәртіп бойынша, сезіктіні ұстау
хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Бұл хаттаманы анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу органына сезіктіні әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы жазып, онда ұстаудың негіздері мен себебін, жерін және уақытын (сағат мен минутын), хаттама жазудың уақытын көрсету қажет. Хаттамаға оны жазған адам және ұсталған адам қол қояды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және оған ҚІЖК-нің 68-бабында көзделген сезіктінің құқықтары, соның ішінде қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұл жөнінде хаттамада көрсетіледі. Сезіктіні ұстау хаттамасы жазылған сәттен бастап он екі сағаттын ішінде оның ұсталғандығы туралы прокурорға жазбаша хабарланады.
Сезікті ретінде ұсталған адамнан жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жауап алынуы тиіс.
ҚІЖК-нің 135-бабына сәйкес, сезіктіні ұстау шарасын қолданған лауазымды адам оны жеке тінтуге құқылы: сезіктінің қаруы бар деп санауға негіз болған жағдайда немесе ол өзінің қылмыс жасағандағын көрсететін заттардан құтылуға тырысқан, не өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге болады. Мұндай тінту жүргізілген болса, оны кім жүргізгендігі және қандай заттардың алынғандығы сезіктіні ұстау хаттамасында жазылып көрсетіледі. Сезікті ретінде ұсталған адамды босату кезінде бұл адамға оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама (құжат) берілуі тиіс.
Дәріс 8. Тақырып: Қамауға алу – бұлтартпау шарасы ретінде.
Дәріс жоспары:
1. Қамауға алу түсінігі.
2. Қамауға алу кезінде толтырылатын құжаттар.
Негізгі ұғымдар: мәжбүрлеу шаралары.
Қылымыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қарастырады: күдіктіні ұстау (17- тарау); бұлтартпау шаралары (18- тарау);басқа да іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары (19- тарау).
Қамауға алу ҚІЖК-нің 150-бабы). Қамауға алу – бұлтартпау шараларының ең қатаң түрі болып табылады. Бұл шара қолданылған адам қылмыстық іс жүргізу мерзімінің ішінде уақытша бас бостандығынан айырылып, қамауда ұстаудың талаптары мен шарттарына бағынышты болады.
ҚІЖК-нің 150-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, қамауға алу прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана және заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қасаақана қылмыс жасағандығы жөнінде айыптау бойынша немесе үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасағандығы жөнінде айыптау бойынша айыпталушыға (сезіктіге) қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы екі жылдан артық емес мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар бойынша да айыпталушыға (сезіктіге) қолданылуы мүмкін, егер;
1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса,
3) ол бұрын оған қолданылған бұлтартпау шарасын бұзған болса;
4) ол қылмыстық іс жүргізу органдарынан жасырынған немесе жасырынуға тырысқан болса.
Қамауға алу, басқа да бұлтартпау шараларын қолдану сияқты, заңды
және дәлелді болуы тиіс. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың заңдылығы бұл шараны қолдану кезінде ҚІЖК-де белгіленген тәртіптің қатаң сақталуы болса, ал оның дәлелділігі бұл шараны ҚІЖК-нің 139-бабында көрсетілген негіздер бойынша ғана қолдану болып табылады.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға заңда көзделген негіздердің
бірі бар болған және оны қолдану қажет деп тапқан жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы бұл шараны қолдану туралы қаулы шығарады. Қаулыда айыпталушыны немесе сезіктіні қамауға алудың негізі және қамауға алудың қажеттілігін көрсететін себептер баяндалуы тиіс. Бұл қаулыда қамауға алудың дәлелдігін растайтын істің материалдарын тіркеу талап етіледі.
Тергшеуші немесе анықтаушы шығарған қамауға алу шарасын қолдану
туралы оған тіркелген істің материалдарымен бірге тиісті прокурорға жолданады. Бұл қаулыны прокурор істің материалдары прокуратурға келіп түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде қарауы тиіс.
Егер сотта істі қарау кезінде сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы
ретінде қамауға алу мәселесі туындайтын болса, сот ол жөнінде тараптардың пікірлерін тыңдағаннан кейін сотталушыны қамауға алу немесе оған басқа бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады.
Дәріс 9. Тақырып: Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту.
Дәріс жоспары:
3. Бұлтартпау шарасын тоқтату негіздері.
4. Бұлтартпау шарасын өзгерту негіздері.
Негізгі ұғымдар: бұлтартпау шарасы.
ҚІЖК-нің 154-бабында көрсетілгендей, бұлтартпау шарасы оған қажеттілік болмаған кезде тоқтатылады немесе істің мән-жайыларының себептеріне байланысты неғұрлым қатаң немесе неғұрлым жеңілірек түріне өзгертіледі. Ол туралы қылмыстық іс жүргізу органы дәлелді қаулы шығарады.
Прокурор тергеушіге немесе анықтау органына бұлтартпау шарасын тоқтату және өзгерту туралы нұсқау беруге құқылы. Алдын ала тергеу жүргізу кезінде прокурор санкцияландырған немесе қолданылған, немесе оның нұсқауы бойынша қолданылған бұлтартпау шарасын прокурордың келісімімен ғана тоқтату немесе өзгерту мүмкін.
Сотта істі қарау кезінде бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту қажет болса сот (судья) бұл туралы қаулы шығарады.
Қылмыстық іс қысқартылған барлық кездерде, сот ақтау үкімін шығарғанда немесе жазадан босатып айыптау үкімін шығарғанда, сондай-ақ шартты түрде жаза кесу арқылы айыптау үкімі немесе жаза өтеуді кейінге қалдырып айыптау үкімі шығарылған болса, бұл жағдайлардың барлығында да бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады.
Егер алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушыға тағылған айыптау бойынша қылмыстың сараланудың заңның бас бостандығынан айыру жазасын көздемейтін бабына жатқызып өзгерту қажет болса, бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын оның неғұрлым жеңіл түріне өзгерту мүмкін. Егер айыпталушы алдын ала тергеудің немесе сотта істі қараудың объективті жүргізідуіне қарсы әрекеттер жасаған немесе бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын бұзған болса,онда қылмыстық іс жүргізу органы бұл айыпталушыға қолданылған бұлтартпау шарасын оның қатал түріне згерте алады.
Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту туралы қаулы айыпталушыға, ал тиісті жағдайларда жеке кепілдік берген адамдарға немесе әскери бөлімнің командованиесіне, кәмелетке толмағанның ата-анасына, кепіл бергендерге жарияланады. Сонымен қатар, тергеуші немесе анықтаушы шығарған қаулының көшірмесі прокурорға жолданады. Бұлтартпау шарасы оның қатаң түріне өзгертілген жағдайда, айыпталушыға бұл қаулының шағымдау тәртібі түсіндірілуі тиіс.
Дәріс 10. Тақырып: Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талапты қоюдың тәртібі және оны шешу
Дәріс жоспары: