Айырлы таң, достарым!

Тау гүлдеді, бау гүлдеді.

Тамылжып тұр таң да арайлы.

Жас көктемнің балғын демі

Балбыратты бар маңайды,

Көкте күнім, жерде гүлім.

Сәуле шашып тұр әлемге,

Құс та бүгін, көл де бүгін

Қосылады бір әуенге.

Бірге толқып қырлары да, нұрлары да,

Мөлдіреген аспаны,

Гүл жамылған, нұр жамылған туған дала

Өмір жырын бастады.

Кең далаға, ел-анаға

Қайырлы таң, «Қайырлы таң» достарым!

Ақынның өзіндік бір қырларымен көзге түсетін, көзіңе жас, көңіліңе мейірім ұялататын бір өлеңі – «Әйелдер». Қазіргі аналар, аяулы әжелер Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға әкесін, ағасын, бауырын, жарын шығарып салған бойжеткендер мен келіншектер оларға қандай жыр-дастандарға да арқау болуға лайықты адамдар. Сондықтан кімнің болса да көкейін тап басатын Сағидың:

Ырзамыз барлық ісіңе,

Қазақтың қара көздері.

От пенен судың ішінен

Бізді алып шыққан өздерің.

Тұншығып іште жалыны,

Жана алмай кеткен отсыңдар.

Таранып, моншақ тағынып,

Бойды да күткен жоқсыңдар.

Қырларда кетті көп күндер...

Түрлерін іздеп көйлектің,

Таңдап та кимей кеттіңдер – деген өлең жолдарын тебіренбей оқу мүмкін емес.

Сағи Жиенбаев поэзиясының айтулы қасиеті – Отанға, туған жерге, биік адамдық атқа деген нәзік те асқақ сезімінде.

Ақынның ең таңдаулы өлеңдері музыка тілінде де сөйлеп, халық арасында кең тарап кетті. «Қарттарым аман сау жүрші», «Ана», «Елім менің», «Бейбітшілік жыры», «Ашық аспан», «Ауыл азаматтары», «Таң бұлбұлы», «Соғыс ардагерлері», «Қайдасың сен», «Дәурен –ай» т.б. өлеңдері. «Еңлік-Кебек», «Махамбет», «Боранды Едіге» -либреттосының авторы Сағи Жиенбаев әлем поэзиясының аудармашысы ретінде жемісті еңбек етті. Оның аудармасында Байронның, Пушкиннің, Турманияның, Лермонтовтың және басқа әлем әдебиеті классиктерінің өлмес туындылары қазақ тілінде тамаша сөйледі.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі ретінде ол қазақ әдебиетінің жас өркенін әсіресе, лирика жанрындағы ізбасарларын тәрбиелеп өсіруге көп күш жұмсаған. Өнегелі еңбектері орыс, украин, армян, түрікпен, грузин, қырғыз және ТМД халықтары тілдерінде аударылған. Сондай-ақ неміс, поляк, чех, монғол, француз тілдерінде де аударылып жақын және алыс шетелдерде басылып шықты.

Сағи сазы – бұл қазақ лирикасындағы айрықша нұрлы, сырлы саз. Ол дауыс, ол саз уақыт озған сайын қоғам, ұрпақтар толқыны жаңарған сайын қалың қоғамға жаңа сәнмен жаңара береді.

С.Жиенбаев қазақ әдебиетін дамытудағы үлкен еңбегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, басқа да үкімет наградаларымен марапатталған.

Көрнекті ақын, нәзік сезімді, қайырымды азамат поэзия зергері және ақындардың әлденеше буынының ұстазы Сағи Жиенбаев 1994 жылы 15 мамырда 61 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

2000 жылы Мәдениетті қолдау жылында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 16 ақпан №257 қаулысымен Ақтөбе өңірінде дүниеге келген лирик ақын С.Жиенбаев есімі Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасына берілді. Және қала көшесі, Байғанин ауданындағы Оймауыт ауылының орта мектебі ақын есімімен аталады.

Сәулетті сөздің шебері, жаны жайдары, алтын қалам иесі С.Жиенбаевтың жырлары жас ұрпаққа үлгі өнеге.

Сабақ тақырыбы: Спандияр Көбеев

Сабақ мақсаты: Спандияр Көбеев-қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың алғашкы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрген ағартушы, оқытушы, ақын, аудармашы туралы мағлұматтар беру. << Үлгілі бала >> кітабы. << Қалың мал >> романында суреттелген әлеуметтік теңсіздікті аша білуге баулу. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, студенттердің танымын кеңейту.

Өткізу әдісі: Әңгімелесу, лекция.

Жаңа сабақ: Спандияр Көбеев (1878-1956)

Өмірі. Спандияр Көбеев 1878 жылы қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданында туған. Әкесі мұсылманша сауатты, еңбекқор, анасы ауыл, елге сыйлы жандар болыпты.

1887 жылы Ы.Алтынсарин ашқан мектепке тусіп, оны 1892 жылы бітіріп шығады. Бұдан соң 1892-1895 жылдары Қарағайлыкөлде төрт жылдық оқуды оқиды. 1895-1897 жылдары Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінен білім алды.

Ұстаз болуды армандап, Орынбордағы оқытушылар семинариясынан білім алуға талпынады, бірақ сәті келмей 1898 жылы Қостанайдағы екі жылдық бастауыш мектеп мұғалімін даярлайтын курсты аяқтайды. Оқу бітірген соң Ырғыз уезінің Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде С.Көбеев өзі білім алып, хат танытқан ұстазы Ыбырай жолымен, ғылым негіздерін үйретуге ынта қояды. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, А.П.Чехов, И.А.Крылов шығармаларын алыс ауылдағы ел Спандияр Көбеевтің, мұғалімнің әңгімелеп айтуынан естиді.

Ауылдағы турлі өрескелдіктер мен адам мінезіндегі жағымсыздықты, ұнамсыздықты сынау үшін И.А.Крылов мысалдарын аударды.

1903-1905 жылдары аралығында Петропавл уезінде мұғалім, 1905 жылы Омбыдағы бір айлық ауыл шаруашылық курсында білім алады, 1908-1910 жылдары Перопавл қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде қызмет етеді. 1910-1919 жылдары Қостанайдың Федоровка ауылында мұғалім болады.

С.Көбеев-өмірінің соңына дейін ұрпақ тәрбиелеп, білім берумен айналысқан ұстаз. 1956 жылы дүние салды.

Еңбегі. шығармалары. С.Кобеев ауылда мұғалім болып жүрген кезінен бастап ел тұрмысына жақын, оқиғасы шағын, есте жақсы сақталып, көнілге бірден жететін мысал өлендер аударуды қолға алады. Ел ішінде түрлі оқиға, іс-әрикет пен И.А.Крыловтың мысалдары арасынан үндестік табады. Алғаш 1908 жылдан бастап аударған мысалдарын 1910 жылы Қазан қаласында бастырып шығады. Оны << Үлгілі тәржімә >> деп атайды.

Спандияр Кобеев қиянат, әділетсіздік, надандық, мақтан сүйгіш, бос кеуделілік, ақымақтықты сынайды. << Маймылмен көзілдірік >>, << Аққу, шортан һәм шаян >>, << Көлбақа мен Юпитер >>, << Арыстан мен маса >>, << Жапырақтар мен тамырлар >> сияқты мысалдарға әр заттың қадір-қасиетін ұғынуды бірлікпен ынтымақты сақтауды, шамасыны қарап шарқын бағамдауды, көпшіліктің жұмылса жеңбейтін, алынбайтын қамалы болмайтынын айтады.

Ұлы Абайдан басталып, А.Байтұрсынов жалғастырған мысал аударудағы С.Көбеев еңбегі өз заманына қажет тақырып пен ойды дәл кезенде қозғауымен де маңызды әрі И.А.Крылов мысалға алған арыстан, аю, қасқыр, түлкі, қой-қозы, өгіз т.б. бейнелері қазақ әдебиетіндегі осындай аллегориялық ( пернеленген ) бейнелермен мінез құлқы жағынан да үйлесі кетті.

1912 жылы Қазанда << Үлгілі бала >> атты кітабы басылады. Кітап бастауыш мектеп балалары үшін оқу құралы ретінде дайындалған. Крылов мысалдары, орыс ақынжазушыларының шығармалары аудармаларынан, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінен құрастырылған. К.Д.Ушинскидің << Родное словосын >> басшылыққа ала әзірленген кітапта Л.Толстойдың << Құмырсқа мен көгершін>>, << Ат пне есек >>, << Атасы мен немересі >>, << Екі жолдас >> т.б., К.Ушинскийдің, << Екі соқа >>, << Тулкімен теке >>, << Сауысқанмен қарға >> т.б. әнгімелері, сонымен бірге өзінің << Жетімнің өлеңі >>, << Жарлы мен бай >>, << Қайыршы >>. Сияқты шығармалары кірген.

<< Қалың мал >> романы 1913 жылы жарыққа шықты. Бұл-қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. Шығарма тақырыбы - ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ әдебиетінде көп көтерілген, көп айтылған, жазылған әйел теңсіздігі, жастар бостандығы. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында мектептер ашылып, ел жаңаша білім ала бастады. Ел оқығандары қалың мал мен әменгерліктің жастар еркін бұғаулайтын кедергі екеніне көптің көзін жеткізуге тырысты. Солардың бірі С.Кобеевтің << Қалың мал >> романы осы тақырыпқа жазылған шығармалардан ерекшеленеді. Қазақ ауылына да сыналап ене бастаған жаналық өзгерісті жазушы жастар арқылы көрсетеді. Романның идеясы жақсылықтың, игі арман, мақсаттың женетініне сендіреді.

Романның бас кейіпкері - Ғайша сұлу да тазалықты сүйетін, << Бармақтары майысқан>> шебер қыз. Әкесі Итбайдың жасы үлкен Тұрлығұлға айттырғаннын естігенде өз өкпенаразылығын өлеңмен береді. Бұл кокірегі ояу жаны молдір, әр нәрсеге баға берер, бағамдай алар қазақ қызының алғашқы бейнелерінің қатарынан орын алады. Сүймеген жаңға жар болғысы келмеген Ғайша бақыты үшін күреседі. Байлық пен барлықты ғана арман еткен әкесіне қызының жылағаны әсерде етпейді. Ғайша өзіне тең ер деп Қожашты таңдайды.

Романдағы келесі бір жанашыл бейнелер - Қожаш, Жүніс, Әлкен, Бірке - Ғайша сенген, арқа сүйген жандар. Ғайшаның өз тендесім деп тапқаны Қожаш - қыз айттырардай малы жоқ, кедейлік қолын бағалаған жігіт. Ғайшамен конілдері табысып, жүректері бірге соққан қос ғашық серт байласқанмен де, Тұрлығұл, Итбай сияқты азулылардың уысынан босау онай емес. Ғайша мен Қожаштың жан сырларын ұққан Жүніс, Әлкен, Біркелер олардың бақытына жол ашады. Адал, нағыз жолдас екендіктерін көрсетеді.

Ғайшаның әкесі Итбай бейнесі ерекше дараланып, жан-жақты ашылған. Өзі шала молда, әрі онысымен жарытып іс атқарып та жүргені шамалы.

Бар ой - мақсаты - байлықпен мал. Байлық пен дәулеттің жолында карашығындай сақтаған жалғыз баласы Ғайшаны да аямауы қатыгездігі мен дүниеқоныздығын көрсетеді. Итбай бейнесін ашуда жазушы юморды (келемеждеуді ) шебер пайдаланған. Оның атаққұмарлығын , даңғойлығын, менмендігін, мақтаншақтығын суреттейтін тұстарда жазушы шеберлігі ашылады.

<< Қалың мал >> қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі болуымен де бағасы құнды. Шығармада ауыз әдебиеті үлгілерінің дәстүрі сақталған. Ғайшаны суреттеуде, әкесінің бейнесін ашуда, ал сонында өз дегендеріне жетіп, бақытты тұрмыс құрып жатқан жастардың шаттықты өмірін баяндау - ертегі жанрының белгісі. Жазушы жақсылықтың жеңетініне сендірді. Заман жаңаша ойлайтын, өз бақыты үшін күресетіндердің қолында екенін жазды.

Бекіту сұрақтары:

1.С.Көбеевтің өмірі мен қызметінің Ы.Алтынсаринге ұқсастығы неде?

2.Спандияр жазушылық жолға қалай келді? << Үлгілі тәржіма >>, << Үлгілі бала >> кітаптары қалай жазылды?

3.<< Қалың мал>> романын жазуға себеп болған жағдайлар қандай?

Үйге тапсырма:

· Романның бастапқы кейіпкерлеріне қысқаша сипаттама беріңдер.

· << Қалың мал >> романының ұнамды кейіпкерлері>> деген тақырыпта шығарма жазыңдар.

· Романның тарихи маңызы, көркемдік сипаты осы тақырыпқа жазылған басқа шығарламалардан өзгешіліктері қандай екені жайлы ойланыңдар.

Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) – сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ.с.) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған. Кітап ақынның төл шығармасы емес, ол жайлы жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. Бұл ? Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін көрген еңбек, Ф.Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық шығарма. Кітап түрлі кезеңдерде өмір сүріп, Яссауи үлгісінде хикметтер жазған ақындардың шығармаларынан тұрады, хикметтердің әрқайсысының соңында авторларының аты аталған. Онда Машраб (9), Қожа Ахмет (10), Тәж Ахмет (1), Құл Сүлеймен (Хакім Сүлеймен, Хакім ата, 35 рет), Шәмсіддин (32), Құл Шариф (4), Иқани (20), Құл Ұбайда (13), Фақири (2), Байза (1), Лутфи (2), Ғазали (1), Насими (1), Туфи (1), Қасым (1) есімдері көрсетілген. Жинақтағы Сүлеймен Бақырғани хикметтерінің көлемі 1200 жолдан асады. Кітапта 9 дастан берілсе, оның екеуінің ? «Расул Миғражы» мен «Исмайыл» қиссасы Сүлеймен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. «Расул Миғражы» қиссасы арапша ережеп айының 27-ші кешінде Алла әмірімен көкке көтерілген Мұхаммед пайғамбар сапарына арналған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде айтылған. Ал 74 шумақтан тұратын «Исмайыл» қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын баяндайды, ол 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсі асынікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдулланікі, «Ақтым қиссасы» Хытаи сақынікі деп берілген, «Жарым алма хикаясы» дастанының авторы көрсетілмеген. Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары ? сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады. Ақынның имандылықты, ізгілікті жырлаған, білімділікке, сабырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкаппарлықты сынаған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең ақындары шығармаларында жалғасын тапты. Бақырғани кітабындағы қисса-дстандар желісімен 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20 ғасырдың басында Ж.Шайхысыламұлы, М.-Ж.Көпейұлы, А.Сабалұлы, Ш.Жәңгірұлы, Е.Көлдейбекұлы, т.б. қиссашыл ақындар жыр жазды. Біздің заманымызға көшірме қолжазбалар арқылы жеткен ақын мұрасын жариялау ХІХ ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қадим әліпбиімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін он алты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманында түркі халықтарының әдебиет тарихына қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзінділер жарияланды. Тек өткен ғасырдың соңына қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда (Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған литографиялар негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хикметтері Б.Сағындықов, Р.Ахметов және Н.Мәтбек тарапынан қазақшаға тәржімаланып, жарық көрді. Ақынның кітабы 1897 жылы Е.Маловтың «История общества археологи, истории, этнографии» (XIV) атты еңбегінде басылған. 19 ғасырдың соңында Е.Малов, Н.Маллицкий, Ф.Катанов, М.Көпрүлү, т.б. ғалымдар ғұлама еңбектерін зерттеген.

1. 1. Өмірі мен шығармашылығы™ Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. 1948 жылы әскерден босап, елге оралады. 1948-51 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1951-53 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында сценарий бөлімнің бастығы, 1953-54 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1954-55 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық Kiтaп палатасының директоры қызметтерін аткарды. Екінші дәрежелік «Отан соғысы» орденімен, екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту», «Кұрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. «Боран» романы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Суреткер жазушы F.Mүсірепов шығармашылығына қатысты әдеби сын очеркін 1956 жариялады. 1969 жылы жарық көрген «Керуен», 1980 жылы жарияланған «Көкейкесті» жинактарында әдебиет туралы мәселелер ортаға салынды. А.С.Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда», С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романдарын, И.С.Тургенев, М.Горький шығармаларын қазақ тіліне аударды.

2. 2. Прозасы™ Тахауи Ахтановтың 1955 жылы жазылған “Алғашқы ән” әңгімесі - көркем прозадағы алғашшқы қадамы болды. Бұл әңгіме «Қазак әдебиеті» газетінде «Күлкі» деген атпен жарияланған болатын. Жазушының “Күй аңызы”, “Қызғаныш”, әңгімелері де өнер, өнер адамдарыньң тағдырына арналған. «Махаббат мұңы» повесіне ақын тағдыры желі болып тартылған.“Көкқұтан”, “Алыстан жеткен сарын” әңгімелеріндегің басты желі - гуманистік ой, адамдардың адами келбеті, ішкі жан дүниесі “Қызғаныш” атты әңгімеде тағы да өнер тақырыбы арқау етіліп, енді суретші өмірі назарға алынады. Т.Ахтанов каламынан туған повестер: “Үндістан хикаясы”, “Теңіз хикаясы”, “Шынтас”, “Махаббат мұңы”; романдар: “Каһарлы күндер”, “Боран”, “Шырағың сөнбесін”; пьесалар: “Күтпеген кездесу”, “Сәуле”, “Арылу”, “Ант”, “Әке мен бала”, “Жолы болмас жігіттің”. Бұлардан басқа “Керуен” атты сын мақалалар жинағының, “Ғабит Мүсірепов” әдеби-сын очеркінің авторы. “Ол солай еді”әңгімесінде ақындық пен сол ақынның өлеңіне қызыққан жас жігіт туралы айтылса, “Алыстан жеткен сарын” әңгімесінде өткен ғасырлар оқиғасы тақырып болған. “Махаббат мұңы” повесі- ақын қыз Ләзаттың тағдыры туралы шығарма. “ Шынтас” повесі 1959 жылы Ә.Нұрпейісовпен бірігіп жазылған “Теңіз хикаясы” киноповесінің негізінде туған. Повесте балықшы ауылдың тұрмыс-тіршілігі суреттеледі. “Қаһарлы күндер” - Ұлы Отан соғысы тақырыбын арқау еткен роман. Романда Москва түбіндегі шайқас, генерал Панферов бастаған дивизияның жан қиярлық ерлігі суреттелген. “Шырағың сөнбесін” роман- дилогиясында да соғыс шындығы суреттеледі. “Боран” романы да қазақ әдебиетіне қосылған кұнды шығармалардың бірі. Роман мал шаруашылығы мен малшы жайын, дәлірек айтсақ қарапайым қазақ азаматының тағдырын арқау еткен. «Дала сыры» романында күресте шыныққан, бойында рухани қуаты мол, адамгершілік сапасы биік еңбек адамның жаңа бейнесін жасады.

3. 3. Драматургиясы™ – Т.Ахтанов қазақ әдебиетіне драматург ретінде де көп олжа салған қаламгер. Бүгінгі күннің шындығы негіз болған «Сәуле»(1968), тарихи тақырыпты арқау еткен «Ант» (1972) драма-дастаны ұлттық драматургиямыздағы салмақты дүниелер. «Ант» драмасы қазақ тарихындағы айтулы кезең оқиғасын суреттейді. Драма үш бөлімнен тұрады. Ол бөлімдер «Түнгі сыр», «Аңырақай», «Арпалыс» деп аталып, сол дәуірдің әлеуметтік саяси шындығы, күрес жолдары қым-қиғаш тартыстар арқылы ашылады. Пьесадағы басты тұлға Әбілхайыр хан. Қаламгердің қазақ сахнасына ұсынған «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу», «Әке мен бала», «Боран»,«Сәуле» атты драмалары, «Күшік күйеу», «Арыстанның сыбағасы» комедияларының ішінде «Ант» драма-дастаны шоктығы биік, көркемдік деңгейі аса жоғары, қазақ тарихи драма дәстүрін жалғастырумен қатар өзіндік жаңалығын ала келген кесек туынды.

4. 4. Ақтөбедегі Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры

5. 5. "Күшік күйеу" комедиясыШығыс Қазақстан облыстық драма театрында, белгілі жазушы, драматургТахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» атты шығармасының 100 мыңыншы қойылымы атап өтілуі.

6. 6. "Күшік күйеу" комедиясыШығыс Қазақстан облыстық драма театрында, белгілі жазушы, драматургТахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» атты шығармасының 100 мыңыншы қойылымы атап өтілуі.

Төлеген Айбергенұлы Айбергенов (08.03.1937 , Қоңырат ауданы, Қарақалпақстан, Өзбекстан - 29.08.1967, Нүкіс қаласы,Қарақалпақстан, Өзбекстан) - ақын.

Биографиясы

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалымдік қызмет атқарады.

Балалық шағы

Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама-лы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.

Наши рекомендации