Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Жылдық мектепте бейінді оқытудың негіздері» пәнінен

Студенттің жұмысшы оқу бағдарламасы

SYLLABUS

Кафедра: «Жалпы педагогика және психология»

Оқу жылы: 2016-2017

Кредит саны: 2 кредит

Оқыту формасы:күндізгі

Курсы: 3

Мамандығы: 5В 010000 «Білім» тобындағы «педагогика-психология» және «филология»

Семестр:5

Барлық сағат саны:90сағат

Лекция:15- сағат

Зертханалық жұмыс:15 сағат

ОБӨЖ:30 сағат

БӨЖ:30 сағат

Емтихан: V семестр

Оқытушының аты-жөні: Ботамқұлова Айгүл Батырбекқызы

E-mail: [email protected]

Сабақ кестесі:аптасына 2 рет (лекция, практикалық сабақ)

Консультация уақыты:консультация кестесіне сәйкес

Тараз – 2015 ж.

Оқу жұмыс бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған оқу бағдарламасы негізінде

«12 жылдық мектепте бейінді оқытудың негіздері» пәні бойынша «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарынң магистрі Ботамқұлова Айгүл Батырбекқызы құрастырды.

ҚР БҒМ 11.05.05 ж. №289 бұйрығына сәйкес жасалынған

Оқу жұмыс бағдарламасы «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы отырысында “__” __ 2015 ж. бекітілді.

Хаттама №__

Кафедра меңгерушісі: ______________К.Ж.Бұзаубақова

/п.ғ.д.., профессор/

Оқу жұмыс бағдарламасы бойынша

комитет төрайымы _________ М.С.Елубаева

Курсты оқытудың қажеттілігі және актуальдығы

12 жылдық мектепте бейіндік оқытудың қажеттілігі студенттер үшін жалпы білім беру бағдарламаларының жеке пәндерін тереңірек зерттеуді қамтамасыз ету, болашақ педагогтардың оқушылардың индивидуалды білім беру бағдарламаларын құра отырып оқушыларға оқыту мазмұнын саралау үшін жағдайлар жасау, жаңа форматтағы заманауи білім беру бағдарламаларын меңгеруге педагогикалық практика негіздері арқылы мектеп бітірушілерді жаңашылдыққа бейімдеп дайындау, орта және жоғары білім беру арасындағы ізбасарлықты қамтамасыз ету.

Пәнінің мақсаты мен міндеттері

12 жылдық білім беру жүйесіне сәйкес кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті игерген заманауи педагог тұлғасын қалыптастыру, бейіндік мектеп жағдайында жұмыс істеуге даярлау мазмұнымен тығыз байланысты іске асыру.

Студенттерге педагогикалық білім мен практиканың жетістігі негізінде мектептерді бейіндеудің өзекті мәселелерін терең зерттеуді қамтамасыз ету, оқытуды ұйымдастыру мен басқарудағы теорияларға, тұжырымдамалар мен оқыту технологияларына сүйене білулерін меңгерту, бейіндеуді психологиялық – педагогикалық қолдаудың диагностикалық әдістерін қолдануды меңгерту, бейімдеп оқытуды және педагогикалық қарым-қатынасқа қабілеттіліктерді дамытуға бағыттау

Курстың талабы: - студенттерді 12 жылдық мектепте бейінді оқыту жүйесін ұйымдастыру және басқару тәсілдерін айқындайтын ережелердің жиынтығымен таныстыру;

- студенттердің жеке білім беру бағдарламаларын құрастыру үшін ауқымды әрі икемді мүмкіндіктермен оқытудың мазмұнын дифференциялау бағытында жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқыту жүйесін ұйымдастыруға даярлау жұмыстарын жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту;

- студенттерді 12 жылдық мектепте бейіндік оқытудың негізгі міндеттерімен, бейіндік оқытуды ұйымдастыру модельдерімен, нормативтік-құқықтық ережелерімен, оқу-жоспарлау құжаттамаларымен және оқушылардың жеке оқу жоспарларын құру және өзгерту тетіктерімен таныстыру;

- студенттердің болашақ заманауи мұғалім ретінде оқушылардың қабілеттеріне, жеке бейімдеріне және қажеттіліктеріне сәйкес оқушылардың түрлі санаттарына толық көлемді білім алуға теңдей қол жеткізуді қамтамасыз ете алу шарттарын ашу;

- бейіндік оқытуды жүзеге асыру тәжірибесінде инновациялық білім беру технологиясын қолданудың дидактикалық мүмкіндіктерін қарастыру.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

Толық курсты өтудің нәтижесінде

Студент таныс болуы тиіс:

- педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі оқытудың негізгі теориялары категориялары, тұжырымдамаларын және технологияларын;

-12 жылдық оқытудың алыс жақые шет елдерде, өз еліміздегі даму тарихы жайлы;

- қазіргі заманғы оқытудың кәсіби бағдарлы технологиясының психологиялық негіздерін; бейіндік оқыту педагогының әдістемелік қызметінің түрлерін және кәсіби бағдарлы ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерін;

Студент білуі тиіс: -12 жылдық білім берудің құрылымын;

- 12 жылдық мектепте бейінді оқытуды ұйымдастыру мен басқарудың ғылыми негіздерін;

- 12 жылдық мектепте бейімдеп оқытудың технологиясын;

Студент білікті игеруі тиіс:

- 12 жылдық мектепте бейіндік оқытудың мазмұндық құрамдастарын (оқу курстары және элективтік курстар), оқушылардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруды (диагностика, кеңес беру, тренинг жүргізу, ата-аналармен ақпараттық жұмыс жүргізу және т.б.); әлеуметтік тәжірибелерді, кәсіби сынақтарды (мемлекеттік кәсіпорындарда немесе коммерциялық құрылымдарда), оқушылардың жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыруды және т.б.;

- бейіндік оқыту және педагогикалық бақылау үдерісінің дидактикалық мониторингін ұйымдастыруды; ғылыми зерттеулерді жүргізу технологиясын;

педагогикалық қарым-қатынас стильдерін, дауларды шешу әдістерін толық меңгеретін болады.

Наши рекомендации