Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жылдық тақырыптық жоспары
Рет № | Сабақ тақырыптары | Сағат саны | Күні |
Жансыз және жанды табиғат | 02.09 | ||
Алтын күз | 16.09 | ||
Жасыл дәріхана | 30.09 | ||
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі | 07.10 | ||
Қызыл кітап құпиясы | 21.10 | ||
Көрікті көктем | 17.11 | ||
Үй жануарлары мен мен үй құстары | 08.12 | ||
Қазақстан қорықтары | 22.12 | ||
Экологиялық белгілер | |||
Күз сыйы | |||
Жыл құстары | |||
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі | |||
Табиғат бұрышындағы тіршілік | |||
Көктемгі еңбек | |||
Құстар-біздің досымыз | |||
Экологиялық соқпақ | |||
Барлығы: | 16сағат |
Рет № | Сабақ тақырыптары | Бағыты | Сағат саны | Күні |
Экологиялық белгілер | Таным | |||
Күз сыйы | Таным | |||
Жыл құстары | Таным | |||
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі | Таным | |||
Табиғат бұрышындағы тіршілік | Таным | |||
Көктемгі еңбек | Таным | |||
Құстар-біздің досымыз | Таным | |||
Экологиялық соқпақ | Таным |
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Экологиялық белгілер.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
- Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру.
2. Экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтау.
3. Табиғатты қорғауға баулу.
Сөздік жұмыс: жас өндір, қайнар көзі, т.б.
Қос тілдік компонент:
Іс – әрекет бөлімдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме, балалар?. | Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастыру | 1.балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастыру. 2. Табиғатқа байланысты халық болжамдарын оқып беріп, үш дауыста қайталау тәсілін қолданып жаттату. 3.Жылдың әрбір мезгіліне сәйкес, табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқау арқылы өмірге келген халықтық болжамдар туралы түсінік беру. Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы боладды. Қысаязды болса, жаз ыстық болады. Тұман түссе, күн жылынады. Аспанда жұлдыз көп болса, қыс ұзақ болады. Қайыңнан аққан шырын көп болса, жаз жаңбырлы болады. Түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады. 4. Сергіту жаттығуын өткізу. Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар, Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Кииіз үй боп көрінер. 5. Әліппе-дәптермен жұмыс: 1.Экологиялық белгілермен таныстыру. 2.Сурет бойыншша балалардың әрекеттеріне пікірлерін білдірту. 3.Тыйым сөздерді оқып, мағғынасын түсіндіру. 4.Суретшінің қатесін тапқызу. | Серуенге шығады. Халық болжамдарын қайталап айту арқылы есте сақтау қабілетін дамытады. Қыс мезгілінің қарлы болуын бақылату. Халық болжамының мағынасын түсіндіру. Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Табиғат құбылыстарын бақылап көреді. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. | «Халық айтса, қалт айтпайды» деген мақалды қайталау, мағынасын түсіндіру. | Халық болжамдарын қайталап, мағынасын түсінеді. |
Күтілетін нәтиже: халық болжамдарын қайталау арқылы табиғаттың ғажайып сырын түсіне білу сөздік қорларын дамыту.
Білуі тиіс: туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдарын білу.
Түсінігі: табиғи құбылыстардың бір-біріне әсерін, байланысын түсіну.
Көрсете білуі: халық болжамдарын өз тәжірибелерінде бақылау жасау арқылы көз жеткізу.
Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Экология негіздері
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Күз сыйы.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
1. Табиғаттың өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
2. Күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және т.б. білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін дамыту.
3. Өсімдіктерді күтіп – баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: бұтақтар, жемістер, тұқымдар, табиғат құбылыстары.
Қос тілдік компонент:
Іс – әрекет бөлімдері | Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту | Қуаныш шеңберін ұйыммдастыру. - Армысыз, алтын Күн! Армысыз, қайырымды Аспан– ата! Армысыз, мейірімді Жер-ана! Күліп шықты күн бүгін! Қуанайық, шаттанайық бәріміз. | Балалар жақсы көңіл күймен сәлемдеседі. |
Ізденістер. Ұйымдастыру | Саябаққа, алааңқйға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуне ұйымдастыру. Б.Жақыптың «Күзде» өлеңінің мазмұнын ашу: · Жемістер; · Көкөністер; · Жидектердің пайдасын, оларды жинау туралы әңгімелеу. Балаларға «Табиғат сыйы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру, табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігін , алуан түсті жапырақтар, табиғи материалдар туралы түсіндіру. Баалалар табиғи материалдарды жинап, күзгі жапырақтардың түстеріне, пішініне,ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына назар аударарды. Сергіту сәтін өткізу. Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық. Әліппе – дәптермен жұмыс: 1.Күзгі бақтағы еңбек 2.Күзгі бақтағы еңбек туралы түсіндіру. 3.Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу. 4.Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізіп, оларға не жататынын айту, айырмашылықтарын түсіндіру. Жеміс-жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе. Жиидек – таңқурай, бүлдірген, құлпыеай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы. | Серуенде табиғатты тамашалайды. Өлең жолдарын тыңдайды, түсінеді. Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап, олардан өздерінің қиялдарынан «Күзгі орман» композициясын құрастырады. Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Тапсырмаларды ынтамен орындайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. | Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» деген дидактикалық ойын ұйымдастырылады. Шарты: балалар көздерін жұмып отырады. Педагогтің белгісімен бір бала жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына тығып тұрады. Бала өзі жасырған жеміс не көкөністің атын айтпай сипаттайды. Балалар жасырған жеміс не көкөністің атын айтулары тиіс. | Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады. |
Күтілетін нәтиже: табғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білу.
Білуі тиіс: күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағала білуі.
Түсінігі: ауаның температурасының өзгеруін түсіну.
Көрсете білуі: табиғи материалдармен композиция жасай білу.