СОӨЖ – ның тақырыбы: Педагогикалық технологиялар
Жоспар:
В.Ф. Шаталовтың технологиясы
М. Монтессори технологиясы
С. Френе мектебі
Р. Штейнердің “Вольдорф мектебі”
Зін - өзі бақылау сұрақтары.
1. “Технология ” ұғымына анықтама беріңіз.
2. Педагогикалық технологиялардың мәнін ашып көрсетіңіз.
3. Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық анықтамаларын атаңыз.
4. Ынтымақтастық педагогикасы өкілдерін атап шығыңыз.
5. Қазақстандағы авторлық мектептерді және онда қолданылатын педагогикалық технологияларды атаңыз.
З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Ғылыми әдебиеттерден “технология”,“ педагогикалық технология”, деген ұғымдарға берілген анықтамаларға талдау жасап, конспектілеңіз.
2. “Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялар” мәселесіне байланысты әдебиеттер тізімін құрастырыңыз.
Реферат тақырыптары
1. Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі.
2. Дәстүрлі технология және оның негізгі белгілері.
3. Оқытудың дәстүрлі формасының даму тарихы.
4. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары.
5. Педагогикалық іс - әрекет творчестволық процесс.
6. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, және қолдану.
7. Ынтымақтастық педагогикасы.
8. Дамыта оқыту технологиясы.
9. Мектептердің даму тарихындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі фомалары.
10. Қазіргі мектептегі педагогикалық процесс формасы.
11. Авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары.
12. Г.К. Селевконың оқытудағы өзін - өзі дамыту технологиясы.
Әдебиеттер :
1. Өзтеміров , Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии.М., 1989.
3. Ильина Т.А. Педагогическая технология // Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л. Вульдсона. М., 1984.
4. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология теория и практика. Усть – Каменогорск, 1997.
5. Мировые образовательные технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля; Алматы, 1997.
6. Педагогическая технология / Сост.Н.Е. Щуркова, М., 1992.
7. Педагогические технологии : что такое и как использовать в школе. Под ред. Т.И. Искаковой, П.И. Третьякова. М.; Тюмень, 1994.
8. Селевко Г.И. Современные образовательные технологии: Учебное пособие;М. , 1998.
Смирнов С. Технологии в образовании// высшее образование в России. 1999 №
9. Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 1999.
10. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.
Лекция Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
1. Аттестациялау (сараптау) – маман шеберлігінің деңгейін анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі.
2. Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері мен әдістері.
Негізгі ұғымдар:әдістемелік жұмыс, әдістемелік жұмыс түрлері, мұғалімдердің өздігінен білім алуы, педагогикалық іс-әрекетті сараптау, мұғалімдерді аттестациялау.
Аттестациялау (сараптау) – маман шеберлігінің деңгейін анықтайтын тәсіл, аттестацияның мазмұны, ұйымдастырылуы, өткізілуі.Мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация)-педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды тиімді тәсілі болып есептеледі.
Аттестацияның мақсаты- кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Кәсібилік деңгейіне сәйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нәтижесі болып табылады.
Аттестацияның принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік және тұтастық, шынайылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы-оның нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасы есепке алынады. Ол әр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі. Біліктілік категориясын иемденуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дәрістер топтамасын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтиханң, (әңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-әдістемелік немесе тәжірибе-эксперименттік жұмысты қоғау және т.б.
Кей жағдайда педагогтың нақты біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сәйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы әкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім және ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік және жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық және басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелерінең сәйкес үш түрлі сараптау комиссиясы құрылады:
- бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында құрылады;
- аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия-жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
- білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы- оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Әр комиссия мәселені өз құзырына сай шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі-біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі кезде сараптау Ережелеріне орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
- ең жоғары, оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
- екінші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдастыруымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау және эксперттеу әрекеттерімен, іскерлік және көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы және тактикасын белгілеуде маңызды роль атқарады.