Акмеологияның өзекті мәселелері және оларды дамыту жолдары

Акмеология идеясы үнемі қоғам өмірінің және атақты адамдар өмірінің тарихи рефлекциясын қамтып отырады.Өмір мен іс - әрекетке деген практикалық қажеттіліктен, жеке, атақты адамдар, қоғам, ұлттың шыңға («акме»); өзін - өзі айқындауының шыңына жетуі мәселесімен арнаулы ғылыми зерттеулер мен үлгілер негізінде айқындау арасы алшақ болып табылады.Акмеологиялық зерттеу облысы мен практикалық үлгілер негізінде айқындалуы білім берудегі бағыттың қалыптасуына алып келді.Акмеология – оқу және ғылыми пән.Акмеология ғылымы жаратылыстану, қоғамдану, гуманитарлық пәндермен байланыста қалыптасты.Акмеология (акме – адам толығуының көрсеткіші және осы толығудың шыңы). Сонымен қатар акме адамның көп жақты жағдайын бейнелейді, оның өмірлік кезеңінің уақыттық ұзақтығын қамти отырып белгілі саладағы оның азамат, маман, еңбеккер ретінде қаншалықты қалыптасқандығыш, қоршаған ортамен байланысының бай немесе кедейлігіне сай болғандығы, ол тұлға, жұбай, ата – ана ретінде көп және аз мөлшерде өзгергіштігімен ерекшеленеді.Акмеология – адамның толығу деңгейіндегі дамуының феноменологиясын, заңдылықтарын, механизмдерін және әсіресе осы дамудағы жоғары деңгей жетуі айқындалады.Осы мүмкіншіліктердің иесі тасымалдаушы ретінде адамды түсіну үшін, әр түрлі ғылым саласы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінің бірыңғай жинақтау мәселесін шешу болып табылады.Адамның толығу деңгейіндегі бүтіндей, бірыңғай жинақтау индивидті, тұлғалық, субъективтік – іс - әрекеттегі сипаттамалардың өзара байланысының бірлігінде қалыптасады және ғалымдардың акмеология саласындағы кешенді зерттеулері барысында жүзеге асады.Адамды зерттеудегі осы қатынас барысындағы жинақталған нәтижелер өте қиын әрі ерекше әдіснаманы, техниканы және олардың бір – бірімен ғылыми – корректілік байланысын талап етті.Адамның дене бітімінің толығуы, психикалық толығуы ақыл – ойы, сезімі, ерік – күшінің қалыптасуынан, ал тұлғалық толығу интеллект пен ерік – күшке бағыныштылығынан, ең бастысы субъект ретінде толығу бір – бірімен байланысты қабілеттерден көрінеді.Адам индивид (тірі ағза), тұлға, іс - әрекет субъектісі ретінде толығу деңгейіне бір мезетте жете алмайды, осы құрылымдардағы өзгерістердің жүру тетігі әр түрлі болып табылады.Акмеология – адамның өз дамуындағы толығу көрсеткішін айқындайтын, яғни осы маңызды көрсеткіштің ерекшеліктерін жан – жақты бейнелейді.Акмеология - әр түрлі адамдардың ұқсастығы мен өзгешелігін анықтайды. Сонымен қатар толығудың жекелік бейнесін қалыптастыратын факторлар әрекетінің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.Акмеологияның жұмыстардың ішінде маңызды орынды адам субстанциясының «дене бітімі» және «рухани» сапалары мен қасиеттерінің өзара ықпалының сипаты (ерекшеленіп отырады) алып отырады. Толығу жағдайы кенеттен және бірден туындамайды.Осы жағдайдың туындауына адамның бүкіл алдыңғы өмірі әсер етеді, тек қана табиғи бейімділік қана емес, тұлға өзегін құрайтын құндылық қатынастар мен бағдарлармен ерекшеленеді және субъект іс - әрекеті ретінде білім, іскерлік, дағдылар жиынтығымен сипатталады.Толығу көрсеткішіне көшерде адамның денсаулығы нормаға жақын немесе созылмалы аурулармен ерекшеленуі мүмкін.Талпыныстары жалпыадамзаттың құндылықтарға сай немесе сай емес болуы мүмкін. Өмір сүруіне қажетті іс - әрекеттерде әлсіздік танытуы, балалық сезімінің басым болуы немесе керісінше репродуктивтік қана емес, шығармашылық деңгейде өнімді әрекет етуі мүмкін.Акмеологияның шешетін келесі міндеттері адамның мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, жасөспірімдік, балаң жастық кезеңдегі қалыптасуы тиіс сипаттамаларды айқындау арқылы, оның тотығу жағдайында өзін барлық жағынан сәтті көрсетуге мүмкіншілік туындатады.Сонымен қатар адамның индивид, тұлға, әруақытта толығу көрсеткішінде айқындалады, алдағы даму көрсеткіштерінің ерекшеліктерімен байланысты, бірақ бір мезетте жалпы және жеке жағдайларда ықпал етіп отырады. Акмеология макро, мезо, микросоцизмнің (мемлекет, қоғам, оқу және еңбек ұжымы, отбасы т.б.) және табиғи жағдайлар ықпалының механизмі мен нәтижесін бағдарлайды, ол өз өмірін ұйымдастыру бағытын айқындау арқылы өзін толығу деңгейінде барлық жағынан белсенді ету мәселесін шешу.Адамның индивидті, тұлғалық, субъектілік ерекшеліктерінің көріну деңгейінің толығудың көрсеткішінің барлық кезеңдерінде бірқалыпты жүрмейді. Адам көтерілу және төмендеу сәттерінен өтеді, яғни ол денсаулығымен, тұлғалық көрінулерінен және әр түрлі іс - әрекетте айқындалуынан көрініс табады.Адамда бір – бірімен қолайсыз жағдайларға қарсы тұрумен және өз ойын жүзеге асырумен ерекшеленеді.Нақты жағдайларды есепке ала отырып, «акме» адамның индивид, тұлға, іс - әрекет субъектісі ретінде қалай көрінетіндігін айқындайды. Осы жоғарыда айтылған мәселелер келесі міндеттер тобын шешуге итермелейді:

акме феноменологиясын ғылыми түсіндіру;

әр түрлі адамдардың жалпы және өзгеше қасиеттерін айқындау, акменің сандық – сапалық қасиеттерін айқындау.Адам толығуын бейнелейтін сипаттамаларының жиынтығын, акмені айқындау арқылы акмеология толығуды зерттесе, ал акме тар күйінде адамның кәсіпті игеруі, шығармашылық деңгейге жетуін зерттейді.

Наши рекомендации