Дәріс тақырыбы: Мектеп оқу жыбдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріс мақсаты:Мектеп оқу жабдықтары, оқу құралдары, олардың дұрыс таңдау, қойылатын гигеналық талаптарын білу.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Оқу жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Оқу партасы мен орындықтарын дұрыс таңдау және оны дұрыс орналастыру.
3.Оқулықтар, қалам, қарандаш, көрнекі қралдар гигиенасы.
Мектеп жабдығына жиһаз (столдар, парталар т.б.), дене шынықтыру құралдары, вестактар және оқу мастерскойларының станоктары, ауыл шаруашылық инвентары, оқулықтар, көрнекі құралдар, мектеп-жазу жабдықтары жатады. Мектептің оқу үйлері мен басқа да үйлерін жабдықтау педагогикалық, гигиеналық және өндірісті техникалық талаптарға сай болуы тиіс. Мектеп жабдықтары оқушыларының бойы мен жасерекшеліктеріне сай болуы, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын, олардың қалыпты жұмыс қабілетін сақтауды және оқушылардың партада дұрыс отыруын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жабдықтар балар жарақаттанып қалмайтындай қауіпсіз болуы, шеттері үшкір және өткір болмауы керек, ықшамды, тез тазартылатын болуы қажет. Жабдықтың әрбір түрі сырт көрінісі, құрылысы мен бояуы жағынан мүмкіндігінше көркем жасалған болуы тиіс. Мұндай эстетикалық талаптың балалардың жүйке жүйесі үшін белгілі маңызы бар және көңілдің сергек болуына көмектеседі.
Оқу партасы - сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Оған қойылатын негізгі талап – оқушының бойына және денесінің пропорциясына сәйкес келуі. Ол оқушы орын алғанда немесе тұрып кеткенде көршілеріне кедергі жасамйтындай, жауап бергенде ол үшін парталар аралық жолға шықпай-ақ, орнына емін-еркін тұра алатындай қолайлы және артық күш жұмсатпайтындай болуы тиіс. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруы, олардың сымбатының бұзылмауы, омыртқа жотасының қисаймауы, сондай-ақ оқушылардың қалыпты көруі бұзылмауы парта құрылысының дұрыс жасалуына және оның элементтерінің оқушылардың дене пропорцияларына, бойына сәйкес келуіне байланысты. Парта өзінің құрылысы жағынан берікте орнықты болуы және сыныпты жинастырғанда оңай жылжитын болуы қажет. Парталар мен орындықтарының сыртқы беті жақсы өңделген, жылу өткізгіштігі төмен, аса берік материалдардан жасалуы керек. Парталар қылқан жапырақты ағаштардан, қандыағаш, қайың, буктан, арнаулы синтетикалық материалдардан, парта бір орынды немесе екі орынды етіп жасалады жасалынады. Оны тазалау үшін қолданылатын құралдарға төзімді болу керек. Оқу жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар конструкциясын алғаш рет Э. Э. Эрисман жасаған.
Мектеп оқушыларының партада, оқушылар столына дұрыс отыруға үйретудің ерекше маңызы бар. Мектеп оқушысы басын алға қарай болар-болмас қана еңкейтіп, тік отырса, көзінен кітапқа немесе дәптерге дейінгі аралық 35 см-дей болса, дұрыс отырған болып саналады. Бұл жағдайда оқушының белі міндетті түрде қосымша сүйенішке тиіп тұруы керек. Оқушының көкірегі мен парта шетінің арасында алақанның еніндей қашықтық қалуы керек. Иықтарды стол қақпағының шетіне параллель етіп ұстаған жөн: шынтақтың екеуі де партаның қақпағында жатуы тиіс. Оқушының аяқтары тік бұрыш жасай немесе біраз доғалдау бұрыш (110-1000) жасай бүгіліп, табандары еденге немесе партаның баспалдығына түгел тиіп отыруы тиіс. Бұлайша отыру ең ыңғайлы, ең аз шаршататын отырыс болып саналады; ол оқушының оқу материалын көзбен дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ омыртқаның қисаю мүмкіндігін болдырмау. Парталар (оқушылар столы, орындықтар) дұрыс жасалғанда және мектеп оқушыларының бойына сәйкес таңдап алынғанда ғана мектеп оқушысы дұрыс отыра алады. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруының бұзылуы ұзаққа созылған, оның үстіне бір сарынды оқу жұмыстарын орындаудың нәтижесінде шаршаған кезде болады. Талығуды жою үшін немесе жұмыс қабілеттілігін ішінара қалпына келтіру үшін жұмыстың түрін өзгерту немесе дене шынықтыру үзілісін өткізу жеткілікті.
Мектеп мұғалімінің міндеті – сабақ уақытында мектеп оқушыларының дұрыс отыруын қатаң қадағалау.
Сынып тақтасы – оқу бөлмелері жабдықтарының ажырамас бір бөлігі. Сынып тақтасына қойылатын гигиеанлық талаптар ең алдымен көздің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сынып тақтасының беті тегіс, жарық шағылыспайтындай күңгурт түсті (қара, қоңыр) болу тиіс. Тақтаға жазылған жазулар оқушылар оңай көрінетіндей болуы крек. Оған жазуға ыңғайлы және класс ауасы бор тозаңымен ластанбайтындай немесе бор тозаңы өте аз шығатындай болу қажет. Сынып тақтасы қабырғаға қағылатын және жылжымалы болады. Ол сыныптың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастыру қажет. Сынып тақтасының астыңғы жиегіне науасы бар кішкентай жиек жасалынады және бор мен губканы салып қоюға арналады. Сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен есептегендегі деңгейі мектеп оқушыларының бойына сәйкес болуы және тақтадағы жазуды бүкіл сыныптың көруін қамтамасыз етуі тиіс; 1-4 сыныптарда тақта еденнен 85 см биітікке, ал 5 және одан жоғарғы сыныптарда 95 см биіктікте орнатылады. Мектеп дене шынықтыру, лабораториялар, шеберхана жабдықтары мектеп жасындағы балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуге және ол жабдықты пайдаланған кезде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар олардағы текс пен суреттерді көзбен көріп қабылдау процесін жеңілдетеді, сол арқылы кітапты немесе оқулықты оқыған кездегі көру анализаторының қызметін жеңілдетуді мақсат етеді. Нашар қағазға, атап айтқанда, жұқа жылтыр қағазға, ұсақ шрифтермен немесе анық емес етіп басылған оқулықтардан балалар мен жасөспірімдер тез шаршайды, ол көз ішілік қысымның артуына, көрудің нашарлауына және бас ауруына себепкер болады. Ұқыпсыз қапталған кітаптар оңай тозады және пайдалану басында тез кірлейді. Мектеп дәптері ақ, тығыз, тегіс, жарық өткізбейтін және ұқыпты түрде желімденген, сия жайылып кетпейтін жылтыр емес қағаздан жасалуға тиіс. Қалам және қарандаш ұзындығы, диаметрі және салмағы мектеп оқушылардың сүйек-ет системасның жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мектеп дәрігерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың дәрігерлері мектептегі жазу-сызуға керекті құралдарын және оқулықтарының санитарлық-гигиеналық күйін қадағалау қажет.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 14.