Ндірістік (педагогикалық) тәжірибе 2 »оқу тәжірибесі

Тәжірибенің мақсаты: студенттердің алдыңғы курста алған білімін, білігін, іскерлік дағдыларын жетілдіру және мектептің педагогикалық қызметімен танысу, өз бетінше жүргізетін кәсіби – педагогикалық қызметке бейімдеу болып табылады.

Тәжірибенің міндеттері:

1. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы барысында студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту;

2. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін мынадай кәсіби – педагогикалық қызмет түрлерін орындауға қатыстыру:

- білімділік (пән бойынша сыныптық және сыныптан тыс өткізу);

- тәрбиелік (тәрбиелік шараларды жоспарлау және оны тартымды өткізу)

- әдістемелік (көрнекілік және дидактикалық материалдарды дайындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына ат салысу).

Педагогикалық іс-тәжірибе (өндірістік – педагогикалық) жалпы ғылыми білімнің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша тереңдетілуі мен бекітілуіне, сондай-ақ, педагогикалық шеберліктерді, дағдыларды және құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған тәжірибе түрі.

Студент тәжірибеден өту кезінде:

1. Тәжірибенің бағдарламасын, жеке тапсырманы толық орындауға, күн сайын белгіленген үлгі бойынша күнделік жүргізуге;

2. Тиісті тәжірибе базасында қолданылатын ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;

3. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария туралы ережелерді игеруге және қатаң сақтауға;

4. Тәжірибе өту кезінде оқушыға педогогикалық – психологиялық мінездеме берілуі тиіс.

5. Тәжірибелік іс – шараларға жоспар стандартты болуы тиіс.

6. Сынып оқушылармен түрлі ойындар өткізуі тиіс.

7. Университеттегі тәжірибе жетекшісіне белгіленген үлгі бойынша кәсіпорын басшысының қолы қойылған барлық тапсырмаларды орындау туралы жазбаша есеп, күнделік тапсыруы тиіс.

Кәсіби тәжірибе бағдарламасына сәйкес орындалуға сәйкес (таныстырылуға) тиісті жұмыстар:

1. Бекіту конференциясын жүргізу.

2. Мектептің оқу – тәрбие жұмыстарымен танысу.

3. Сабақтар мен тәрбие бойынша шараларға қатысу.

4. Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру.

5. Балалармен үзіліс кезінде ойындар ұйымдастыру.

6.Тақырыбы мен пәнінің атауын көрсетіп дидактикалық материалдарды дайындау.

7. Қабырға газетін дайындауға көмектесу.

8. Оқушылардың көрме жұмыстарын ұйымдастыру.

9.Мұғалімнің, әдіскердің қатысуымен сыныптан тыс сабақ пен тәрбиелік іс – шара өткізу.

10. Педогогикалық бақылаулардың нәтижелерін қорытындылау.

11. Ата-аналармен, балалармен әңгіме өткізу.

12. Бір оқушыға психологиялық-педогогикалық мінездеме беріңдер.

13. Практикалық педогигкалық іс – әрекетін өзіндік бағалауы.

14. Тәжірибе бойынша есепті безендіру.

15. Тәжірибе бойынша есепті қорғау.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Бекіту конференциясын өткізу. 20. 01. 2017 күні бекіту конференциясы жүргізілді. Конференцияда бізге тәжірибе күнделігімен орындауымыз тиіс тапсырмалар берілді. Сонымен қатар тәжірибе базасындағы жетекшіміз бен тәжірибеден өтетін сыныбымызбен таныстық. Менің тәжірибе базасындағы жетекшім – Абуева Райса Тұрлыбекқызы. Сыныбым – 4 «Ә» сыныбы.

2. Мектептің оқу – тәрбие жұмыстарымен танысу. Біз тәжірибеден өтетін мектебіміздің тарихымен, оның жеткен жетістіктерімен таныстық. Сонымен бірге өзіміздің сыныбымызға мәлімет беріп өттік.

Қалалық классикалық гимназия – Қазақ жанына үйлесетін мектеп.

Еліміздің ертеңінің тізгінін ұстар азамат, «жеті жұрттың тілін білген, жеті түрлі білім білген» тұлға, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар пәрменді қайраткер тәрбиелеу саласындағы аса құрметті қоғамдық міндет, әсіресе, қазақ мектептеріне, ұлттық мектепке жүктеледі. Өйткені білім берудің ұлттық жүйесінің тірегі - ұлттық мектеп. Ондай білім ұяларының ерекшелігі - мемлекетті құрайтын ұлттың тарихи аумағында қызмет атқаратын және осы аумақта өзінің егеменді білім беру саясатын жүзеге асыратын, оқушыларды ұлттық сипатта тәрбиелейтін, өз халқының рухани әлемін өз ана тілі негізінде еркін қалыптастыратын негізде көрінеді.

Сондай мектептердің бірі - бүгіндері өзінің он бес жылдық мерейтойын атап отырған облыс орталығындағы қазақтың киіз үйі пішінді кірпіштен өрілген, ұлутаспен күптелген, ел егемендігінің алғашқы қарлығаштарының біріндей Қызылжардың қақ төрінен бой көтерген білімнің еңселі ордасы - Қалалық классикалық гимназиясы.

Мектеп үйінің 1993 жылы алғашқы қадалары қағылып, іргесі қалана бастады. Қаржы тапшылығы және басқа да кедергілерге байланысты мектеп үйінің құрылысы ұзаққа созылды.

Осы кезде «Қазақ тілі» қоғамы жанынан құрылған ынталы топ құрылыс барысын бақылауға алып, облыстық, қалалық, әкімдіктерге талай рет сұрау салды, әсіресе ынталы топтың мүшелері Өмір Есқали, Зейнолла Әкімжанов, Ақан Бағанов, Қошан Қалиев т.б. үлкен белсенділік көрсетті. Бұл мәселе Республика Министрлер кабинеті алдында да талай рет қойылды. Президенттің өзіне хат жазылып, содан кейін ғана Министрлер кабинеті мектеп құрылысын әрі қарай жүргізу үшін арнайы қаржы бөлді. Жетпегенін жергілікті бюджет толтырды. Сөйтіп, бірсыпыра уақыт тоқтап қалған құрылыс 1996 жылдың күзінде аяқталды.

Қалалық классикалық гимназия 1996 жылдың 24 қазанында салтанатты түрде ашылып, сол жылдары облыс әкімі қызметінде отырған В.К.Гартман гимназия директоры Тәжин Жангелді Уақпанұлының қолына жаңа гимназияның кілтін табыс етті. Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кезеңде Қызылжар қаласында ашылған тұңғыш қазақ классикалық гимназиясының ашылу салтанатына қала жұртшылығы көп жиналды. Гимназияның ашылу салтанатының құрметті қонағы қазақтың әйгілі әншсі Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева құттықтау сөзін арнады.

Бүгінгі күні:

Оқушылар саны – 828

Педагогтардың саны – 84

Жоғары білімді педагогтар саны- 74

Арнайы орта білімді педагогтар – 10

Біліктілігі жоғары жоғары санатты педагогтар саны-22

Біліктілігі жоғары І санатты педагогтар саны-18

Біліктілігі жоғары ІІ санатты педагогтар саны-28

Санатсыз педагогтар саны-16

Орташа педагогикалық еңбек өтілі көрсеткіші – 18 жыл

Ұстаздар қай бағытта жұмыс атқару керек?

Міне, осы сауалды ұйым болып, ұжыммен толғай келе, оқу-тәрбие жұмысының саясаты мен сипаты анықталды.

Сөйтіп, мектепте қазақ ұлды, қызды қалай тәрбиелегені еске түсіріліп, ұлттық тәлімді әлемдік озық үлгілермен ұштастыра білетін шын мәніндегі адам жанының ұстасы – шебер ұстаздар іріктелді. Мұғалімдер гимназияға білім, білік дәрежесіне қарай таңдалып, жылда рейтинг жүйесімен бағаланып отырылатын келісім – шарт негізінде қабылданды. Мұғалім біліктілігін көтеру мақсатында гимназияда тұрақты семинарлар жұмыс істеді.

Гимназияда пән кафедралары және әдістемелік бірлестіктер құрылды. Бұл кафедралар бірлестігі пәндердің сабақтастығына орай бас қосып, бірін-бірі толықтырудың әдістерін қарастырады.

Гуманитарлық пәндердің басын біріктіретін кафедра әдебиетші, тарихшы мамандардың күш-жігері арқылы, әсіресе ұлттық әдебиетті, ұлттық тарихты оқытуды мақсат етеді.

Білім мазмұнына өзгеріс енгізіп, жаңадан пәндер, факультативтік курстар кіргізіп, бұларға өзіндік бағдарламалар жасау қолға алынды. Мәселен, гуманитарлық пәндер кафедрасы мұғалімдерінің бірі - Қарақат Шалабаев. «Тіл мәдениеті» деген авторлық бағдарламасын өзі құрастырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу және жазба тілін дамытуға игілікті үлесін қосты. Осы кафедраның мұғалімі Сәулет Мұқанова болса, 2000 ж. Қарағанды қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің республикалық олимпиадасында жүлдегер атанды. 2000 жылы ҚР – ның Білім беру ісінің үздігі атағына ие болды.

Гуманитарлық пәндер кафедрасында оқушыларға білім мен тәрбиенің шуағын шашып, адамгершілік нұрын төгетін Г.Есмұқанова, С.Мақышева, Г.Қасымова, А.Өтегенова сияқты мұғалімдер жемісті еңбек етуде.

Ұлттық дәстүрді өнер де, спорт та адам бойына дарытатыны анық. Осы орайда гимназияның «Өнер» студиясы жақсы ісімен көзге түсті. 1997 жылы құрылған саз студиясында 10 дипломды маман оқушыны өңіріміздің әйгілі күйшісі Серікбай Құсайынов пен дипломды домбырашы Бағдат Жақыпов сиқты өз ісінің шеберлері қазақтың бай ән мен күй өнеріне баулуда. 3 домбыра, 3 фортепьяно, 3 қобыз, терме сыныптары халықтың саз бөлімшесі осыны толықтырады. Жоғары музыкалық білімі бар, республикалық конкурстың лауреаты Дәмеш Құрманкина басқарған бұл студия облысытық, республикалық деңгейде гимназия мерейін асқақтатты.

Гимназия шығыс жекпе-жектеріне үйрететін «Намыс» клубы жұмыс істейді. Оған белгілі каратеші Асқат Сақыпкереев жетекшілік етеді.

Намыс клубының «Каратэ до», «Грек-рим күресі», «Кикбоксинг», «Фулл-контакт» секциялары гимназия оқушыларының шыныққан, батыл да ержүрек болып қалыптасуында үлкен рөл атқарып келеді: Қара белбеу иегері Рүстемов Абылайхан.

Бұған қоса тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол, кетлер сияқты спорт секциялары оқушылардың дарындық қабілетін шыңдауда үлкен рөл атқарып келеді.

Еңбекке оқыту, бейнелеу өнері және дене тәрбиесін жетілдіру кафедрасының мұғалімдері Л.Есімжанова, Е.Сәткенов, М.Шоқаев, Е.Нұрпейісов мақтауға лайық. Еңбек пәнінің мұғалімі Л.Есімжанова мен Е.Сәткенов 1999 жылы аталмыш пән бойынша инновациялық бағдарлама жасап, оны екі жыл бойы сынақтан өткізді.

«Халықтың қолданбалы өнері» кілем тоқу, ағаш оюлар, кескіндеме, графика, кесте тігу, көркемсурет үйірмелері оқушы қызығушылығын тудырды.

Техникалық мамандықтарды таңдауға бейімдейтін пән мұғалімдері математика-жаратылыстану кафедрасына біріктірілген. Бұл кафедрада гимназия ашылғаннан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мұғалімдер Қ.Елеусізова, Р.Ілиясова, жас мұғалім-физик Д.Уәлиев оқушылар құрметіне бөленгендер.

Бастауыш білім-мектептегі оқу-білім жүйесінің іргетасы. Яғни, оқушылардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны ақиқат. Шәкірттерін негізгі және орта мектептерде оқытылатын пәндерді ғылыми тұрғыдан игеруге дайындау, оларды өздігінен білім алуға бейімдеу, дүниетанымын қалыптастыру, ақыл-ойын, ерік пен сезімін дамыту, алған білімін өмірде қолдануға үйрету-бастауыш сынып мұғалімдерінің қоғам алдындағы міндеті болып әр кезеңде қала бермек.

Жаңа бағытта ізденіп, озық тәжірибелерден үлгі алып, бастауыш оқыту әдісін шебер меңгерген мұғалімдер Е.Шалабаева, А,Сүлейменова, Т.Есқалиева, Ғ.Өмірбекова, Е.Хасенова, апалы-сіңлі А.Назарова мен С.Долдина, осы тәжірбиелі мұғалімдердің ізбасарлары Г.Атақұлова, Г.Уәлиева т.б. оқушы құрметіне бөленгендер. Әдіскер-ұстаз Ермек Ырыскелдіқызы ұстаздық еңбек жолында тек шәкірттермен ғана емес, өзі тәріздес әріптестерімен де іс-тәжірибесін бөлісіп, мектепшілік, қала, облыс көлемінде мұғалімдерге ашық сабақтар беріп, семинарларда баяндамалар оқиды. «Қазақстан мұғалімі», «Бастауыш мектеп» басылымдарына мақалалар жіберіп, сабақ беру әдістерін жетілдіру жолында іс-тәжірибе бөлісіп, үнемі ізденісте жүретін ұстаз. Сонымен қатар, ұстаздарға қажет болып келген «1 сыныпқа арналған диктанттар мен мазмұндамалар» (Алматы «Білім» 1999 ж.), «Жылдам оқуға арналған мәтіндер 1-4 сыныптар үшін» (Алматы «Білім» 20001 ж.), «Бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сағаттары» (Алматы «Білім» 2003 ж.), «3 сынып оқушыларының тіл байлығын молайту үшін пайдаланатын дидактикалық материалдар жинағы» (Алматы «Білім» 2004 ж.) еңбектері Білім министрлігінен қолдау көріп, мектептерге ұсынылды.

Қай оқу орны болмасын өзінің толғақты ойы, идеологиясы болады.

Ұлттық білім беру саясатын негізгі бағыт етіп алғандықтан соған сәйкес гимназия құжаттары мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, заңдастырылды.

Біріншіден, білім мазмұнына өзгеріс енгізіп, жаңадан пәндер кіргізу, өзіндік бағдарламалар жасау қолға алынды.

Екіншіден, ұлттық дәстүрді марапаттайтын гимназия рәміздерін орнықтыру. Бұған шәкірт анты, шәкірт билеті, сынақ кітапшалары енгізілді.

Үшінші бағыт – оқу әдістемелері мен педагогикалық технологияларды жүзеге асыру.

Төртінші бағыт - «Болашақ» бағдарламасының аясында оқу-тәрбие жұмысында өздік бағдарламалар әзірлеу.

Бесінші бағыт – Мұғалімдердің шығармашылық күш-қуатын арттыру үшін әдістеме кафедралары құрылды. Бұлардың тиімділігі «Жыл ұстазы» байқауында анық аңғарылды.

Алтыншы бағыт – жоғары оқу орындарымен байланыс жасау.

Жетінші бағыт – шетелдердің мамандарымен, оқу орындарымен мүмкіндігінше байланыс орнату. Американың бейбітшілік корпусының маманымен жұмыс жүргізілді.

Сегізінші бағытта – гимназия шәкіртінің, гимназия ұстазының үлгісі мен стандартын жасау қарастырылды.

Мемлекеттік тілді тереңдете оқытуда қиындықтар бар.

Ата-аналардың, балалардың сұранымы үлкен. Бүгінгі әлеуметтік сұраныстың бірі-білім мекемелерінде тілдік тұлғаны қалыптастыру және жетілдіру. Осы мәселені шешуді классикалық гимназия өзінің тұжырымдамасында басты міндеттердің бірі санайды.

Ана тілін, мемлекеттік тілді, шетел тілін меңгеруді жүзеге асыру үшін гимназия базасында «Тілдік тұлғаны қалыптастыру» лабораториясы ашылды.

Бұл лабораторияны ашуға негіз болған:

1. Классикалық гимназия өзінің оқу-тәрбие жоспары бойынша жаңа типті ұлттық мектеп құруға бағытталған.

2. Оқытылып жүрген тілдердің тілдік құралын оңтайлы қолдана білу, мұнымен оқушы өзінің ғылыми-мәдени- танымдық, рухани сұранысын қанағаттандыра алады.

3. Әлемдік көзқарас бағдарының жүйесін игеру, пән компоненттігін тіл процесінде іске асыру.

Тілдік тұлғаның үлгісін Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Д.Х.Вагапова мен осы университеттің профессоры біздің гимназияда жоғары сыныптарда орыс тілінен сабақ берген мұғалім А.Ж.Мырзалинова жасаған және бұл «Модель» 1998 жылы қаңтар айында Москвада өткен Халықаралық конференцияда оқылды. Ғылыми ізденіс пен әдістемелік зеттеулер классикалық гимназияда тілдік тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі бар екенін дәлелдеді. Лаборатория құрамы қазақ, орыс, ағылшын тілдері мұғалімдерінен тұрады.

Гимназияның алғашқы директоры Жангелді Тәжин алғашқы күннен бастап қаладағы қазақтардың ұлттық мектебінің идеясына басшылық жасады. Осы мақсатпен Таразда да болды. Алматыға да барды. Сол сапарлардан кейін тұжырымдама жазды. Ол гуманитарлық бағыттағы гимназияны таңдады. Ұстаздардың да, ұландардың да шығармашылығына кең жол ашылды.

Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сабыр Әбілкәрімов екеуі қыруар іс тындырды.

Гимназияның жаңа басшысы оқу-тәрбие жұмысына уақыт талабына сай тың ойлар , соны серпін ала келген еді. Жаңа басшы соңғы кездері босаңсып кеткен ішкі еңбек тәртібін ширатудан бастады. Гимназияның ішкі-сыртқы тазалығын жақсарту мақсатында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарынан бастап техникалық қызметкерлердің қатарын жаңартты. Нәтижесінде гимназияның санитарлық-гигиеналық жағы дұрыс жолға қойылды.

Гимназия үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Оқу кабинеттеріндегі жиhаздар жаңартылды. Мектептің ішкі-сыртқы келбеті жаңарып, жасарып шыға келді.

Болашақ ұрпақтың білімді , білікті маман болып шығуына жасалған бұл да, аталық қамқорлық, аналық мейірім!

Дарынды, талант, кемеңгерлік деген ұғымдар балаларына, немерелеріне көп үміт артып отырған әке-шеше мен ата-әжелер үшін өте маңызды. Талантты адамдар қауымдастығын құру мақсатында бала дарындалығын дамыту мәселесі тәжірибеде де жүзеге асырылуда. Себебі, дарынды ұрпақ - уақыт қажеттілігі.

Қалалық классикалық гимназияның мәртебесі оның мұғалімдер ұжымын дарынды балаларды үнемі қолдап отыруда белсенді азаматтық және кәсіби бастамаларға міндеттейді. Жаңа оқу жылының қарсаңында қалалық классикалық гимназияның ұстаздар ұжымы дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің мүмкіндігі мен болашағын талқылады. Жағдай жасалса, дарындылық өзінен-өзі қалыптасып, әрі қарай дамуына жол салады. Бұл жерде ең бастысы- дарынды бала мен оның ата-анасына психолог кеңесі ауадай қажет.

Гимназияда «Жан» психологиялық қызмет орталығының «Сыр» бағыты жұмыс істеп, ол оқушылардың талпынысын жоғарлату мақсатында тренингтер, консультациялар, ресми емес кездесулер, дидактикалық ойындар, өзін-өзі тануға үйрету сияқты шараларды ұйымдастыруда.

Дарындылықты дамыту үшін аталмыш гимназияда оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуын қамтамасыз ететін өнімді жүйе қалыптасқан. Оған оқушының қабілетін дамытатын «Ағылшын тілі грамматикасы», «Есептер шығару практикумы», «Мирас», «Отбасы», «Намыс», «Ержігіт», «Абайтану» сияқты үйірме-клубтармен қатар, музыкалық студия да жұмыс істейді.

«Мүшел той», «Гимназия күні» сияқты дәстүрлер, «Мектепке жол» акциясын өткізу, гимназияның ар-ұят кодексін құру, оқушылардың «Парасат» ғылыми қоғамы, олипиадашылардың «Зерде» мектебі және тағы басқалар бала бойында дарындылықтың пайда болуына негіз болып отыр.

«СОРОС-Қазақстан» қорының «Пікір - сайыс» бағдарламасы бойынша қалалық классткалық гимназия оқушыларының жетістіктері алғашқы оқу жылдарынан –ақ басталды. Гимназия ашылған жылдары-ақ құрылған Дебат қозғалысы оқушы бойындағы дарындылықты дамытуға айтарлықтай үлесін қосты.

Пән олипиадаларында, ғылыми жоба жұмыстарында оза шапқан жүйріктеріміз гимназия мерейін асқақтатты. Өзгеше ойлау қабілетімен ерекшеленген Әлжанов А, Қожахметов Д. 2002 жылы Алматыда XXI ғасыр көшбасшысының жеңімпаздары атанды. Эпистолярлық жанрдағы шығарма байқауында Сейітбаева А. 2001ж. (ЮНЕСКО көлемінде); Барқытова Ә.2003ж. (ЮНЕСКО көлемінде) үздік болды. Халықаралық жас тілшілер байқауында (Астана 2002,2004) Даниярова Н., Тәжина С., Нұрпейісова Әсем жеңімпаз атанды. Республикалық олипиада, ғылыми жоба байқауларында Бірімжанова А.(2000ж.), Жахина Ә. (2000ж.) жеңімпаздар қатарынан көрінді. Республикалық «Каратэ до» жеңімпаздары Махмутова Д. (2005ж.), Рүстемов А. (2006ж.) гимназияның ғана емес, облыс мақатыншына айналды. Облыстық пән олимпиадаларында қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Баталова А.(2000,2001ж.ж.), Жоланов Б. (2003ж.), Қашағанова С. (2003ж.); орыс тілі пәні бойынша Жаналиева Ә.(2004ж.), Тащегулова Ж. (2006ж.) жеңімпаздар легінде болды. Жансұлу Жанатаева орыс тілінен Мәскеуде өткен халықаралық додаға қатысып жүлдегер атанды.

Оқушылардың жетістігі – мұғалімдердің шығармашылық еңбегінің жемісі. Он бес жыл ішінде бірнеше биік мәртебелі, лауазымды адамдар гимназияның құрметті қонақтары болды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың гимназия оқушыларымен кездесуі мектеп тарихындағы айтулы тарихи күн болып қалды.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, атақты сынақшы-ұшқыш кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровпен кездесуі оқушылар мен гимназия ұстаздарының естен кетпес елеулі, қуанышты сәттерінің бірі болып тарихта қалды. Республикалық Жәутіков атындағы физика-математика мектеп-интернатының ұстаздары 2006 жылы гимназияда қонақта болды. Республикалық «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның гимназия оқушыларымен тағылымды кездесуі-гимназия тарихының жарқын беттерінің бірі болып қалды.

Он бес жылда өткен гимназияның бел-белестеріне қысқаша шолу жасадық. Алда алар асулар, шешімін күтіп тұрған тың істер гимназия ұжымын шығармашылық еңбекке жетелейді. Азамат дамуының шегі өркениеттердің өзара бәсекесіне алып келген бүгінгі күні қорғанымыз да қаруымыз да тек білім екенін естен шығармайық. Ендеше осынау білім ошағын ұлағатты ұяға айналдырып жүрген ұстаздар қауымын гимназиямыздың 15 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, олардың осы гимназияда ғана емес, өмір мектебінде де ұстаз болып қалыптасуына тілектерімізді білдірейік.

4 «Ә» сыныбына мінездеме.

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 4 «Ә» сынып оқушыларына мінездеме. Сыныпта 26 оқушы бар. Оның ішінде 16 ұл бала, 10 қыз бала. Сынып жетекшісі Абуева Райса Тұрлыбекқызы. Сыныптағы оқушылар өте ұйымшыл. Сабақ үлгерімі орта есеппен алғанда жақсы. Сыныпта төмен бағамен оқитын оқушы жоқ. Балалардың сабаққа деген ынтасы жоғары. Үлкенді құрметтейді. Сыныптағы балалардың барлығының мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысып кетеді. Бір – бірінің ойын құрметтей біледі. Қай сабақты болсын оқушылар белсенді қатысып отырады. Балаларға сергіту сәтері өте қатты ұнайды. Математикадан барлығы жақсы деген бағамен оқиды. Оқушылардың барлығы бос уақыттарын текке жібермейді.Оқушылар бос уақытында бассейнге, пианиноға, каратэге, биге, шахматқа қатысады. Кітапханадан өздеріне ұнаған кітапты алып оқиды. Сыныпта балалар өз ойларын еркін жеткізе алады. Бір-бірінің ойын тындап қолдау көрсетуге тырысады.

1 –кесте

Сабақ кестесі 2 «Ә» сынып

Оқушының аты–жөні Туған күні, айы, жылы
Абаева Адемау 25.12.2006
Абдрахман Елдар 31.12.2006
Ақан Алмат 18.03.2007
Алгожин Адильхан 21.10.2006
Бағаналы Санат 25.01.2007
Башенова Алина 05.03.2006
Бейбіт Айдана 18.11.2006
Даулетжан Сагдиана 07.08.2007
Жангелді Жандос 18.05.2007
Жуматаев Арлан 22.03.2006
Зәкір Азат 27.10.2006
Казкенов Ерхат 18.10.2006
Касенов Амирхан 24.06.2006
Касымов Дамир 19.05.2006
Қайнолла Рахат 01.08.2007
Макишева Томирис 13.01.2007
Найман Камила 14.03.2006
Нурахметов Мирас 21.05.2006
Нысанбаев Алан 05.09.2006
Өмірсейіт Тамерлан 01.06.2006
Өсербай Амина 25.03.2006
Салкеев Санжар 11.04.2007
Талгатова Сабира 02.07.2006
Телекеева Нұрай 03.08.2007
Темирбаев Алмас 29.05.2006
Тұрсын Аяжан 03.03.2006

2 – кесте

  Дүйсенбі   Бейсенбі
       
Математика Математика
Әдебиеттік оқу Бейнелеу өнері
Орыс тілі Дене шынықтыру
Қазақ тілі Ағылшын
Дүниетану Қазақ тілі
       
  Сейсенбі   Жұма
Математика Орыс тілі
Әдебиеттік оқу Қазақ тілі
Өзін – өзі тану Математика
Музыка Дене шынықтыру
Еңбекке баулу Әдебиеттік оқу
Факультативті сабақ    
       
  Сәрсенбі   Сенбі
       
Математика Зерттеу
Ағылшын Дене шынықтыру
Қазақ тілі Математика
Әдебиеттік оқу Математика
Еңбекке баулу Сынып сағаты
Факультативті сабақ    
         

Абуева Райса Тұрлыбекқызы сынып жетекші ретінде төмендегі міндеттерге сай жұмыс жасай білді.

Наши рекомендации