ПедагогикалыҚ практика маҚсаты мен міндеттері

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Компьютерлік және программалық инженерия кафедрасы

педагогикалыҚ практика маҚсаты мен міндеттері - student2.ru

КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі АТТИ директоры

__________Р.Н. Бейсембекова _________ Б.С. Ахметов

«__» ________ 2015ж. «__» __________ 2015ж.

И.Г.Дадаева, Ж.М.Алибиева, К.Ө.Тоғжанова

Жоғары оқу орындарындағы 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін магистранттардың

педагогикалық практикасын өткізуі бойынша

ИНСТРУКТИВТІ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

 
Алматы 2015 ж.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Компьютерлік және программалық инженерия кафедрасы

педагогикалыҚ практика маҚсаты мен міндеттері - student2.ru

И.Г.Дадаева, Ж.М.Алибиева, К.Ө.Тоғжанова

Жоғары оқу орындарындағы 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін магистранттардың

педагогикалық практикасын өткізуі бойынша

ИНСТРУКТИВТІ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

 
Алматы 2015 ж.

ӘОЖ 004.438

Құрастырушылар: И.Г.Дадаева, Әлібиева Ж.М, К.Ө.Тоғжанова

Жоғары оқу орындарындағы 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін магистранттардың педагогикалық практикасын өткізуі бойынша инструктивті-әдістемелік нұсқаулық. Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2015. 23б.

АҢДАТПА

Жоғары оқу орындарындағы 6М070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы үшін магистранттардың педагогикалық практикасын өткізуі бойынша инструктивті-әдістемелік нұсқаулық. Магистранттардың «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасы бойынша педагогикалық практикасын жүргізу және ұйымдастырудағы сұрақтарын қалыптастырады.

Университеттің магистранттарының практикасы жоғары кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі құрама бөлігі әрі оқу үрдісін ұйымдастырудың бір формасы болып табылады, ол практика базасында магистранттарды кәсіби-практикалық дайындаумен қорытындыланады.

«Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасында мамандық бойынша магистранттардың практика өтізілуі жаңа программалық қамтамаларды енгізу және өңдеумен байланысты қызметтерді жүргізетін өндіріс орындарындағы программалық қамтамаларды өңдеу аймағындағы жұмыс істеу біліктіліктерін алу, теориялық дағдылары барысында алынған білімдерін, біліктіліктерін тереңдету мен нақтылауға бағытталған.

Пікір жазған – Б.С.Ахметов, тех.ғыл.д-ры., Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен бекітілген типтік оқу бағдарламасы бойынша, 2015 жылы басылады.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2015

МАЗМҰНЫ

  Университет магистратурасындағы педагогикалық практиканы өткізу әрі ұйымдастрыудағы психолого-педагогикалық талаптар  
Педагогикалық практика мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық практика мазмұны
Педагогикалық практика өткізу және ұйымдастыру
Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары
Педагогикалық практика бойынша магистранттардың жұмыстарының нәтижелерін бағалау әрі бақылау  
  Қосымша 1. Дәріс (семинар) сабақтарын өңдеудің технологиялық картасы  
  Қосымша 2. Тәрбиелік іс-шараны өңдеу
  Қосымша 3. Сабақтың психологиялық талдауының сұлбасы
  Қосымша 4. Студентке арналған психология-педагогикалық мінездемесінің сұлбасы  
  Қосымша 5. Топтың психология-педагогикалық мінездемесін құру сұлбасы  
  Қосымша 6. Магистранттың педагогикалық практикасы бойынша есепберу  
     

педагогикалыҚ практика маҚсаты мен міндеттері - student2.ru педагогикалыҚ практика маҚсаты мен міндеттері - student2.ru УНИВЕРСИТЕТ МАГИСТРАТУРАСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ ӘРІ ҰЙЫМДАСТРЫУДАҒЫ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Магистратурадағы педагогикалық практиканың негізгі мақсаты жоғарғы мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың қазіргі заман талаптарына сай және олардың білім беру аймағында инновациялық қызметтерге дайын, гуманитарлық мәдениетінің деңгейі жоғары педагог-зерттеуші тұлғаларын қалыптастыру болып табылады.

Педагогикалық практиканың міндеттері:

- қазіргі заман педагогының жаңа талаптарын меңгеру;

- жоғары оқу орнының оқытушысының ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғамдық қызметкер ретінде көп қырлы жұмыстарымен танысу;

- келешек жоғары оқу орнының оқытушысының кәсіби маңызды тұлға ретінде біліктіліктерін қалыптастыру (рухани-адамгершілік құндылықтары, педагогикалық ойлауы, педагогикалық тактісі, шығармашылығы, қарым-қатынасы және т.б.);

- педагогикалық шығармашылық және педагогикалық шеберлік шарттары ретінде кәсіби-зерттеушілік мәдіниетін дамыту;

- кәсіби-педагогикалық білімдерін қалыптастыру;

- ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру.

Наши рекомендации