Лмембеттің үшінші баласы Шоңай. 1 страница

Шоңайдан үш бала туады - Тоқсанбай

Бөгенбай

Есқай

Тоқсанбайдан алты бала, бәйбішеден - Монша

Қожагелді

Мырзат

Даң

тоқалынан - Көшен

Жарық

Моншадан сегіз бала - Күшікбай

Бекбаулы

Өмір

Кенже

екінші әйелінен - Аралбай

Құралбай

қалмақ қызы әйелінен - Қайдауыл

Балта

Қожакелді батырдан бес бала - Өтеміс

Сазан

Манай

Ожімпай

Жылқытай

Мырзаттан сегіз бала - Қосбай

Жанбай

Кенбай

Жана , қалғанының атын ұмыттым.

Даңнан он екі бала туады, бәйбішеден (шешемнің аты Мөр. Құнанорыстың қызы, оның Жанбайы, Жанбайдың Жортысы, Жортыстың Боғайұлы Өтеғұл бидің қызы).

Даңның бәйбішесінен - Бейсеу

Барақби

Рай батыр

Дөнен

Құнан

Тай

Құлымбай

Малкелді – асырап алған баласы.

Малкелдіден Сам Даңов деген адам кезінде Маңғыстау, Үстірт, Сам құмы т.б. аймақтарды топографиялық картаға түсіретін геодезия және картография отрядының тарихына аты жазылған адам.

Даңның тоқалынан - Жабағы

Жабас

Томалақ

Түменбай

Түменбайдан Адайға аты әйгілі Құлыш би туады. Құлыш өз заманында болыстық правитель, кейін қажы болып, бұдан 75 жылдай бұрын өлген.

Түркпендер маңғыстауды тастап кеткенде Даңның Құнан деген баласы Жыңғылды деген бұлақты ұстап, Даң ата баласы 1910 жылғы ит жұтынан кейін колхоз құрылғанша, осы бұлақ пен егін салып, тіршілік етті. Бұл бұлақ бұл күнде Куйбышев атындағы совхоздың орталығы. Құлыштан кейін көп жылдар болыстық правитель болып Қожық Құлмырза ұлы болды. Қожық білмеймін Николай мен Александрдың біреуінің қабылдауында болып, подпоручик атағымен бірнеше медаль алған. Сіра патша үкіметі атақ пен медаль беру арқылы тиісті саясат жүргізген болуы керек. Қожықта Даңның Құнан деген бұтағынан Ақжарма, Күнтай, Қосайырған, 50 түйе 9 түйеші т.б. күйлердің шығарушысы композитор Есір шыққан. Есір Құнанның немересі. Жоғары аталған күйлерді Есір тартып шығарғанына ешкімнің дауы жоқ. Есір 1905 жылы март айында 62 жасындаөлді, Жыңғылдыға жерленді.

Даңның Тай деген баласынан айтуған атты жыршы, бірақ ол кісі жыр айтсаң сұрайсың, сұраудың соңы Тілеуұлы абылдан тәжірибе алам. Абылдың соны онша болмады депті. Бірақ, Матай, Ботақара бір қызын берген жеріне разы болмай бір ауыз өлең шығарыпты:

Ботаскем қызын берді құлға татар,

Қасында татар қыздың құлын жатар,

Құл өлсе құл мұрасы менікі дер,

Артында ділкілдеп жүр құл Түнғатар.

Айтуған 98 жасында өлді. Айтуған қартайып отырғанда оның үйіне Құлыш пен Қожық інілері барыпты. Сонда Айтуғанның кіші баласы Артығалы әкесіне Құлекен мен Қожекем келіп отыр, сіздің хал-жағдайыңызды білуге келіпті депті. Сонда төсекте жатқан Айтуған басын көтеріп ап:

Басынан Қаратаудың тас артқандай,

Бір жағын бір жағына баса артқандай,

Құлышым мен Қожығым болдың есті,

Не білдің қарт кісіні жасартқан-ай, депті.

Даңның үлкен баласы Бейсеудің немересі Жанай Қоғабайұлы үлкен домбырашы болған адам, оның кешке тартқан күйлері таң атқанша таусылмайды екен. Сол Жаңайдың немересі Жолдасбайдан туған Мыңбай Жолдасбаев үлкен домбырашы, не пайда егер Алматыда болса үлкен, атақты орындаушылардың қатарынан орын алатын адам, бірақ семья жағдайы келмей, ол жаққа бара алмады., оның үстіне жасы қырықтан асып кетті.

Даңнан тараған ұрпағының көбі Құнан мен Бейсеу, қалғандары көп емес 95-96 үй шамасындай. Ал, Даң ата баласы 190-200 үйдей.

Алматыда Нәдірмағамбет балалары Қонысбай бар, төрт үй. Сол Құнан ата балаларынан басқа жақтада 10 үйдей бар. Бәріде Маңғыстау түбегіндегі совхозда, өндірісте жұмыста. 40-қа жақын жоғары білімді, әр түрлі мамандық иесі жастар бар. Осы естелікті жазып отырған мен сол Даңның кенже баласы құлымбайдың баласы Қамысбайдан туған меңдалының баласымын.

Моншаның баласы Күшікбайдан үш бала - Өте

Қарсақ

Барсай

Моншаның екінші баласы Бекбаулыдан төрт бала - Сатыбалды

Сатай

Матай

Шопан

Моншаның үшінші баласы Өмірден Назар жалғыз.

Моншаның Кенже баласынан Есназар.

Кенже өлген ағасы Өмірдің әйелін (жеңгесін) алып екі балалы болады. Олардың аттары Ерназар, Бірназар.

Моншаның кіші әйелінен – Аралбай

Құралбай

Аралбайдан үш бала туады - Тұрымбет

Бердімбет

Жолымбет

Құралбайдан тұқым жоқ.

Моншаның қалмақ әйелінен Қайдауыл туады, одан тұқым жоқ. Осы қалмақ әйелден туған екінші бала – Балта.

Балтадан үш бала - Нұрлыбай

Бектұрған

Қилыбай

Бектұрған өз заманында бай да, мырза да адам болыпты. Осы Бектұрғанның тұқымынан шыққан Қадыр Мәтжанов деген өте ақылды азамат өсіп келе жатыр еді. 1937 жылы Семей облысының Үржар ауданында аудандық Совет атқару Комитетінің төрағасы болып тұрғанда асыра сілтеудің құрбаны болып, ұсталып кеткен. Содан кейін хабар жоқ. Аралбайдың Тұрымбетінен бір бала – Мақан.

Мақаннан төрт бала - Төлеп

Шойын

Темір

Төлесін

Төлесіннің баласы Ерғали жетінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Ұзақ жылдар бойы Маңғыстау ауданының аудандық Совет атқару комитетінің төрағасының орынбасары, одан кейін ауданның Ленин атындағы колхозының төрағасы болып жасады. Қазір Маңғыстау совхозында директордың орынбасары. Балалы-шағалы жігіт.

Тілептен екі бала - Кәміл

Ағия

Аралбайдың екінші баласы Бердімбеттен екі бала - Амандық

Аманбай

Аманбайдан бес бала - Оразалы

Нұртай

Елтай

Мұқат

Нұрғазы

Амандықтан бір бала - Көшербай

Көшербайдан бір бала - Тұрғазы. Бұлардан тұқым жоқ.

Аралбайдың үшінші баласы Жолымбеттен - Құлман, одан Қаржаубай. Бұдан да тұқым жоқ.

Бекбауылдан тараған төрт бала 32-55 үй. Шоңайдың осы Бекбауыл тұқымы жалпы Адай, соның ішінде Тобыш өте қадірлейді, силайды. Себебі, бұл тұқымның атадан балаға беріліп келе жатқан мейлі ұл болсын, мейлі қыз болсын сынықшылар. Бұл тұқымның ұрпақтары адам бол, мал бол сынған жерді ұстап орнына апарады. Бұл қасиет басқа Шоңайда, тіпті Тоқсанбайда, оның бер жағында Моншаның басқа балаларында күндіз-түні Бекбауыл деп қанша жалынсаң да жоқ. Бұл тұқымнан Кенған және Керей Қошановтар, Аяпберген Әуезалиев, Әлқуат Бесбаев деген жоғары білімді жігіттер бар. Керей мен Аяпберген орта мектепи директорлары. Кенған совхозда жергілікті комитет төрағасы. әлқуат сауда қызметкері. Кенже Қозыбағаров деген ерте өліп кетті, партия қызметкері болды. Қазір зейнеткер Еділхан Молдабаев ұзақ жылдар бойы комсомол, партия қызметкері болды. Қазір Ақтөбе облысының Қарауылкелді деген жерінде тұрады.

Күшікбай Монша атаның ең көп өскен ауылы. Адамдары да басқа Моншаға қарағанда көп. Бірақ жоғары білімді жігіттер соған қарамастан санап алғандай. Қорбақов Таушан – ғалым-зоотехник. Маңғыстау совхозының директоры. Сағи Әбішов мұғалім. Сырым Әбішов Сенек метебінің директоры. Жандос Тілегенов Маңғышлақтағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі.

Күшікбай үй санына қарағанда Шоңайдың да, Тоқсанбайдың да ең көп жері және 1930 жылдарға дейін үлкен ірі байлары болған.

Күшікбай балаларын жазып көрелік.

Өтеден алты бала, бәйбішеден - Тілеген

Бесеу

Қатен

Бекберген

Бектілеу

тоқалынан - Жақсыбай

Тілегеннен алты бала - Айса

Жақып

Жүсіп

Хият

Жарылғап

Ермембет

Бесеуден төрт бала, бәйбішеден - Балман

Жайыл

тоқалынан - Олжабай

Сүгірбай

Қатеннен төрт бала, бәйбішеден - Жәлеке

Тәш

Сүйесін

тоқалынан - Жанболды

Бақбергеннен бес бала, бәйбішеден - Қасжан

Досжан

Айкенже

тоқалынан - Аймағамбет

Ақмолда

Кенжебек

Бектілеуден екі бала - Қазыбек

Сегіз

Жақсыбайдан төрт бала, бәйбішеден - Махамбет

Бөлтек

Кеней

тоқалынан - Аманқұл

Күшікбайдың екінші баласы Қарсақтан сегіз бала, бәйбішеден - Сисенбай

Қазақбай

Меңдібай

Меңдіқұл

тоқалынан - Із

Қосай

Қалдыбек, біреуі үйленбей ерте өліпті.

Күшікбайдың үшінші баласы Берсайдан екі бала - Айдарбай

Байбатыр

Айдарбайдан жеті бала, бәйбішеден - Қален

Сұлтан

Бижан

Тұржан

тоқалынан - Құлеке

Шотан, тағы біреуінен Майлан.

Байбатырдан төрт бала, бәйбішеден - Бисем

Дүйсем

тоқалынан - Еснияз

Тағанияз

Адайда аты белгілі Арал домбырашы осы Тағанияздың бел баласы.Қожагелді

Өтемісте мен білетін көзге түскендей адам жоқ..Жастардан жаңадан оқып жүргендері бар.Көбешев , Нұрлыбаев С т.т

Сазаннан Айтуар мырза , одан Қарақұл мырза туралы біраз аңыз бар. Қарақұл ол көшіп келе жатқанда я, көшіп бара жатқанда қойдың жас қарнын үріп сырықтың басына байлап, астына от жағады дейді. Бұл сол заманның фонары. Қарақұлдан Жолмағанбет туады. Жолмағанбеттен Сүйеберген туады, Сүйебергеннің баласы Нәби. Нәбиден Жұбандық деген бала бар, қазір маңғыстау тұтыну одағында төрағаның кадр жөніндегі орынбасары. Балаларының алды Алматы оқу орнында оқиды. Шоңай немесе Қожагелдісінде мақал бар, Сазан мен Жылқытай ауылдары жақсы, қыдырып барған балаларды тамаққа тойғызады. Ал, Өтеміс пен Манайға барсаң көжеде бермейді. Балалар соңғы ауылдан келсе шешелерінен көже сұрайды дейді.

Қожакелді батыр баласы Ожымбаймен бірге Ұланақ жерінде түркпенмен қырғын соғыста өліпті. Ожымбай аз 3-4 үй, өспей қалған.

Өтеміс пен Манай шаруа баққан жуас, бәсеке байрағы жоқ қоңыр ауыл. Жылқытайдан Төлеби шыққан. Ол кісі патша заманында 10 жылдай болыстық правитель болды. 1920 жылы өлді. Інісі Шотықбайдан Қойыс деген бір бала бар. Ембі ауданында бұрғылау конторында директордың орынбасары. Осымен Қожакелдіден туған бес баланы түгел атап өттік.

Мырзат атамыздан туған сегіз дедік, төртеуінің аты-жөні кейінде қосылады. Шашыраңқы әр жерде, әр ауылда, әр ауданда болғандықтан бұл естелікке кірмей отыр.

Тоқсанбайдың кіші әйелінен Көшен мен Жарық. Көшеннен тұқым жоқ.

Жарықтан төрт бала туады - Байбол

Тіней

Еділбай

Қосай

Жалпы Жарық 60-70 үй шамасындай. Маңғыстауда Еділбай тұқымы бар, мұны Сары балалары деп атайды. Бұл тұқымда жаңа оқып жүрген балалар болмаса, ел аузына іліккен азамат шамалы.

Шоңайдың Бөгенбай деген баласынан үш бала - Қожан

Қайып

Сасық

Қожаннан екі бала - Ақжол

Байжол

Атақты домбырашы әрі жыршы Шамғұл Ыбырайымов Бөгенбайдың осы Қожан атасынан тараған ұрпақ. Ол кісі 1968 жылы сентябрь айында дүние салды. Денесі ата қонысы Жыңғылдының Сартөбесіне жерленді.

Қайыптан төрт бала, бәйбішеден - Тауат

Таңат

тоқалынан - Ырыскелді

Олжабай

Тауаттан төрт бала - Жаманқұл

Қарашолақ

Лабақ

Созақ

Таңаттан үш бала - Ермембет

Қалдыбай

Тағанияз

Жаманқұлдан екі бала - Жүрегей

Жолдай

Қарашолақтан бір бала - Бекбосын

Бекбосыннан екі бала - Әжіғали

Жұмағали

Созақтан үш бала - Жаңабай

Қалыбай

Шағыр

Лабақтан жалғыз Тәжібай, одан жалғыз Жұмабек.

Олжабайдан (Қайыптың тоқалының баласы) Тілеу.

Тілеуден - Наужан

Тұржан

Тазалы

Бабалыдан екі бала - Есжан

Қожанияз

Есжаннан екі бала - Шүкірбай

Мерген

Қожанияздан екі бала - Әлен

Әділ

Ырыскелдіден жалғыз бала Қартмолда, одан Көшекен.

Көшекеннен екі бала - Бүркітбай

Жалғасбай

Сасықтан бес бала, бәйбішеден - Теңізбай

Тұтан

тоқалынан - Жаманғара

Боздақ

Қабан

Теңізбайдан төрт бала - Бекбенбет

Наурызбай

Бөлек

Қомық

Тұтаннан екі бала - Ақтау

Қаратау

Ақтаудан жалғыз Есжан, одан Аяпберген.

Аяпбергеннен екі бала - Кенебай

Санабай

Қаратаудан екі бала - Омар

Оспан

Жаманқарадан екі бала - Сердебай би

Қылыш

Сердебайдан жалғыз Мұсат, одан Жолдасбай, ағасы Алтыдан Тасболат. Жолдасбайдан Жанболат. Жанболаттың қызы Ибаш Шевченко қаласында Совет төрағасы.

Қылыштан жалғыз Мәтек, одан Дәулетмырза, тұқымдары Түркменстанда.

Қабаннан екі бала - Айымбай

Айболды, олардың тұқымы түгел Қарақалпақстанда.

Боздақтан жалғыз Құдабай, одан Мақыш.

Мақыштан екі бала - Құлжұмыр

Бекіш

Бекіштен Қыдыр.

Бекіш деген жігіт Форт- Шевченко қаласында тұрады. Сасықтан Омар, Мәтік деген атақты байлар шықты. Бейнеуден Самға қарай жүргенде Сыңғырлаудағы салынған әдемі, сұлу там, сол Омардың өзіне және балаларына салдырған тамы. Там 1920 жылы салынды. Тамдағы жазуда қате бар. Тамды салған Қараштар, нақты кісінің салғаны осы естеліктің Қараш руы туралы 19 бетте айтылған.

Сердебай би айтыпты- мыс деген мынандай сөз бар: дауласқан екі адамға төре бергенде дауласушының бірі, көп атаның баласы болса керек, берген төреге риза болмай әр немені айта беріпті. Сонда Сердебай бй айтыпты- мыс: Шырағым сен Кендірбай деген бір бисің, Әліңнің келетін жеріне қырғисың.

Өзіңнен зорлар шыққанда,

Қалыңннан қалыңға қарғисың.

Жанболаттың қызы Ибаш, баласын және ағасының балаларын оқытқан.

Шоңайдың үшінші баласы- Боқай.

Боқайдан үш бала- Қарақойлы

Көбдік

Кенжебай.

Қарақойлыдан сегіз бала, бірақ көбі өспеген, орны жоқ.

Қарақойлының Тоғызақ деген баласынан – Демесін,

Демесінен бес бала, бәйбішеден - Бердісүгір

Сақау

Болтек.

тоқалынан - Аманқос.

Қосшы, бұлардың тұқымы өскен. Ол қазір Нүкісте тұрады. Сақаудың Аяпбергені баласын оқытқан жігіт, баласы Еділде оқыған. Қарақойлының екінші баласы Қыстаубай, оның тұқымы осы ауданның Октябрдің 50 жылдығы атындағ совхозда тұрады.

Қарақойлының үшінші баласы Жұбантұрдың да балалары жоғарыдағы совхозда малшы, жұмысшы. Меңдібай нұрбергенов деген бала мал дәрігері, қазір ауданның комсомол комитетінің секретары. Басқа балаларының тұқымы аз болғандықтан шашырап кеткен.

Боқайдың екінші баласы Көбіктен үш бала - Жұма

Жалтыр

Тума

Жұмадан бес бала, бәйбішеден - Шыныбай

Шымбай

Шынтас

тоқалынан - Отызбай

Толыбай, бұл тұқымнан Алматы қаласында Төретаев деген дәрігер бар дейді. Маңғыстауда Әбжет Сүйеуов және Бисен Әбішев деген инженер жігіттер бар, басқа Жұмадан кімдер бар екені кейін жазылады.

Тума өте аз ауыл. Тумадан би Бәшікей шыққан. Адайлар Бәшікейден су мен жерді орыс алды, не істейміз. Арқада төре биледі, Хиуада хан билейді, қайтіп күнелтеміз дегенде Бәшікей былай депті: орыс деме ырыс де, құрсын деме, тұрсын де деп солай деген. Бәшікейден тұқым жоқ.

Боқайдың үшінші баласы Кенжебайдан атақты Оразбай мырза шығыпты. Оның өзіндік малы болған адам. Ол бұл дәулет маған біткен дәулет емес, қонақ үшін біткен дәулет, қонақ разы болса, құдай разы. Сендер күйзелмең, қара қазаннан қайыр сұраңдар дейді екен.

Оразбайдан бес бала, бәйбішеден - Бүктұрлы

Сатыбалды

тоқалынан - Естұрлы

Қостұрлы

Аязбай

Аязбайдан үш бала - Тәжедин

Исамадин

Хусмадин

Үй саны бір мыңға жуық. Шоңай атамның баласының үлкен үйі осы Аязбай баласы Исамадиннің үйі. Шоңайлар осы үйді қара шаңырақ дейді.

Кенжебайдан шыққан Балкот Ожаров деген кісі уақытында қатардың азаматы болған адам еді. 1930 жылы ұсталып кеткеннен хабар жоқ.

Ожа туралы.

Әлмембеттің кіші баласы Киікбай әйелімен өліп, ол үйде олардың ауру қызы қалады. Шалдың өзі (Әлмембет) Зорбайдың үйіне кіреді. Ауру қыздың отырған үйі үлкен қоңыр үй, сол кезде ол үй ішіне Қожамын деп есекті кісі келеді. Оның аты Назар болады.

Әлмембет Назарға кіші балам өлді, артында ауру, мешел қыз бала қалды. Соны бақ, емде, жазылса қызды да, қоңыр үйді де саған берем дейді. Сәті түсіп қыз жазылады. Уәде бойынша Назарға қызды да, қоңыр үйді де береді де, енді рұқсат дейді. Бірақ Назар ата маған батаңды бер, төрт балаң болса бесінші балаң болып, қасыңда болайын дейді. Әлмембет бата беріп, Назар қожа болып қала береді.

Назар алған қыздан екі бала туады - Қожакелең

Мұрын

Назар қожа деген аты қалып, кейіннен ол қоңыр үйлі қожа аталып кетеді. Мұрынның тұқымы аз болды, өспей қалды. Ал, Қожакелең өсті.

Қожакелеңнен екі бала - Андықожа

Айтқожа

Андықожа 40-50 үйдей болды.

Айтқожадан екі бала - Малғара

Қоңырбай

Малғара қожа 60-70 үй.

Қоңырбайдан төрт бала - Тұрсынбай

Жәдігер

Тұрлыбай

Құдайберген

Тұрсынбайдан төрт бала - Қырдасын

Жайық

Әбек

Үпік

Жалпы қоңыр үйлі қожа 300-дей үй еді, қазір Маңғыстауда 100-дей үй бар. Қалғаны жан-жаққа бытырап кеткен. Оқығандары көп. Алматы қаласында Қошкелді Келжанов деген жігіт облыстық милицияда жұмыста. өндірістегісін, совхоздағысын, басқа жердегісін білмеймін. Маңғыстауда мыналары оқыған:

Рахман Серікбаев – ауыл совет төрағасы

Жомарт Нұрлаев – мал дәрігері

Сүйінбай Түркпенбаев – ғалым-зоотехник

Әкім Жұмабаев – ғалым-зоотехник

Ағыс Ержанов – мал дәрігері

Қосшы Келжанов – агропром

Ізтұрған Нысанбаев – сауда қызметкері

Төлен Ниязмағамбетов – мұғалім

Төребай Түркпенбаев – мұғалім

Назар Әлмембеттің немере-шөбере балаларына өзі ат қойыпты дейді. Мысалы Зорбайдың Жаңайының баласы Қожаназарға, Шоңайдың немересі Қожакелдіге, Баубектің немересі Қожабергенге осындай аттарды қойыпты.

Зорбайдың үлкені Тоқабай.

Тоқабайдан екі бала - Өміртай

Байболат

Өміртайдан 12-13 бала, бәйбішеден (аты Сойқы екен, Шекті деген елдің қызы) - Өмірәлі

Бегалы

қалмақ әйелінен – Жайнақ

күң әйелінен - Құрман

Құнанорыс қызы әйелінен – Жен (кейін Көрпе атанып кетіпті)

Өміртай батыр қалмақтан екі қыз әкеледі де, оларға Режеп, Шөпік деп ат қояды. Режепті бәйбішесі Сойқыға, Шөпікті Құнанорыс қызы әйеліне береді. Сойқы Режепке күн бермейді екен, сонда Режеп тұрып Өміртайға былай дейді: Батыр бәйбішеңді мал беріп алсаң, мені жан беріп алдың. Бәйбішеңді қызартып алсаң, мені қия шауып, қылыштың жүзімен алдың. Тең десең еншімді бер, кем десең басыма ерік бер – депті. Батыр сөзден жеңіліп Режеп өз алдына үй болады.

Режептен екі бала - Базарбай

Асан

Жен (Көрпе) Шөпікпен тату тұрады. Осы Шөпіктен төрт бала - Байбазар

Тойбазар

Әбжет

Мәлік

Өміртайдың келін алған әйелінен (Жазықтан) -Жанқара, бір баланы асырап алған. Сонымен Өміртайдың баласының саны он үш.

Байболаттан үш бала - Нұралы

Жортыс

Қарабас

Бірақ Боқыбайдың Өміртайдан туысы көп болғанына қарамастан, өсуі көп емес, небәрі 300 үй шамасы.

Ел аузындағы аңызда Тоқабайдың балалары зорлық-зомбылықты көп жасапты дейді. Адай елі Россияға бағынбай тұрғанда орыс патшасының бұйрығымен Біралы хан болыпты-мыс. Зерттеуші Өмірбаев Есболдың айтуына қарағанда ондай бұйрық болыпты, архивтен көрдім дейді.

Совет үкіметі тұсында басмашылық жасап, үкіметке қарсы шығып, ақырында қор болып өлген Құрмаш Қощанов сол Біралы ханның тұқымынан шыққан.

Зорбайдың екінші баласы – Жаңай.

Жаңайдан бес бала - Қожаназар

Әлі

Тасым

қалмақ әйелінен - Рысбай

Тоян

Қожаназар бай адам болған және қой аузынан шөп алмайтын момын, жуас болған. Тоқабайдың көп баласы оның малын керек уақытында шетінен алып жей берген. Қожаназар бай ас ішіп, ат мінген батырларға былай дейді: Менде бала жоқ, артымда із қалар ма екен, маған ұлтын, түрін талғамаймын, қыз ия әйел алып беріңдер дейді. Сонда Шылымның немересі Кенженің баласы Қонай батыр Аюке ханды шапқанда, көп жетім-жесір әкеледі (Адайлар жесірді әйел, жетімді ер деп ұғынған). Қожаназар осыны естіп, барса үлестіріп алып кетіпті. Теки бір жесір әйел қалған екен. Осыны алмасаң басқа ешкім қалмады дейді – айтушылар. Ол әйел екіқабат екен дейді. Бай ренжиді. Сонда қалмақ әйел айтыпты-мыс:- бай болсаң мені ал, менде елімде қойным ұл, алдым толған мал, сондай өскен тұқым едім депті. Оның үстіне Қонай батыр ал деп айта берген соң, Қожаназар былай депті-мыс: ішіндегі бала ұл болса қызыңды беремісің депті. Сонда Қонай батыр беремін деп уәде беріпті. Қожаназар әйелді алыпты. Айы-күні жетіп әйел аман-есен босанып, ұл туады. Оны Қожаназардың бәйбішесі Қарабике етегіне орап алады (Қарабике Сабытайдың Жандай деген баласының қызы). Әйел тағыда ұл туады, оны өзі асырайды. Бәйбішенің баласының аты – Шомақ, қалмақ әйелдің баласының аты – Сәркен. Қожаназар алғасын тағы бір ұл туады, оның атын Таған қояды. Шомаққа Байбақты Шолан батырдың қызын алып береді. Шомақтың қайын жұрты Байбақты Шолан батыр, Сырым Датов оның немересі. Ел аузында мынадай сөз бар: Сырымға ас береміз дегенде Шомақтың балалары мың қой, жүз жылқы соғым беріпті.

Наши рекомендации