Лмембеттің үшінші баласы Шоңай. 5 страница

Кіші жүз Сыр бойынан батысқа қарай бірнеше жыл Жемнің бас жағын, әсіресе Адайдың Мұңал деген руы қоныс таңдап жүрген шақтың бірінде, Кіші жүз Жайыққа қарай көшкен қалмаққа аттанады. Әсіресе Жетірудан Табын, Әлімнен Шекті, Байұлыдан Адай. Бұл заманда Кіші жүзде Байұлы жауға шапқанда Алшын деп ұрандап шабады екен. Қалмақты жеңіп, батырлар өте көңілді келе жатады. Адайда бұрын атақ, жөні белгісіз бір адам түн болса елді үркітіп немесе әртүрлі уайым айтып, елге маза бермейді. Түн болса айтатыны: - Жорықшы аманда келеді, жаманда келеді. Мұны ешкім амалын тауып қолға түсіре алмайды. Бір күні жорықшыдан сұраған сүйінші хабар келеді. Ел қуанады. Аузына қан толғыр, түн болса ұйқы бермейтін еді – деп бір-біріне хабарлап, соны ұстасақ, я, білсек екен дейді. Бірақ, бұл адам түн болса бұрынғысынша жорықшы аманда келеді, жаманда келеді – деп айта береді. Ақырында жорықшы ауылға жетпей, бұл елді Хорезмнен келіп жау шауып, малды, жанды айдап, қолынан келгенінің бәрін істеп, қайтып кетеді. Жорықшы алды толы мал, қойыны толы жетім-жесір, бірақ, ауылдың жайы жорықшының ойындай болмай шығады. Елді жау шапқанда елде де жорықтан келген батырларда ешқандай қайрат, жігер болмай қалады. Бұрынғы түнде елге маза бермей жүрген адам Бекет болып шығады. Оған дейін Бекетті ешкім елемеген. Бекет айтыпты – дейді: енді билікті өзіме беріңдер, Алшынның ала туында қолыма беріңдер. Менен хабарсыз ешқайда алаң болмаңдар. Жауға кеткен мал мен жанды қууға, артынан қашан жүруді өзім айтамын дейді. Сөйтіп жүргенде арада үш жыл өтеді. Бір күні Бекет ту көтеріп Хорезмге аттанады. Бір жағынан қазақ Кіші жүз барып қарақалпақ, өзбек, түркпенді ойлағандай кеткен мал мен жанның орнына кем емес, көңілдегі ойлағандары болып, еліне келеді. Айтушылар біліп айтса, Бекет жауға аттан деген күн Хорезмге Қоқандықтар келіп, шапқан күн деп жорамалдайды. Содан бастап Адайлар ұранын Бекет деп кеткен дейді. Бұл 17 ғасыр деп шамалайды.

Адай еліндегі аңыз ауыздан-ауызға осылай тарайды. Енді Байұлы болатын Кіші жүздің әрбір руы өзінің белгілі адамдарының атын өздеріне ұран етіп кетіпті:

Беріштер – Ағатай,

Шеркештер – Шағырбай,

Ысықтар – Байтерек,

Жаппастар – Баймұрат,

Таздар – Бақай,

Сұлтансиықтар - Әйтімбет, Қара дейді.

Есентемірде ұран болмай, Сырым заманында Есентемір Бөкен бимен ақылдасып, Есентемірге Алдоңғар деген ұран берген. Кейін Кіші жүздің ұрандарында Табындар Жоламан, Бара-Мөңке, Әлімдер Майлыбай, Бақытайлар Жанқожа деп атаған.

Бекет Адайдың қай атасына жатады. Ол Мұңал, оның Жаулысы, Жаулының Қосқұлағы, одан Жаналы, Тоғызақ, Төленді деген үш бала туады.

Жаналыдан төрт бала - Атанғұл

Өтеғұл

Мырзағұл

Еділбай

Мырзағұлдан үш бала - Алдаберген

Меңдіқұл

Бекет

Бекеттен бес бала, бәйбішеден - Бәйтелі

Жайлау

Тоғай

тоқалынан - Байнылы

Қодар

Тоғайдан - Құлнияз деген жалғыз бала.

Құлнияздан төрт бала - Әмен

Үрпек

Қара

Сары

Қарадан Қосуақ деген бала. Қосуақтан Суқан жалғыз. Суқаннан Сәуле деген жалғыз бала. Одан Ермек. Ермектен Қоныс.

Сонымен Бекет өзінен бастап Қонысқа дейін тоғыз атаға дейін келіп отыр. Бекет тірі кезінде әр жерден қоныс қарайды. Және балаларына мені өзімнің айтқан жеріме қойыңдар депті. Бекеттің моласы Жем бойында Ақмешіт, Күйкен тауы жағалауында, Бейнеу, ең ақыры Үстірт тауының Қаратүйе, Маната аталатын тау жолынан оңтүстікке қарай жағалауда Оғыланды деген жерде. Моласы таудың астында. Астынан үстіне жаяу қиялап баратын жалғыз аяқ жолы бар.

Үстірт пен Маңғыстауды Адайлар қалай қоныс еткенін жалғастырайық. Маңғыстауда түркпеннің ханы Құттық-Сейт Хиуа ханын малдан зекет, бастан бітір беруді талап етеді. Ол кейбір қоныстанған сыбайлас Адай руларында ерікті-еріксіз, біреу үшін біреуден зекет пен бітір алады. Арада наразылық көбейеді. Адайлар бітімге сөйлесуге араға елшілер жүреді. Екі жақ бітім жасайтын жер белгілейді. Ол жер Жалбарт, Таушықтан 25 км жер. Адайлар Жалбартқа жиналады. Бітімге әр рудың белгілі-белгілі адамдары келеді. Түркпендер бас-аяғын жинап келеді де, жиналған Адайдың ? олжалап отыра береді. Адайлар мұны Құттық-Сейттен көріп, оны өлтіреді. Шетпеден оңтүстік шығысқа жүргенде Ақүйік деген моладан тіке құбылада Құттық-Сейт хандығы және шымырау деген бар. Осылай түркпендер мен Адайлар арасында жауығу басталады. Егдір мен Абдал деген түркпен тайпасының бірқатары қырмен көшіп Жайықтан өтіп, Астраханға, бір қатары орыс чиновниктерімен сөйлесіп, қайықпен Донға қарай Ставрополь өлкесіне кетеді. Ал, жарлы Егдір мен Абдалдар теңіз жағасында балық аулап отыра береді. Оларға Адайлар тимейді. Тату көршілік қатынаста болады. Ал, Шәудір, Бозашы, Мұрынжақ тайпалары Адаймен жауласа береді. Ақыр аяғында шыдай алмай бұлар Хорезмге көшеді. Осылай түркпендер Маңғыстау деп аталатын үш түбекті (Бозашы, Қарағантүп, Исан) тастап кетеді. Түркпендер түбекті түгел тастап кеткесін, Адайлар қоныс іздеп Маңғыстауға келеді. Қонысты ру басы, батырлар іздейді екен. Сонда қоныс іздеушілер Тіней Тәңірберген батыр, Шотан, Айбас, Арғынбай т.т. Бұлар ата-жігіне қарай жерге иеленеді. Бұған шамамен 260-270 жыл шамасы болған болар деп жобаланады. Халық ақыны Сәттіғұл жанғабылов 1910 жылы Адай жұтап, мал тұқымы азайып, адамдар кәсіп іздеп Форт-Александровскіге жаяу шұбырғанды жырлап, соның бір жерінде Адай бұл жерге ту тігіп, мекен еткелі 200 жыл шамасы өтті дейді. Сәттіғұл ақын бір дерекке сүйенген шығар. Енді Маңғыстауда қалған түркпеннің Бозашы, Мұрынжақ, Шәудір рулары біржола өткен-кеткенді елемей, ала жіп кесіп, тиянақты бітімге сөйлесуге шақырады. Түркпендер жағынан Абдал атасынан Әжниязбек бас болып, 8 күн мұрсат сұрап, 8 күнде Ұланақ деген жерді белгілеп, Адайлар Маңғыстаудағы аз түркпеннен қорықпай (уақыт жазғұтыры болса керек) аттарын шөпке бос жіберіп, өздері тоғызқұмалақ ойнап, еш заттан хабарсыз жата береді. Сегізінші күннің ертесіне хабарсыз жатқан Адайды түркпендер тосыннан тұрғызбай басып қалып, қырып кетеді. Тірі адам аз қалады. Мұны «Ұланақ қырғыны» дейді. Ұланақ деген сөз түркпеннің дүниеге келген нәресте ақылап туды деп «оғыланақ» деп атаған сөзінен шыққан дейді. Қазақтар өзінше оны содан Ұланақ деп кеткен.

Ұланақ қырғынында атын жібермей қолына ұстап отырған Шоңай Қожакелді батыр жау басып қалғанда, баласы Ожымпайды мінгестіріп қашып келе жатса, алдында інісі Көшен жаяу қашып келе жатыр екен. Сонда Қожакелді батыр айтыпты: қарала ат үш адаммен жаудан құтылмас, ол бір адамды құтқарар. Сонда кім қалады болғанда Қожакелді батыр атасы басқа қалсын дейді. Сонда баласы Ожымпай, атасы басқа мен ғой деп аттан түсіп, ағасы Көшенді мінгестіріп жіберіпті. Қожакелді батыр інісі Көшенді кеңге шығарып тастап, қалып қойған баласы Ожымпайды іздеп Ұланаққа қайта келгенде, түркпендер Қожакелді батырды да, баласы Ожымпайды да өлтіреді. Байбол Атақозы батырда құла атын жібермей, қолда ұстайды екен. Ол өз адамын нобайлап аман алып шығыпты. Ұланақта қырылған Адай төбе болды дейді. Осылайша түркпендер Адайды екі жерде – Жалбартта, Ұланақта алдап қырып кеткен.

Осыдан кейін Адайлар түркпенге біржола жауығып, түркпенді ата жауым деп тегіс атқа мініп, қолға түскенін қыра берген. Жәуміт аталатын тайпаның ішінде Атабай руының бастығы Ақмолданы Қосуы Қарабақыдан бұларды келістіріп қырған. Ұланақ пен Жалбарттың бірінен кем болмаған. Қай заманда екенін білмеймін, Ауыздыбас және Түлкілі деген жерде Адайдың қарауылда тұрған Әбіл және Бөкенбай деген екі жігітті екі жерде ұстап өлтірген. Сол жерлер Әбіл төрткіл, Түлкілі Бөкенбай болып аталады. Бұл екі жігіт Қосай жігіттері екен. Әбіл кәдімгі Қосайдың Байболы, Есенқұлдың Есек деген батыр баласының баласы. Сол Есенқұлдың Нұрбай деген баласының немересі Айтқұл баласы Бөкенбай, сол екі жігітті түркпендер өлтіретін жерде, түркпендермен соғысып, оларды табанда бірін жібермей қырған. Сол жер осы күнге дейін «Түркпенсүйек» атанып кетті.

Жем өзенінің құбыла жағында, Жемнен 50 км шамасы жерде Есекжал деген жер бар. Қасында Биікжал деген жерде осы күні «Биікжал» деген мұнай қарайтын бригада тұр. Адайлар жиналып Есек батырдың ауылында кеңеседі. Маңғыстау мен Үстіртте түркпен тастап кеткен қоныс пен суды өздеріне меншіктеуге көпшілік болып сөз байласады.

Бұл кеңеске әр рудан, әр атасынан өкілдер қатынасады. Жарыдан Шотан мен Үсен, Бәйімбеттен Арғынбай мен Төлеп, Ескелдіден Жанұзақ, Жеменейден Сейіт би менБегеш батыр, Зорбайдан Таған, Бабықтан Әжібай, Шоңайдан Бекбаулы мен Құнан т.т.

Осылай Есек батырдың ауылынан Үстіртпен Маңғыстауға жүреді. Әркім ұстаған шымырауына, я, Қаратаудағы бұлаққа өздерінің белгісін салады. Біреуге біреу қиянат жасамайды. Есет, Қарабұлақ, Ақшағыл немесе Бейнеу, одан батысқа қарай Каспий теңізін жағалапта су, құдық іздеген жүргіншілер жүре береді. Біреудің белгілеген жеріне басқа адам қол сұқпайды. Сол Есек ауылынан шыққан әркім жеткен жерін ұстап қалады. Бекбауыл мен Құнан Уәлі деген құдыққа келеді. Бұлардан бұрын ешкім келмеген. Демалып, бірер күн жатып, енді жүрейін деп отырғанда Бекбаулы ауырып, көлікке жүре алмай қалады. Құнан жолдасы, қосшысы Дәндібай деген інісі. (Бұл Барақтың баласы, Құнанның туған ағасының баласы). Уәліден ара қонып Қызылсай аталатын сайдың басынан өтіп бара жатып, ертеде малдың шұбырған жолын көріп, мұны Өріс жолы деп атайды.

Жолмен тауға қарай бұрылса, қосқатта недәуір көлмек бұлақ бар екен. Аттарынан түсіп, дәмін татып қараса, малға ішуге жарайтын алғаулау екен. Сол жерді төңіректеп қарап жүрсе, кеуекте сауыт жатыр екен. Бұған Сауытты деп ат қояды да, сауытты басқа жерге жасырып, тағыда батысқа қарай жүре береді. Араға екі-үш күн қонып, осы күнгі Жыңғылдыға келеді. Басы Қаратаудан шығып жатқан мол сайдың бойы толы жыңғыл екен. Бұған Жыңғылды деп ат қояды. Тағы ілгері жүреді, 15 км жерде тағыда бір бұлаққа келіп, айналып көреді де, дем алып жатады. Ұйықтап кетсе біреу дауыстап оятады. Қамысбай Жамансары баласы Шөмей екен. Құнан әкесі Даң малды кісі, бай, су ұстап жатырмысың дейді. О, Құнан ие дейді, суы ащы ма, тұщы ма дейді. Құнан дәмін татқаным жоқ деп шынын айтады. Сонда Шөмей мен таттым, суы тұщы дейді. Кейін төрелескенде су Шөмейге тиісті болады.

Көп жылдар өткен соң суды Құнанның немересі Есен Шөмейден сатып алады. Құнан тағы ілгері жүреді де, Сартас пристаны тұрған жердегі құдықтарға белгі салады. Содан бұл Құнан суы болып аталып кеткен. Тағыда ілгері жүріп, теңіз жағалайды. Теңізге қараған таудың қосқатында тағы бір бұлақ көреді. Мұныда белгілеп, тағыда ілгері жүре бергенде шамалылау бұлақты көреді. Бұл бұлақ Құнанбұлақ аталады. Кейініректе Мамыртай деген руға берген қызы төркіндеп келіп, сол қосқаттағы бұлақты сұрайды. Құнан қызына сұраған бұлағын береді. Қыздың аты Суат екен. Содан бұлақ Суат атанып кеткен. Құнан ең соңы Кетікке (Форт-Шевченко) дейін барады. Барса орман қалыңдап, жыңғыл, қамыс, жантақ, әр түрлі шөп малынып тұр. Әсіресе қыс айларында малға таптырмайтын қоныс. Қарап жүрсе сорға қарай ағып жатқан бұлақ бар. Суы тұщы, мұны Кетікбұлақ деп атайды.

Кетік туралы бірер сөз: Бұл жерге патша өкіметі қамал салғанда, әуелде бұл жерді картада Кетікбұлақ, кейін Форт-Петровск, Форт-Александровск деп атады.

Адайлар Үстірт пен Маңғыстауды түгелдей өздеріне қаратып алады. Бірақ, мал мен бас өсіп, бұл қоныс мал өрісіне тарыла береді. Сондықтан Жем, Қайнар, Сағыз тіпті Ойыл өзені, оданда әрі қоныс іздеуге тура келеді. Әр ру, әр ата суды, жерді өздеріне меншіктеп алғанда, кейбір рулар Маңғыстауға келмей жаз Үстірт, Самды жайлап, қыс Қарабауыр, Ауданға қарай қыстайды. Бұлар Балықшы (Шоғы Қырықмылтық), Тобыштың Шегемі, Қарашы, Бегей мен Сүйіндік, азғана Ақпан.

Қосайдың Байболы деп аталатын Есенқұл, Есенбет, Қәдір рулары жоғарғы Адай болып аталады. Адайлар мен Түрікмен арасындағы жанжал дұрысында Хиуа ханынан болған әлек, соның саясаты, ол түрікпенді қазаққа айдап салып ұлт араздығын өршітіп қою арқылы өз өктемдігін жүргізу.

Сүйінқара шабылды дейтін 1832-33 жылдар, Аллақұлы билеп тұрған кез. Ол 3000 әскерді Мәмбетнияздың басшылығымен аттандырып, қазақты шабады. Ал, Сүйінқара әскер жинап ел шапқан жоқ. Біреулер Сүйінқара әскер жинап ел шапты, қатын баланы шулатты деген сөз шындық емес. Ол туралы ауыздан-ауызға, атадан-балаға мирас болатын бірде ауыз сөз жоқ. Сүйінқара ел арасында ұлт араздығын тудырушы емес, ол Хиуа ханына қарсы. Тек Адай емес, жалпы қазақтың Хорезмге қыста барған шаруаларына зекеттен бастап, неше түрлі салықтан бас көтертпеген.

Айта кететін бір жай, Адайлар кейін шегініп, сол күнде Әбілхайыр Кіші жүзге хан екен. Адайларды патша өкіметіне көндіргісі келгенде, оған бас имеген. Кейін Әбілхайыр өлгесін оның баласы Айшуақ сұлтан Сүйінқарадан ақыл сұраған. Әкең Кіші жүздің көпшілігін орыс патшасына неліктен бағындырды дегенде, Айшуақ айтыпты-мыс: Көшпелі, киіз туырлықты қазақ қаруға қалай, несімен қарсы тұра алады. Орыстың алыстан ататын зеңбірегі бар. Бұл бір. Екіншіден отырықшы болсаң, жер-су береді, балаңды оқытады депті.

Сүйінқараның бұл хабарын естіп, Хиуа ханы Астрахань-Саратов саудагерлері сауда жасап, екінші жағынан патша өкіметі қамал салып жатқан Форт-Александровскіге әскер шығарып қарайды. Бірақ, одан қорытынды болмайды.

Естеліктің авторы – пенсионер Меңдалиев Алшын, Шетпе поселкесі, 1-22 сентябрь 1970 ж.

Зорбайдан бес бала, бәйбішеден - Тоқабай

Жаңай

Төлеке

тоқалынан - Өтеғұл

Құл

Тоқабайдан екі бала - Өміртай

Байболат

Өміртайдан он үш бала, бәйбішеден (аты Сойқы) - Өмірәлі

Бегалы

қалмақ қызы әйелінен - Жайнақ

күң әйелінен - Құрман

Шен деген әйелінен - Бірәлі

Режеп деген әйелінен – Базар

Асан

Шепік деген әйелінен - Байбазар

Сайназар

Әбжет

Мәлік

Жазық деген әйелінен - Жанқара, бір баланы асырап алады. Өміртайдың бәйбішесінің аты Сойқы деген кісі. Шекті деген елдің қызы. Шен деген әйелі Құнанорыстың қызы екен.

Өмірәліден бес бала - Итемген

Түйемген

Күшікемген

Амандық (Би Амандық)

Рысбай

Итемген мен Түйемгеннен бір бала – Алмағамбет

Алмағамбеттен бір бала – Молдағали

Күшікемгеннен бір бала - Сақай

Сақайдан бір бала - Естемес, одан Салық, одан Лақ (Тәпен Сатыбалдиев)

Амандықтан үш бала - Алтай

Әжібай

Түрке

Рысбайдан бір бала - Тайбағар

Бегалыдан төрт бала - Тілембай

Тілес

Сұлтанбек

Елшімек

Тілембайдан Әлімағамбеттер, Тілестен Қаражандар.

Сұлтанбектен екі бала - Өтеген

Қуандықтар, Мақым, Сабыр, Қалилар.

Елшібектен екі бала - Қоснияз

Тұрнияз

Қоснияздан төрт бала - Әжіғара

Сақау

Жұмат

Ақбала

Тұрнияздан бір бала - Дәуіт

Дәуіттен үш бала - Өтепберген

Ешім

Мәмбет

Мәмбеттен бір бала - Қалым

Қалымнан үш бала – Есет

Есенжан

Қаракеней

Шырмаштан екі бала - Тұрақбай

Лекер

Тұрақбайдан бір бала – Ұзақ

Шоқпардан екі бала - Сүйеуберген

Тегеш

Бірәліден тоғыз бала, бәйбішеден - Итқара

Боққара

Қайралап

Шүрегей

Кенжебай

Шортыбек

Бердібек

түркпен қызы әйелінен - Меңдіберлі

Қабылан

Итқарадан Көкендер, Боққарадан Қорғанбайлар, Қайралаптан Досалылар, Шүрегейден Төремұрат балалары. Кенжебайдан Бернияздар.

Жанқарадан екі бала - Мәулікен

Қожаберген (бұл екеуі Төлеп батырдың жиендері)

Байболаттан үш бала - Нұралы

Жортыс

Қарабас

Нұралыдан алты бала - Нұрбай

Толыбай

Қаналы

Жаналы

Аманкелді

Есалы

Жортыстан төрт бала - Байжан

Амандық

Аткелтір

Долат (ескерту: Нұралы өлгенде оны Ердалы мен Ертіс қояды)

Байжаннан бір бала – Шәкен

Амандықтан бір бала – Бәкібай

Иткелтірден бір бала – Тұрақбай, одан Арықбан

Қарабастан бір бала – аманғұл, одан Смадияр.

Нұр ма, әлде Нұралыма өлгенде Ердалы мен Ертіс қалады.

Төлекеден төрт бала - Қамысбай

Күмісбай

Қаржау

Дорал

Қамысбайдан он бір бала, бәйбішеден - Жамансары

Нияз

Өтеулі

Меңдібай

Қаражігіт

Нұрлы

Жұма

Әршоқ

тоқалдан - Орақ

Теңізбай

Сырлыбай

Жамансарыдан Құрманов Сәбидолла, Зайыров Ақшабай, өтеуліден Атабаев Молдағали, Қазиев Еділ, Оразов Бегеш, Меңдібайдан Бәкілов Әбутай, Қадыров Айтжан, Қаражігіттен Пысқынов Уақит, Әршоқтан Ақназаров Нұрдәулет (Ембі ауданы ЛКСМ секретары).

Орақтан бір бала Қолат (сардар болған).

Қолаттан алты бала - Абылхайыр

Молдабай

Нәби

Айшуақ

Мәмбет

Атамұрат

Абылхайырдан бір бала - Қайбалды, одан Ершора.

Молдабайдан екі бала - Бақтияр

Сұпы

Нәбиден екі бала - Есіткен

Исапай

Айшуақтан бір бала – Ахмет

Мәмбеттен бір бала – Тілеген

Атамұраттан бір бала – Жолдыбай

Ескерту: Қамысбай атамыздың моласы Шетпеден Шаңжаққа қарай жүргенде 15 км жердегі қауымда. Ол қауымды Қамысбай деп атайды.

Күмісбайдан жеті бала, бәйбішеден - Аңдау

Шындау

Үргешбай

Кенішбай

тоқалынан - Нысамбай

Төрткілбай

Көшкімбай

Аңдаудан екі бала - Бегалы

Түркістан

Түркістаннан төрт бала - Аққұлы

Тайбақ

Дәулет

Айтуар

Аққұлыдан бір бала – Біләл, одан Жұмағали.

Тайпақтан бір бала – Үбі

Үргешбайдан бір бала – Жандай, одан екі бала - Дыбыс

Тоқаш

Кенішбайдан Шағыр.

Доралдан төрт бала - Жылқыбай (өте шебер болған кісі)

Аңдау

Қыстау

Есенғара

Қаржаудан бес бала - Сералы

Алтыналы

Ералы

Қараман

Қарайдар (Әлмембеттің үлкен үйі)

Әлмембеттің Қожа деген руы туралы:

Қожаның аты Назар екен. Ол Әлмембеттің кіші баласы.

Назардан екі бала - Мұрын

Қожакелен

Мұрын аз ауыл. Келжановтар мен Серікбаевтар, Нұрниязовтар.

Қожакеленнен екі бала - Андақожа (Ниязмағанбеттер)

Айтқожа

Айтқожандан екі бала - Малқара (Түркпенбаевтар)

Қоңырбай

Қоңырбайдан төрт бала - Құдайберген (Нысамбаевтар)

Жәдігер

Тұрсынбай

Тұрсынбайдан төрт бала - Үпік (Қаршығалар)

Әбек

Жайық

Қырдасын

Әбектен Бөзеке, Тұржұпар, Артықбай, Жүндіғұл, Келжан балалары.

Жайықтан бір бала – Бекболат, одан Есенияз

Қожар

Аянберген

Қырдасыннан бес бала - Мәшен

Қалқожа

Құждыбай

Аманқожа

Ботабай

Мәшеннен - Боран

Ырыш

Мақаш

Қонар

Қалқожадан екі бала - Қолмыш

Жүймембет

Қолмыштан үш бала - Меңдібай

Дәрмен

Танабай

Жүймембеттен бір бала – Нұрбай

Құждыбайдан үш бала - Мұстапа

Қайырқожа

Елубай

Аманқожадан төрт бала - Жақып

Жарылғас

Әбіш

Жұмабай

Жақыптан бір бала – Құлмырза, одан Қайролла.

Жарылғастан бір бала – Мөнке, одан үш бала - Назарғали

Сейдеғали

Шақығали

Әбіштен бір бала - Смағұл, одан бір бала – Мұғалім

Жұмабайдан бір бала - Әкім

Ботабайдан үш бала - Мақан

Құрмантай

Қалипа

Құрмантайдан алты бала - Нұрғали

Тоғай

Шора, одан Құдаш

Айтжан

Сейдек

Ержан, одан Ағыс

Наши рекомендации