ПӘнніҢ жҰмыс оҚу баҒдарламасы

Мамандық 5B010300 Педагогика және психология

Пән DNeg 4309 Дефектология негіздері

Білім деңгейі жоғары білім (бакалавриат)

Оқу формасы жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

Оқу жылы 2016-2017 оқу жылы

Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

п.ғ.д., профессор _______ Туребаева К.Ж. «___»____________2016 ж.

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика институты

Білім беру педагогикасы және психологиясы» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пәні D Neg 4309Дефектология негіздері

Мамандық 5В010300 Педагогика және психология

Курс 4

Оқытушылар: Досмырза Р.Ж

Балтымова М.Р.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Пән:Дефектологгия негіздері( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс тел, e-mail
Сәрсенбі 10.30-11.20 Бейсенбі 9.30-10.20 №503ауд   Досмырза Р.Ж [email protected]
    Балтымова М.Р. [email protected]

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Оқу жоспарына сәйкес DNeg 4309Дефектология негіздері курсы «Психология» мамандығының ІV курс студенттеріне арналған теориялық пән. Курс мазмұны бойынша арнаулы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің теориялары, оларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік көмек туралы мәселелер қарастырылады.

Дефектология – мүмкіндігі шектелу тұлғалардың дамуы мен қалыптасуын зерттеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы. Дефектология ғылымы мүмкіндігі шектелген жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту, логопедиялық көмек көрсету заңдылықтарын қарастырады.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Дефектология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін ашып көрсету. Дамудағы ауытқулардың топтастырлуы, оларды түзету, алдын алу шаралары туралы, логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы білім беру.

КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

· студенттерге дефектология ғылымының теориялық және практикалық мәселелері бойынша ақпарат беру.

· Мүмкіндігі шектелген балалардың дамуындағы психофизикалық ерекшеліктерімен, таныстыру.

· студенттердің мүмкіндігі шектелген балалардың тұлғалық дамуының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.

· Мүмкіндігі шектелген балаларға кәсіби тұрғыда жәрдем көрсету қабілеттерін дамыту.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктері және дағдылары:

· төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:

- дефектология ғылымының негізгі ұғымдарын білу, теориялық білімдердің мазмұнын игеру барысында қолдана білу;

- дефектология ғылымының негізгі міндеттері мен қағидаларын білу, тәжірибелік, ізденушілік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдана білу;

· төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:

- арнайы көмек көрсетудің заңдылықтары мен қағидаларын тәжірибе барысыында қолдану;

- теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білу.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Педагогика. Психология

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Арнайы педагогика

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.

Семинар (лаборатория) сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады..

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Дәріс (30 сағ) Практ, сабақ (15 сағ) ОСӨЖ (24 сағ)
І модуль. Дефектология теориясының жалпы сұрақтары
Дефектология жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Дефектологияның пәндік салаларының дамуы
Дефектологияның философиялық негіздері
Дефектологияның психологиялық негіздері
Дефектологияның лингвистикалық негіздері
Дефектологияның қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары
Дефектология ғылымындағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері
ІІ модуль. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмекші мектептерде білім беру
Естуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Көруқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Сөйлеуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Психикалықдамуытежелгенбалалардыоқытументәрбиелеу
Үй жағдайын да білім беру мәселесі
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Дәріс сабақтарының тақырыптары сағаты
І модуль. Дефектология теориясының жалпы сұрақтары
Дефектология жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Дефектологияның пәндік салаларының дамуы
Дефектологияның философиялық негіздері
Дефектологияның психологиялық негіздері
Дефектологияның лингвистикалық негіздері
Дефектологияның қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары
Дефектология ғылымындағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері
ІІ модуль. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмекші мектептерде білім беру
Естуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Көруқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Сөйлеуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Психикалықдамуытежелгенбалалардыоқытументәрбиелеу
Үй жағдайын да білім беру мәселесі
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
І модуль. Дефектология теориясының жалпы сұрақтары
Дефектология жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Дефектологияның пәндік салаларының дамуы
Дефектологияның философиялық негіздері
Дефектологияның психологиялық негіздері
Дефектологияның лингвистикалық негіздері
Дефектологияның қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары
Дефектология ғылымындағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері
ІІ модуль. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмекші мектептерде білім беру
Естуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Көруқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Сөйлеуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Психикалықдамуытежелгенбалалардыоқытументәрбиелеу
Үйжағдайындабілімберумәселесі
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

1. Мінез-құлқы бұзылған (аутизм) балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

2. Эмоционалдық жігерлік сферасының бұзылу себептері

3. Күрделі кемістіктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

4. Дамуында кемшілігі бар мектеп жасына дейінгі және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелер

5. Дамуында ауытқулықтары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге іріктеп орналастыру принциптері

6. Аномальды балалардың жалпы мінездемесі

Нұсқа 2

1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың категориясы. Дамудағы кемшіліктерді топтастыру.

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды топтастырудың түрлері

3. Сенсорлық бұзылуы бар балалар

4. Зияты зақымдалған балалар

5. Олигофрен балалар және оларға көрсетілетін көмек түрлері

6. Олигрофенопедагогиканың пәні мен міндеттер

Нұсқа 3

1. Мектепке дейінгі арнайы мекемелер түрлері

2. Арнайы балабақшада жүргізілетін коррекциялық жұмыстың бағыттары

3. ҚР-да дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тенденциялары

4. Дамуында кемшілігі бар балаларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету

5. «Әлеуметтік көмек», «әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет» - деген ұғымдар ҚР-да мүмкіншілігі шектеулі балаларға көмек.

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Дамудағы кемшіліктің тұрақтылығы, кемшіліктің органикалық бұзылулар арқылы сипатталуы, дамудағы прогрессивтілікке тән емес қасиеттер қандай кемшіліктің белгісін көрсетеді?

А) саңыраулық

В) соқырлық

С) олигофрения

Д) балалар церебральды салы

Е) нашар естушілік

2. Олигофренияның күрделі емес формасы, нейродинаимкалық процестердің әсерінен болған күрделі олигофрения, тәртіптегі психопатиялық формамен сипатталатын олигофрения, түрлі анализаторлар жұмысының бұзылуынан болған олигофрения деп көрсетіп, олигофренияның жіктелімін ұсынған зерттеуші:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

3. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың психикалық дамуын қалыптастыру концепциясы қанша?

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

4. Олигофрендердің психикасындағы негізгі ерекшелікті көрсет:

А) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі абстракциялау мен қарым-қатынастың әлсіздігі

В) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі ойлаудың әлсіздігі

С) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі қабылдаудың әлсіздігі

Д) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі зейіннің әлсіздігі

Е) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі танымдық процестердің әлсіздігі

5. Арнаулы педагогикадағы дамыту концепциясын ұсынушы:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

6. Алғашқы кемшілікті екінші кемшіліктен ажыратудың қажеттілігін ұсынған авторды көрсетіңіз:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

7. Ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі алғашқы кемшіліктің себебі, бас миының үлкен жарты шарларындағы импульстік функциялардың жетіспеушілігі деп көрсеткен автор:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

8. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың мәдени дамуға қабілеттілігін көрсеткен зерттеуші: А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

9. Дамудағы екінші және үшінші кемшіліктердің коррекциялық ықпал етуге бейімділік танытатыны туралы пікірдің авторы:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

10. Интеллектуалдық кемшіліктің деңгейлеріне қарай олигофрения неше топқа бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

13. VIII түрдегі мектеп бағдарламасы бойынша білім, іскерлік, еңбектің қарапайым түрлерін игеретін балалар олигофренияның қай деңгейіне сәйкес келеді?

А) имбециль

В) дебиль

С) идиот

Д) интеллект дамуы кешеуілдегендер

Е) психикалық дамуы кешеуілдегендер

14. Танымдық әрекеттің күрделі бұзылуы , мидың маңдай бөлігіндегі функцияларының бұзылуы қай кезде байқалады?

А) психикалық дамудың кешеуілдеуінде

В) психопат балаларда

С) олигофрения кезінде

Д) тірек-қимыл аппаратының бұзылуы кезінде

Е) есту қабілетінің бұзылуы кезінде

15. Екінші, үшінші кемшіліктерден бірінші кемшілікті ажыратып алудың қажеттілігі туралы пікірді ұсынған автор кім?

А) Л.С.Выготский

В) М.С.Певзнер

С) Г.Е.Сухарева

Д) В.В.Ковалев

Е) Ж.И.Шиф

16.Коррекциялық жұмыстың мақсаты аномальды баланың дамуын қалыпты кезеңге ұқсас жан-жақты етіп ұйымдастырудың қажеттілігін ұсынған кім?

А) Л.С.Выготский

В) М.С.Певзнер

С) Г.Е.Сухарева

Д) В.В.Ковалев

Е) Ж.И.Шиф

17. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептің түрін көрсетіңіз.

А) VIII түрдегі мектеп

В) I түрдегі мектеп

С) II түрдегі мектеп

Д) III түрдегі мектеп

Е) IV түрдегі мектеп

18. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептің түрін көрсетіңіз.

А) VIII түрдегі мектеп

В) I түрдегі мектеп

С) II түрдегі мектеп

Д) III түрдегі мектеп

Е) VІ түрдегі мектеп

19. Саңырау балаларға арналған мектептің түрін көрсетіңіз.

А) VIII түрдегі мектеп

В) I түрдегі мектеп

С) II түрдегі мектеп

Д) III түрдегі мектеп

Е) VІ түрдегі мектеп

20. Нашар еститін балаларға арналған мектептің түрінк өрсетіңіз.

А) VIII түрдегі мектеп

В) I түрдегі мектеп

С) II түрдегі мектеп

Д) III түрдегі мектеп

Е) VІ түрдегі мектеп

21. 0,05-0,6-ға тең көру өткірлігіне ие балалар:

А) соқыр балалар

В) нашар көретін балалар

С) алыстан көретін балалар

Д) қыликөз балалар

Е) амблиопия анықталған балалар

22. Өмірдің алғашқы жылындағы баланың психомоторлық дамуы неше кезеңге бөлінеді?

А) 2 В) 1 С) 3 Д) 5 Е) 4

23. «Баланың мектепке дайындығының көрсеткіші олардың сөйлеу әрекетінің қалыптасуы арқылы анықталады». Бұл пікірдің авторы кім?

А) У.В.Ульенкова

В) Н.Ю.Савельева

С) Р.Д.Тригер

Д) В.В.Лебединский

Е) И.Н.Садовникова

24. «Жақын даму зонасы» түсінігін есепке алудың қажеттілігін ұсынған автор кім?

А) Л.С.Выготский

В) М.С.Певзнер

С) Г.Е.Сухарева

Д) В.В.Ковалев

Е) Ж.И.Шиф

25. Организмдегі бұзылған функцияларды теңестіру, алмастыру ұғымы нені білдіреді?

А) коррекциялау

В) компенсациялау

С) адаптация

Д) психикалық депривация

Е) әлеуметтік бейімдеу

Нұсқа 2

1.Баланың бейімделуіне көмек көрсету, кемшілікті коррекциялық түзету міндеттері арқылы шешілетін білім беру мазмұны:

А) жалпы білім беру

В) арнаулы білім беру

С) дифференциялды білім беру

Д) интеграциялы білім беру

Е) инклюзивті білім беру

2. Ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің этиологиясын зерттеу, анатомиялық-физиологиялық, генетикалықсебептерге назар аудару арқылы интеллект дамуы кешеуілдеген балаларға көмек көрсетудің бағыты:

А) психологиялық бағыт

В) медициналық-клиникалық бағыт

С) психометриялық бағыт

Д) педагогикалық бағыт

Е) неврологиялық бағыт

3. Психикалық әрекетіне, эмоциялық-ерік сферасына назар аудару арқылы интеллект дамуы кешеуілдеген балаларға көмек көрсетудің бағыты:

А) психологиялық бағыт

В) медициналық-клиникалық бағыт

С) психометриялық бағыт

Д) педагогикалық бағыт

Е) неврологиялық бағыт

4. Коррекциялаудың, оқытудың, тәрбиелеудің әдістері мен принциптеріне сүйеніп, интеллект дамуы кешеуіолеген балаларғы көмек көрсетудің бағыты:

А) психологиялық бағыт

В) медициналық-клиникалық бағыт

С) психометриялық бағыт

Д) педагогикалық бағыт

Е) неврологиялық бағыт

5. Интеллектуалдық ерекшеліктердің сапалық және сандық деңгейлерін есепке алу арқылы интеллект дамуы кешеуілдеген балаларға көмек көрсетудің бағыты:

А) психологиялық бағыт

В) медициналық-клиникалық бағыт

С) психометриялық бағыт

Д) педагогикалық бағыт

Е) неврологиялық бағыт

6. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың негізгі әдісін көрсет:

А) интеграция

В) дифференциация

С) даралап оқыту

Д) дамыта оқыту

Е) барлық жауаптар дұрыс

7. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен корреекциялық жұмыс жүргізудің кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

8. Еңбекке бейімделу, қоршаған ортадағы өмірге араласуға қабілеттілікті арттыру жұмысы кімдерге арнап ұйымдастырылады?

А) дебиль балаларға

В) имбецидь балаларға күрделі олигофрения кезінде

С) психикалық дауы кешеуілдегендерге

Д) олигофрендерге

Е) идиоттарға

9. Арнаулы мектептегі оқытудың мағыналық жағын арттырудағы қажеттілікті көрсет:

А) оқу мотивтері

В) оқу себептері

С) оқу бағдарламасы

Д) оқу жоспары

Е) сабақ кестесі

10. Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығын қамтамасыз ететін оқытудың принципін көрсет:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың беріктілігі

Е) оқытудың ғылымилығы

11. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген бала бойындағы моральдық және ерік қасиеттерді қалыптастырудағы оқытудың принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың беріктілігі

Е) оқытудың ғылымилығы

12. Концентрік принцип негізіндегі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың беріктілігі

Е) оқытудың ғылымилығы

13. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арнаулы мектеп бағдарламасына сай минимумды игерту принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың ғылымилығы

14. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың абстрактілі ойлау қабілетінің әлсіздігін ескере отырып, игерілген білімді шындық өмірмен байланыстырып игерту принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жеткіліктілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың ғылымилығы

15. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды жаңа операцияларды ойлау, практикалық дағдылар арқылы игертудегі оқытудың принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жеткіліктілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың саналылық принципі

16. Оқушының танымдық қызығушылығын арттыру арқылы оқытудың принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың беріктілік принципі

С) оқытудың жеткіліктілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың саналылық принципі

17. Олигофрен – балалардың есте сақтау қабілетінің ерекшелігін ескеру арқылы қайталау арқылы оқытуды принципі:

А) жекелей оқыту принципі

В) оқытудың беріктілік принципі

С) оқытудың жеткіліктілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың саналылық принципі

18.Психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқытудың принципі:

А) жекелеп оқыту принципі

В) оқытудың беріктілік принципі

С) оқытудың жеткіліктілігі

Д) оқытудың көрнекілік принципі

Е) оқытудың саналылық принципі

19. Өтілетін материалдың тақырыптары,әрбір сабақтың қысқаша мазмұны, мақсаты, міндеті көрсетілетін сабақты ұйымдастыруға арналған құжатты көрсет:

А) тақырыптық жоспар

В) күнделікті сабақ жоспары

С) жылдық жоспар

Д) апталық жоспар

Е) арнаулы бағдарлама

20. Тақырып атауы, күні, сабақтың көрнекілігі, сабақтың мақсаты мен міндеттері көрсетілетін сабақты ұйымдастыруға арналған құжат:

А) тақырыптық жоспар

В) күнделікті сабақ жоспары

С) жылдық жоспар

Д) апталық жоспар

Е) арнаулы бағдарлама

21. Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін страгетиялық мәнді құжат. Мемлекеттік білім нормасы ретінде қабылданатын, нақтылы тұлғаның мүмкіндіктерін қоғамдық тұтынымға сай танытатын негізгі параметрлер жүйесі.

А) білім стандарты

В) типтік жоспар

С) арнаулы бағдарлама

Д) жылдық жоспар

Е) оқу жоспары

22. Мемлекет атынан берілетін білім беруге арналған мектептердегі білім беру жүйесіне қажетті құжаттардың саны:

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

23. Сабқтың мақсаты мен міндеттері, үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың зейінін аудару жұмысы, өткен материалды еске түсіру жұмыстары арқылы құрылған сабақтың типін көрсет:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

24. Коррекциялық түзету жұмыстарын үздіксіз қолдану, ерік, жұмысқа деген қабілеттілікті арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптасытыру арқылы құрылатын сабақтың типін көрсет:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

25.Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың абстракциялау, ойлау әрекеттерін қалыптастыруға бағытталып құрылатын сабақтың типі:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

Нұсқа 3

1. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер неше деңгейден тұрады?

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

2. Аномалияның дамуына жан-жақты жүйелі талдау жасау қалай жүзеге асады?

А) реабилитациялау арқылы;

В) коррекция жасау арқылы;

С) компенсация жасау арқылы;

Д) бейімдеу арқылы;

Е) диагностикалау арқылы;

3. Аномальды балаларды арнаулы мекемелерге топтастыру қалай жүзеге асырылады?

А) дәрігердің қорытындысы арқылы;

В) медициналық-педагогикалық сараптама жұиысының қорытындысымен;

С) баланың мүмкіндігіне қарай;

Д) дамудағы спецификалық ерекшеліктерге қарай;

Е) баланың қабілетіне қарай;

4. Арнаулы білім беру мекемелері қай кезден бастап ашылды?

А) 20 ғасыр;

В) 19 ғасыр;

С) 18 ғасыр;

Д) 17 ғасыр;

Е)16 ғасыр;

5. Қазақстан Республикасында дамуында кемшілігі бар мекемелердің қатарын көрсетіңіз:

А) кәсіптік-техникалық училищелер

В) балалар ауруханалары

С) жалпы білім беретін мектептер

D) арнаулы мектеп-интернаттар мен балабақшалар

Е) жоғары білім беру мекемелері.

6.Жұмыстың түрлі формаларын пайдалану арқылы құрылатын сабақтың типі:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) кіріспе сабағы

Е) ойын сабағы

7. Оқушылардың білімдері мен практикалық дағдыларын арттыру мақсатында құрылатын сабақтың типі:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) кіріспе сабағы

Е) бақылау сабағы

8. Оқушының жекелік қасиеттерін есепке алу арқылы түрлі тапсырмаларды орындату арқылы құрылатын сабақтың типі:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) кіріспе сабағы

Е) бақылау сабағы

9. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердегі оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырудың тиімді жолы:

А) есту қалдығын қолдануға үйрету

В) сөйлеу ортасын құру

С) есту аппаратының көмегін орынды пайдалануды үйрету

Д) дактиль тілі арқылы сөйлеуді үйрету

Е) ыммен сөйлеуді үйрету

10.Оқушының әлеуметтік бейімделуіне бағытталған коррекциялық түзету жұмыстарының ұйымдастырылуы қай кезеңде жүргізіледі?

А) коррекциялық оқытудың 1-ші кезеңінде

В) коррекциялық оқытудың 2-ші кезеңінде

С) коррекциялық оқытудың 3-ші кезеңінде

Д) коррекциялық оқытудың барлық кезеңінде

Е) коррекциялық оқытуда

11. Сабқтың мақсаты мен міндеттері, үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың зейінін аудару жұмысы, өткен материалды еске түсіру жұмыстары арқылы құрылған сабақтың типін көрсет:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

12. Коррекциялық түзету жұмыстарын үздіксіз қолдану, ерік, жұмысқа деген қабілеттілікті арттыру, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптасытыру арқылы құрылатын сабақтың типін көрсет:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

13.Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың абстракциялау, ойлау әрекеттерін қалыптастыруға бағытталып құрылатын сабақтың типі:

А) жаңа сабақты хабарлау

В) бекіту сабағы

С) аралас сабақ

Д) қайталау сабағы

Е) ойын сабағы

14. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен корреекциялық жұмыс жүргізудің кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 6

15. Еңбекке бейімделу, қоршаған ортадағы өмірге араласуға қабілеттілікті арттыру жұмысы кімдерге арнап ұйымдастырылады?

А) дебиль балаларға

В) имбецидь балаларға күрделі олигофрения кезінде

С) психикалық дауы кешеуілдегендерге

Д) олигофрендерге

Е) идиоттарға

16. Арнаулы мектептегі оқытудың мағыналық жағын арттырудағы қажеттілікті көрсет:

А) оқу мотивтері

В) оқу себептері

С) оқу бағдарламасы

Д) оқу жоспары

Е) сабақ кестесі

17. Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығын қамтамасыз ететін оқытудың принципін көрсет:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың беріктілігі

Е) оқытудың ғылымилығы

18. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген бала бойындағы моральдық және ерік қасиеттерді қалыптастырудағы оқытудың принципі:

А) дамыта оқыту

В) оқытудың тәрбиелілік принципі

С) оқытудың жүйелілігі

Д) оқытудың беріктілігі

Е) оқытудың ғылымилығы

19. Дамудағы кемшіліктің тұрақтылығы, кемшіліктің органикалық бұзылулар арқылы сипатталуы, дамудағы прогрессивтілікке тән емес қасиеттер қандай кемшіліктің белгісін көрсетеді?

А) саңыраулық

В) соқырлық

С) олигофрения

Д) балалар церебральды салы

Е) нашар естушілік

20. Олигофренияның күрделі емес формасы, нейродинаимкалық процестердің әсерінен болған күрделі олигофрения, тәртіптегі психопатиялық формамен сипатталатын олигофрения, түрлі анализаторлар жұмысының бұзылуынан болған олигофрения деп көрсетіп, олигофренияның жіктелімін ұсынған зерттеуші:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

21. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген баланың психикалық дамуын қалыптастыру концепциясы қанша?

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

22. Олигофрендердің психикасындағы негізгі ерекшелікті көрсет:

А) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі абстракциялау мен қарым-қатынастың әлсіздігі

В) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі ойлаудың әлсіздігі

С) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі қабылдаудың әлсіздігі

Д) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі зейіннің әлсіздігі

Е) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуіндегі танымдық процестердің әлсіздігі

23. Арнаулы педагогикадағы дамыту концепциясын ұсынушы:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

24. Алғашқы кемшілікті екінші кемшіліктен ажыратудың қажеттілігін ұсынған авторды көрсетіңіз:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

25. Дамудағы екінші және үшінші кемшіліктердің коррекциялық ықпал етуге бейімділік танытатыны туралы пікірдің авторы:

А) К.С.Лебединский

В) М.С.Певзнер

С) А.Р.Лурия

Д) Э.Крепелин

Е) Л.С.Выготский

Коллоквиум сұрақтарының тізімі:

1. Интеллект дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін қалыптасытыру.

2. Саңырау балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

3. Соқыр және нашар көретін балалардың қабылдауы мен елестетуі.

4. Коррекциялық (түзету) мектептеріндегі оқытудың әдістері мен формалары.

5. Сабақ – оқытудың негізгі формасы ретінде.

6. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары.

7. Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары.

8. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұны

9. Көру қабілетінің деңгейіне қарай балаларды классификациялау.

10. Көру қабілеті бұзылған балалардағы екінші кемшілік.

11. Соқырлық кезіндегі сөйлеу тілінің даму ерекшелігі.

12. Ерте балалық шақта соқырлықты компенсациялау.

13. ПДК балаларды диагностикалаудың ерекшелігі.

14. ПДК балаларға педагогикалық ықпал етудің тиімділігі.

15. Олигофренияның этиологиясы және патогенезі.

16. Олигофренияның этиологиялық белгілер арқылы анықталған клиникалық формалары.

17. Олигофренияның классификациясы.

18. Олигофрения кезіндегі психикалық процестер.

19. Олигофренияның соматикалық және неврологиялық белгілері.

20. Туа пайда болған және жүре пайда болған саңыраулық.

21. Басқа анализаторлардың әсерінен күрделі бұзылулардың анықталуынан есту қабілеті нашар және саңырау балаларды классификациялау.

22. Негізгі көру функциялары және олардың бұзылулары.

23. Сөйлеу тілінің бұзылу этилогиясы.

24. М.С.Певзнердің ұсынған олигофрения формаларының классификациясы.

25. Г.Е.Сухареваның ұсынған олигофрения формаларының классификациясы.

26. В.В.Ковалеваның ұсынған олигофрения формаларының классификациясы.

27. ПДК пайда болу себептері.

28. Бала өміріндегі көру қабілетінің ролі.

29. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

30. Ақыл – ой кемшілігінің этиологиясы.

31. Мотивтің түрлері.

32. Оқытудың дамытушылық принципі.

33. Оқытудың беріктілік принципі.

34. Оқытудың белсенділік және саналылық принципі.

35. Оқытудың жеткіліктілік принципі.

36. Оқытудың тәрбиелілік принципі.

37. Оқытудың жүйелілік принципі.

38. Оқытудың көрнекілік принципі.

39. Оқытудың ғылымилық принципі.

40. Оқыту әдістерінің классификациясы.

41. Сабақтың типтері.

42. Сабақтың құрылымы.

43. Сабақтың тақырыптық жоспары.

44. Психикалық дизонтогенез және оның типтері.

45. Дауна ауруына қазіргі көзқарас.

46. Сенсорлық кемшіліктер.

47. Сал ауруына ұшыраған балалардың жүйке дамуындағы ауытқулар.

48. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар.

49. Ақыл – ой дамуындағы кемшіліктің этиологиясы.

50. Мектепте білім алуға дайындықтың қалыптасуы.

51. Оқу және тәрбие жұмысының бағдарламалары.

52. Оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістемесі.

53. Баланың мектепке дайындығын диагностикалау.

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар тізімі
Дефектология мамандығына кіріспе, курстың пәні, объектісі, міндеттері
Аномальды балалардың жалпы мінездемесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың категориясы. Дамудағы кемшіліктерді топтастыру.
Олигофрен балалар және оларға көрсетілетін көмек түрлері
Көру қабілеті бұзылған балалар
Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар
Психикалық дамуы тежелген балалар
Есту қабілеті бұзылған балалар
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Мінез-құлқы бұзылған (аутизм) балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Күрделі кемістіктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Дамуында кемшілігі бар мектеп жасына дейінгі және мектепке дейінгі жастағы ба балаларға арналған мекемелер
ҚР-да дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тенденциялары
Дамуында кемшілігі бар балаларды әлеуметтік қолдау, әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету жүйелері, олардың құрамы
Дамуында кемшілігі бар тұлғалардың құқықтары
Зияты бұзылған балалардың танымдық қабілеттерін қалыптасытыру.
Саңырау балалардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру.
Соқыр және нашар көретін балалардың қабылдауы мен елестетуі.
Коррекциялық (түзету) мектептеріндегі оқытудың әдістері мен формалары.
Сабақ – оқытудың негізгі формасы ретінде.
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары.
Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мазмұны
Көру қабілетінің деңгейіне қарай балаларды классификациялау.
Көру қабілеті бұзылған балалардағы екінші кемшілік.
Соқырлық кезіндегі сөйлеу тілінің даму ерекшелігі.
Ерте балалық шақта соқырлықты компенсациялау.
ПДК балаларды диагностикалаудың ерекшелігі.
ПДК балаларға педагогикалық ықпал етудің тиімділігі.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Наши рекомендации