Зара бағалау және өзін өзі бағалау
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор6. Оқушыларының бойында өзін өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгеннен-ақ, өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Басқаша айтар болсақ, оқушылар метатанымдық деңгейде жұмыс істеу қабілетін дамытады.
Құрбы-құрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің және емтихан алушының рөлін ойнай отырып білім алады7. Бір мұғалім оқушының өз құрбы-құрдастарын бағалау туралы пікірімен бөлісті:
Өз жұмысына баға беріп (талқылау мен нақты нұсқау беру арқылы) бағалаған сияқты, оқушылар басқаның жұмысын да бағалайды. Олар бұны үлкен адамдарша ойланып істейді, бұл сөзсіз пайдалы тәжірибе болды. Оқушылар келесі сабақтың басында сыныптас құрбылары үй тапсырмасын тексеретіндігін біледі. Сондықтан барлығы үй тапсырмаларын жақсы орындайтын болды, тек сирек жағдайда ғана үй жұмысын істей алмағандар кездесті. Олар өз сыныптастарының бірін оны тексеруді сұрайтын болғандықтан, жақсы орындалған жұмыстары үшін мақтаныш сезінді. Жауаппен келіспесе, ол бойынша ортақ келісімге келгенге дейін мұқият, ашық талқыланады. – Элис, Waterford мектебі.
Мұғалімнің түсініктемесінің соңғы сөйлемінде басты мағына жатыр: оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құбысынан сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға салуға болатындығымен құнды. Мұғалім тыныш қана бақылап, болып жатқан жағдайға қарай тиісті шаралар қабылдап отырады.
Біз құрбы-құрдастарын бағалауды жиі өткіземіз – бұл тәжірибенің өте пайдалы екендігін айтқым келеді. Тақырып бойынша көптеген түсініксіз жайттар анықталып жатады, үй тапсырмасын қарастырғанда соларды талқылаймыз. Одан кейін мен сыныпты аралап оқушылармен жеке-дара әңгімелесе отырып, өзара бағалауға көшемін. - Роуз, Brownfields мектебі.
Алайда, өзін өзі бағалау мұғалім өз оқушыларына, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға осы дағдыны дамытуға көмектескен жағдайда жүзеге асады. Ол айтарлықтай уақыт пен іс-тәжірибені талап етеді.
Балалар мен істеңдер деп сұраған істі орындау дағдыларын игермеген. Меніңше, бұл ұзақ мерзімді жоспарда анағұрлым тиімді болмақ. Алайда бұл іске уақыт бөлсеңіз, ол өзін ақтап шығады. Оның балаларды жауапкершілікті сезініп, іс-қимылында дербес болуға ықпал ететін күші бар. – Том, Riverside мектебі.
Қарапайым және тиімді идея – оқушыларға «бағдаршам» түстерін пайдалану, өз жұмысын жасыл, сары немесе қызыл түстермен бағалау тиісінше жақсы, орташа немесе шамалы түсіндім дегенді білдіреді. Бұл белгілер оқушылардың өзіне берген бағасын хабарлаудың қарапайым амалы болып табылады. Содан кейін оқушылардан өз пікірін құрбы-құрдастарына ашық айтуды сұрап, өзара бағалау мен өзін өзі бағалауды байланыстыруға болады. Бұлай байланыстыру олардың дағдыларын дамыту үшін қажет, ал бұл екі тәсілді бір-бірінен бөлу өзін өзі тиімді бағалау дағдысын қалыптастыруға жол ашады.
Тағы бір жолы, алдымен оқушылардан жұмыстың белгілі бір кезеңінде өз кестелерімен – «бағдаршам» түстерімен белгілеп отыруды сұрауға болады, соңында жұмыс үшін жасыл, сары немесе қызыл түс қойғанын көтеру арқылы көрсетіп бағалайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал «қызылдар» тобы өздерінің үлкен ақаулықтарын жою үшін мұғаліммен «топтасады». Топтық жұмыс тиімді болу үшін оқушыларға оның барысында өздерін қалай ұстау керек екенін түсіндіру керек, соның ішінде олардың бойына басқаларды тыңдай білу және барлығын кезекпен істеу сияқты дағдыларды сіңіру қажет.
Оқушылардың пәнді түсінуге қатысты ойлары да алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданылуы мүмкін, олардың түсініктемелері мұғалімге қай салаға көбірек көңіл аудару қажет екенін анықтауға көмектеседі. Жаңа тараудың басында оқушылардан «бағдаршам» түстерінің көмегімен өткен тарау бойынша қорытынды тестіге баға беруді сұраңыз: сары мен қызыл түстер жоспарлау кезінде басымдықтарды белгілеуге көмектесе алады. Бұл тәжірибе сыныптағы жұмысты жақсартуға бағытталған мынадай тұжырым жасауға ықпал етті:
· Білім берудегі кез келген жетістіктерді бағалау критерийлері оқушылар үшін айқын болуы керек, себебі оларда өздерінің жұмыстарының мақсаттары туралы және оны ойдағыдай аяқтау үшін не қажет екендігі туралы анық түсінік болу керек. Бұндай критерийлер абстрактілі болуы мүмкін, бірақ түсінікті дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрғанда нақты мысалдар пайдалануы қажет.
· Оқушыларға құрбыларын бағалау жұмысының ерекшеліктері мен осы жұмыс кезіндегі ынтымақтастық дағдыларын үйрету керек, өйткені бұл жұмыс шынымен маңызды және қатарластарын бағалау өзін өзі бағалауда шыншыл болу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
· Оқушылар оқудағы мақсаттарын үнемі жадысында ұстап, осы мақсатқа жету жолындағы өзінің алға басуын бағалай білуі тиіс. Сонда олар өздерінің жұмысын басқаратын, мейлінше дербес оқушы бола алады.
Бұның барлығы қатарластарын бағалау мен өзін өзі бағалау оқушылардың білімін дамытуға ықпал етеді дегенді меңзейді. Оның үстіне, олар басқа тәсілмен қол жеткізе ала алмайтын мақсаттарына қол жеткізеді.