Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» Қашықтан оқыту порталы
Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуді салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болу, әлемде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмау үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпаратты іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу » әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуға, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді.
Оқу орындарында да қашықтан оқыту жүйесі қазір қарқындап дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда, бұл өте маңызды, пайдалы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен қатар демократиялық оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез - келген адам осы жүйенің арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің білімін жаңа білім орталықтарымен толықтыра алады.
Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен өзі сабақ өтеді. Бұдан педагогикалық жүйені ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады.Қашықтан оқыту бұл – оқытудың сырттай, күндізгі түрлерімен қатар келе жатқан оқытудың жаңа түрі. Оқытуда, адамды тәрбиелеуде қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына, педагогикалық психологияға сай болу керек. Сондықтан қашықтағы педагогиканы ғылым орталығынынан бөлек қарастыру дұрыс емес. Қашықтан білім алу немесе оқыту ол базалық және қосымша болуы мүмкін (қашықтағы семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар). Егер қашықтан оқыту жүйені өзіндік жүйе ретінде қарасақ, онда логикалық түрде бірегей ақпараттық білім беру жүйесін міндетті түрде құру керек деп қорытындылауға болады. Себебі ол барлық мүмкіндіктегі электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар, әр түрлі мәліметтер қорын, электронды оқыту жүйелері, әдістемелік бірігулер.
Қазір біз біздің елмен, шетел мемлекеттері қашықтан оқыту жүйесін толық қолдап отыр деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет: электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды немесе тьютер дайындау, оқыту түрлері мен әдістері.
Қашықтан оқыту білім беру саласында Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидасын практикада жүзеге асыруға, арақашықтыққа қарамастан кез-келген бұқара топтардың білім алуына мүмкіндік береді.Қашықтан оқытуды (ҚО) дамыту оқытудың жаңа педагогикаклық әдістері мен формаларының әзірленуін, оқу үрдісінде компьютердің рөлі мен орнын анықтау және оқытушы мен студенттің ролін қарастыру қажеттілігі туғандықтан, оқуіс-әрекетін басқаша ұйымдастыруды талап етеді.Қазақстандағы қашықтан оқытудың көкейтестілігі «ТМД елдеріндегі қашықтано қыту: білім беру қажеттілігі мен мүмкіндіктері сараптамасы» жобасы шеңберінде жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша құпталады. Жоба Білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО институты (БАТИ ЮНЕСКО), 34 мемлекеттер-қатысушылардың ішінде БАТИ ЮНЕСКО-ның «focalpoint» болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігі РБАО-мен бірлесіп Білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану саласында ынтымақтастықты басқару туралы ТМД мемлекеттері-қатысушылардың (28–29 мамыр 2002 ж., Алматы қаласы) Білім беру Министрлік Конференциясының шешімін жүзеге асыру ретімен жасалды. бағдарламаның негізге web беті төмендегі 1 суретте көрсетілген.
2006 жылдыңбасынан РБАО жанынан «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)»Қашықтан оқыту порталы ашылды. Бұл жоба ЮНЕСКО-ның «Алысаймақтардың орта мектепетрі үшін ақпаратты-қатынастық технологияларды (АҚТ-ны) пайдаланып қашықтан оқыту» жобасының ауқымында жүзеге асырылады және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған.MOODLE – қашықтан тиімді оқыту үшін әзірленген бағдарламалардың ашық пакеті.Бұл жүйе осы материалды еркін көбейтуге, көшірмелеуге және таратуға мүмкіндік беретін GPL (General Public Licence) халықаралық рұқсатқа ие.Тіркелуден өткеннен кейін пайдаланушылар http://moodle.nci.kz порталында мектептің білім беру пәндері бойынша білімдік материалдарға тегін қатынайды, тапсырмаларды орындайды, сынамалық тестілеуден өтеді, әдістемелік көмек алады.
Moodle оқу тапсырмаларын бірлесе отырып шешу үрдісінде оқуды ұйымдастыруға, білім алмастыруға мүмкіндік береді.Moodle-дің бір өзгешелігі қатынас жасауға барынша мүмкіндік береді.Жүйеде мұғалімдер мен оқушылар арасында жүретін кез-келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады.
Moodle жүйесі қашықтан оқыту курсының материалымен осы материалмен жұмыс жасауды ұйымдастыруды көрсетуге арналған аспаптар жиынтығымен жабдықталған.Moodle жүйесіндегі курс бірнеше тақырыпқа бөлінеді.Әр тақырып қысқаша сипаттаудан және тақырыптың кейбір объектілерінен тұрады.Бұл объектілер Moodle жүйесінде курстың ресурстарына және элементтеріне бөлінеді.Ресурсты ақпарат беру тәсілі деп түсінуге болады.Курстың элементі – берілген материалды меңгеруді жеңілдететін механизм.
Moodle жүйесін декелесі ресурстар түрлері көрсетілген:
1. Мәтінбетіжәневеб-бет
2. Файлғанемесевеб-беткесілтеме
3 Түсініктемежәнет.б.
Портал төмендегі 6 суретте көрсетілген.
Сурет 6. Moodle қашықтықтан оқыту порталы
Ресурс ретінде өздік меңгеруге, зерттеу жүргізіуге, талқылауға арналған кез-келген материал: сурет, аудио және видеофайл жәнет.б. болуы мүмкін.Moodle жүйесінде сабақ даярлау және өткізуде оқытушы курстың элементтер жиынтығын қолданады: глоссарий, тапсырма, практикум, жұмысдәптері, сұрақ,форум, чат, wiki, сабақ, тест.Курстың түрлі элементтерінің үйлестірілун түрлендіре отырып, оқытушы жаңа материалды меңгерту кезінде оқыту формасын нақты сабақтың мақсатымен міндеттеріне сәйкестіріп ұйымдастырады.
Moodle-де мәтінді ұжымдық өңдегіш қызметі бар («Wiki»курс элементі).
«Тестілер» курс элементі оқытушыға сұрақтарды түрлендіре отыра тест құрастыруға мүмкіндік береді:
- Жабық формадағы сұрақтар (көпшетаңдау);
- Иә/Жоқ;
- Қысқажауап;
- Сан мен көрсетілген;
- Сәйкестік;
- Кездейсоқ сұрақ
- Енгізілген сұрақ жәнет.б.
Тестілеу сұрақтары деректер қорында сақталады және қайталанып бір немесе түрлі курстарда қолданылуы мүмкін.Тестілеуден өтуге бірнеше мүмкіндік беріледі.Тест жұмысына уақыт шегі болуы мүмкін.Тест жұмысының нәтижесін мұғалім бағалауы мүмкін және тест сұрақтарының жауаптарын көрсете алады.Қатынас мүмкіндігі – Moodle-дің жақсы жағының бірі.Жүйеде мұғалімдер мен оқушылар арасында жүретін кез-келген пішімдегі файлдармен алмасуға болады.Қарым-қатынастың үлкен мүмкіншілігі – бұл ақпараттық-білім беру ортада Moodle жүйесіндегі қашықтан оқытуда қатысушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда маңызды қатынастық объект болып табылады.Moodle-нің тағы бір ерекшелігі бұл жүйе әр оқушының портфолиосын жасап сақтайалады.Оқытушы курс шеңберінде кез-келген бағалау жүйесін жасап қолданаалады.Moodle студенттердің белсенділігін, олардың желідегі жумысын бақылауға мүмкіндік береді.Қазіргі мезетте порталда биология, Қазақстан тарихы, дүние жүзілік тарихы, физика, алгебра жәнет.б. бойынша материалдар бар. Бұл жұмысқа тәжірибелі педагогтар қатыстырылды.Барлық пәндердің мазмұны бағдарламалық материалдың мәні қысқада нақты етіліп модульдерге бөлінген. Әр модульді меңгергеннен кейін оқушыда өзін-өзі тестілеу мүмкіндігі болады, ал бұл оның материалды қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтауға көмектеседі. Оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиетке сілтемелер бар. Сайтқа қатысушылардың сұрауы бойынша «ҰБТ-ға дайындық» айдары ашылған, берілген айдарда тестілеу жүргізілетін пән бойынша қысқаша мәлімет беріледі. Сайтта қазақ тілінде бөлім ашылған.Бұл сайтта оқушылар, ата-аналалар және мұғалімдер үшін ақпарат енгізілген.Әріптестер арасындағы виртуалды қарым-қатынастың қажеттілігін ескере отырып, сонымен қатар озық тәжірибелерді тарату мақсатымен «Озық тәжірибелер фестивалі», «Фестиваль педагогических идей» жаңа айдары енгізілген. Бұл айдарда Қазақстанның әр жерінен мұғалімдер өздерінің әдістемелік жоспарларын қойып, оқу үрдісінде АКТ-ны пайдалану тәжірибесімен бөлісе алады – бұны мұғалімдердің кәсіби өзін-өзі жетілдіру шарты деп қарастыруға болады. COMPEТЕNTUM.MAGISTER қашықтықтықтан оқыту жүйесіне қысқаша сипаттама [32-35].
Бұл жүйені 2005 жылы «ФИЗИКОН» компаниясы ұсынды. Оқу жүйесінің артықшылықтары:
1. Программалық жабдық орталық серверге орнатылады. Оған мектептердегі сервер арқылы да, оқушылардың үйіндегі компьютерден де қатынасуға болады.Оқушы ауырып сабақ босатқан кезінде оқу материалдарына қол жеткізе алады.Ата-аналардың баланың сабақ үлгерімін бақылауына мүмкіндігі бар.
2. Біріктірілген курстар жабық модульдер түрінде емес, әр түрлі форматтағы материалдардың жиынтығы түрінде беріледі: текст, иллюстрация, интерактивті модельдер, бейне роликтер. Оларды курсқа тәуелсіз пайдалануға да болады.
3. Оқу процесін жоспарлау және бақылау құралдары, көрсеткіштерді талдау құралдары бір мектепте ғана емес, ауданда, қалада оқу процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қашықтықтықтық олимпиада, ҰБТ жұмыстары мен олардың мониторын дайындауға болады.
4. Мұғалім оқу процесін сабақ кезінде, сонымен бірге сабақтан соң жүйе арқылы бақылай алады.
5. Мұғалімдер өз оқу материалдары арқылы жүйені толықтыра алады.