Салынған суреттер не айта алады?

Балалардың суреті олардың әлемді тану көрінісі болып табылады:

«Үй-адам-ағаш» тестінің жүргізілуі.

Оларға келесі нұсқаулар беріледі: үйдің, ағаштың, және адамның суретін толығымен салуға тырысыңдар. Зерттелінушілерден суретті шынайы түрде ешқандай карикатуралар немесе контурлар салмауын өтінеміз.

Салған суреттерді талдау үлгілері:

Ағаштың бұтақтарын салмай, тек қоршағандығы баланың тұйықтығын білдіреді. Бала қарым-қатынасқа түсуде қиналады, бірақ көп нәрсені білуге құштар.

Баланың ішкі дүниесінде қақтығыстар бар екені байқалады. Үйге қарама-қарсы орналасқан ағаштың қою жасыл түспен боялғаны баланың өз энергиясын тек өзіне ғана жұмсайтыны отбасылық бағалауларға мән берілмейтіндігін көруге болады. Болашаққа сенімді көзбен қарайды.

Тұйық, қарым-қатынасқа өте аз түседі, эмоционалды саласы бұзылған, мінез ауыр. Көңіл-күй барометрі орташа, өйткені қоңыр түсті көп пайдаланады.

«Мінез өлшемдері» (Шмишек ұсынған)

(Мінез-құлық акцентуациясына тест)

Кез-келген адамның мейірімділік, принципшілдік, мақсатқа бағыттаушылық және т.б. бірде ерекше көрінетін, бірде бірқалыпты көрініс беретін тұлғалық сипаттарын анықтауға болады.

Егер адамда тұлғалық сипаты ерекше, анық байқалса, – бұл мінез-құлық акцентуациясы немесе тұлғаның психотипі деп аталады.

Егер мінез-құлық қасиеті, тұлға акцентуациясында нақты байқалса, қоғамда өмір сүруге кедергі келтірсе, бұл ауытқушылық.

К.Леонград «... акцентуация – бұл дара сипаттар, алайда ол аптологиялық жағдайға көшуге бейім болады», – деп көрсетеді.

Әдетте, біз 13 акцентуация типіне, яғни психотиптердің - айқын көрінулерін бөліп көрсетеміз.

Нұсқау:Сіздерге таблица берілген. Әр клеткаға (1-104) өз жауаптарыңызды солдан оңға қарай жазыңыздар. Тест сұрақтарына жауап беру барысында келісу, келіспеулеріңізді келесі балдармен жазыңыздар:

+2- өте дұрыс, мен әдетте солай істеймін;

+1 - дұрыс, алайда кейде өзгеше болуы мүмкін;

-0 – қиналамын;

-1 - дұрыс емес, алайда мұндай жағдайлар кездесіп қалады;

-2 - мүлде дұрыс емес, мен бұлай ешқашан істемеймін.

Тесті орындауға 35-40 минут берілді.

Сұрақтар:

1. Мен бейтаныс адамдарға ешқашан сенбеймін, бұған бірнеше рет көзім жетті.

2. Мен бірнеше адамдардың пайда үшін дос болатынына көзім жетті.

3. Әрқашан өзімді сергек, күшті сезінемін. Сондықтан менің көңіл-күйім әрқашан жақсы.

4. Өзімді сезінуім айналадағылардың қатынасына байланысты.

5. Жалғыз қалғанда көңіл-күйім жақсарады.

6. Егер таңертең ерте тұру қажет болса, мен тыныш ұйықтай алмаймын.

7. Сәл жағымсыз жағдайлар мені қатты ренжітеді, реніш пен тынымсыздықтан соң өзімді жағымсыз сезінемін.

8. Менде нашар, тынымсыз ұйқы жиі кездеседі, жаман түстер көремін, таңертең мен үшін ауыр мезгіл.

9. Менің көңіл-күйім айналадағы адамдардың көңіл-күйіне байланысты.

10. Достарыммен екі жаққа кету барысында, мен көп уақыт сағынып жүрмеймін, жаңа достар тауып аламын.

11. Түнде нашар ұйықтайтындықтан, күндіз ұйқым келіп, ашуланшақ боламын.

12. Менің көңіл-күйім сәл нәрселерден тез өзгереді.

13. Бір апта жақсы көңіл-күйде болсам, келесі апта пәс көңіл-күймен алмасып отырады.

14. Адамда үлкен, нақты мақсат болып, соған жету үшін өмір сүру керек.

15. Кейде менде нашар көңіл-күй орнап, ашуланшақтық, сағыныш сезімді тудырады.

16. Мен аз ұйықтаймын, бірақ таңертең сергек, көңілді оянамын.

17. Менің көңіл-күйім өзім отырған ортаға байланысты.

18. Жалпы модаға үнемі ілеспеймін, өзіме ұнайтындарды киемін.

19. Нашар көңіл-күйлер мен толғаныстар мен жағымсыздықты күтуден болады.

20. Кейде мен бөтен адамдардың көзінше тамақ ішуге ұяламын, шектен тыс сезімталмын.

21. Мен үнемі ақша жетпей қалады деп қорқамын қағаз алуды жақсы көрмеймін.

22. Мен айналадағылардың ішінен тым өзгеше бөлектену дұрыс емес деп есептемеймін.

23. Мен тез танысып кетемін.

24. Өз киімім жайлы аз ойлаймын.

25. Бір күні көңілді, қуанышты оянамын да, екінші күні себепсіз-ақ шаршап, көңілсіз тұрамын.

26. Кей мезгілде тәбетім өте жоғары, кейде мүлде ештеңе жей алмаймын.

27. Өмір мені достарымның өзіне тым ашыла бермеуге үйретті.

28. Мен қатты ұйықтаймын, бірақ кейде қорқынышты, жаман түстер көремін.

29. Мен дәмді, ерекше тағамдар жегенді ұнатамын, алдын-ала бәрін жұмсауды жек көремін.

30. Менің түсім әр түрлі оқиғаларға бай.

31. Мен жанымды түсінетін дос таба алмай жүрмін, мені түсінбейтіндері үшін қиналамын, айналадағылардан аулақ жүремін.

32. Менің көңіл-күйім әр түрлі жағымсыз жағдайлар, өзіме сенімсіздіктен, жақын адамдар үшін уайымдаудан бұзылады.

33. Менен біреу қарыз алса, оны естеріне салуға ұяламын.

34. Айналадағылар мені жек көретін тәрізді.

35. Жаңа адаммен таныспас бұрын бұл қандай адам, айнладағылар ол туралы не айтатынын білгім келеді.

36. Мен адамдар арасында болғым келеді, жалғыздықты ұнатпаймын.

37. Болашақта мені денсаулығым қатты толғандырады, ата-аналарыма кішкентай кезімде аз назар аударғансыздар деп ренжимін.

38. Мен өзіме жарасымды киінемін.

39. Кейде шулы ортаны ұнатамын, кейде жалғыздықты сүйемін.

40. Мен кейде қайғылы, әлсіз боламын да, кейде қатігез, ашушаң күйге түсемін.

41. Мені алдауды кешірмес едім.

42. Кез-келген жағдайда адамдармен жеңіл жақындасамын, көп досым болғанды ұнатамын және оларды жақсы көремін.

43. Мен ашық, ерекше киімдерді ұнатамын.

44. Мен жалғыздықты сүйемін, өз сәтсіздіктерімде өзім ғана толғанамын.

45. Мен барлығын жүз ойланып, жүз толғанып шешемін.

46. Менің ұялшақтығым өзім қалаған адамдармен достасуға кедергі етеді.

47. Мен жаңа таныстықтан қашамын, маған шешім қабылдағыштық жетіспейді.

48. Айналадағылар мен жайлы жаман айтпайтындай өмір сүруге тырысамын.

49. Болашақ өмірім жайлы көп ойланғанды және барлық шығындарды алдын-ала есептеуді ұнатпаймын.

50. Өзім өзімді ауру адам тәрізді сезінемін, сондықтан достарды қажетсінбеймін де.

51. Кейде ақшаға жеңіл қарап, оларды еркін ұстай беремін, ал кей уақытта ақшасыз қалуға қорқамын.

52. Бір мезгілде маған адамдар ұнайды, кейде олардан шаршаймын.

53. Жаңа нәрселерден маған өз принциптерім мен қызығушылықтарыма сәйкестері ғана тартады.

54. Мен үшін ең бастысы киім ыңғайлы, таза болғаны.

55. Болашақта жоспарларым мен тілектерім орындалатынына сенімдімін.

56. Өзіме ерекше көңілмен қарайтын достарды жөн көремін.

57. Мен өзгеше бір нәрсе ойлап тапқанды, өзгерткенді, ешкімге ұқсамағанды сүйемін.

58. Костюмім дұрыс емес деп, жиі ыңғайсызданамын.

59. Мен жалғыздықтан қорқамын, кейде жалғыз қалып қоятын сәттерім де болады.

60. Жалғыз болғанда өзімді жәйлі сезінемін.

61. Кез-келген адам ұжымнан бөлінбеу керек деп ойлаймын.

62. Өзгерістерді және өмірдің түрленіп тұрғанын ұнатамын.

63. Адамдар қоғамы мені тез шаршатып, ашуландырады.

64. Барлық ережелерді сақтау кезеңдері, өзімді немқұрайлылығы үшін кіінәлайтын кезеңмен ауысып отырады.

65. Кейде өзім-өзіме ұнамаймын, ал кейде өзімнің шешімсіз, селқос күйіме налимын.

66. Мен жалғыздықтан қорықпаймын, өз сәтсіздіктеріме өзім ғана уайымдаймын, өзгедерден көмек те күтпеймін.

67. Мен ақшаға өте ұқыптымын, ақша жетпей қалса, ренжіп, уайымдаймын.

68. Мен өмірдегі өзгерістерді ұанатамын – жаңа әсерлер, жаңа адамдар айналадағы жаңа жағдай.

69. Жалғыздықты жек көремін, үнемі адамдар арасында болғанды ұнатамын, айналадағылардың маған көп назар аударғанын бағалаймын.

70. Күнделікті өмірде маған деген қамқорлықты қабылдаймын, бірақ менің ішкі дүниеме үңілгенді жек көремін.

71. Мен дұрыс істедім бе, не жасадым ба деп ұзақ ойлаймын.

72. Мені заң бұзушы ретінде қателесіп қабылдай ма деп жиі қорқамын.

73. Мен сәтсіздіктеріме өкініп, өзімді жиі кінәлаймын, болашақ мен үшін көңілсіз, мағынасыз.

74. Болашағым жақсы болу үшін өмір сүруге тырысамын.

75. Сәтсіздіктерде алысқа қашып кетіп, қайтып оралғым келмейді.

76. Бейтаныс адамдарды ұнатпаймын, жақын адамдарға үйреніп алғанмын.

77. Мен тез ұрсысамын, алайда тез татуласамын.

78. Кей жағдайда бәрінен бірінші болғым келеді, ал кейде бұл мені жалықтырады.

79. Мен болашақта өзімнің дұрыс істегенімді бәріне дәлелдейтініме сенімдімін.

80. Қатаң тәртіпті ұнатамын, өзгелерге тәртіп пен ережелерді үйреткен ұнайды.

81. Қызықты оқиғаларды жақсы көремін, тіпті қауіпті оқиғалар да ұнайды.

82. Қызықты және қауіпті оқиғаларда егер маған басты рөл берілсе, жақсы көремін.

83. Өзгелерге қамқор болғанды ұнатамын.

84. Жалғыз отырғанда қиялымдағы адаммен әңгімелескенді ұнатамын, болашақта болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар жайында ойлаймын.

85. Жаңа нәрселер мені тартады, алайда олар жайлы уайымдаймын, сәтсіздіктер мені уайымға алып келеді.

86. Мен өмірде болатын жаңа өзгерістерден қорқамын.

87. Беделді адамдардың артынан еркін еріп кетемін.

88. Кейбір адамдарға мен бағынамын, кейбіреулерге өзім команда беремін.

89. Менің денсаулығыма қатысты кеңестерді жан-тәніммен тыңдаймын.

90. Кейде бейтаныс адамның өзі маған сенімді, әрі сүйкімді көрінеді.

91. Кей жағдайда менің болашағым жарқын тәрізді, кейде көңілсіз сияқты.

92. Әрқашан мені тыңдайтын, менің беделімді мойындайтын адамдар табылады.

93. Менің сәтсіздіктеріме кінәлі адамдар кездессе, мен міндетті түрде өш аламын.

94. Қызықты істер барысында заң мен ережелер айналып өтеді деп есептеймін.

95. Мен әрқашанда бірінші болғым келеді, маған ерік дегенді мен артымнан ергендерді жақсы көремін.

96. Мен өзіме сын айтқандарды, қарсылық білдіргендерді тыңдамаймын, өзім айтқаным бойынша істеймін.

97. Егер сәтсіздік туа қалса, мен дұрыс емес істегенімді табуға тырысамын.

98. Балалық шағымда мен өкпешіл, сезімтал болғанмын.

99. Мен адамдарға команда бергенді сүймеймін, жауапкершіліктен қорқамын.

100. Көп адамдардан ешқандай айырмашылығым жоқ деп есептеймін.

101. Менде төзімділік жетіспейді.

102. Жаңа нәрсе мені әрқашан тартады, бірақ тез шаршап жалығамын, қызықты оқиғалар ұнамайды.

103. Жақсы сәттерде мен өзіме көңілім толады, жаман көңіл-күй болған кезде жағымды сапалар маған жетіспей жатады.

104. Кей жағдайда өмірдегі өзгерістерді жеңіл көтеремін, және оларды ұнатамын. Ал кейде олардан қорқамын және қашамын.

I II III IV V VI VII VIII IX X XI XII XIII

Кодтары:

І (1,14,27,40,53,66,79,92) - параноик

ІІ (2,15,28,41,54,67,80,93) – эпилептоид

ІІІ (3,16,29,42,55,68,81,94) – гипертим

IV (4,17,30,43,56,69,82,95) – истероид

Гипержауапты, өзінің қызығушылықтарын құрбандыққа шалады, барлығына көмектесуге ұмтылады, өзінің көмегінде байланушылық және өзгелерге қатынасында өте активті, басқалар үшін жауаптылықты өзіне адекватты емес қабылдайды.

0-ден 16-ға дейінгі октандалардың әрбіреуінен алынған сандық көрсеткіштер психограммаға енгізіледі. Октанта – координатта номерінен алынған баллға денгейіне доға жүргізіледі. Доғамен бөлінген октантаның ішкі бөлігі штрихталады. Нәтижелерді зерттеулер белгіленіп, психограмманың орталығынан доғамен белгіленген дейгейіне дейін штрихталғаннан кейін «желкігішке» ұқсас бейне алынады. Көбірек штрихталған октанталар берілген тұлғаның тұлға аралық қатынастарының аса стиліне сәйкес келеді. 8-баллдан аспайтын характеристикалар, гармониялиқ тұлғаларға қатысты. 8-баллдан асатын көрсеткіштер берілген октанта көрсететін қасиеттердің акцентуациясын көрсетеді. 14-16 деңгейіне жететін баллдар, социалды адаптация қиындықтарын бейнелейді. Барлық октанталар бойынша төмен көрсеткіштерге 0-3 балл зерттеушінің тұйықтылығының нәтижесі. Егер психограммада 4 баллдан жоғары штрихталған октанталар болмаса, өзін шыншыл бағалағысы келмеді.

Тұлға аралық қатынастардың алғашқы 4 типі – 1, 2, 3 және 4 – конформды емес тендециялардың асқыншылығымен және дезъюктивті ( конфликті) көрсетушілікті бейімділікпен, өз ойын тәуелсіз білдірумен, өз айтқанынан қайтпауымен лидерлікке және домиканттаумен (1, 2) сипатталады.

Қалған төрт октанттар – 5, 6, 7, 8 – қарама – қарсы бейнені көрсетеді. Конформды құрылымдардың болуы, айналадағылармен контактілерде конгруэнттілік (7,8) өзіне сенімсіздік, басқалардың айтуымен жүру, компрамисстерге бейімділік ( 5, 6 ).

Арнайы екі формуламен екі негізгі факторлар бойынша көрсеткіштер анықталады диминирлану және достықты сүюшілік.

Доминирлану: ( 1-5 )+0,7х ( 3+2-4-6 )

Достықты сүюшілік: ( 7-3 )+0,7х ( 8-2-4+6 )

Мәліметтер интерпретациясы негізінен бір көрсеткіштердің басқасынан артық болуына бағытталған және аз деңгейде – абсолютті шамалар.

Зерттеушіде тұлға аралық қатынастың «өтімді – лидер» типінің басым болуы (l октант), оптимистілікпен жылдам реакциямен, жоғары активтілікпен мақсатқа жетушілікпен, доминанттануға тенденциямен шешім қабылдауда жеңілділігімен және жылдамдылығымен, гомономдықпен (яғни негізінен өзінің көзқарасына бағыттаушылық және сыртқы орта факторлар минималды тәуелдікте) экстраверттілік сипатталады. Өз ойын білдірумен әрекеті ойлануда жылдамырақ.

Бұл «осында және қазір» типі бойынша жауап қайтару, аяқ асты өздік тұрақтануға тенденция, айналадағы ортаға активті әсер ету өзіне қарату позициясы, барлығын өзіне қаратуға және айтқанына көндіруге ұмтылу.

2 октант «тәуелсіз – доминаттану» тұлға аралық типіне сәйкес тип басқаларға қарағанда басым болуы, зерттеу мәліметтері бойынша, келесі ерекшеліктермен бірігеді, өзіне риза болу (немесе өзін өзі жақсы көру) дистанциялық эгоцентрлік, қарсыластыққа бейім топта айрықша позицияда болуға ұмтылу. Мұндағы доминанттылық барлығын өзіне қаратып, өз идеяларын ұсынбай, топтың ортқ қызығушылықтарына бағытталған. Ойлау стилі шаблонсыз, творчестволық. Айнадағылардың көзқарасы сынмен қабылданады. Өз қарасы догма плангына дейін көтеріледі немесе жеткілікті қабылданады. Эмоцияларға жылулық әрекеттеріне конформность жетіспейді. Аз бағынады.

Тұлға аралық қатынастардың «тура –агрессивтік» типі (III октант көрсеткіштері басым) келесі тұлғалық сипаттамалық жақындығы байқалады: құрылымдық ригидтілігі, өз мақсатына жетулікте бекемділік, әділеттілік сезімі жоғары, жаулық сезімі тез пайда болады, өзіне бағытталған сынға қарсы болу, өз ойын білдіру мен әрекеттерінде туралылық, тез ренжігіштік.

IV октант –тұлға аралық қатынастардың «сенімсіз- эстетикалық» типі келесі сипаттарымен ерекшеленеді: ерекшелену, тұйықтық, кез келген көзқарастарға сынмен қарау, микротоптағы өз позициясына қанағаттанбаушылық, қауіптенгіштік, өзіне айтылған ескертулерді ұнатпаушылық, ойлау қабілеті жүйелі, реалисттілік, иронияға бейімділік, жоғары конфликттілік.

V-октант-тұлға аралық қатынастардың «бағынушы-ұялшақ» типі-тым ұялшақ интроверттіленген пассивті, бағынғыш, өзіне сенімсіз, рефлексияға жоғары бейімді, өзін төмен бағалайтын жоғары жауаптылық сезімі бар, өзіне қанағаттанбайтын, барлық сәтсіздіктерге өзін кінәләйтін, көңілі жылдам түсетін, өзінің перспективаларын пессимисті бағалайтын, жұмыста ұқыпты, кең контактілермен әлеуметтік рөлдерден қашатын адамдарда басым кездеседі.

VI-октант-тұлға аралық қатынастардың «тәуелді-тыңдағыш» типі. VI октант көрсеткіштері басым тұлғаларда жоғары қауіптенгіштік, орта әсерлеріне сезімталдық басым кездеседі. Бауыр басушылық пен жылы қатынастарды ұнатады. Өзіне сенімсіздікпен өзін тұрақсыз бағалауы тығыз байланысты. Жұмысты жақсы орындаушылығы мен жауапкершілігі ұжымда жақсы репутация құрады, бірақ шешім қабылдаудағы инерттілік лидер полисіне көтерілуге кедергі жасайды.

VII октант-тұлға аралық қатынастардың «бірігуші конвенциалды» типінде келесі жеке тұлғалық сипаттамалар эмоционалды тұрақсыздық, қауіптенудің жоғары деңгейі, агрессиялықтық-төменгісі, орта әрекеттеріне жоғары жауап қайтарушылық, басқалардың көзқарастарына байланысты өзін бағалаушылық, топтық әрекеттерге қатысуды ұнатушылық басым болады. Экзальтация, айналадағыларға өз доссүйгіштігін көрсетуге талаптанушылық, топтың беделді тұлғаларының сенімінде болу. Басқалармен тіл табысуға талаптанушылық. Энтузиазм, топтың эмоционалды құрылымын қабылдаушылық.

VIII октанттың басымдылығы тұлға аралық қатынастардың типі «жауапкершілікті-кең пейілділік» танытады. Оған келесі тұлғалық ерекшеліктер жатады: тәртіптің әлеуметтік нормаларына сәйкес болуға ұмтылушылық, тұлға аралық қатынастар үйлесімін идеализациялауға бейімдеушілік, өзінің ойын білдірудегі экзальтация, эмоционалдық қатысушылықтардың анықтылығы, ақпаратты қабылдау мен өңдеу типінің көркемділігі, ойлау стилі-бүтінделген. Түрлі әлеуметтік рөлдерге оңай кіреді, әр түрлі қарым-қатынастарда оңай тіл табысады, коммуникабельді, барлығына жақсылық тілейді, әрекеттенушілікке бейімді, ақ пейілділігін білдіреді, жақсылық жасауды жақсы көреді. Артистілік жақсы сезім қалдыруға ұмтылады, айналадағыларға ұнағысы келеді. Қарсы болу проблемасы, ауруларға бейімділік, тәрбиелік реакциясы тосқауылдану нәтижесінднгі вегетативті дисбаланс пайда болады.

«Мен» құрылымын, индивидтің ішкі тұлғалық үйлесімін зерттеу мақсатымен нұсқауларға келесі жағдайларды қою керек: «Сауалнамала келтірілген сипаттармен өзіңізді бағалап болғаннан кейін, сол бағалаулар көмегімен өзіңіздің идеалыңызды қазіргі бар қасиеттеріңіздің қайсысы болу керектігін ұмытпаңыз».

Алынған мәліметтер саналады және бірінші жағдайдағыдай психограммаға енгізіледі. Одан кейін талдау жүргізіліп, зерттелушінің «мен» образының өзектілігімен идеалдысы салыстырылады.

Қарапайым және жиі кездесетін вариант индивидтің өзінің тұлға аралық тәртібі стилінің ерекшеліктерінің қайсысы өзін қанағаттандырмайтындығы туралы айтуға болатын ескерілмейтін сандық айырымын көрсетеді. Егер «мен» образында V октант басқалардан көбірек сызылса, ал «мен идеалы» образында ол қатты азайтылған және оған ұлғайтылған 1-октант қарама-қарсы қойылса, онда зерттелуші өзін аса пассивті, тұлға аралық қатынастарда ұялшақ санайды және осы қасиеттерінен арылып, өзіне сенімдірек болғысы келеді.

Егер «мен» образына IУ октанттық жоғары көрсеткіштері (яғни өзінен сенімсіздік, қауіптенушілік, айналадағылармен қатынасқа көңілі толмаушылықты көрсетсе) кірсе, ал «мен идеалы» образында VIII октанты басым және IV көрсеткіштері өте азайтылған болса, онда нәтижелерді интерпретациялауда зерттелушінің тұлға аралық қатынаста тартысатындығын және идеалда жақсылық тілейтін, айналадағы адамдармен конгурэнтті болуға тырысып пайда болған жағдайда өзін сынмен бағалауға ұмтылатындығын ескеру керек. Осылайша, полярлы көрсеткіштердің қатынастары (қарама қарсы октанттар III және VII, II және VI белгілерінің мазмұнды сипаттамалары бойынша) тұлғаның әлеуметтік ортадағы бейімделуінің төмендететін тұлғалық қасиеттерін компенсациялайтын жолдарын көрсетеді.

Егер бірінші вариантта (актуалды «мен») тәуелді және конформды тәртіп (V ,VI, VII) сипаттамаларын көрсететін октанталар, ал екіншіде (идеалды» мен»)- тәуелсіздік және доминанттылық (I, II) немесе агрессивтілік (III) көрсететін октанталар басым болса, онда зерттелуші өз ұстанымының бағынушылығын ауыр қабылдайды, өзін сыйлаушылығы әлсірейді және компенсаторлы қуаты өзінің әлеуметтік статусын көтеруге жұмсалады. Егер қатынас кері болса яғни тәуелсіздік, доминанттылық және агрессивтілік (II, I, IV) басым болса, ал идеалды зерттелуші мінезінің тұлға аралық қатынастарын құртатын белгілерінен (қырсықтылық (III),агрессивтілік (IV), дистанттілік (II), өзіне сенімділік (I)) құтылып, айналадағы адамдарға жақын болғысы келеді.

Тәжірибе актуалды «мен» образы және идеал бүтін «мен» құрылымының ажырамас бөлігі екендігін көрсетеді. Бұдан басқа, айналадағылар адамды оның идеалды «меніне» сәйкес қабылдайды, ал оның актуалды «мені» сезінген және бақылауға алынған жеке проблемаларын көрсетеді.

Әдетте нормада актуалды және идеалды «мен» арасында маңызды айырмашылықтар байқалмайды. Азайтылған (конфликтті емес) айырым, немесе толық емес ұқсастық тұлғаның ары қарайғы дамуы үшін қажетті шарт ретінде құрастырылуы керек. Өзіне қанағаттанбаушылық өзін бағалауы төмендетілген (V, VI, VIII октанталар) тұлғаларда байқалады, сондай-ақ ұзатылған жанжалдардағы (IV октант) тұлғаларда. Бір мезгілде I және V октанталардың басым болуы өзін сыйлау, әміршілдік проблемасы бар тұлғаларға тән, I және VII –топтың қабылдауына ұмтылушылық пен жаулық арасындағы қақтығыс III және VII - өзін бекітушілік және аффилиация мотивтерінің күресі, II және VI – тәуелсіздік бағынушылық проблемасы.

Жуықтап осылайша «мен» образын және идеалды «мен» қатарластырылғанда, полярлы октанталар қатынасы қорытындыланады. Доминантты, агрессивті және тәуелсіз белгілері анықталған тұлғалардың өзінің мінезіне қанағаттанбаушылық және тұлға аралық қатынастарға көңілі толмаушылық кейде пайда болады.

Томас тесті

Мақсаты: Тәртіп стилін анықтау, дау-жанжалдық тәртіпке тұлғалық көзқарасын зерттеу.

Әдістеме сипаттамасы: Пайда болған дау-жанжалдарды шешу, осындай жағдайларда басқару мақсатымен, индивидумдарға тәртіптің қандай формалары тән, олардың қайсысылары тиімді, қайсысылары деструктивті, қалайша тиімді тәртіпті келтіруге болатындығын анықтау керек.

К.Томастың дау-жанжалдық тәртіп типологиясының негізінде тәртіптің екі стилі: бұл жанжалға байланысқан басқа адамдардың қызығушылықтарына адам назары қосылған кооперация және жеке қызығушылықтарын қорғаудағы акцент тән қарсы тұлға алушылық.

Осы екі негізде өлшемдерге сәйкес К.Томас жанжал кезіндегі реттеудің келесі тәсілдерін ұсынады:

а) жарысу (қарсыласу) азырақ эффективті, бірақ жанжалда жиірек қолданылатын тәсіл, басқаға кері әсер тигізіп, өзінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға ұмтылумен көрсетіледі;

б) тәсілдену қарсыласуға қарама-қарсы мағынада өзінің қызығушылықтарын басқа біреу үшін құрбандыққа шалу;

в) мәмілеге келу (компромисс), жанжалға қатысушылар арасындағы келісім ретінде;

г) қашу (кетіп қалу), бұған кооперацияға ұмтылушылықтың болмауы да, жеке мақсатқа қол жеткізу тенденциясының болмауы да тән;

д) бірігушілік, оқиғаға қатысушылар екі жақтың да қызығушылықтарын толық қанағаттандыратын баламаға келгенде;

К.Томастың ойынша, жанжалдан қашу кезінде ешбір жақ табысқа жетпейді, бәсекелес, тәсілдену және мәмілеге келу жағдайларында қатысушылардың біреуі ұтады, ал екіншісі жеңіледі, немесе екеуіде жеңіледі, өйткені компромистік шарттарға барады, және тек бірігушілік жағдайындаекеуіде жеңеді.

Сауалнама жинағы 30 жұпға топталған 60 талқылаулардан тұрады. Зерттелуші қай типке бекемденетінін анықтау үшін, оған әрбір талқылауды мұқият оқып, өзінің сипаттамасына жақынырақ болып келетінін таңдау керек.

Нұсқау:«Сіздің назарыңызға берілген сауалнама жинағы екілік айтылымдардан тұрады: А және Б айтылымды мұқият оқып шығып, сіз әдетте қалай әрекет ететініңізге көбірек сәйкес келетінін таңдаңыз».

Сауалнама мәтіні

1.а) Кейде мен бәсекелес сұрақты шешуде жауапкершілікті басқаларға алуға мүмкіндік беремін.

б) Екеуміздің ойымыз айырылысатынды талқылаудан гөрі, екеуміз келісетінге назар аударуға тырысамын.

2. а) Мен мәмілеге келудегі шешім табуға тырысамын.

б) Мен шаруаны өзімнің жеке және басқа адамның қызығушылықтарын ескеріп жөндеймін.

3.а) Әдетте мен өзімнің дегеніме жетуге тырысамын.

б) Кейде мен өзімнің қызығушылықтарымды басқа адамның қызығушылығы үшін құрбандыққа шаламын.

4. а) Мен компромисті шешім табуға тырысамын.

б) Мен басқа адамның сезіміне тимеуге тырысамын.

5.а) Бәсекелі оқиғаны шешкенде, мән әрқашан басқадан қолдау табуға тырысамын.

б) Пайдасыз қиналудан қашу үшін, мен бәрін істеуге тырысамын.

6.а) Мен сәтсіздіктен қашуға тырысамын.

б) Мен өз дегеніме жетуге тырысамын.

7.а) Мен бәсекелі сұрақты, уақыт өтумен аяқтылы шешу үшін кейінге қалдыруға тырысамын.

б) Мен бір нәрсені жіберіп, басқаға қол жеткізуге болады деп есептеймін.

8.а) Әдетте мен өз дегеніме жетуге белсенді тырысамын.

б) Мен алдымен барлық қатысты қызығушылықтармен бәсекелік сұрақтар неде тұрғандығын анықтауға тырысамын.

9. а) Мен пайда болған келіспеушіліктер үшін әрқашан да қобылжымау керек деп ойлаймын.

б) Мен өз дегеніме жету үшін күш-қуат жұмсаймын.

10.а) Мен өз дегеніме жету үшін нақты тырысамын.

б) Мен компромисті шешім қабылдауға тырысамын.

11.а) Мен алдымен барлық қатысты қызығушылықтар мен бәсекелестік сұрақтар мәнін анықтауға тырысамын.

12.а) Мен бәсекелестік туғызатын ұстанымда болудан жиі қашамын.

б) Мен басқаға кейбір нәрседе өз ойында қалуға мүмкіндік беремін, егер ол да кездесуге келіссе.

13.а) Мен орташа көзқарасты ұсынамын.

б) Барлығы менің айтқаным бойынша орындалғандығын қалаймын.

14.а) Мен басқаға өз ойымды айтамын және олардың ойымен де санасамын.

б) Мен басқаға өз ойымның логикасы мен артықшылығын көрсетуге тырысамын.

15.а) Мен басқаны жұбатам және негізінен біздің қарым-қатынасты сақтауға тырысамын.

б) Қиналудан қашу үшін, мен бәрін істеуге тырысамын.

16.а) Мен басқа адамның сезіміне тимеуге тырысамын.

б) Әдетте, мен басқаға өз көзқарасымның артықшылығын дәлелдеуге тырысамын.

17.а) Әдетте мен өз дегеніме жетуге белсенді тырысамын.

б) Пайдасыз қиналудан қашу үшін, мен бәрін істеуге тырысамын.

18.а) Егер бұл басқаны бақытты етпесе, мен оған өз ойында тұруға мүмкіндік береді.

б) Мен басқаға кейбір нәрседе өз ойында қалуға мүмкіндік берер едім, егер ол да кездесуге келіссе.

19.а) Мен алдымен барлық қатысты қызығушылықтар мен бәсекелестік сұрақтар мәнін анықтауғы тырысамын.

б) Мен бәсекелі сұрақтарды уақыт өтумен аяқтауға тырысамын.

20. а) Мен біздің келіспеушіліктерден бірден өтуге тырысамын.

б) Мен екеуміз үшін тиімділік және тиімсіздік қосылымдарын табуға тырысамын.

21. а) Келісім жүргізгенде мен басқалардың пікіріне мұқият болуға тырысамын.

б) Мен әрқашан проблеманы тура талқылауына мән беремін.

22. а) Менің және басқа адамның пкөзқарасының арасындағы ортақ ұстанымды табуға тырысамын.

б) Мен өз ұстанымымда тұрамын.

23. а) Мен әрбіреуіміздің тілектерімізді қанағаттандыруды ойлаймын.

б) Кейде мен бәсекелес сұрақты шешуде жауапкершілікті басқаларға алуға мүмкіндік беремін.

24.а) Егер басқаның көзқарасы оған маңызды көрінсе, мен оған қарсы жүруге тырысамын.

б) Мен басқаны мәмілеге келтіруге тырысамын.

25. а) Мен басқаны өзімнің дұрыстығыма сендіруге тырысамын.

б) Келісім жүргізгенде мен басқаның дәлелдеріне мұқият болуға тырысамын

26. а) Мен әдетте орташа көзқарасты ұсынамын.

б) Мен әрқашан дерлік әрқайсыларымыздың қызығушылықтарымызды қанағаттандыруға тырысамын.

27. а) Мен жиірек бәсекелестіктен қашамын.

б) Егер бұл басқаны бақытты етсе, мен оған өз ойында тұруға мүмкіндік беремін.

28.а) Мен орташа ұстанымды ұсынамын.

б) Бәсекелі жағдайды шешкенде мен әдетте басқадан қолдау табуға тырысамын.

29. а) Әдетте мен өз дегеніме жетуге белсенді тырысамын.

б) Мен пайда болатын келіспеушіліктер үшін әрқашан да қобалжымау керек деп ойлаймын.

30. а) Мен басқаның сезіміне тимеуге тырысамын.

б) Мен бәсекелестікте әрқашан да екеуміз бірігіп табысқа жететіндей көзқараста боламын.

Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер кілтпен салыстырылып, (2 кесте) тәртіптің әрбір типі байқалу жиілігі саналады.

Индивидтің әрбір шкаласы бойынша жинаған балдарының саны, ондағы бейнеленген жанжал оқиғаларының тәртіптің сәйкес формалары біліну тенденциялары туралы түсінік береді.

Сауалнама кілті

Жарысу Бірігу- шілік Компро- мисс Қашу Тәсілдену
      А Б
  Б А    
А       Б
    А   Б
  А   Б  
Б     А  
    Б А  
А Б      
Б     А  
А   Б    
  А     Б
    Б А  
Б   А    
Б А      
      Б А
Б       А
А     Б  
    Б   А
  А   Б  
  А Б    
  Б     А
А   А    
  А   Б  
    Б   А
А       Б
  Б А    
      А Б
А Б      
    А Б  
  Б     А

Кесте шкаласын толтыру үлгісі

Жарысу Бірігушілік әмілеге келу Қашу Тәсілдену
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
Балдар саны          

Девиантты тәртіп тән тұлғалардың ерекшеліктеріне қысқаша мінездемелер берер болсақ, олардың және айналасындағы адамдар қатынастарында қалыптасқан төмендегі мінез-құлықтары:

· Адамдарға сенімдері жоқ, үлкендердің ақыл-кеңестер мен талаптарына немқұрайлы қарайды, елемейді. Шектен тыс қылықтары, дөрекілік, мейірімсіздік, өтірік айту, қыңырлық және қиқарлықпен сипатталады.

· Өзімшіл және менмен мінезді девиантты тәртіп тән балалар өздерін қоршаған сыртқы өмірден алатын қажеттіліктері тек өздеріне пайдалы болу жағын ойластырады.

· Жеке азаматтар мен мемлекет мүліктерін ұрлау, тонау, кейбір девиантты тәртіп тән оқушылардың әдетіне сіңген. Оларды ұрлық жасауға баулушы «көше» жолдастары, өздерінен екі-үш жас үлкен ересек балалар. Бұндай балалардың ерекшеліктері – қыдырымпаздық, бостан-бос салпақтау, қаңғыбастық.

9-шы дәріс. Қиын тәртіп тән балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің ерекшеліктері

Лекцияның мақсаты:Қиын тәртіп тән балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің ерекшеліктерімен таныстыру

Лекцияның жоспары:

1. «Қиын» тәртіп тән балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің ерекшеліктері

2. Қиын балалармен психологиялық көмек көрсетудегі әдістердің қолданылуы.

Негізгі ұғымдар:психологиялық көмек

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айырықша әсер етіп ғана қоймай, күн сайын күшейе түскен бұл қолайсыз факторлар мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін жақсартудың баламалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалады.

Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл-сезімі нашар, жігерсіз нәресте дүниеге келетіні шындық. Ежелгі Қытай трактаттарында, үнділердің киелі жазбаларында бала құрсағында оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен көп бұрын-ақ биоэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетикалық жағынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің толқыныстарынан пайда болады. Осынау көзсіз де мөлдір қарым-қатынастар арқылы ерлі-зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік дәнін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын тарататын көрінеді. Егер ерлі-зайыптылардың ортасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты толық тартуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірдегі жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады. Айналадағы зиянды әдеттерді бойына тез сіңіріп алатын, тиянақсыз, жақсы нәрселерге жуымайтын содырлар осындайлардың арасынан шығады. Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор.

Қазақстандағы әлеуметтанушылар мен саясаткерлерінің соңғы зерттеулері сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің ішінен 38,6 % - темекі тартады, жүйелі түрде ішімдік қолданатындар – 33,6% , 9 – 10 % нашақорлық жолына түскендер, 13 – 18 жастағыларының 25% секспен шұғылданатындар болып шыққанын көрсетеді. Алайда, мәселе бұл сандар төңірегінде емес, халықаралық, гуманитарлық, әлеуметтік аурулар жайлы тәуелсіз комиссияның пікірі бойынша қоғамдағы қатынастар мәніне, үкімет саясатына терең қатысында болып отыр. Сондай-ақ, бұл құбылыс өскелең ұрпақты күннен – күнге кеңінен қамтып отырған жалпы адамзаттық мәнге ие болуда.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік- экономикалық жағдайлар – дәстүрлі экономикалық, қоғамдық құрылымдардың күйреп, экономиканың нарықтық қатынастарға бағытталуы қоғам, отбасы, жекеленген адамдар, әсіресе балаларға кері әсерін тигізіп, рухани өмірдегі дағдарысқа әкеп тіреді.

Қиын тәртіп тән балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп, оларды жеке дара және топтық қайта тәрбиелеуде тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыда ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі – этикалық әңгімелесу, ол оқушыны зерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшеліктерімен танылуда.

Әңгімелесу – оқу-тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар ұжымы арасында жария етуге болмайды немесе девиантты тәртіп тән баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы – қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог немесе психолог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрлі жағдайларды дұрыс түсінуге болмаса: ұжымның обьективті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескеретін ерекшелік, девиантты тәртіп тән бала мағынасыз әнгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әнгімелесуге тарта беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын тәртіп тән жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым- қатынасы күрделенілiп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әркеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын, жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты талдап білу қажет.

Сонымен, әрбір педагог-психолог қиын тәртіп тән оқушының дербес ерекшелігі мен ынта – ықыласын тұрмыс – жағдайын ескеріп, айқын, нақты, талаптар қояды. Орындалмақ әрбір педагогикалық талаптармен тапсырмалар оқушылардың жағдай мүмкіндіктерімен қабілет – икемділіктерімен сәйкестенуі шарт.

Екінші әдіс, моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсілімен салыстырғандағы артықшылығы – баланың ар - ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы, девиантты тәртіп тән баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін былайша айтқанда, темекі, наша тарту, арақ – шарап ішу, оқуға бармау, қаңғыбастықпен айналысу, ұрыс-керіс, дау-жанжал шығару істерін ата - ана, аға - іні, қарындастары, туған – туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай отбасында айыпталынады.

Үшінші әдіс, девиантты тәртіп тән баланың бағдарын, мақсатын міндетін қайта бейімдеу, құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсінгенімен өмір тәрбиесінің жоқтығынан өзін қалай ұстап жүрудің жолын біле бермейді. Осы педагогикалық жағдайы дер кезінде байқаған педагог, соның ішкі позициясына талдау беріп өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын құруға көмек береді.

10-шы дәріс. «Қиын» тәртіп тән балалармен жағымды қарым-қатынас орнату жолдары

Лекцияның мақсаты:Қиын балаға тән тәртібі балалармен жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын ашу

Лекцияның жоспары:

1. «Қиын» тәртіп тән балалармен жағымды қарым-қатынас орнату жолдары

2. «Қиын» баланың мінез-құлқындағы ауытқушылығы

3. «Қиын» баланың эмоционалды жағдайларды түзету әдістері

Негізгі ұғымдар:ауытқушылық

Бала үшін үлкен өмір кішкене әлемнен – отбасынан және әлеуметтік ортасынан басталады. Жүйелі ұйымдастырылған тұрмыс дағдысы ересектер қамқорлығы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін алғы шарттар. Бұл алғы шарттардын бұзылуы нәтижесінде туындайтын психикалық сәтсіздік бүгінгі күні біздің өмірімізде кең құлашын жайып келе жатқан өзекті өртер көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Сол себепті, сәтсіз отбасында тәрбиеленген, тәрбиесінде девиантты тәртіп туып отырған жасөспірімдер тұлғасын зерттеу, қайта тәрбиелеу мен түзетуге қажетті тиімді педагогикалық –психологиялық жағдайлар мазмұнын құру – біздің зерттеуiміздің басты мәселесі болып табылады.

Тұлғаның ауытқушы мінез – құлқын психологиялық түзету жолдары:

Мінез – құлықты түзету ауытқушы мінез-құлқы бар тұлғаға психологиялық әсер етудің адекватты және эффективті формасы болып табылады.

Қазіргі кезеңде мінез-құлық құрылымында өзара байланысты келесідей деңгейлер бар:

- мотивация – мінез-құлыққа итермелейді;

- эмоционалды үрдіс – қатар жүретін мінез- құлық;

- мінез-құлықты өзіндік реттеу;

- мәліметті когнитивті өңдеу;

- сырттан байқалатын көріністер мен әрекеттер.

Жоғарыда аталған жүйелердің бұзылуы тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқудың негізгі себебі болып табылады және психологиялық әсер етудің бағытын анықтайды. Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі жүйелері төмендегідей:

Девиантты мотивация – адамды кері нормативті белсенділікке итермелейтін құндылықтар, қажеттіліктер, ұстанымдар, тұлғалық жүйелер.

Эмоционалды проблемалар мен өзін-өзі реттеудің қиындықтары кері мінез – құлықтың көрінуіне жетелейді. Ауытқушы мінез – құлық көбінесе негативті эмоционалды бұзылыстармен қатар жүреді. Девиантты мінез – құлықтың пайда болуына үрей үлкен әсер етеді.

Ауытқушы мінез – құлықтың келесі себебі негативті – девиантты әлеуметтік тәжірибе.

Жоғарыда қарастырылған девиантты мінез – құлықтың себептері ауытқушы мінез – құлқы бар тұлғаға көмек көрсетудің стратегиялық мақсаттарын құруға мүмкіндік береді. Олар келесідей:

- конструктивті мотивацияны қалыптастыру;

- индивидуалды тәжірибені интеграциялау;

- өзіндік реттеуді шыңдау;

Наши рекомендации