Білімгерлердің оқу процесін бақылау және жинақтау.
80.Мәселелік оқыту әдістері.Мәселелік оқыту – тәрбиешінің ұйымдастыруымен ұсынылған мәселелік мазмұнмен оқыту барысында ғылыми білімнің объективті қайшылықтарына және оларды шешу тәсілдеріне қатысатын, субъектінің белсенді іс - әрекетінің тәсілі. Мәселелік оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін меңгеру, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мәселелік оқытуды белсенді қолдануға арналған негізгі психологиялық шарттар.
Мәселелі жағдайлар білім жүйесін қалыптастыру мақсатына жауап береді.
Балалар үшін қол жетімді болуы тиіс.
Меншікті танымдылық қызмет пен белсенділік туғызуы тиіс.
Тапсырмалар балалар алған білімдеріне сүйене отыра, орындай алмайтындай, бірақ мәселені өздігінен талдауға және белгісізді табуға қол жетімді болатындай болуы керек.
81.Психологияны оқыту әдістемесінде-социометрия әдісін қолдану.Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
82.Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері.Оқыту әдістемесі – оқушыларға білім беру, танымын арттыру және дамыту, дағдыландыру мақсатында оқытушылардың қолданатын тәсіл-амалдары мен құралдарының жиынтығы.[1] Бұл ұғымның анықтамасы мен әдістерді жіктеу турасында педагог ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, И.Ф. Харламов оқыту әдістемесіне оқу материалын игеруге бағытталған түрлі дидактикалық міндетті шешу мақсатындағы оқытушы жұмысының және оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінің жүйесі деген анықтама береді. Ю.К. Бабанскийдің пікірінше, ол оқу міндеттерін орындауға бағытталған оқытушы мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара байланысты қызметі. Т.А. Ильина оқыту әдістемесін оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары деп біледі. Осы тәрізді басқа да пікірлерді саралай келе, бәріне ортақ белгілерінің негізінде оқыту әдістемесінің анықтамасын беріп, жалпы әдістерін топтастыруға болады. Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай-ақ зертханалық, практикалық, графикаық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Педагогикалық әдебиеттерде мұнан басқа әдістердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Оқыту әдістері оқу құралдарының көмегімен іске асады. Оқу құралдарына оқу кітаптары (оқулық, анықтама, есептер жинағы, сөздіктер), көрнекі құралдар (кесте, сызба, сурет, альбом, фотосурет, карталар) және техникалық құралдар (үнтаспа, бейнетаспа, компьютер) жатады. Бүгіндері oқыту әдістемесі атауын оқыту технологиясы атауы ығыстырып келеді.
83.Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқару.Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.
Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ.
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.
«Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды, дейді Петровский. (1, 129 б). Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энци-клопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндет-терінің біріне айналады.
84.Оқыту процесі-күрделі педагогикалық құбылыс.Педагогикалық процесс дегеніміз – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиелеуші және тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуі. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдіс дегенеміз - әлеуметтік тәжірибе жеке адамның сапасына айналатын үрдіс. Тұтастылық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық үрдістің басты мәнін құрайды. Педагогикалық процесті жүйе ретінде қарастырайық (1-сурет). Педагогикалық процесс дегенеміз – барлық жүйелерді біріктіретін басты жүйе. Онда шарттары, формалары, әдістері бар дамыту, оқыту, тәрбиелеу үрдістері қамтылған.
Педагогикалық процесс орын алатын жүйелер – толығымен алынған халық білімінің жүйесі, мектеп, сынып, сабақ және т.б. Бұлш жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы орталарда қызмет етеді: табиғи-географиялық, қоғамдық, өндірістік, мәдени және т.б. Алайда арнайы жүйелер де болады, мысалы, иектеп ішіндегі жағдайларға материалдық-техникалық, санитарлық-гигеналық, моральдік-психологиялық, эстетикалық және т.б. жағдайлар жатады.
85.Білімгерлердің оқу іс-әрекетін қалыптастыруСтуденттер бойында кездесетін қабілеттіліктері – білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс.Ол студенттердің сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу – оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
86.Жалпы психологиядан сабақ берудің ерекшеліктері.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
87.Эксперимент-психологияны оқыту әдістемесінің негізгі эмпирикалық әдісіЭмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.