Арапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Жиынтық. Жиынтық және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің

Жиынтық. Жиынтық және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру.

Тең туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау. Санды түсінуді (сан заттың көлеміне, арақашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына оңнан солға, солдан оңға байланысты емес екендігін) бекіту.

Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші).

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шеше білуді бекіту.

Көлем. Шартты өлшемнің көмегімен заттың көлемін салыстыруды қалыптастыру. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін таба білуге үйрету.

Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, оларға талдау жасай білуді қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуін қалыптастыру.

Қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту.

Уақытты бағдарлау. Түрлі жағдайларды, аптаның қай күні, тәуліктің қай мезгілі екенін реттілік туралы білімдерімен бекіту.

Салмақты бағдарлау. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың салмағын өлшеуге қызығушылықтарын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

- жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден тұратынын, бір заттан, сонымен қатар тұтас топтан құралатыны туралы біледі, оның құрамдас бөліктерін бөледі;

- 10 көлеміндегі сандарды біледі, оларды тура және кері санай алады;

- қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді;

-заттардың мәні және көлемі бойынша арақатынастарын көрсететін математикалық терминдерді қолданады;

- заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөледі, бүтін мен бөліктерді салыстырады;

- түрлі көлемді заттарды салыстыра біледі, оларды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастырады;

- геометриялық пішіндерді және денелерді біледі және ажыратады, олардың пішіндерін табады, талдайды;

- бір заттың екінші затқа қатысты орнын, заттар мен адамдар арасындағы өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады;

- түрлі жағдайлардың бірізділігін біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жылды, айларды атайды;

- заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі.

Растыру

Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Берілген тақырып бойынша, сөзбен сипаттау, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету.

Өз құрылысын талдай білуді бекіту және талдау негізінде құрылымдық шешімдер табу, оларды құру кезеңдерін жоспарлау.

Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден, оларды қосу әдісімен жануарлардың, адамдардың пішіндерін жасай білуге үйрету. Пішіндердің түрлі күйлері мен қалыптарын бере білуді, оларды күрделі емес композицияларға біріктіруді қалыптастыру.

Ұжымдық мазмұнды құрастыруға қозғау салу. Шығармашылық ойлауды және қиялдауды дамыту. Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін қолданып, көлемді формадағы жазық материалды өзгерте білуді бекіту.

Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып ала білуді қалыптастыру.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи материалдарды мақсатты пайдалана білуді бекіту. Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс кезінде өз қызметін жоспарлау дағдыларын жетілдіру; мақсатты түрде жұмыс жасай білуге, дербестік, шығармашылық танытады. Шығармашылық қиялын, ұсақ заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасай білуді дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

- нақты шешім таба біледі;

- дайын бөлшектерден, шарты бойынша, ойдан құрастырады;

- ұжыммен жұмыс жасай біледі;

- жазықтық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгерте біледі;

- құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады, атқаратын міндеті бойынша қолданады, еңбек мәдениетінің ережесін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтайды;

- қалдық және табиғи материалдардан құрастыра біледі;

- нәтижеге жету үшін алуан түрлі құралдарды қолданады.

Жаратылыстану

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары.

Табиғат құбылыстары туралы білімді кеңейту. «Өлі табиғат» ұғымымен таныстыру, өлі табиғат заттары адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Күздігүні табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Өсімдіктер әлемі.

Балаларды өсімдіктердің жаңа түрлерімен (шырайгүл, барқытшөп,бальзамин) таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы, күтім жасау тәсілдері, көбею түрлері.

Көкөністер мен жемістер, ағаштар туралы балалардың түсінігін бекіту. Балаларды орман жидектері мен саңырауқұлақтары тануға жаттықтыру.Бидай өсіру туралы балалардың білімін жетілдіру. Нанға деген ұқыпты қатынасқа тәрбиелеу, бидай өсіру мен нан өндіруге қатысатын адамдардың еңбегіне құрмет көрсету.

Жануарлар әлемі. Жабайы жануарлардың өмірі туралы түсінікті кеңейту. Жылдың түрлі мезгілінде жануарлардың сыртқы келбеті мен өмір сүру салтының ерекшеліктерін атап көрсету және сипаттауға үйрету.

Жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу және атын атай алу, құстардың пайдасы туралы білімді бекіту.

Табиғат бұрышын мекендеушілер туралы (қалтауыз, теңіз шошқасы) білімді жетілдіру.

Балаларды табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігімен, оларға күтім жасауға арналған қажетті жабдықтармен таныстыру.

Балалармен бірге табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізуді жетілдіру.

Себеп-салдар байланыстарын орната білуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

- өлі табиғаттың кейбір құбылыстарын біледі;

- таныс материалдармен дербес эксперимент жасай алады;

- табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды және таниды;

- бөлме өсімдіктерінің 3-4 түрін тани алады;

- көкөністер мен жемістердің кейбір түрлерін дәміне байланысты атайды және таниды;

- суретке қарап орман жидектері мен саңырауқұлақтарын таниды және атайды;

- бидай өсіру туралы түсінікке ие;

- нанға, адамдарға ұқыпы қатынас танытады;

- жануарлардың сыртқы келбеті ерекшеліктерін атайды және сипаттайды;

- жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата біледі және атын атай алады, құстардың пайдасы туралы біледі;

- табиғат мекендеушілеріне қамқорлық жасайды;

- жүйелі және нәтижелі эксперимент жасай біледі;

- себеп-салдар байланыстарын орната біледі.

- гүлдейтін шөптесін өсімдіктерді (шырайгүл, барқытшөп) өзіне тән белгілері бойынша атайды және таниды;

- Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдеріне тән белгілерді атайды және ажыратады.

Наши рекомендации