Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері заңдылықтары, ұстанымдары және кезендері.

Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды

меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.

Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

-білім беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі ұйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.

Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі —

оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).

Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.

Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалық әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі -түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері — заңдарды құрайды.

Оқыту процесінің заңдылықтары:

1.Оқушының білімге ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ықыласын қажет етеді.

2.Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушының әсерінің сәйкес болу заңдылығы. Бұл заңдылық мұғалімнің, оқыту процесінде баланың айналысатын іс-әрекеттерінің әрбір түрінің оның қандай

қасиетін талап етіп, сонымен бірге оны дамытып отыратынын түсінуіне мүмкіндік жасайды.

3.Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық мұғалімдерден окушылардың ерекшелігі контингенттерін, олардың жеке және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктерін, танымдық мүмкіндіктерін, сабақтың және сабақтан тыс уақыттағы қызығушылықтары мен мінез -құлықтарын ескеруді және оқу - тәрбие әсерінің балалардың жеке және топтық ерекшеліктеріне, олардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілуді қадағалауды талап етеді.

4.Оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі. ОТҚ нақты бір сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатаң түрде сәйкестікпен қолданылуы керек.

5.Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Сондықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тіршілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.

Оқытудың ұстанымдары оқыту процесінің заңдылықтарынан дамиды. Олар көп жылдық тәжірибенің қортындыланған түрі және қазіргі таңдағы мектептің жағдайларында оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктерін ескеріп отырады.

Ұстаным - бүл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез - құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары. Яғни, ұстанымның заңдылықтардан айырмашылығы, оның тұлғаға тәуелділігі: ол оны қолданады немесе оны қажет етпейді. Ал, заңдылықтар тұлғаның еркіне тәуелді емес: ол оны тек қана іс-әрекетті ұйымдастыру барысында ескеруі мүмкін.

Оқытудың ұстанымдары - оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негізгі жағдайлар. Оқыту процесін

құрылымдауда оқытудың ұстамдарына сүйенуге міндентті болғандықтан, олардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталамыз:

1.Оқытудын саналылық, белсенділік және өз бетіншілік ұстанымдары оқушылардың сабақтың мақсатымен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәнін ұғынуды қажет етеді. Оқытудыц тиімділіктері, ОТҚ және басқада көрнекі құралдар қазіргі кездегі әлістемелермен тәсілдері аркылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады, жаңа материалды оқу және оны тәжірбиеде қолдану процесінде шығармашылықтың инциативалықтың дамуына қабілеттендіреді.

2.Оқытудын көрнекілік ұстанымы, көрнекіліктің сабақтың мақсатына және мазмұнына және жауап беруіне, айқын мазмұнды болуыиа, ұғымды әрі түсінікті болып, шығармашылық және әдістемелік жағынан дұрыс қолданынуына бағыттайды.

3.Жүйелілік, бірізділік, және кешенділік ұстанымдары: оқу пәнінің білімдерін жуйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқыту процесінің ұйымдастырылуы мен нәтижесіне жүйелі және нақты бақылау жасауды; оқу сабактарының нақты жоспарын іске асыруды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтаулы талап етеді.

4.Күрделіліктің жоғарғы деңгейінде оқыту ұстанымы оқушылардың ақыл - ой және дене мүмкіндіктерін үнемі ескере отыру; оқу материалының және олардың мазмұндалу қарқынының күрделілігіне; оқушылардың бастапқы дайындығының деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға; оқушылардың оқу әрекеттерінің қыйыншылықгарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелеуге бағдарлайды.

5.Білімді іскерлікті және дағдыны меңгеру беріктілігі ұстанымы: оқушыларға оқылып отырған материалдың олардың тәжірибелік іс-әрекеттері үшін маңыздылығын түсіндіруді оқытылатын материалды және ең бірінші оның негізгі мазмұнын берік. әрі ұзақ уақытқа дейін еске сақтауға деген мақсатын қалыптастыруды; бұрын оқытылған оқу матералын жүйелі ұйымдастырылған түрде қайталауды;

оқытылған материалдың игерілуіне жүйелі түрде бақылау жүргізуді талап етеді.

6.Оқытудың топтық және жеке тәсілдері ұстанымы; балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекетгерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқьпуды болжайды.

Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастыуымен тікелей байланысты болғандықтан, оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет. Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең алған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл-ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың зандылықтарын ұғынуға ады деген заңдылықтардан шығады.

Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға атыны: Д.Бруннер (АҚШ) жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Бруннердің тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін талап ететін және саналы ауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз бетінше алық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс. шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің ірі бойынша, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті қорытындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып оған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.

Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан, қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:

1.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары құрайды.

2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық жүйедегі оқытудың мәні мен

оқушыларға дайын білімді беруді, не қыйыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше жеке жаңалық аша оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық басқарымның саналы үйлесімділігінде.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.

Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.

Ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер қүрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінің көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. Мұғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан, бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.

Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде -қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында түрақты қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі серпілістердің, құлдыраудың, күтпеген ойлардың туындайтынын, толғаныстарын болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда болады. Онда логикалық талдау, индукция да, мәндісі де, мәнсізі де болады.

Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен

қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.

Педагогикалық процестің қозғаушы күшін,
М.А.Данилов тұлғаның дамуының қарама-қайшылық-
тарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі
қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық, қоғамдық
сипаттағы талаптар мен оларды іске асырудағы
оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы
қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның
оқытудың қозғаушы күші — бір жағынан оған қойылатын
талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен
мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік
мотивсіз жасалмайды. Сондықтан оқушылардың
мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы
күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті
болып есептеледі.

Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып, оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі - олардың анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі. Оқушылардын білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.

Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-қайшылықтың рөлі мені мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық; мән мен құбылыс; мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары; әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объетивтілік, теория мен

тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары).

Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде назар аударған. Ол өзінің "Адам тәрбие пәні" атты еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өз өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

-оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

-оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселесінін шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

-Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептеді;

-Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А. Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

-Б.Г.Ананьев, А.А.Любинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

-Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

-П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

-Т.В.Кудрявцев, А.М.Мотюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекеттер мазмұнында проблемалы оқытудың рөлін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі түсініктер енгізілді:

-даму-бұл организмнің жүйке жүйесінің психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің көрінісі;

-оқыту-қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі

Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлттық, көпқырлы дәстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.

Тәрбиеленетін де оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының, сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара қатынастары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың өкілі.

Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырады, сондықтан олар белгілі-бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады. Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы. Екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогикалық іс-әрекеттердің бірлігі ұстанымы. Үшіншіден, ұлттық идаелмен сәйкестігі нақты өмір мен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды. Төртіншіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.

Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың,

білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларына сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.

Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты рөлді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рол оқуға баланың іс-әрекетще беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың XX ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г.Кершенштейнер халықтың "еңбек мектебі" баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сойкес "азаматтық тәрбие" тұжырымдамасын жасады. В.Лай тәрбие мен оқыту оқушыларға сырттй әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі рстінде қарастырылуына сәйкестендірілген "әсер ету" формуласына негізделген "әрекеттегі педагогика" тұжырымдамасын ұсынды.

Қазіргі таңдағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі таңдағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В. Занков, З.И. Калмыкова, Е.Н. Кабанова-Миллер)және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А. Цукерман, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, С.А. Смирнов) ерекше атауға болады.

Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды:

-қиыншылықтың жоғарғы деңгейінде оқыту;

-бағдарламалық материалды оқытудың жоғарғы
қарқындылығы;

-бастапқы теориялық білімнің маңызды рөлі;

-оқушылардың оқу процесін ұғынуы;

-барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.

З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі.Өнімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова өнімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі - жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әрекетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:

-ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;

-ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;

-мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;

-ойдың жүйріктігі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігінде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны.

З.И. Калмыкованың дәлелдеуі бойынша, дамудағы оқыту төмендегі дидактикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:

а)оқытудың мәселелігі;

ә)оқытудың жекелігі және даралығы;

б)ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы және теориялық) үйлесімде дамуы;

в)ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;

г)есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.

Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, өзі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мөнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.

Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:

1.Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оку жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;

2.Әрбір оқу пәнінде оку жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;

3.Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.

Сонымен жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар жалпы психиканы дамыту мақсатында оқушылардын психикалық қызметін (негізінен ойдың) дамытумен (Л.В.Занков), шығармашылық ойын дамытумен ( .И.Калмыкова) немесе ойлау операцияларын қалыптастырумен (Е.Н.Кабанова-Миллер) байланысты. Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған.

Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі - оқушыларды оқу бірлестігі дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың бірлестігінің негізнде жасалады. Ол оқу бірлестігіндегі үш класты сипаттамаларды ажыратады:

-өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиімдендіреді);

-баланың танымдық инициативасы;

-жаңа білімге нақты сұраныс жасау.

В.В. Давыдовтың Д.Б. Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесінде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші оқушылардың шығарма-шылығын дамытуға бағытталған.

Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогоикалық процестің негізгі мақсаты ретінде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:

-оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара

әрекеттерін ұйымдастыру;

-сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кейіннен пайдалану;

-оқтушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру.

Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой инициативаларын) дамытуға ерекше көңіл аударады.

Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы.Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktikas - зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) - балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін суреттейтін, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдарын, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды.

Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі тандағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын артып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын тәуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың негізнде ол екі басты қызмет атқарады:

1.Теориялық (диагностикалық және прогностикалық);

2.Практикалық (нормативтік, құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан құбылыстың мәніне жақын белгілі бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.

Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:

-философиялық категория: "мән мен құбылыс", "байланыс", "жалпы және жалқы", "болмыс", "сана", " тәжірибе" және т.б.

-педагогиканың жалпы ұғымдары: "педагогика", "тәрбие", "педагогикаллық іс-әрекет", "педагогикалық .ақиқат" және т.б.

-дидактиканың жеке ұғымдары: "оқыту мен оқу". оқу пәні, оқу материалы", "оқу жағдайы", "оқыту құралы", "оқыту тәсілі", "мұғалім", "оқушы", "сабақ" және т.б.

-пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық (қабылдау", "меңгеру", "ақыл-ойдың дамуы", есте сақтау", "іскерлік", "дағды"), кибернетика (кері байланыс", "динамикалық жүйе" және т.б.);

-жалпы ғылыми ұғымдар:"жүйе", "құрылым", "қызмет", "элемент", "тиімділік", "жағдай", "ұйым", "формалау" және т.б.

Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы дидактика" терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфганг Реткенің (Ратхия) (1571-1635) щығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. ( оған ұқсас, "бәрін, барлығында оқытудың әмбебап өнері" мағынасында, чех педагогы Я.А. Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі "Ұлы дидакикасында" дидактиканы түсіндіреді.

Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, П.Г. Пестолоцци, А. Дистверг, К.Д. Ушинский, Д. Дьюи, Г Кершенштейнер В. Лай және т.б. зор үлес қосты.

Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта солардың ішінде педагогикалық өнердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.

Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындары: танымдық тұжырымдамаларды дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), ироблемалық оқыту тұжырымадамасы (М.И. Махмутов,

т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А.Зорина, М.К.Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдықтәсілі теориясы (В.Дьяченко, т.б.).

Наши рекомендации